Популярные темы

Берік Уәли: новости

Абай облысының әкімі қысқы жол күтімі бойынша нақты тапсырмалар берді

Arna Press, сегодня в 15:18

Абай облысының әкімі қысқы жол күтімі бойынша нақты тапсырмалар берді
Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында қысқы кезеңде автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін күтіп ұстау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайларға дайындық барысы және 2025–2026 жылдары жүргізілген мемлекеттік аудиттердің қорытындылары қаралды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі таңда Абай облысындағы автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 10 044 шақырымды құрайды. Өңірде 210 көпір және 3329 су өткізгіш құбыр бар. Қысқы кезеңде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда дайындық жұмыстары жүргізілген.Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға 91 арнайы техника жұмылдырылады.

Семейде Оқушылар сарайына апаратын жаңа көпір қашан аяқталатыны белгілі болды

Arna Press, 19 ноября 2026 в 14:58

Семейде Оқушылар сарайына апаратын жаңа көпір қашан аяқталатыны белгілі болды
Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы Бозтаев көшесі мен Оқушылар сарайын байланыстыратын жаңа жаяу жүргіншілер көпірінің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Ұзындығы 34 метр, биіктігі 6 метрге жуық болатын жер үсті өткелі балалар мен тұрғындардың қауіпсіз қатынауын қамтамасыз ету мақсатында салынып жатыр.Қазіргі уақытта бетондау жұмыстары толық аяқталып, көпірдің металл конструкцияларын монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Семей теміржол вокзалы аумағында жаңа жаяу жүргіншілер көпірі салынуда

Arna Press, 19 ноября 2026 в 14:58

Семей теміржол вокзалы аумағында жаңа жаяу жүргіншілер көпірі салынуда
Семей қаласындағы теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Сонымен қатар вокзал аумағында теміржол желілері арқылы өтетін жаңа жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы жүргізілуде.Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли құрылыс барысымен танысып, жауапты тұлғаларға жұмыстардың сапасы мен мерзіміне қатысты нақты тапсырмалар берді.Қазіргі уақытта вокзал ғимаратының қасбетін қаптау, витраждық әйнектер орнату, ішкі әрлеу, эскалаторлар мен лифтілерді монтаждау, перронды жаңғырту жұмыстары атқарылуда.

Абай облысында 250 жаңа жұмыс орнын ашатын ірі жоба жүзеге асуда

Arna Press, 18 ноября 2026 в 16:18

Абай облысында 250 жаңа жұмыс орнын ашатын ірі жоба жүзеге асуда
Абай облысының әкімі Берік Уәли Жаңасемей ауданы Достық ауылдық округінде салынып жатқан «Eurasia Agro Semey» ЖШС ет өңдеу кешенінің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Жалпы құны 10 млрд теңгені құрайтын жоба өңірдегі агроөнеркәсіп саласын дамытуға серпін беріп, жергілікті шаруалардың өнімін тиімді өткізуіне мүмкіндік жасайды.

Ерлан Кәрібаев: «Арманым, Әселім!» спектакльді шығару үшін жеті келі салмақ тастадым»

Arna Press, 17 ноября 2026 в 22:58

Ерлан Кәрібаев:
Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрында Шыңғыс Айтматовтың шығармасы негізінде сахналанған «Арманым, Әселім!» спектаклі үш күн қатарынан аншлагпен өтіп, көрерменнің зор ықыласына бөленді, деп хабарлайды Arnapress.kz Үш күн бойы театр залы көрерменге лық толып, әр қойылым ерекше атмосферада өтті.

Абай облысында үш жарым жыл тоқтап тұрған құрылыс аяқталды

Arna Press, 13 ноября 2026 в 18:18

Абай облысында үш жарым жыл тоқтап тұрған құрылыс аяқталды
Абай ауданының Көкбай ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімінің баспасөзіне сілтеме жасап. Ауыл тұрғындары үшін маңызды нысанның ашылу салтанатына Абай облысының әкімі Берік Уәли қатысты.Салтанатты шарада аймақ басшысы ауылдық жерлерде спорт инфрақұрылымын дамытудың, бұқаралық спортты қолдаудың және тұрғындарға қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.Айта кетейік, құрылысы үш жарым жыл бойы тоқтап тұрған нысан облыс әкімінің тапсырмасымен қайта жанданып, қажетті қаржы бөлінуінің нәтижесінде толық аяқталды.Жаңа спорт кешенінде тұрғындар мен мектеп оқушылары дзюдо, қазақ күресі, футбол және волейбол секцияларына қатыса алады.Жалпы ауданы – 1200 шаршы метр;.

