Алматылық дзюдошы Әділжан Нұрбекен Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әділжан турнир барысында сәтті өнер көрсетіп, әлем біріншілігінің финалына шықты. Шешуші белдесуге дейін ол Канада, АҚШ, Нидерланд және Грузия өкілдерін жеңді.
Финалда алматылық дзюдошы Әзірбайжан өкілі Фарид Рзазадемен кездесті. Шешуші белдесудің қорытындысы бойынша Әділжан Нұрбекен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Кадеттер арасындағы әлем чемпионаты Гуаякиль қаласында 20–23 тамыз аралығында өтіп, оған әлемнің әр елінен үздік жас дзюдошылар қатысуда.
По сообщению сайта SportInfo