Arna Press,
08 сентября 2026
в 17:48
Семейде жол-көлік оқиғасы салдарынан 69 жастағы әйел қаза тапты, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. Қайғылы жағдай 8 қыркүйек күні сағат 12:00 шамасында болған. Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі Қ. Мұхамедханов көшесімен келе жатып, Абай көшесіне солға бұрылған кезде реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен.Алған жарақаттарының салдарынан 69 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды.Аталған факті бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған көлік құралын басқарған тұлғаға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда жылдамдықты төмендетіп, бұрылу және басқа да маневрлер жасау кезінде барынша сақ болуға шақырады.Полиция сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жолдың жүру бөлігіне шығар алдында, тіпті бағдаршамның рұқсат ететін сигналы жанған кезде де, айналадағы жағдайды бағалап, қозғалыстың қауіпсіз екеніне көз жеткізуді ескертеді.Фото: ПД
Arna Press,
31 августа 2026
в 14:48
VI республикалық «100 ӨЛЕҢ» көркемсөз оқу байқауында мыңдаған қатысушының арасынан суырылып шыққан жеңімпаз, автокөлік иегері Айгүл Бейсенбина додаға дайындық кезіндегі қиындықтары мен қызықтары жайлы айтып берді, деп хабарлайды Arnapress.kz Биылғы байқаудың бас жүлдесін Астана қаласы әкімдігінің №107 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры, педагог-шебер, Ыбырай Алтынсарин төс белгісінің иегері Айгүл Бейсенбина иеленді.Айгүл Базарбайқызы 100 күн ішінде қазақ ақындарының 100 өлеңін жаттап, нағыз көркемсөз оқу шеберлігін көрсетті.«Биылғы «100 ӨЛЕҢ» байқауы ауқымымен де, қатысушылар құрамының ерекшелігімен де есте қалды.
Arna Press,
17 июля 2026
в 13:28
Қазақстанда әуе көлігімен жолаушыларды тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. Жобаға сәйкес, музыкалық аспаптарды тасымалдау тәртібі нақтыланады. Атап айтқанда, қорғаныш қаптамасына салынған домбыра, қобыз және өзге де музыкалық аспаптарды белгіленген өлшемі (110×35×30 см-ден аспайтын) мен салмағы (10 келіге дейін) сақталған жағдайда ұшақ салонында алып жүруге рұқсат беру ұсынылған.Сондай-ақ, әуе компанияларының талаптарына сәйкес жануарларды ұшақ салонында тасымалдауға мүмкіндік қарастырылған.
Arna Press,
26 июня 2026
в 17:28
Жаз мезгілі басталысымен Алакөлге ағылатын демалушылар саны арта түседі. Қазақстандағы ең танымал демалыс орындарының бірі саналатын көлдің емдік қасиеті көпшілікке белгілі. Биыл Алакөлге Семейден Arnapress.kz тілшісі де барып қайтып, демалыс аймағындағы оң және теріс тұстарды өз көзімен көрді.Алдымен жол мәселесіне тоқталсақ.
Arna Press,
20 апреля 2026
в 11:18
Қазақстанда үй жануарларын ұстау мен серуендету ережелеріне өзгерістер енгізілді. Енді иттерді арнайы белгіленген орындарда (алаңдарда) иесінің қасында тұмылдырықсыз және қарғыбаусыз еркін серуендетуге болады.Алайда иесі жануардың айналасындағыларға қауіп төндірмеуін толық қамтамасыз етуі тиіс.Негізгі талаптар:Ит қоғамдық жерде 2 метрден аспайтын қарғыбаумен жүруі керек.
Arna Press,
27 марта 2026
в 18:38
2026 жылғы 27 наурыз күні Семей қаласында үш бірдей көлік қатысқан жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға Қабанбай батыр мен Уранхаев көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.Алдын ала мәліметке сәйкес, 27 жастағы жүргізуші басқарған Chevrolet Cobalt көлігі екінші дәрежелі жолдан басты жолға шығу кезінде қауіпсіздікке көз жеткізбей, басты бағытта келе жатқан ГАЗ-33021 автокөлігімен соқтығысқан.
Arna Press,
12 февраля 2026
в 18:18
Семей қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Жедел басқару орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл туралы Arnapress.kz тілшісі сұрағына Жедел басқару орталығының кезекші бөлімінің ұйымдастырушысы және бақылау тобының инспекторы, полиция майоры Кәкіжанов Дидар Сайлауханұлы жауап берді.Оның айтуынша, орталықтың негізгі міндеті — қаладағы жедел жағдайды үздіксіз бақылау, бейнебақылау камералары арқылы ақпарат жинау және полиция күштерінің жұмысын үйлестіру.«Қазіргі таңда қала аумағында 3007 цифрлық бейнекамера орнатылған.
Arna Press,
09 декабря 2025
в 13:18
Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Абай облысына жұмыс сапарымен келіп, тұрғындармен кездесіп, өңірдегі медициналық қызметтің жай-күйіне қатысты баяндама жасады. Сондай-ақ БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Вице-министр келтірген ресми статистика республика көлемінде оң динамика көрсеткенімен, өңірдегі бірқатар өзекті мәселелерге қатысты қойылған сұрақтар жауапсыз қалды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Ең алдымен вице-министр өмір сүру ұзақтығы мен өлім-жітім көрсеткіштерін атап өтті«2024 жылы республика бойынша өмір сүру ұзақтығы 75,44 жас болды, ал Абай облысында – 75,02 жас.
