Популярные темы

депо: новости — страница 61

Абай облысының Үржар ауданында жаңа әуезжай ғимараты салынады

Arna Press, 23 февраля 2023 в 12:08

Абай облысының Үржар ауданында жаңа әуезжай ғимараты салынады
Абай облысының Үржар әуежайы туризмді дамыту мақсатында қайта жаңғыртылуда, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Әуежайдың ұшып-қону жолағы 1500-ден 2100 метрге, ені 35 метрге дейін ұлғайтылды. Бұл Fokker, Bombardier, Embraer және басқа да осыған ұқсас топтардың ұшақтарын қабылдауға мүмкіндік береді. Ұзындығы 175 м, ені 16 м болатын 2 рульдеу жолының құрылысы жүргізілді.2 әуе кемесі тұрақтайтын перрон бір уақытта 2 ұшақты қабылдауға мүмкіндік береді және 5 қабатты бақылау мұнарасы жаңадан салынды. Әуежайда әуе кемелерін тәулік бойы қабылдау үшін ұшу-қону жолағында жарықтандыру қондырғылары мен бейнебақылау орнату жұмыстары жүргізілуде.

Борышкерлер алимент төлеуден әдейі жалтарады

Arna Press, 23 февраля 2023 в 10:28

Борышкерлер алимент төлеуден әдейі жалтарады
Әділет министрі Азамат Есқараев Батыс Қазақстан облысының халықына есеп беру кездесуінде алимент өндіру осы өңірде ғана емес, бүкіл ел бойынша күрделі мәселелердің бірі екенін айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ведомство басапсөз қызметіне сілтеме жасап.Батыс Қазақстан облысы бойынша барлығы 11 мемлекеттік және 50 жеке сот орындаушы қызмет атқаратынын, атап өтті.

Шымкентте кәмелетке толмаған қызды автобус қағып кетті

Arna Press, 22 февраля 2023 в 18:58

Шымкентте кәмелетке толмаған қызды автобус қағып кетті
Оңтүстік шаһарда қоғамдық көлік кәмелетке толмаған қызды қағып кетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Оқиға 22 ақпанда сағат 10:30-да Байтұрсынов көшесінде болған. Апат салдарынан қыз көптеген дене жарақатын алған. Бұл туралы мегаполистің Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Алаяқтар қазақстандықтарды президент атынан алдап жатыр

Arna Press, 22 февраля 2023 в 18:18

Алаяқтар қазақстандықтарды президент атынан алдап жатыр
Facebook әлеуметтік желісінде «Жомарт-Тоқаев» есімді аккаунт пайда болды. Әлеуметтік желіде Президенттің фейк парақшасы ашылды.Онда ақшалай сыйлықтардың ұтысы ойнатылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Жомарт-Тоқаев» деген Facebook парақшасында жүргізілген ұтыс – алаяқтардың ісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік желіде екі-ақ ресми парақшасы бар.

Қазақстанда жолаушылар мен багажды әуе көлігімен тасымалдау ережелері өзгерді

Arna Press, 22 февраля 2023 в 18:18

Қазақстанда жолаушылар мен багажды әуе көлігімен тасымалдау ережелері өзгерді
ҚР ИИДМ 2023 жылғы 15 ақпандағы бұйрығымен Әуе көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Атап айтқанда, егер ол бекітілген талаптарға сәйкес келмесе, авиакомпания жүкті тасымалдауға қабылдаудан бас тартатыны қосылды, олар:Сондай-ақ алушы авиакомпаниядан әуе кемесі межелі жерге келген, жүк түсірілген және өңделген сәттен бастап жүкті және жүкқұжатты ресімдеуді талап ететіні түсіндіріледі.

