Популярные темы

Қазақстанда қанша қолма-қол ақша бар және оны қаншалықты жиі пайдаланады?

Дата: 10 января 2024 в 14:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанда қанша қолма-қол ақша бар және оны қаншалықты жиі пайдаланады?
Стоковые изображения от Depositphotos

Ұлттық банк Қазақстанда айналымда қанша қолма-қол теңге бар екенін және азаматтар тауарлар мен қызметтерді төлеу кезінде банкноттарды қаншалықты жиі пайдаланатынын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық банк Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында, 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша айналыстағы қолма-қол теңге көлемі 3,5 триллион теңге болғанын хабарлады.

Ұлттық банк мәліметінше, қолма-қол ақшасыз төлем инфрақұрылымының белсенді дамуына қарамастан, айналыстағы қолма-қол ақшаның динамикасы тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Айналыстағы қолма-қол ақшаның орташа жылдық өсу қарқыны соңғы 5 жылда 9,9 пайыз болған.

Ұлттық банк жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес, қолма-қол төлемді көбірек ұнататын халық үлесі 60 пайызға жуықтайды.

Қолма-қол ақша аймақтарда жиі қолданылады:

«Негізінен қолма-қол ақшасыз төлемдердің республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда қолданылатынын, сондай-ақ тұрақты интернеттің болуына және смартфондарды пайдалануға тәуелділігін ескере отырып, өңірлерде қолма-қол ақша өзекті болып қала береді.

Сонымен қатар, халықтың 72 пайызға жуығы қолма-қол ақша алу үшін банк картасын пайдаланады. Осылайша, зерттеу нәтижелері қолма-қол ақшаның халық пен шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында маңызды төлем құралдарының бірі ретінде өз орнын сақтайтынын көрсетті», — деп атап өтті Ұлттық банк.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями