Популярные темы

Шатырды кім жөндейді

Дата: 27 октября 2023 в 11:27


Шатырды кім жөндейді
Стоковые изображения от Depositphotos

Үйдің шатырын кім жөндейді? Қаражатты қайдан алады және төменгі қабаттағы тұрғындар ақша жинаудан бас тартса қайтпек керек?

Жөндеу жұмысын жүргізу үшін мүлік иелерінің бәрі ақша шығарады. Ол пәтер ме, коммерциялық орынжай ма, бәрібір. Қай қабатта орналасқаны да маңызды емес.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» заң бойынша кіреберіс, баспалдақ, шатыр, жертөле, инженерлік желілер, бір сөзбен айтқанда, есік сыртындағының бәрі — ортақ мүлік. Демек оларға күтім жасау, жөндеу жүргізу үшін ақша беру бүкіл тұрғынның тікелей міндеті.

Тек бірінші және екінші қабатта тұратындар жеделсатыны пайдалану мен электр тұтынғаны үшін төлемейді. Алайда оны ауыстыру қажет болса, ел қатарлы шығындалады.

Жөндеу жұмыстарының ақысы тұрғындар жинаған қаражаттан беріледі.

Ай сайын ортақ мүлікті күту және пайдалану үшін сұралатын сома түбіртекке жазылып, басқа төлемдермен бірге жасалады. Бұл ақшалар қолданыстағы және жинақ шотына түседі.

Бірінші шоттағы ақша ұсақ-түйек жөндеу жұмыстарына, жуып-тазалауға, шам ауыстыруға кетсе, екінші шоттағы қаражат күрделі жөндеу жұмысы, үйдің қасбетін жылылау сияқты шығын мөлшері көп болатын жағдайда кәдеге жарайды.

Жұмыс көлемі мен ақысына байланысты шатырды жөндеуге кететін ақшаны қай шоттан алу керегін басқарушы шешеді.

Алдымен үйді басқарушының не ПИК (КСК) төрағасының атына өтініш жазасыз.
Су ағып жатқан жерді фото не видеоға түсіріп алса да артық етпейді.

Егер тездетіп кішігірім жөндеу жүргізу керек болса, қолданыстағы шоттан ақша бөлу үшін басқарушының шешімі жеткілікті.

Ал қалтаға едәуір салмақ түсіретін күрделі жөндеу жүргізбей, мәселе шешілмейтін болса, тұрғындар жиналыс өткізеді.
Шешім оң болу үшін мүлік иелерінің кем дегенде 51 %-ы оны қолдап дауыс беруі керек.

Қордағы ақша жетпесе, жұмыс ақысы ортақ қазынадан төленеді.

Бірақ қорда қаражат болмауы мүмкін.
Мұндай жағдайда тағы ақша қосу керек. Бұл да тұрғындардың басым бөлігі келісім бергенде ғана жүзеге асады.

Жиналыста басқарушы жұмыс көлемі мен сметаны көрсетіп, кім қанша беретінін айтуға міндетті.

Айтпақшы, бір адам сол үйдегі бірнеше пәтерге иелік ететін болса, әрқайсысы үшін жеке-жеке төлейді, бірақ дауысқа салғанда бір ғана дауыс бере алады.

Жөндеу жұмысына ақша табудың тағы бір тәсілі бар, ол — мемлекеттен қарыз алу.

Қазақстанда тұрғын үй шаруашылығын жаңғырту бадарламасы бар. Күрделі жөндеу жұмысына кететін ақшаны 15 жылға бөліп төлеу арқылы алуға болады.

Мұндайда тұрғындар мердігерді өздері таңдап, жұмыс қарқынан қадағалай алады.

По сообщению сайта Крыша

Поделитесь новостью с друзьями