Музыка объединила их сердца

EKaraganda.kz, 22 февраля 2023 в 17:05

Музыка объединила их сердца
— Это 56-ой конкурс, который охватывает все виды музыкальных инструментов и искусств. И очень радует, что он прошёл в офлайне. Конечно же, в этом сезоне нас вновь удивили яркие выступления воспитанников детских музыкальных школ и школ искусств. Победители примут участие в республиканском музыкальном конкурсе, который состоится через месяц, и я им желаю не останавливаться, ведь любая победа – это временное явление, нужно продолжать работать над собой.

Бас әскери прокуратура: жыныстық зорлық-зомбылық дерегі расталмады

Arna Press, 21 февраля 2023 в 12:48

Бас әскери прокуратура: жыныстық зорлық-зомбылық дерегі расталмады
Бүгінгі күні билікті асыра пайдалану арқылы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша күдікті ретінде сол заставаның келісімшарт бойынша әскери қызметшісі өтеді. Қылмыстық Іс материалдарына сәйкес ол Б.Мирашты және онымен бірге әскерге шақырылған басқа да мерзімді әскери қызметкерлерді жүйелі түрде психологиялық тұрғыда қорлап, соққыға жыққан, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Бас әскери прокуратураға сілтеме жасап.«Күдікті қамауға алынып, тергеу жалғасуда және ерекше бақылауға алынған.

Шымкентте қарулы ер адам атыс ұйымдастырды

Arna Press, 20 февраля 2023 в 18:28

Шымкентте қарулы ер адам атыс ұйымдастырды
Шымкентте қарулы ер адам атыс ұйымдастырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Редакцияға Шымкент көшелерінде қаруланған ер адамның өтіп бара жатқаны және одан басқа адамдар қашқаны түсірілген видео жіберілді. Тағы бір видеода ер адам мен қауіпсіздік қызметкерлері арасында атыс болғаны көрсетілген.Кейін ер адам полиция көлігін көріп, оған шабуыл жасаған.

Абай облысының тұрғындары енді шағымды электронды түрде қалдыра алады

Arna Press, 20 февраля 2023 в 16:08

Абай облысының тұрғындары енді шағымды электронды түрде қалдыра алады
Енді Абай облысының тұтынушылары «Е-тұтынушы» және «Е-өтініш» ақпараттық жүйелері арқылы электронды түрде шағымдарын қалдыра алады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі өңірлің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне сілтеме жасап. Айта кетейік, былтыр «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР заңына өзгерістер енгізу туралы заң жобасы әзірленді.

Пара беруге арандатқан үшін қызметкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Arna Press, 20 февраля 2023 в 13:38

Пара беруге арандатқан үшін қызметкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері Түркістан облысы Жетісай ауданының әкімшілігін тексеріп, ауылдық округтерінің әкімдерін қылмыстық жауапкершілікке тартумен қорқытып, олардан ақшалай қаражат талап еткен, депм хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Олардың тұрақты түрдегі талаптарынан кейін әкімшілік жұмыскерлері тексерушілерге тексерістің оң шешілуі үшін 400-мыңнан 630-мың теңгеге дейінгі қаражатты беріп, пара беру дерегі бойынша ұсталған.

Қазақстанда зейнетақы өсті

Arna Press, 20 февраля 2023 в 12:38

Қазақстанда зейнетақы өсті
ҚР Еңбек министрлігі ұсынған мәліметке сүйенсек, 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 659 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 878 теңге, базалық зейнетақы – 37 781 теңге, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ал 1 қаңтардағы жағдай бойынша орташа зейнетақы 108 761 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 74 950 теңге, базалық зейнетақы – 33 811 теңге.

Қаржы мониторингі агенттігі Ресей астығын Қазақстан арқылы жалған экспорттағандар туралы айтты

Arna Press, 20 февраля 2023 в 12:38

Қаржы мониторингі агенттігі Ресей астығын Қазақстан арқылы жалған экспорттағандар туралы айтты
Қазақстан арқылы үшінші елдерге одан әрі экспорттау мақсатында ресейлік астықтың сұр импортының сұлбасын ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті анықтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, ЖШС-нің бірі 2021-2022 жылдар аралығында Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстанға 1 миллиард теңгеден астам сомаға 8,3 мың тонна ресейлік астықты экспорттаған.Бұл ретте Қазақстан компаниясы жеңілдетілген экспорттық тарифті алу үшін отандық шаруашылықтардан Қазақстаннан шыққанын растайтын жалған шот-фактураларды пайдаланған.Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, бұл транзиттік тарифтен жалтарып, «KTZ Freight Transportation» ЖШС-ға 150 миллион теңгеге жуық шығын келтіруге себеп болды.Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.Сурет: primeminister.kz

Абай облысында ауа райына байланысты тасжол жабылды

Arna Press, 18 февраля 2023 в 17:18

Абай облысында ауа райына байланысты тасжол жабылды
Боран мен жол бойындағы көрінудің төмендеуіне байланысты «Алматы-Өскемен» тасжолының екі бөлігінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі «ҚазАвтоЖолдың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай өңірі бойынша Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейін және ШҚО бойынша Абай өңірінің шекарасынан Қасым-Қайсенов ауылына дейінгі аралықтар жабық.

FlyArystan кәмелетке толмағандардың құқығын бұзғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін

Arna Press, 18 февраля 2023 в 17:18

FlyArystan кәмелетке толмағандардың құқығын бұзғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін
Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуратурасы жолаушылар құқығын сақтау мәселесі бойынша «Флай Арыстан» АҚ авиакомпаниясының қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мысалы, 2022 жылдың қаңтарынан қазан айлары аралығында халықаралық бағыттар бойынша стандартты тарифтер бойынша 3 мыңнан астам кәмелетке толмағандар тасымалданған.«Прокуратураның ұсынуы негізінде Азаматтық авиация комитеті авиакомпанияға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 571-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды», делінген хабарламада.16 ақпанда жиналған материалдар Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен қаралып, жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін авиакомпанияны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы қабылданды.Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.Сурет: Zakon.kz

Қазақстанда түрік құрылысшылары салған ғимараттар тексеріле ме? Скляр жауап берді

Arna Press, 17 февраля 2023 в 17:38

Қазақстанда түрік құрылысшылары салған ғимараттар тексеріле ме? Скляр жауап берді
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда түрік құрылысшылары салған ғимараттар туралы айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.«Менің білуімше, қазір мұндай тексеру жүргізіліп жатқан жоқ. Әлі жоспарланбаған», — деп жауап берді Роман Скляр.Еске салайық, бұған дейін Румыния премьер-министрі Николае Чукэ Түркиядағы жер сілкінісі фонында елдегі түрік компаниялары салған ғимараттарды тексеруді тапсырған болатын.Фото:elements.envato.com

Алматы әкімі: Баға күрт төмендейді деп күтудің қажеті жоқ

Arna Press, 17 февраля 2023 в 16:48

Алматы әкімі: Баға күрт төмендейді деп күтудің қажеті жоқ
Алматы әкімі Ерболат Досаев 17 ақпан күні Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуінде азық-түлік бағасын төмендету шаралары туралы айтты. Сонымен қатар ол Алматыда қант бағасы көтерілмейді деп уәде берді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Әкімнің айтуынша, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын ұстап тұру жұмысы 2022 жылдың күзінде басталған.

Қазақстанда оқу жылын аяқтау және мектептерде емтихандарды өткізу мерзімі белгіленді

Arna Press, 17 февраля 2023 в 15:58

Қазақстанда оқу жылын аяқтау және мектептерде емтихандарды өткізу мерзімі белгіленді
Білім министрлігі 2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы бұйрық дайындады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Осылайша, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектептердегі сабақтар 2023 жылдың 31 мамырында аяқталады.9 (10) сынып оқушылары үшін бітіру емтихандары 2023 жылғы 2 маусым мен 13 маусым аралығында өткізіледі;11 (12) сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары – 2023 жылғы 5 маусым мен 19 маусым аралығында.Қорытынды аттестаттау шарттары:9 (10) сынып оқушылары үшін:жазбаша емтихан қазақ/орыс/ұйғыр/өзбек/тәжік тілінен (оқыту тілі) эссе түрінде, гуманитарлық циклдегі пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер үшін – жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) — 2023 жылғы 2 маусым;математикадан (алгебра) жазбаша емтихан (тест) – 2023 жылғы 6 маусым;орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілдерінде оқытылатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша – 2023 жылғы 9 маусым;таңдау пәнінен жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, әдебиет (оқу тіліне сәйкес), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – маусымның 13 болады;11 (12) сынып оқушылары үшін:Ұйғыр/тәжік/өзбек тілдерінде оқытатын мектептерге/сыныптарға (оқыту тілі) қазақ/орыс және ана тілінен жазбаша емтихан – 2023 жылғы 5 маусым;алгебрадан жазбаша емтихан және талдаудың басталуы – 2023 жылдың 8 маусымы;Қазақстан тарихынан ауызша емтихан – 2023 жылғы 12 маусым;орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2023 жылғы 15 маусым;таңдау пәнінен жазбаша емтихан – 2023 жылдың 19 маусымы.Құжат 2 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында орналастырылған.Фото: Zakon.kz

Даниал Ахметов Риддердегі төтенше жағдайды алып тастауды тапсырды

Arna Press, 16 февраля 2023 в 18:48

Даниал Ахметов Риддердегі төтенше жағдайды алып тастауды тапсырды
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Риддерде жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимін алып тастауды тапсырды. Ол өткен жылдың қараша айында жылу электр орталығындағы апатқа байланысты енгізілген болатын, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл туралы аймақ басшысы 2023 жылдың 16 ақпанында Instagram парақшасында жазды.«Мен Риддер қаласының әкіміне жылу электр орталығының қазір ақаусыз жұмыс істеуіне байланысты қаладағы жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимін алып тастауды тапсырдым», — деді облыс басшысы.Әкімнің айтуынша, бүгін ол Риддер ЖЭО-ның жаңа инвесторларымен кездесу өткізді.«Бірден айтамын, жылу орталығының жаңа иелері он күндік мерзімде ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстарының толық кестесін ұсынуы керек, онда тек түрлері мен мерзімі ғана емес, сонымен қатар қажетті жабдықтардың тізімі де қамтылуы тиіс. және құрамдас бөліктер, осы күрделі нысанда жұмыс істейтін мамандардың тізімі мен саны», — деп айтты Даниал Ахметов.Аймақ басшысы атап өткендей, «төртінші және бесінші қазандықтарға, резервтік көмірді жеткізу жолына, өрттен зардап шеккен ЖЭО ғимаратының өзіне ерекше назар аудару керек».«Барлық дерлік жабдықтар мен желілерге күрделі жөндеу қажет, сондықтан кесте осы мәселелердің барлық блогын егжей-тегжейлі қамтуы керек», — деп айтты ШҚО әкімі.Ол «станция жұмысшыларының қауіпсіз еңбек жағдайына назар аудару маңызды екенін, бұл үшін аспирациялық және желдету жүйелерін жөндеу қажет» деп атап өтті.«Сондай-ақ Громотухадағы шламның ағу мәселесі жылдар бойы шешілмей келеді, инвесторлар да осыған назар аударуы керек.Жөндеу жұмыстарынан бөлек, Қаражыр көмір кеніші алдындағы дебиторлық қарызды өтеу кестесін жасау қажет.

SOS батырмасы жоқ көліктерді әкелуге тағы бір жыл тыйым салынады

Arna Press, 16 февраля 2023 в 13:38

SOS батырмасы жоқ көліктерді әкелуге тағы бір жыл тыйым салынады
Қазақстанның бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 2023 жылғы 15 ақпанда онлайн режимде өткен кезекті отырыста жеке автокөлікті SOS батырмасымен міндетті жарақтандыруды қолданысқа енгізу мерзімін 1 жылға ұзартты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Отырыста Қазақстан тарапын премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин басқарды.ЕАЭО елдерінің аумағына әкелінетін N және M (жүк және жолаушы) санатындағы жеке автокөлікті шұғыл және жедел қызметтерді шақыру құрылғыларымен (SOS батырмасымен) жарақтандыру жөніндегі талаптар Кеден одағының техникалық регламентінде айқындалған.2024 жылғы 1 ақпанға дейін ЕАЭО елдерінің осы санаттағы көлік құралдарының ресми импорттаушылары мен өндірушілері осы міндеттемелерден босатылған еді.

Семейде әйелдер кәсіпкерлігі белең алуда

Arna Press, 16 февраля 2023 в 12:48

Семейде әйелдер кәсіпкерлігі белең алуда
Облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының ақпараты бойынша Семейде соңғы жылдары өз ісін ашып, кәсібін дөңгелетіп отырған қыз-келіншектердің саны артуда, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Жазира Козыбаева осыдан екі жыл бұрын Шымкенттен Семейге мемлекеттік көші-қон бағдарламасы аясында көшіп келді. Бес саусағынан өнер тамған тігінші жаңа қалада бірден өз кәсібін ашты.

Семейлік журналист фэнтези жанрында роман жазды

Arna Press, 15 февраля 2023 в 21:28

Семейлік журналист фэнтези жанрында роман жазды
Семейде журналист Айман Шәріпханованың «Бәйтерекке жол» атты кітабінің тұсаукесері өтті. Айта кету керек, бұл кітап белгілі бір адамның немесе қоғам қайраткерінің өмір жолы туралы немесе Астанада бой көтерген Бәйтерек туралы емес. Бұл романда ежелгі дәуірден бері көшпенділер табынған мифтік ағаш жайлы айтылады.

ШҚО тұрғыны 2,5 миллион теңге мен 40 келі бал ұрлады

Arna Press, 15 февраля 2023 в 20:08

ШҚО тұрғыны 2,5 миллион теңге мен 40 келі бал ұрлады
Ақсу ауылының 53 жастағы тұрғыны Катонқарағай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жүгінген. Ер адам белгісіз біреу есікті бұзып, оның үйіне кіріп, оның шкафта сақтаған шамамен 2 500 000 теңгесін ұрлап кеткенін айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ақшалай қаражаттан бөлек ұры үйден смартфонды, салмағы 40 кг бал құтысы мен ас үй пышағын алып шыққан.«Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстай алған .

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды

Akorda.kz (KZ), 15 февраля 2023 в 17:46

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

БҚО-дан бір мандатты округ бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімінде екі адам қалпына келтірілді

Уральская Неделя, 15 февраля 2023 в 17:13

БҚО-дан бір мандатты округ бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімінде екі адам қалпына келтірілді
Бұған дейін Батыс Қазақстан облысының аумақтық сайлау комиссиясы (АСК) Нұрлан Карин мен Талғат Катауовтың құжаттарын соңғы 10 жыл ішінде тұрғылықты жері бойынша тұрақты негізде тіркелмегендігі негізінде «Сайлау туралы» заңның талаптарына сәйкес емес деп таныған болатын. Кеше олар Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізіміне қайта енгізілді, қазір олардың саны 13 адам.Кеше, 14 ақпанда Карин мен Катауовтың құжаттары АСК-мен қайта қаралды және оларды тіркеуге сәйкес деп танылды.

Бас прокуратура көлік жолдары саласында бұзушылықтар анықтады

Arna Press, 15 февраля 2023 в 15:08

Бас прокуратура көлік жолдары саласында бұзушылықтар анықтады
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде прокуратура органдары көлік жолдары саласының жай-күйін тексерудің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Құқық бұзушылықтар бюджет қаражатын заңсыз шығару схемаларында көбінесе бір мердігер ұйымдары болған.

