Магнолия,
13 ноября 2023
в 17:18
Азаматтық кодекске сәйкес шарт деп екі немесе бірнеше адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі танылады. Заң қызметтерін көрсетуге арналған шарт азаматтық — құқықтық жауапкершілік шарты болып табылады және тараптар — адвокат пен оған жүгінген тұлға (Клиент) арасында туындаған қатынастарды бекітеді. «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға сәйкес заң көмегін көрсетуге шарт жасасу міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады(47-бап).
Arna Press,
10 ноября 2023
в 16:48
Абай облысында ауыл тұрғыны үйінде есірткі сақтаған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Бесқарағай ауданының криминалдық полиция бөлімімен бірлесіп, Жыланды кентінің 32 жастағы тұрғынын ұстады.
Arna Press,
09 ноября 2023
в 12:08
Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарды қызылшаға қарсы қосымша иммундау шараларына қатысуға шақырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қазіргі уақытта Қазақстанда, сондай-ақ әлемнің көптеген елінде қызылша ауруына қатысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қалыптасып отыр.
Arna Press,
07 ноября 2023
в 15:58
Алматы орталығында екі жүргізуші арасындағы кикілжің төбелеске ұласып, соңы нокаутпен аяқтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Оқиға Назарбаев даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында болған. Жүргізушілердің бірі қарсыласын оңдырмай соғып, есінен тандырып тастайды.
Костанайские Новости,
07 ноября 2023
в 11:11
2023 жылғы наурызда күшіне енген банкроттық туралы заңға сәйкес азаматтар өздерін банкрот деп тануға өтінімдер берілген соң, қыркүйек айынан бастап банкрот деп таныла бастады. Алғашқы банкроттық туралы деректерге сүйенетін болсақ, өтініш берушілердің қарыз сомасы мен оны алу шарттары түрлі. Кейбір азаматтар 3-4 миллион теңгені бірнеше кредиторлардан, тағы біреулері қарызды бір ғана ұйымнан және шағын сомаға алғандығын байқауға болады. Өкінішке орай, көптеген қазақстандықтар банкроттық рәсімін амнистия және қарыздан құтылудың оңай тәсілі деп ойлап, оның салдарлары туралы мүлдем ойланбайды деген тұжырым жасауға болады.
Arna Press,
04 ноября 2023
в 22:48
Қазақстандықтар үшін Байқоңыр қаласына кіру тәртібі жеңілдетіледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Басылым мәліметінше, қалаға кіреберісте бақылау-тексеру пункті тұр. Бұл бақылау бекетін айналып, ешкім қалаға кіріп немесе шыға алмайды. Әскерилер әрқайсының құжаттары мен рұқсаттамаларын мұқият тексереді.Байқоңырға кіру үшін кем дегенде 10 күн бұрын қалаға келу себебін көрсете отырып, өтінім беру қажет: қызметтік немесе жеке істер бойынша.
Крыша,
27 октября 2023
в 11:27
Үйдің шатырын кім жөндейді? Қаражатты қайдан алады және төменгі қабаттағы тұрғындар ақша жинаудан бас тартса қайтпек керек?Жөндеу жұмысын жүргізу үшін мүлік иелерінің бәрі ақша шығарады. Ол пәтер ме, коммерциялық орынжай ма, бәрібір. Қай қабатта орналасқаны да маңызды емес.«Тұрғын үй қатынастары туралы» заң бойынша кіреберіс, баспалдақ, шатыр, жертөле, инженерлік желілер, бір сөзбен айтқанда, есік сыртындағының бәрі — ортақ мүлік.