Популярные темы

Абай облысында құмды заңсыз өндіру фактісі анықталды

Дата: 28 апреля 2025 в 16:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында құмды заңсыз өндіру фактісі анықталды
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысында құмды заңсыз өндіру дерегі әшкереленді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, екі кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс аяқталған. Тергеу барысында олардың 2023 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың қазанына дейін Семей қаласының аумағында лицензиясыз құм өндіріп, оны заңсыз сатқандығы анықталды.

Күдіктілер 68 мың тоннадан астам құм өндіріп, мемлекетке 272 миллион теңге көлемінде залал келтірген. Кейін бұл құм құрылыс материалдарын өндіруші зауыттарға жалған сәйкестік сертификаттарын пайдалану арқылы жеке кәсіпкерлердің атымен өткізілген.

«Заңсыз сатылымнан түскен қылмыстық табыс 150 миллион теңгеден асқан. Одан бөлек, күдіктілер осы қаржының бір бөлігін фронтальды тиегіш сатып алуға жұмсап, қосымша 6,2 миллион теңге көлемінде табыс тапқан», — делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен күдіктілердің жалпы құны 181 миллион теңгеден асатын мүлкіне тәркілеу мақсатында тыйым салынды. Олардың қатарында 11 автокөлік, 2 пәтер, жер учаскесі және 17 миллион теңге көлеміндегі дебиторлық қарыз бар.

Қазіргі уақытта іс айыптау актісін бекіту үшін прокурорға жолданды.

Сурет: жасанды интеллект көмегімен жасалды

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями