Популярные темы

Полиция миллион доллар бопсалаған БҚО тұрғынын ұстады

Дата: 12 января 2024 в 13:28 Категория: Новости экономики


Полиция миллион доллар бопсалаған БҚО тұрғынын ұстады
Стоковые изображения от Depositphotos

Полиция миллион доллар бопсалаған БҚО тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері етті мал шаруашылығымен айналысатын ЖШС құрылтайшыларынан миллион АҚШ долларын бопсалаған өңір тұрғынын ұстады.

Күдікті Toyota Mark II автокөлігінің ішінде ақша алу сәтінде құрықталды.

Көлікті тінту кезінде сол жақтағы алдыңғы жолаушылар орындығының қалтасынан 4 млн теңге тәркіленді.

Сонымен қатар қаскүнемнің барсеткасынан 50 мың теңге табылды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр (Бопсалау). ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Сурет: Polisia.kz 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости экономики
Поделитесь новостью с друзьями