Семейліктер интернационал-жауынгерлерді еске алды

Arna Press, 15 февраля 2023 в 13:28

Семейліктер интернационал-жауынгерлерді еске алды
Бүгін Семей қаласындағы Ауған соғысы ардагерлерінің монументінде ауған соғысы ардагерлері мен қала тұрғындарының және «Жас Ұлан» лицейінің оқушыларының қатысуымен «Ерлікке тағзым» шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шараға Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков және Семей қаласы әкімінің орынбасары Данияр Шәкәрімов қатысты. «Сіздердің өшпес ерліктеріңіз әрқашанда бізге өнеге.

Глава государства ознакомился с работой клинико-реабилитационного центра Viamedis Kokshetau

EKaraganda.kz, 15 февраля 2023 в 10:05

Глава государства ознакомился с работой клинико-реабилитационного центра Viamedis Kokshetau
При центре в рамках государственно-частного партнерства была построена поликлиника, рассчитанная на 250 пациентов. В отделении стационарной реабилитации поликлиники предусмотрено свыше 100 койко-мест, в дневном стационаре – 46 койко-мест. Здесь обслуживается 20 тысяч человек. Медицинский персонал центра составляет 235 работников.По словам руководства учреждения, новейшее медицинское оборудование позволяет качественно и оперативно оценивать состояние пациентов и ставить диагнозы.Касым-Жомарта Токаева проинформировали о развитии сферы здравоохранения в Акмолинской области.

Семей тұрғыны көлігін бүлдіріп кеткендерді жауапқа тарта алмай отыр

Arna Press, 15 февраля 2023 в 00:38

Семей тұрғыны көлігін бүлдіріп кеткендерді жауапқа тарта алмай отыр
Arnapress.kz редакциясына Семей қаласының тұрғыны Лязат Назкенова жүгінді. Әйелдің айтуы бойынша белгісіз біреулер көлігін бүлдіріп, екі дөңгелегін тесіп тастады. Алайда кінәлілер жауапқа тартылған жоқ. Бұзақылық әрекеті бейнекамераға түсіп қалған. Лязат Назкенова бірден полиция шақырды, дегенмен кейінірек іс тоқтатылып, орын алған жағдайды сот арқылы шешу ұсынылды.«Мен жұмыстан сағат 16:00-де шығып, автотұраққа барғанда Хюндай Гетс маркалы көлігім екі жағынан әдейі тырналып, екі дөңгелекті тесіп кеткенін көрдім.

Қаржы министрлігі «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қалай іске асырылатынын айтты

Arna Press, 14 февраля 2023 в 22:58

Қаржы министрлігі
Дәурен Темірбеков Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Ұлттық қор – балаларға» жобасын 2024 жылдан бастап іске қосу тәсілдері әзірлегенін атап өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.Оның айтуынша, осы жоба бойынша ұсынылған тәсілдер әртүрлі алаңдарда, соның ішінде Экономикалық саясат жөніндегі кеңесте және сарапшылар қауымдастығында талқылануда.«Әзірленіп жатқан тетікке және болжамды есептеулерге сәйкес мыналар жоспарлануда. Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50%-ы 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балаларға бөлінеді.

«Жағдай әлі бұрынғыдай»: Екібастұз тұрғындары тоңып отырғандарын мәлімдеді

Arna Press, 14 февраля 2023 в 13:18

Биылғы қыста Екібастұз қаласы жылусыз қалған. Жылу қазандықтары істен шыққаннан кейін, оларды уақытша жөндеген. Алайда, тұрғындар үй ішінде сыртқы киім киюге мәжбүр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Stan.kz сайтна сілтеме жасап.Екібастұз қаласының тұрғындары пәтерлеріне әлі де жылу келген жоқ дейді.
Показано 30 новостей из 2 619