Семей – Ресей шекарасы бағытындағы 111 шақырым жол толық жаңартылды

Arna Press, 09 ноября 2026 в 15:48

Семей – Ресей шекарасы бағытындағы 111 шақырым жол толық жаңартылды
Абай облысында республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолының жөндеу жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Нәтижесінде Семейден Ресей шекарасына дейінгі маңызды көлік дәлізінің нормативтік техникалық жағдайы 100 пайызға жеткізілді.Жаңартылған жолдың ашылу салтанатына Абай облысының әкімі Берік Уәли қатысты.

Семейде DIGITAL ABAI 2026 өңірлік форумы өтеді

Arna Press, 09 ноября 2026 в 13:58

Семейде DIGITAL ABAI 2026 өңірлік форумы өтеді
10 қарашада Семей қаласындағы Оқушылар сарайында DIGITAL ABAI 2026 өңірлік форумы өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Semey Hab сілтеме жасап. Іс-шара цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылмақ.Форумның ресми бөлімінде Абай облысының әкімі Берік Уәли өңірдің цифрлық дамуына үлес қосқан мамандарды марапаттайды.

«Абай салбурын-2026» республикалық турнир: Абай елінде саятшылар мен құсбегілер бас қосады

Arna Press, 06 ноября 2026 в 15:48

Қасиетті Абай елінде еліміздің ең үздік құсбегілері мен саятшыларын жинайтын айтулы шара өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz.13-14 қараша күндері Көкбай ауылында ақын Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына орай «Абай салбурын-2026» республикалық турнирі ұйымдастырылады.«12 қараша күні жарысқа қатысушылар ауылға келіп, тіркеуден және мандаттық комиссиядан өтеді.

Семейде «38. Соңғы нүкте» фильмінің премьерасы өтті

Arna Press, 04 сентября 2026 в 11:18

Семейде “38. Соңғы нүкте” фильмінің премьерасы өтті
Семейде «38. Соңғы нүкте» толықметражды отандық драма-катастрофасының премьерасы өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Туындыға 2023 жылы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында болған ауқымды өрт оқиғасы арқау болған.«38. Соңғы нүкте» – қазақстандық кинематографияда драма мен апат жанрын ұштастырған туынды.

Абай облысында құрылыс нысандарындағы заң бұзушылықтар: 93,7 млн теңге айыппұл өндірілді

Arna Press, 04 сентября 2026 в 11:18

Абай облысында құрылыс нысандарындағы заң бұзушылықтар: 93,7 млн теңге айыппұл өндірілді
Абай облысында құрылыс нысандарының сапасы мен қауіпсіздігіне бақылау күшейтіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен жиында айтылды. Жиында өңірдегі құрылыс нысандарының қазіргі жай-күйі қаралып, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының атқарған жұмысы сараланды.мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сайлауғалы Байназаровтың мәліметінше, 2025-2026 жылдары облыста 276 жобалық-сметалық құжаттама әзірленген.

Семейдің қоғамдық көлік паркі жаңа автобустармен толықты

Arna Press, 03 сентября 2026 в 14:18

Семейдің қоғамдық көлік паркі жаңа автобустармен толықты
Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы қалалық маршруттарға қызмет көрсету үшін сатып алынған жаңа жолаушылар автобустарымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап.«Таксомоторный парк» ЖШС әлеуметтік маңызы бар №1, 3, 16, 18, 22, 24, 26, 28, 29, 34, 36, 52 және №55 бағыттарға қызмет көрсетеді.

Облыс әкімі Абай ауданының тұрғындарымен кездесуі өтеді

Arna Press, 02 сентября 2026 в 16:38

Облыс әкімі Абай ауданының тұрғындарымен кездесуі өтеді
2026 жылғы 4 қыркүйекте Абай облысының әкімі Берік Уәли Абай ауданының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімңнің баспасөзіне сілтеме жасап.Кездесу Қарауыл ауылындағы аудандық Мәдениет үйінің мәжіліс залында сағат 12:00-де басталады.Кездесу алдында, сағат 11:30-да, облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.Қабылдауға алдын ала жазылу үшін 8 775 814 82 25 нөміріне хабарласу қажет.Фото: Облыс әкімдігі баспасөзінен

Абай облысында елді мекендердің бас жоспарлары жаңартылады

Arna Press, 02 сентября 2026 в 15:18

Абай облысында елді мекендердің бас жоспарлары жаңартылады
Әкімдік отырысында қала құрылысы, қолжетімді орта және «Таза Қазақстан» мәселелері қаралды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап.Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен әкімдік отырысында елді мекендердің қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу барысы, инфрақұрылым нысандарының мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету және «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының іске асырылуы талқыланды.Отырыста Семей қаласының бас жоспарына енгізіліп жатқан өзгерістер, жаңа әкімшілік-іскерлік орталық, 15-шағын аудан және «Қарағайлы» тұрғын ауданы бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары сөз болды.

Абай облысында 10 мыңнан астам бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

Arna Press, 01 сентября 2026 в 13:28

Абай облысында 10 мыңнан астам бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады
Жаңа оқу жылында Абай облысында 100 мыңнан астам оқушы мектепке барса, оның 10 мыңнан астамы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр. Семей қаласында биыл 5 мың бүлдіршін бірінші сыныпқа қабылданды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. Білім күніне орай облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы Степной кентінде орналасқан №46 жалпы орта білім беретін мектепке барып, оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Абай облыынд үш теміржол вокзалы пайдаланға берілді

Arna Press, 31 августа 2026 в 16:28

Абай облыынд үш теміржол вокзалы пайдаланға берілді
Абай облысының Жарма ауданында Үшбиік, Жарма және Шар станцияларындағы жаңартылған теміржол вокзалдары пайдалануға берілді, деп хабарлайдыArnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Семейдегі сауда нысандары заманауи талаптарға сай жаңаруда

Arna Press, 25 августа 2026 в 12:48

Семейдегі сауда нысандары заманауи талаптарға сай жаңаруда
Семей қаласында сауда нысандарын жаңғырту және олардың сәулеттік келбетін жақсарту жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасуда, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте қаладағы сауда нысандарын жаңғырту жұмыстарының барысы қаралды.

Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Arna Press, 21 августа 2026 в 10:18

Абай облысында “Мерейлі отбасы” байқауының жеңімпаздары марапатталды
Семей қаласында өнегелі өмірімен ұрпаққа үлгі болып жүрген отбасыларды дәріптейтін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Салтанатты шараға Абай облысының әкімі Берік Уәли қатысты.«Мерейлі отбасы» – отбасы мәртебесін арттырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін айшықтауға және адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды жоба.

Абай облысында 12 жаңа жанармай құю станциясы ашылады

Arna Press, 20 августа 2026 в 10:08

Абай облысында 12 жаңа жанармай құю станциясы ашылады
Абай облысында автожанармай құю станцияларының желісі кеңейіп, 2026–2027 жылдары Семей қаласында жаңа форматтағы 12 станция ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап.2020 жылы құрылған «GAS&МҰНАЙ» кәсіпорны жанар-жағармай материалдарын көтерме және бөлшек саудада өткізеді.

Абай облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды

Arna Press, 13 августа 2026 в 11:08

Абай облысында “Тәуелсіздік ұрпақтары” грантының жеңімпаздары марапатталды
Халықаралық жастар күніне орай Абай облысында талантты, бастамашыл және шығармашыл жастарды қолдауға бағытталған «Тәуелсіздік ұрпақтары»грантының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап.Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли, грант иегерлері, жастар ұйымдарының өкілдері мен белсенді жастар қатысты.Биыл байқау 7 бағыт бойынша өткізіліп, 74 өтінім қабылданды.

Семейде алғашқы BINOM мектебінің құрылысы басталды

Arna Press, 21 июля 2026 в 15:58

Семейде алғашқы BINOM мектебінің құрылысы басталды
Семей қаласының Қарағайлы шағын ауданында 1400 орындық заманауи BINOM мектебінің құрылысы басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.Іргетасын қалау рәсіміне Абай облысының әкімі Берік Уәли, BI Group компаниясының өкілдері, BINOM мектептер желісінің басшылығы мен білім саласының ардагерлері қатысты.Жаңа білім ордасы – еліміздегі BINOM мектептер желісінің 10-мектебі және Астана мен Атыраудан кейінгі үшінші қаладағы жоба болмақ.

Бородулиха ауданына жаңа әкім тағайындалды

Arna Press, 15 июля 2026 в 17:18

Бородулиха ауданына жаңа әкім тағайындалды
Абай облысының әкімі Берік Уәли Бородулиха ауданының активіне ауданның жаңа әкімін таныстырды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімінің баспасөзіне сілтеме жасап.ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен аудан әкімі лауазымына Талғат Батырұлы Мұратов тағайындалды.Бұл – жаңа Конституция қабылданып, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тағайындаудың жаңа тәртібі енгізілгеннен кейін Абай облысында жүзеге асқан алғашқы тағайындау.Аймақ басшысы жаңа әкімге өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жандандыру, аграрлық сектор мен өндіріс әлеуетін тиімді пайдалану, сондай-ақ халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытында нақты міндеттер жүктеді.Талғат Мұратов мемлекеттік қызметте мол тәжірибесі бар. Әр жылдары Бесқарағай және Жарма аудандарында, Семей қаласында жауапты қызметтер атқарып, 2026 жылдың ақпан айынан бері Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары болған.Фото: Абай облысының әкімдігінен