SportInfo,
31 октября 2025
в 11:26
Таеквондодан (WT) Қазақстан ұлттық құрама командасы Усиде өткен Әлем чемпионатын екі қола жүлдемен аяқтап, соңғы алты жылдағы үздік нәтижені тіркеді. Нодира Ахмедова (-49 кг) мен Айдана Құмартаева (-46 кг) Қазақстанға ұзақ үзілістен кейін Әлем чемпионатының медалін сыйлады. Қазақстандық таеквондошылар Әлем чемпионатынан соңғы рет 2019 жылы медальмен оралған.
Arna Press,
13 июня 2025
в 12:28
Абай облысының әкімі Берік Уәли жұмыс сапарымен Бесқарағай ауданына барып, туризм және ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалармен танысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аймақ басшысы әуелі Глуховка ауылдық округі аумағындағы «Маклапов » жеке кәсіпкерлігінде болды.
Arna Press,
14 марта 2025
в 12:28
Абай облысы бойынша Шекара қызметі шекара бұзушыларды ұстады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.13 наурызда сағат 17:40-та «Дозор тыл» шекара наряды мемлекеттік шекара сызығынан 23 км қашықтықта, «Борас» шекара бөлімшесіне қарасты аумақта үш азаматты ұстады. Олардың бірі – Қазақстан Республикасының, екеуі – Өзбекстан Республикасының азаматтары. Ұсталушылардың өздерін куәландыратын құжаттары болмаған.«Жергілікті жерді тексеру барысында тас жолдан 10 метр қашықтықта хаки түстес екі үлкен брезент сөмке табылды.
Arna Press,
24 января 2025
в 12:48
«ҚазАвтоЖол» мамандары жолда қалған 50-ге жуық көлікті құтқарды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ұйымның Абай облысындағы филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Боран саларынан облыстағы кейбір жолдар жабылды. Осы күндері жол саласының мамандары күшейтілген режимде күні-түні кезекшілік атқарып жатыр.Қар құрсауында қалған, жолдан шығып кеткен 50 ге жуық көлікті құтқарған.
Arna Press,
05 ноября 2024
в 17:38
Абай облысы Жарма ауданында мас күйінде болған 49 жастағы жүргізушіні қуғындау оқиғасы орын алды. Заң бұзушы автопатрульдің бірнеше рет тоқтау туралы талабын елемей, жылдамдығын арттырып, қашпақ болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қуғындау барысында жүргізуші бірнеше рет жол ережелерін бұзды: бағдаршамның тыйым салатын белгісіне қарамай өтті, полицияның дыбыстық сигналдарына мән бермей, жоғары жылдамдықпен қозғалды.
Arna Press,
16 мая 2024
в 19:48
Қазақстандықтар, әлемнің 174-ракеткасы Бейбіт Жұқаев пен рейтингіде 177-орында тұрған Денис Евсеев Оэйраш (Португалия) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бейбіт екінші айналымда әлемнің 150-ракеткасы, америкалық Патрик Кипсонды жолдан тайдырды.Екі сағатқа созылған тартысты матчта Бейбіт қарсыласын 7:5, 7:6 (7:5) есебімен ұтты.
Arna Press,
28 февраля 2024
в 14:18
Абай облысындағы ақылы жолдарға қарыз көбейген, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Өңірде қазір «Омбы-Майқапшағай» трассасының «Павлодар-Семей-Қалбатау» аралығындағы жол ақылы болып саналады. Әзірге тек жүк көліктері үшін ғана. Қазір аталған бағытта жүріп өткен 2045 көліктің иелері берешектерін өтемеген.
Магнолия,
16 февраля 2024
в 13:48
«Қазақ елінің озып үдеген кезі де,тозып жүдеген кезі де аз емес» деп Елбасы айтқандай, «Мың өліп мың тірілген» қазақ еліміз бүгінде түрлі қиыншылықтарды артқа тастап, дамудың даңғыл жолына түсті. Елді дамыту, әлем елдерімен иық тірестірер дәрежеге жету жолында мемлекет басшысы жыл сайын түрлі жобаларды қолға алып,оның орындалуын жетік қадағалап отырады.
Arna Press,
06 декабря 2023
в 19:28
Мақала жарық көргеннен кейін, тұрғындардың бір мәселесі шешілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіОсыдан біраз уақыт бұрын сайтымызда «Семейліктер ауданындағы кемшіліктерді тізіп берді» деген атаумен мақала жарияланған. Онда тұрғындардың айтуы бойынша Бозтаев көшесіндегі бағдаршам істен шыққан, көшелерінде жарықтандыру жоқ, теміржолдан жасалған өткел өте ыңғайсыз болған.Бүгін «Сіздің жаңалығыңыз» айдарына қайта хат келіп, өткел жөнделгені айтылды.«Салеметсіздер ме, мен «Треугольник» ауданының тұрғынымын.
Arna Press,
22 ноября 2023
в 18:48
Редакциямыздың «Сіздің жаңалығыңыз» айдарына халық арасында «Треугольник» деп аталып кеткен ауданының тұрғындары жүгінді.Бозтаев көшесіне жақын орналасқан, халық арасында «Треугольник» деп аталып кеткен ауданының тұрғындары маңайындағы кемшіліктерді тізіп берді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Тұрғындардың айтуы бойынша үйлеріне жету қауіпті, себебі Бозтаев көшесінде бағдаршам істен шығып, әлі жөнделген жоқ.