Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «2024 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған табиғи монополиялар салаларында және баға белгілеу тәртібі мен қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектісінің міндеттерін сақтауда бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тізімін бекіту туралы» 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №259 бұйрығының негізінде Департаментпен «Жамбыл су» КМК-на қатысты профилактикалық бақылау жүргізілді. «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 26-бабы 2-тармағының 4), 8), 15) және 16) тармақшаларына сәйкес, осы Заңның 24-бабының 12-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділікті ұсынуға, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне тұтынушылармен үлгiлік шарттарға сәйкес жеке шарттар жасасуға, бекітілген тарифтік сметаны орындауға және бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындауға міндетті.