Абай облысының ветеринарларына жаңа қызметтік автокөлік табысталды

Arna Press, 09 июля 2026 в 16:28

Абай облысының ветеринарларына жаңа қызметтік автокөлік табысталды
Семейдегі Шәкәрім университетінде Ветеринария қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтіп, өңір тарихында алғаш рет ветеринариялық қызметке 53 жаңа қызметтік автокөлік берілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімі Берік Уәли ветеринария саласы азық-түлік қауіпсіздігі, мал шаруашылығының дамуы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды бағыт екенін атап өтті.Жаңа техникалардың қатарында:.

Семейдегі Бобровка кентінде жаңа спорт кешені ашылды

Arna Press, 09 июля 2026 в 10:48

Семейдегі Бобровка кентінде жаңа спорт кешені ашылды
Семей қаласының Бобровка кентінде заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Салтанатты ашылу рәсіміне Абай облысының әкімі Берік Уәли қатысып, жаңа нысанның өңірдегі бұқаралық спортты дамытуға серпін беретінін атап өтті.Екі қабатты спорт кешені 1200 шаршы метр аумақты алып жатыр және бір мезетте 70 адамға дейін қабылдай алады.

Абай облысында гидроэнергетика саласындағы ірі жоба қолға алынды

Arna Press, 26 мая 2026 в 13:28

Абай облысында гидроэнергетика саласындағы ірі жоба қолға алынды
Абай облысының әкімі Берік Уәли компания директорлар кеңесінің төрағасы Шыңғыс Құлжанов бастаған инвесторлармен кездесті, деп хабарлайды Arnapress.kz әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында гидроэнергетика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланып, тараптар өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Аталған құжат аясында Ертіс өзенінде жалпы қуаттылығы 900 мегаватт болатын Белокаменская, Ақжар және Известковская су электр стансаларын салу жоспарланған.

Абай облысында мәдениет саласының үздіктері марапатталды

Arna Press, 21 мая 2026 в 15:48

Абай облысында мәдениет саласының үздіктері марапатталды
21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Абай облысының әкімі Берік Уәли сала мамандарымен кездесіп, кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шара барысында мәдениет саласында ұзақ жыл еңбек етіп, жоғары кәсіби шеберлігімен көзге түскен бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар мен марапаттар табысталды.

Қарағайлыда көпқабатты 13 үйдің құрылысы жүріп жатыр

Arna Press, 19 мая 2026 в 18:58

Қарағайлыда көпқабатты 13 үйдің құрылысы жүріп жатыр
Семейдегі Қарағайлы шағын ауданында жаңа тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли қаладағы құрылыс нысандарын аралау барысында аталған ықшам ауданда салынып жатқан көпқабатты үйлердің жұмысымен танысты.Қазіргі таңда мұнда 13 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Семейдегі жаңа көпір биыл пайдалануға беріледі

Arna Press, 19 мая 2026 в 16:48

Семейдегі жаңа көпір биыл пайдалануға беріледі
Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, маңызды жобалардың жүзеге асу барысымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz әкімдік баспасөзіне сілтеме жасапАймақ басшысы алдымен ескі автогуж көпірінің маңында салынып жатқан жаңа көлік өткелінің құрылысын көрді.Президент тапсырмасымен қолға алынған стратегиялық маңызы бар жобаның құрылысы 2022 жылы басталған. Ұзындығы 810 метр, ені 23 метр болатын көпірдің жалпы құны 47,3 миллиард теңгені құрайды.Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 65 пайызы аяқталған.

Семейдегі орталық алаң мен бірқатар нысандар жаңғыртылуда

Arna Press, 08 мая 2026 в 14:18

Семейдегі орталық алаң мен бірқатар нысандар жаңғыртылуда
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы бірқатар құрылыс және абаттандыру нысандарын аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. Алдымен аймақ басшысы қаланың орталық алаңына барып, қайта жаңғырту жобасын қарады.

Белағаш ауылындағы клуб құрылысы бақылауда

Arna Press, 28 апреля 2026 в 17:58

Белағаш ауылындағы клуб құрылысы бақылауда
Абай облысының әкімі Берік Уәли Бородулиха ауданына жұмыс сапары барысында Белағаш ауылында салынып жатқан 100 орындық ауылдық клубтың құрылысымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Нысан құрылысы 2023 жылы басталған. Қазіргі таңда жұмыстардың 90 пайызы аяқталған.
Показано 30 новостей из 86