Arna Press,
28 апреля 2025
в 16:48
Абай облысында құмды заңсыз өндіру дерегі әшкереленді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті хабарлады.Ведомствоның мәліметінше, екі кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс аяқталған. Тергеу барысында олардың 2023 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың қазанына дейін Семей қаласының аумағында лицензиясыз құм өндіріп, оны заңсыз сатқандығы анықталды.Күдіктілер 68 мың тоннадан астам құм өндіріп, мемлекетке 272 миллион теңге көлемінде залал келтірген.
Arna Press,
14 октября 2024
в 16:38
Активтерді қайтару жөніндегі жұмыс шеңберінде арнаулы мемлекеттік қор бүгінде 177 млрд теңгеден астам ақшалай қаражатпен толықтырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасапТізілім субъектілерімен жасалған келісімдердің нәтижелері бойынша шамамен 147 млрд теңге, процестік келісімдері бойынша 19 млрд теңге, активтерді өткізуден 6 млрд теңгеден астам, соттардың шешімдері бойынша шамамен 5 млрд теңге және жылжымайтын мүлікті жалға беруден 165 млн теңгеден астам қаражат түсті.Активтерді табысты өткізудің бір мысалы болып Алматы қаласындағы жер учаскесі табылады, ол «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектісінен 176 млн теңге бағамен қабылданып, 657 млн теңгеге, яғни бастапқы бағалау құнынан төрт есе артық сатылған.Сонымен қатар, тізілім субъектілерімен келісімдер бойынша арнаулы мемлекеттік қорды 150 млрд теңгеден астам сомаға ақшалай қаражатпен қосымша толықтыру күтілуде.Барлық қайтарылған ақша қаражаты елдің әлеуметтік және экономикалық жобаларын іске асыру үшін пайдаланылатын болады.Сурет: Zakon.kz
Arna Press,
19 февраля 2024
в 13:18
Каспий жағалауындағы 3 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Кендерлі құмқайыры деп аталатын бұл учаске шығанақтың оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 23 шақырымға созылатын облыстың басты көрікті жерлерінің бірі болып табылады.«Бастапқыда, 2007 жылы жер учаскесі «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-на сауықтыру кешенін салу үшін 3,1 млрд теңгеге сатылып, кейіннен «Гелиос» ЖШС-не 3,3 млрд теңгеге қайта сатылғаны анықталды.» Маңғыстау облысының прокуратурасыТалдаумен аталған жер учаскесі ЖАО-мен ҚР Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, заңсыз берілгені белгілі болды.Атап айтқанда, жер комиссиясының отырысы өткізілмегені, сондай-ақ жер учаскесіне жерге орналастыру жобасы бекітілмегені анықталды.«Осылайша, жер учаскесін берудің жалпы тәртібі бұзылды (Жер Кодексінің 43-бабы).
EKaraganda.kz,
20 сентября 2023
в 15:55
Отделом земельных отношений города Темиртау в 2023 году было выявлено 54 земельных участка, используемых с нарушением земельного законодательства, из них:1) по нарушению статьи 92 Земельного кодекса Республики Казахстан (длительное неиспользование земельного участка) в РГУ «Департамент по управлению земельными ресурсами Карагандинской области» было направлено 8 материалов.Собственникам 2 земельных участков были вручены предписания о необходимости освоения своих участков в течение 1 года.
Arna Press,
16 августа 2023
в 19:08
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі еліміздің барлық өңірінде жер телімін беру және оларға қатысты сыбайлас жемқорлық әрекетіне сырттай талдау жүргізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Алматы облысында берілген ұсыныстарды орындау мақсатында мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен жалпы ауданы 11 мың гектар 19 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды», — деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.Басқарма талдау барысында облыста 65 мың гектардан астам жер учаскесі анықталғанын, оларды бергенде сыбайлас жемқорлық болғанын айтты.«Жайылым жерлерін жосықсыз жеке меншікке беру салдарынан облыстың негізгі тұрғындары арасында мал жаю үлкен мәселеге айналды.