Arna Press,
06 августа 2026
в 11:18
Қазақстанда мектеп пәндерінің мазмұны жасанды интеллект бағыты бойынша жаңартылуда, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.Енді: 1–4-сыныптарда – «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект» пәні арқылы оқушылар ЖИ-мен танысып, цифрлық қауіпсіздік пен жеке деректерді қорғау негіздерін меңгереді.5–11-сыныптарда – «Информатика және жасанды интеллект» пәні аясында оқушылар жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану, дұрыс сұраныс (prompt) құрастыру, нәтижелерді сыни бағалау, киберқауіпсіздік пен академиялық адалдық қағидаттарын үйренеді.10–11-сыныптарда машиналық оқыту, нейрондық желілер, деректерді талдау және қолданбалы криптография негіздері оқытылады.Бұл өзгерістердің басты мақсаты – оқушыларды жасанды интеллектіні тек қолданушы емес, оны саналы, тиімді және жауапты пайдаланатын тұлға ретінде қалыптастыру.Жаңартылған оқу бағдарламалары апробациядан сәтті өтіп, бекіту кезеңінде.
Arna Press,
06 августа 2026
в 11:18
Абай облысының Мақаншы ауданындағы Алакөл жағалауында алғаш рет ұйымдастырылған «Алакөл алаулары» мәдени фестивалі қорытынды гала-концертпен аяқталды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімінің баспасөзіне сілтеме жасап. Екі айға жуық уақытқа созылған жоба өңірдің мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналып, мыңдаған көрерменнің басын қосты.Фестиваль аясында 20 маусымнан бері 15 ауқымды концерт ұйымдастырылып, еліміздің танымал өнер жұлдыздары сахнаға шықты. Әр концертке орта есеппен 5 мыңға жуық көрермен жиналып, жалпы фестивальді шамамен 75 мың адам тамашалады.Биыл Президент тапсырмасы аясында Алакөл жағалауында инфрақұрылымды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды.
Arna Press,
05 августа 2026
в 18:18
Қазақстанда бейнебақылау жүйелеріне қойылатын талаптарды айқындайтын алғашқы ұлттық стандарт қабылданды, деп хабарлайды Arnapress.kz Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетіне сілтеме жасап. Комитет төрағасының 2026 жылғы 17 шілдедегі бұйрығымен бекітілген СТ РК 4031-2026 «Бейнебақылау жүйелері.
Arna Press,
05 августа 2026
в 17:08
Әлеуметтік желілерде «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында табиғатқа жіберілген жолбарыс түсірілді деген ақпаратпен фотосурет таралуда. Алайда бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап. Мамандардың мәліметінше, жарияланған суретте жасанды интеллект (AI) технологиялары арқылы жасалған болуы мүмкін белгілер бар.Белгілі болғандай, табиғатқа жіберілген жолбарыс аналығы спутниктік GPS-ошақпен жабдықталған. «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері жануардың орналасқан жері мен жағдайын тәулік бойы үздіксіз бақылауда ұстап отыр.
Arna Press,
05 августа 2026
в 15:58
Семей қаласындағы Северный базары арқылы Энергетик шағын ауданы мен Қарағайлы тұрғын ауданын жалғайтын уақытша жол салынуда, деп хабарлайды Arnapress.kzҚарағайлы тұрғынжарына көктемгі қар суынан кейін жолдың сапасы одан әрі нашарлап, көлік қозғалысына айтарлықтай қолайсыздық туғызған еді. Қазіргі таңда жолдың Северный базарынан Реабилитациялық орталыққа дейінгі бөлігіне уақытша шешім ретінде ұзындығы 600 метр болатын ескі асфальт (фрезерленген материал) төселіп, тегістеу жұмыстары жүргізілуде.
Arna Press,
05 августа 2026
в 14:38
Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы мониторинг барысында діни қызмет саласындағы заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz діни басқармаға сілтеме жасап.Осыған байланысты 2026 жылғы 24 шілдеде азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.Әкімшілік іс жүргізу барысында азамат өз кінәсін толық мойындады.
Arna Press,
04 августа 2026
в 13:48
Қазақстанда ломбардтардан автокөлік пен өзге де жылжымалы мүлік кепілімен алынған микрокредиттер бойынша мерзімі өткен төлемдер туралы ақпаратты несие тарихынан алып тастау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.Тиісті құжатты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) әзірледі.Жобаға сәйкес, өзгерістер күшіне енгеннен кейін несие есебінде мұндай микрокредиттер бойынша төлемнің қанша күнге кешіктірілгені, мерзімі өткен берешек сомасы, есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдар, сондай-ақ соңғы төлем жасалған күн көрсетілмейді.Сонымен қатар, несие бюролары қарыз толық өтеліп, шарт тоқтатылғанға дейін мұндай микрокредиттің мәртебесін «Қолданыстағы» ретінде көрсетуге міндетті болады.Бұдан бөлек, несие есептерінде азаматтың несие алудан ерікті түрде бас тарту белгісін қойғаны немесе оны алып тастағаны туралы ақпарат та көрсетіледі.ҚНРДА қаулысының жобасы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк қарыз алушыларды бағалаудың жаңа тетігін – қарыздың табысқа арақатынасы (ҚТА) коэффициентін енгізу мүмкіндігін қарастырып жатқаны хабарланған болатын.
