Arna Press,
08 декабря 2023
в 18:58
2023 жылғы 8 желтоқсанда Андрей Лаврентьев «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорындарының жаңа инвесторы атанғаны белгілі болды. Ол Қарағандыға аттанды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Хабарламада Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың еңбек ұжымына QARMET-тің жаңа инвесторын таныстырғаны жазылған.Сондай-ақ Талғат Темірханов QARMET-тегі Qazaqstan Steel Group акционерінің ресми өкілі болып тағайындалғаны айтылған.Еске салсақ, қазақстандық Qazaqstan Steel Group (QSG) компаниясы бұрынғы ArcelorMittal Temirtau кәсіпорындарының инвесторы болды.2023 жылғы 8 желтоқсан күні Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal арасындағы ArcelorMittal Temirtau және ArcelorMittal Tubular Products Aktau-ды беру жөніндегі келіссөздер аяқталғаны белгілі болды.Сурет: Telegram/qarmet_news
Arna Press,
08 декабря 2023
в 11:08
Әлеуметтік желіде ер адамның көшеде келе жатқан қызға шабуыл жасағаны жайында видео таралды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Баспасөз қызметінде түсіндергендей, Семей қаласында учаскелік полиция инспекторы Рымғали Жибраев көшеден қыздың айқайына дер кезінде әрекет етті.
Arna Press,
07 декабря 2023
в 20:28
Абай облысының полицейлері республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел алдын-алу шарасының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Он күн бойы тәртіп сақшылары қызметін күшейтілген режимде атқарды. Жедел алдын-алу іс шарасына «Ұлттық ұлан», «Amanat» партиясы филиалдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен жастар да белсене қатысты.
Arna Press,
07 декабря 2023
в 16:08
Алматы полициясы алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Жәбірленушілер атынан Whatsapp мессенджеріндегі аккаунтты пайдаланып, олар қол жетімді барлық контактілерге әртүрлі сылтаулармен ақша жіберуді сұрайтын мәтінді жіберіп, үшінші адамдардың жалған шоттарын көрсетеді.– Күдіктілер зиянды сілтеме арқылы Whatsapp аккаунтына қол жеткізе алатыны белгілі болды.
Arna Press,
07 декабря 2023
в 15:18
Соңғы үш тәулікте Өскеменде 92 адам қызылша жұқтырған. Оның 90 пайызы вирусқа қарсы екпе алмағандар, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Елде 20 мыңнан астам адам қызылша жұқтырды, деп жазады qazaqstan.tv.Жалпы елімізде жыл басынан бері 20 мыңнан астам адам қызылша жұқтырған. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының өкілдері осындай мәлімет таратты.Медицина мамандарының айтуынша, эпид ахуал өте күрделі.«Санитарлық дәрігерлер күн сайын елде вирус жұқтырудың 350 жағдайын тіркейді.
Arna Press,
07 декабря 2023
в 12:48
Абай облысы Бородулиха ауданы Жезкент кентінің мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Нұрали Амангелдіев оқушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой қалыптастыратын «Сатылмайтын Алпамыс» компьютерлік ойнын әзірледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық білім басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оқушының айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойын Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың нақты жағдайлары негізінде көркем роман форматында әзірленген, бұл ойыншыға сыбайлас жемқорлықтың салдарын тереңірек түсінуге көмектеседі. Әр эпизодтың соңында ойыншыға Қылмыстық кодекске түсініктеме беріледі.
Arna Press,
07 декабря 2023
в 11:08
Қазақстан Иранға мұздатылған етті экспорттауға келісті. Бұған дейін өндірушілер Иранға сақтау мерзімі 3 күнге дейінгі салқындатылған сиыр етін ғана жеткізе алатын, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Бұл құжат отандық мал өсірушілердің мұздатылған етін жеткізудің жаңа экспорттық бағыттарын ашады.Осы уақытқа дейін қазақстандық өндірушілер Иранға сақтау мерзімі 3 тәулікке дейінгі салқындатылған сиыр етін ғана жеткізе алатын».Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіУағдаластық туралы құжатта мынадай талаптар қарастырылған:Иран тарапы Қазақстаннан мұздатылған сүйексіз сиыр етінің импортына қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптарды ұсынады.
Arna Press,
06 декабря 2023
в 19:28
Мақала жарық көргеннен кейін, тұрғындардың бір мәселесі шешілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіОсыдан біраз уақыт бұрын сайтымызда «Семейліктер ауданындағы кемшіліктерді тізіп берді» деген атаумен мақала жарияланған. Онда тұрғындардың айтуы бойынша Бозтаев көшесіндегі бағдаршам істен шыққан, көшелерінде жарықтандыру жоқ, теміржолдан жасалған өткел өте ыңғайсыз болған.Бүгін «Сіздің жаңалығыңыз» айдарына қайта хат келіп, өткел жөнделгені айтылды.«Салеметсіздер ме, мен «Треугольник» ауданының тұрғынымын.
Arna Press,
06 декабря 2023
в 18:38
2023 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Ұлттық банкі «Банкноталардағы портреттер» сериясынан Әл-Фараби, Құрманғазы және Сүйінбай коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Жаңа монеталар 1993 жылғы үлгідегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы банкноталарының бірінші сериясының портреттік бейнелеріне арналған.
Arna Press,
06 декабря 2023
в 16:12
Абай облысы әкімінің төрағалығымен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мәселелерін шешуге бағытталған облыстық қоғамдық жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Отырыс барысында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, Аягөз ауданы бойынша көпбалалы отбасылармен жұмыс жасайтын комиссияның атқарған жұмысы, Семей қаласының Комсомол кентінің инфрақұрылымын дамыту (жолаушылар тасымалы, жарықтандыру, аялдама, жол жөндеу және т.б.), сондай-ақ жеке сот орындаушыларының алиментті өндіру жұмысы талқыланды.
