Популярные темы

жемқорлық: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Қазақстанда жеке сот орындаушыларының қызметіне қойылатын талаптар күшейтілмек

Arna Press, 29 апреля 2026 в 13:08

Қазақстанда жеке сот орындаушыларының қызметіне қойылатын талаптар күшейтілмек
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына сәйкес, жеке сот орындаушылары міндетті аттестаттаудан өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Парламенті Мәжілісіне сілтеме жасап. Бұл емтихандар барысында олардың қолданыстағы заңнама мен кәсіби әдеп кодексін білу деңгейі тексеріледі. Аттестаттаудан өтпеген жағдайда лицензиядан айыру қарастырылған.Сонымен қатар көмекшілер мен тағылымдамадан өтушілерге қойылатын талаптар да қатаңдатылады.

Жүргізуші куәлігін заңсыз алу схемасы: бірқатар өңірде жемқорлық фактілері ашылды

Arna Press, 19 марта 2026 в 14:08

Жүргізуші куәлігін заңсыз алу схемасы: бірқатар өңірде жемқорлық фактілері ашылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстардың нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz. комитетке сілтеме жасапВедомство мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері Астана қаласында, Ақмола және Павлодар облыстарында автомектеп қызметін ұйымдастыру және жүргізуші куәліктерін рәсімдеу барысында заңсыз сыйақы алу мен қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану деректері тіркелген.Атап айтқанда, Астанада Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының бұрынғы орынбасары азаматтарға жүргізуші куәлігін алуға және емтиханнан өтуге көмектесу үшін жүйелі түрде пара алып отырған.

Мемлекеттік қызмет мен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар

Магнолия, 31 марта 2025 в 20:48

Мемлекеттік қызмет мен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар
Қызметтік өкілетті теріс (заңсыз) пайдалану — қызметтік қылмыстардың неғұрлым кең тараған түрі. Ол көптеген жағдайларда лауазымды адамның қылмыстық әрекетінің бастамасы, басқа ауыр қылмыстар жасаудың тәсілі де болып табылады. Бұл қылмыстың мәні мынада, лауазымды тұлға өзінің қызметтік өкілетін қызметтік мүддеге қарама-қайшы қылмыстық жолмен пайдалана отырып, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтіреді.

Жемқорлықпен күрес – бәрімізге ортақ міндет

Магнолия, 27 марта 2025 в 14:58

Жемқорлықпен күрес – бәрімізге ортақ міндет
Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізі басымдықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және әдеп нормаларын сақтау туралы

Магнолия, 18 марта 2025 в 13:18

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және әдеп нормаларын сақтау туралы
Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қатаң сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар көзделген. Мәселен, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес аталған адамдар заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметтік міндеттерін орындауға байланысты сыйлықтарды қабылдауға қатысты шектеулерді сақтауға міндетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәдениетті қалыптастыру – заман талабы

Магнолия, 28 февраля 2025 в 23:48

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәдениетті қалыптастыру – заман талабы
«Коррупция» термині латын тілінің «corrutpere» деген сөзінен шығып мағынасы жағынан мемлекет организмін, «қоғамдық қарым-қатынастарды бұзу» дегенді білдіреді, «параға сатып алу» терминімен сәйкес, яғни лауазымды тұлғаның өз билігі өкілеттігі мен сеніп тапсырылған құқығын заңға және моральдық нормаларға қайшы келетін өтірік айту, бопсалаушылық, сөзбұйда жасау жолдарымен жеке бас пайдасы үшін пайдалануы. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез-келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғна ерекшеленеді. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңында сыбайлас жемқорлық — бұл «...жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың өздерінің лауазымдық қызметтік өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу».

Енді пара бергендемен қатар пара беруге тырысқандар да екі жылға қамалады

Arna Press, 21 января 2025 в 20:38

Енді пара бергендемен қатар пара беруге тырысқандар да екі жылға қамалады
Пара бергендер ғана емес, оны беруге тырысқандар да қылмыстық жауапқа тартылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл өзгеріс «Жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заң жобасында қарастырылған.Қылмыстық кодекс жаңа 247/1-баппен толықтырылды. Бұл бап жемқорлық әрекеттерді жасауға оқталғандар үшін екі жылдан аса бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Өзгеріс пара алушы мен берушіні тең дәрежеде жауапкершілікке тартып, әділдік принципін күшейтуді көздейді.Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ішкі істер министрлігіне баламалы тергеу жүргізу құқығы берілмек.

Абай облысының медициналық мекемелерінде тегін дәрілерге «жалған рецептер» жазылған

Arna Press, 10 января 2025 в 15:38

Абай облысының медициналық мекемелерінде тегін дәрілерге
Абай облысында денсаулық сақтау саласына жүргізілген жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау барысында (2024 ж.) Бірыңғай дистрибьютор – «СК-Фармация» ЖШС медициналық препараттарды уақытылы жеткізбеу фактілері анықталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл тәжірибе тегін дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне және пациенттердің оларды өз қаражатына сатып алуына алып келді.

Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел

Магнолия, 11 сентября 2024 в 01:08

Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндетті екенімізді айтты. Сыбайлас жемқорлық даму деңгейіне қарамастан барлық елдерге өз әсерін тигізеді.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР

Магнолия, 01 июля 2024 в 18:18

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР
Мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қызметті иеленген және мемлекеттің міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызметкерлер екі түрге бөлінеді: саяси және әкімшілік қызметкерлер.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің басшылары жемқорлық үшін сотталды

Arna Press, 19 июня 2024 в 16:38

ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің басшылары жемқорлық үшін сотталды
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Н.Т.Жүнісов және оның қарамағындағылар – балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысы Е.К. Суықбаев сотталды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Сот үкімімен оларға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Сонымен қатар, аталған адамдар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.Олар жалпы қамқорлығы үшін 2021 жылдан 2024 жылдың ақпанына дейін шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі түрде пара алды деп айыпталды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.Сурет: Zakon.kz

Қазақстандағы спорт инфрақұрылымы неге көрші елдерден кенжелеп тұр

Arna Press, 30 мая 2024 в 17:48

Қазақстандағы спорт инфрақұрылымы неге көрші елдерден кенжелеп тұр
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп, спортты қаржыландыру саласындағы мемлекеттік қаражатты ұтымсыз жұмсауға және жымқыруға ықпал ететін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Орталық деңгейде сыртқы талдау Туризм және спорт министрлігінің қызметінде, өңірлік деңгейде, облыстық спорт және дене шынықтыру басқармаларында жүргізілді.«2018 жылдан бастап спорт саласының бюджеті 2 есеге өсіп, 1,4 трлн теңгені құрады.

Абай облысының оқушысы балаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеудің жаңа әдісін тапты

Arna Press, 07 декабря 2023 в 12:48

Абай облысының оқушысы балаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеудің жаңа әдісін тапты
Абай облысы Бородулиха ауданы Жезкент кентінің мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Нұрали Амангелдіев оқушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой қалыптастыратын «Сатылмайтын Алпамыс» компьютерлік ойнын әзірледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық білім басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оқушының айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойын Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың нақты жағдайлары негізінде көркем роман форматында әзірленген, бұл ойыншыға сыбайлас жемқорлықтың салдарын тереңірек түсінуге көмектеседі. Әр эпизодтың соңында ойыншыға Қылмыстық кодекске түсініктеме беріледі.

Абай облысында Жемқорлық тәуекелдері картасына енген 12 нысан бақылауға алынды

Arna Press, 24 ноября 2023 в 17:28

Абай облысында Жемқорлық тәуекелдері картасына енген 12 нысан бақылауға алынды
Жемқорлық тәуекелдері картасына енген 156 объектінің 12-сі Абай облысына тиесілі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұған дейін Антикор Төрағасы Асхат Жұмағали Мемлекет басшысына берген есебінде республика бойынша құрылыстың ұзақ салынатын санатына өткен 156 проблемалық әлеуметтік объект бар екенін атап өткен болатын.«Олардың қатарына Абай облысы бойынша Семей қаласындағы «Холодный ключ» және «Ақсай» кенттерін электрмен жабдықтау, «Ғаббасов» және «Орталық» қазандықтарын реконструкциялау, Мәңгілік Ел көшесін абаттандыру (Арбат), Шақаман ауылындағы су құбырының құрылысы, Бесқарағай ауданы Глуховка ауылындағы, Аягөз ауданы Ай және Қопа ауылдарындағы су жинау құрылғыларының құрылысы сияқты 12 объект енген» — делінген хабарламада.«Ғаббасов» және «Центр» қазандықтарын реконструкциялау бойынша жұмыстар барысын жемқорлыққа қарсы еріктілер мен қоғам белсенділері өз бақылауына алды.Сондай-ақ еріктілер қазандықтарға өлшеу құралдарын орнатып, сүзгілерді ауыстыруды және кәсіпорынның негізгі құралдарына толық түгендеу жүргізуді ұсынды.«Теплокоммунэнерго» МКК басшысы Еркен Сағындықов өз баяндамасында жоғарыда аталған қазандықтарды реконструкциялаудың соңғы кезеңі аясында қоғам белсенділері тарапынан айтылған барлық ұсыныстар ескерілетінін атап өтті.«Осындай жұмыс барлық проблемалық объектілер бойынша жалғасатын болады» – деді Абай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Рүстем Тоқбергенов.Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті баспасөз қызметі

Қазақстанда дәрілерді қадағалау мен балабақшаға кезекке тіркеудің бірыңғай деректер базасы болады

Arna Press, 20 октября 2023 в 14:48

Қазақстанда дәрілерді қадағалау мен балабақшаға кезекке тіркеудің бірыңғай деректер базасы болады
Келер жылы Қазақстанда дәрі-дәрмектерді қадағалау бойынша ақпараттық жүйе мен балабақшаға кезекке тіркеудің Бірыңғай деректер базасы іске қосылады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Үкіметтің дерегінше, дәрілік заттарды қадағалау жүйесі бірнеше мәселені бірден шешуге ықпал етеді.

Басты міндет-сыбайлас жемқолдықты болдырмау

Магнолия, 28 сентября 2023 в 13:28

Басты міндет-сыбайлас жемқолдықты болдырмау
Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі іспетті. Қазақ пайымында адам бойындағы адалдық – ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуына кедергі келтіретін, қоғам дертіне айналған мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан әлемдегі елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдатып отыр.

Мамандандырылған ХҚКО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа процестері ұсынылды

kapital.kz, 14 сентября 2023 в 13:16

Мамандандырылған ХҚКО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа процестері ұсынылды
Мемлекеттік корпорация Астанадағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен кездесу өткізді. Мемлекеттік корпорация іс-шара барысында Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малаховқа мамандандырылған ХҚКОларын дамыту және сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау бойынша жоспарларын ұсынды.

Алматы облысында 11 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Arna Press, 16 августа 2023 в 19:08

Алматы облысында 11 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі еліміздің барлық өңірінде жер телімін беру және оларға қатысты сыбайлас жемқорлық әрекетіне сырттай талдау жүргізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Алматы облысында берілген ұсыныстарды орындау мақсатында мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен жалпы ауданы 11 мың гектар 19 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды», — деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.Басқарма талдау барысында облыста 65 мың гектардан астам жер учаскесі анықталғанын, оларды бергенде сыбайлас жемқорлық болғанын айтты.«Жайылым жерлерін жосықсыз жеке меншікке беру салдарынан облыстың негізгі тұрғындары арасында мал жаю үлкен мәселеге айналды.

СҚО-да білім беру саласында миллиондаған бюджет қаражатының ұрланғаны анықталды

Arna Press, 03 августа 2023 в 10:58

СҚО-да білім беру саласында миллиондаған бюджет қаражатының ұрланғаны анықталды
Қазақстан бойынша өткізілген орта және мектепке дейінгі білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері СҚО әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Сергей Перов өз сөзінде талдау объектісі кездейсоқ таңдалмағанын, соңғы жылдары білім беру саласында үш жүзден астам қылмыстық құқық бұзушылық жасалып, 143 адам сотталғанын атап өтті.«Өңірлік деңгейде негізгі назар жоспарлау мен еңбекақы төлеу қорына аударылды, онда білім беруге бөлінген облыс бюджетінің 80%-ға жуығы жұмсалады.

Абай облысында ҰҚК қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» директорын жемқорлықпен ұстады

Arna Press, 28 июля 2023 в 19:58

Абай облысында ҰҚК қызметкерлері “Азаматтарға арналған үкімет” директорын жемқорлықпен ұстады
2023 жылғы 27 шілдеде ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп аумақтық прокуратураның үйлестіруімен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының директорын ұстады, дер хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға қол қойды

Arna Press, 12 июля 2023 в 17:38

Президент «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға қол қойды
«Мемлекет басшысы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды», — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.Заң нормаларына сәйкес қайтару тетіктері ірі сыбайлас жемқорлық субъектілеріне және әкімшілік-билік ресурстары (байланыстары, ықпалы) бар адамдармен сыбайлас олигополиялық топтарға қолданылады.Заң жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын (атқарған) субъектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, сондай-ақ аталған тұлғалармен аффилирленген субъектілерге қолданылады.Заң ережелерін қолдану үшін көрсетілген критерийлерге қосымша тұлғаларда Заңда белгіленген шекті сомадан – 13 млн.

Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов сотта 2,8 млн доллар пара алу туралы жауап берді

Vera.kz, 01 июля 2023 в 23:59

Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов сотта 2,8 млн доллар пара алу туралы жауап берді
Бұрынғы шенеунік Аюповтың ісі бойынша сотта болып жатқан оқиғалар оның беделін түсіруге және одан ақша алуға тырысу деп мәлімдеді vera.kzРашид Аюповқа қатысты айыптау актісінің алты парағында Әбдірахымовтың тегі 10 рет айтылады. Шымкент қаласының экс-әкімі, ал қазір бір компанияның бас директоры сотқа жәбірленуші бизнесменмен қалай танысқаны туралы айтып берді.

«Семей орманы» табиғи резерватының басшылары жемқорлық үшін сотталды

Arna Press, 30 мая 2023 в 20:18

29 мамырда Абай облысы бойынша Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Мемлекеттік мекеменің үш басшысы ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысуға және кәсіпкерлерден жүйелі негізде 700 мыңнан 13 миллион теңгеге дейін пара алуға кінәлі деп танылды.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 23 новости из 23