Arna Press,
04 августа 2026
в 13:48
Бақты – Аягөз жаңа теміржол желісінің құрылысында жер төсемін төгу бойынша тәуліктік өндірістік рекорд орнатылды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚТЖ сілтеме жасап.22 шілдеде бір тәулікте 259 мың текше метр жер төсемі төгіліп, бұл жоба басталғалы бергі ең жоғары көрсеткіш болды.«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметінше, шілде айындағы орташа тәуліктік жоспар 206,1 мың текше метр болса, нақты орташа көрсеткіш 217,3 мың текше метрді құрады.
Arna Press,
04 августа 2026
в 12:38
Ішкі істер министрлігі шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстанға келуі, елде болуы және шығу тәртібіне өзгерістер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Arnapress.kz «Ашық НҚА» порталына сілтеме жасап. Құжатқа сәйкес, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасына кіруге электронды рұқсат беру жүйесін енгізу көзделген.
Arna Press,
04 августа 2026
в 12:38
«СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы азаматтарға тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы ақпаратты жедел алуға мүмкіндік беретін жаңа чат-ботты іске қосты, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Жаңа сервис арқылы пайдаланушылар дәрілік препаратты алу мәртебесін тексеріп, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тәртібі туралы мәлімет алып, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба алады.
Arna Press,
04 августа 2026
в 12:38
Ішкі істер министрлігі интернет пен әлеуметтік желілерде заңсыз контент таратқан стримерлерге қатысты бақылауды күшейтіп, республика бойынша 20-дан астам азаматтың жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz ІІМ сілтеме жасап.Ведомствоның мәліметінше, көп қаралым, лайк және донат жинауды мақсат еткен кейбір стримерлер тікелей эфир барысында балағат сөздер айтып, әдепсіз әрекеттер көрсеткен, қауіпті пранктер ұйымдастырып, өзге азаматтарды қорлаған.
Arna Press,
03 августа 2026
в 17:18
Редакциямызға Қарағайлы шағынауданының тұрғынынан қоғамдық көлік қозғалысына қатысты шағым келіп түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz«Таңғы сағат 06:25 шамасында №4, №34, №36 және №41 бағытындағы автобустар мүлдем келмейді. Ал келген күннің өзінде олардың қозғалысы баяу болғандықтан, жолаушылар жұмысқа кешігу қаупіне тап боламыз.
Arna Press,
03 августа 2026
в 15:18
Қазақстан мен Қытай арасында жаңа өңірлік әуе бағыттарын ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Қытайдың Urumqi Airlines әуе компаниясы басшылығының кездесуінде талқыланды.Қытай тарапы Үрімші – Қарағанды, Құлжа (Инин) – Астана және Құлжа (Инин) – Алматы бағыттары бойынша тұрақты рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр.
Arna Press,
03 августа 2026
в 15:18
2026 жылғы 4 тамызда Семей қаласында Докучаев–Қашаубаев көшесіндегі жаңа су құбыры желісіне қайта қосу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz Семейвооканалға сілтеме жасап. Осыған байланысты таңғы сағат 09:00-ден бастап жұмыстар аяқталғанға дейін бірқатар мекенжайларда су беру уақытша тоқтатылады.Атап айтқанда, Физкультурная көшесі, 9, Карменов көшесі, 3, Глинки көшесі, 18 және 18а, Докучаев көшесіндегі 7, 27, 45, 34Б, 35Б үйлері, Түрксіб көшесі, 30, сондай-ақ №10 және №22 жалпы орта білім беретін мектептер мен спорт мектебі ауызсудан уақытша ажыратылады.«Семей Водоканал» мекемесі тұрғындардан алдын ала қажетті су қорын жинап қоюды сұрайды және уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеді.Фото: ЖИ
Arna Press,
03 августа 2026
в 13:38
Жарма ауданына қарасты Үкілі ауылы ресми түрде «Алкогольсіз ауыл» мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.Бұл — ауыл тұрғындарының қоғамдық тәртіпті нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және қауіпсіз орта құруға бағытталған ортақ бастамасының нәтижесі.51 тұрғыны бар, 17 шаңырақтан тұратын ауыл халқы алкоголь өнімдерінен саналы түрде бас тартып, татулық пен бірліктің үлгісін көрсетіп отыр.
Arna Press,
03 августа 2026
в 13:38
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде заңсыз қаржы алу схемаларын анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚМА баспасөзіне сілтеме жасап.Тергеу барысында шамамен 140 мың азаматтың медициналық ұйымдарға жалған тіркелгені және көрсетілмеген медициналық қызметтер туралы жалған мәліметтердің енгізілгені белгілі болды.Қазіргі таңда аталған фактілер бойынша 36 қылмыстық іс тергелуде.
