Стоковые изображения от Depositphotos
Каспий жағалауындағы 3 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Кендерлі құмқайыры деп аталатын бұл учаске шығанақтың оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 23 шақырымға созылатын облыстың басты көрікті жерлерінің бірі болып табылады.
«Бастапқыда, 2007 жылы жер учаскесі «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-на сауықтыру кешенін салу үшін 3,1 млрд теңгеге сатылып, кейіннен «Гелиос» ЖШС-не 3,3 млрд теңгеге қайта сатылғаны анықталды.» Маңғыстау облысының прокуратурасы
Талдаумен аталған жер учаскесі ЖАО-мен ҚР Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, заңсыз берілгені белгілі болды.
Атап айтқанда, жер комиссиясының отырысы өткізілмегені, сондай-ақ жер учаскесіне жерге орналастыру жобасы бекітілмегені анықталды.
«Осылайша, жер учаскесін берудің жалпы тәртібі бұзылды (Жер Кодексінің 43-бабы). Облыс прокуратурасының қадағалау актісінің негізінде уәкілетті орган сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз енгізді.» Маңғыстау облысының прокуратурасы
Экономикалық соттың шешімімен талап қоюшының талаптары толық көлемде қанағаттандырылды (заңды күшіне енген жоқ).
Бүгінгі күнде жер учаскесінің кадастрлық құны 30 млрд теңгеден асады.
Сурет: freepik
По сообщению сайта Arna Press