EKaraganda.kz,
03 августа 2026
в 13:35
Наталья Блаженская посвятила железной дороге четверть века. Начинала проводником, а сегодня обучает молодёжь и контролирует сервис в вагонах. Инструктаж, экзамены, проверки, контроль соблюдения правил – именно она помогает сделать так, чтобы каждая поездная бригада была образцово подготовлена к рейсам.
Arna Press,
03 августа 2026
в 12:08
Үржар ауданының Тарбағатай тауының баурайында орналасқан «Тарбағатай» оқыту-сауықтыру орталығы жазғы сауықтыру маусымын жалғастыруда, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.Табиғаты көркем, таза ауамен көмкерілген лагерьде балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысын ұйымдастыру үшін барлық қажетті жағдай жасалған.Орталықта демалушыларға спорттық жарыстар, танымдық және шығармашылық іс-шаралар, мәдени-рухани бағдарламалар ұсынылып, олардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуге ерекше назар аударылуда.Биыл лагерьде 8 ауысым өткізу жоспарланған. Әр ауысымда 80 бала демалады.
Arna Press,
03 августа 2026
в 10:38
1-2 тамыз күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында өткен Creative Aimaq республикалық жобасы аясындағы «Тұңғыштар мекені – киелі Абай елі» атты жәрмеңке Абай облысының шығармашылық әлеуетін кеңінен таныстырды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.Жәрмеңкеде өңір шеберлері мен дизайнерлерінің 842 авторлық туындысы ұсынылды.
Arna Press,
31 июля 2026
в 20:18
Абай облысының полицейлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Ақсуат ауданында той кортежіне қатысқан жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанын анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. Оқиға Ақсуат ауданының Қабанбай көшесінде болған.
Arna Press,
31 июля 2026
в 20:18
Алдағы 2026-2027 оқу жылының басталу, аяқталу мерзімдері мен оқушылардың демалыс кезеңдері ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.Бірінші тоқсан 8 оқу аптасына созылады.
Arna Press,
31 июля 2026
в 20:18
2026 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Жалпыға міндетті білім беру қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға мектеп формасын, аяқ киім мен оқу құралдарын сатып алуға қаржылай көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасаОқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жаңа 2026–2027 оқу жылы қарсаңында 450 мыңға жуық балаға қолдау көрсету жоспарланып отыр.
Arna Press,
31 июля 2026
в 20:18
«Теплокоммунэнерго» МКК 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, мердігер ұйымдар «ВостокМонтажИнжиниринг» ЖШС және «Alyans XXI» ЖШС тарапынан 2026 жылғы 31 шілде мен 7 тамыз аралығында бірқатар мекенжайларда ыстық су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап.Уақытша ыстық су берілмейтін мекенжайлар:Аталған жұмыстар алдағы жылыту маусымының сенімді әрі тұрақты өтуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде.Фото: ЖИ
Arna Press,
30 июля 2026
в 16:28
Астанада Креативті индустрияларды дамыту қорының бастамасымен «Ұлттық қолөнер мектебі» білім беру жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. Жоба балалар мен жастар арасында қазақтың дәстүрлі қолөнерін дәріптеп, ұлттық мәдени мұраны сақтауға бағытталған.Бағдарлама аясында еліміздің әр өңірінен іріктелген 208 оқушы танымал қолөнер шеберлерінен тегін білім алады.
Arna Press,
30 июля 2026
в 11:48
Абай облысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир барысында қоғамдық тәртіпті бұзған бойжеткен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz сілтеме жасап. Полицияның мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында құқыққа қайшы контент анықталған.
Arna Press,
29 июля 2026
в 16:58
Семей қаласында көлік қозғалысы кезінде люктен денесін шығарып, өзін ұялы телефонға видеоға түсірген жасөспірімнің заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы ПД сілтеме жасапАбай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған.
Arna Press,
29 июля 2026
в 13:58
Абай облысы полиция қызметкерлері Алматы — Өскемен автожолының 769-шақырымында жолаушылар тасымалымен айналысып жүрген Yutong маркалы автобусты тексерді, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. Тексеру кезінде көлік құралының техникалық талаптарға сай келмейтіні анықталды.
Arna Press,
29 июля 2026
в 12:48
2026 жылғы 16 шілдеде «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Бородулиха ауданындағы Камышенка орманшылығында тіркелген орман өрті 28 шілдеде толық сөндірілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап. Өртті сөндіруге Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Arna Press,
28 июля 2026
в 16:08
Қазақстан Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде заңға қайшы контент жариялаған тоғыз автордың әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz ІІМ сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, олар TikTok платформасында тікелей эфир өткізу кезінде балағат сөздер айтып, әдепсіз әрекеттер көрсеткен, қауіпті пранктер ұйымдастырып, адамдарды қорлаған.
Arna Press,
28 июля 2026
в 16:08
Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы әкімдік отырысын өткізіп, шаһардағы тазалық пен абаттандыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, әкім инспекторлары және мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.Отырыс барысында қала басшысы саябақтар, гүлзарлар, көшелер мен қоғамдық орындардың күтімінде бірқатар кемшіліктер бар екенін атап өтті.