Arna Press,
06 декабря 2023
в 15:18
Солтүстік Қазақстанда -42°-қа дейін аяз болады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, солтүстік-батыс суық антициклонның ықпалынан республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді.Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның шығысы мен оңтүстік облыстарында ғана жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.Түнде ауа температурасы:Республика бойынша тұман түсіп, елдің оңтүстік жартысында жел күшейеді.Сурет: pixabay
Arna Press,
05 декабря 2023
в 15:58
Қазақстандықтар 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа арнайы жәрдемақы алады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Атап айтқанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі жаңа тармақпен толықтырылды: Арнаулы кәсіби мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау.Түсіндірілгендей, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге өнеркәсіп пен салаларды дамытуға қосқан қомақты үлесін ескере отырып, зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу жоспарлануда. Қызметкердің денсаулығына келтірілген зиянның дәрежесі ескеріледі.Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы аясында тәсілдер әзірленді.Заң жобасында төрт төлем көзінен тұратын МКҚК қарастырылған, оның бірі республикалық бюджеттен төленетін арнайы кәсіби мемлекеттік жәрдемақы болып табылады.Қазіргі уақытта заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында қаралуда.Құжат жобасы 20 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» веб-сайтында орналастырылған.Қазақстандық кеншілер жаңа әлеуметтік жеңілдіктерге ие болатыны бұған дейін хабарланған болатын.
Arna Press,
05 декабря 2023
в 13:18
Семейде автобустағы тазалыққа талап күшейтілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Семейдегі қоғамдық көлік жүйесіне 4 автобус паркі қызмет көрсетеді. Семейліктер автобустардың санитарлық жағдайына жиі шағымданады. Қазіргі уақытта біз тасымалдаушылардың санитарлық нормалар мен ережелерді сақтауын бақылауды күшейттік.
Arna Press,
05 декабря 2023
в 12:18
Оңтүстік астанада 22 жастағы жігіт танысынан жарты миллион теңге бопсалаған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ақшаны алу үшін азамат қарумен қорқытып, сендіру үшін одан оқ атқан,«Жақында бізге 23 жастағы жергілікті тұрғын арызбен келіп, өзін қамқор жігіт ретінде көрсеткен жаңа танысы қыздың үйіне келіп, травматикалық тапаншамен қорқытып, 500 мың теңге талап етіп, бопсалаған. Әйтпесе оны және сіңлісін оңдырмайтынына уәде берген. Қыз ондай ақшаның жоқтығын айтқан.
Arna Press,
05 декабря 2023
в 12:18
Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 ұшағының апатқа ұшырауына қатысты соталды тергеу әлі аяқталған жоқ, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Бүгінде ұшақ апатына қатысты тергеуді Ішкі істер министрлігінің Көліктегі департаменті жүргізіп жатыр.«Қазіргі уақытта Африкадағы: Сомали, Джибути, Эфиопия және Конго елдеріндегі шет мемлекеттерге құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық тапсырмаларға жауап күтіліп отыр.
Arna Press,
05 декабря 2023
в 10:28
Елордада ауа райының нашарлауына байланысты 5 желтоқсанда жолдар жабылып, бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтықтан оқыту форматына көшеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Көктайғаққа байланысты келесі бағыттар уақытша жабылды:Сондай-ақ, көлік ағындары мен қоғамдық көліктердің жылдамдығы төмендейді.
Arna Press,
04 декабря 2023
в 15:18
Синоптиктер 5-7 желтоқсан аралығында республика бойынша ауа райы қандай болатынын айтты. Қазақстандық синоптиктер алдағы үш күнде, яғни 5-7 желтоқсан аралығында республика бойынша ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша 7 желтоқсанда республика бойынша ауа температурасының күрт төмендеуі күтілуде:Синоптиктер тағы:«Қазақстанда тұман түсіп, жел күшейеді», — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК мамандары.Бұған дейін «Қазгидромет» РМК мамандары желтоқсан айына ауа райы болжамын жасаған болатын.
Arna Press,
04 декабря 2023
в 12:38
Театр өнерінде орны толмас қайғы... Абай облысының Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрының артисі, Қазақстанның халық артисі, «Парасат» орденінің иегері, ҚР Мемлекеттік степендияның иегері, Шығыс Қазақстан облысының, Семей қаласының және Абай ауданының құрметті азаматы Бекен Имаханұлы өмірден өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
Arna Press,
04 декабря 2023
в 11:28
Алматы соты құнына жанар-жағармайдың үстеме ақысы кірген билет бағасын көтергені үшін Air Astana әуе компаниясына 876 миллион теңге айыппұл салу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Тексеру қорытындысы бойынша Эйр Астана әуекомпаниясы Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен жанармай алымын негізсіз қолдануда көрсетілген үстем/монополиялық ережені теріс пайдаланғаны үшін 876 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», -деп жазылған ресми хабарламада. Ұшақ билеттерін ұшу күні немесе таяу күндерде сатып алған кезде Эйр Астана жолаушылардың барлық санаттарынан 3500-ден 6500 теңгеге дейінгі мөлшерде жанармай алымын негізсіз алып, оны қолданудың мақсаты мен қағидатын іс жүзінде өз қалауынша реттегені анықталды.Анықтама: отын алымы тасымалдауға арналған тарифтің қолданылу кезеңінде авиаотынға жұмсалатын шығындардың өсуін өтеу мақсатында ғана алынуы мүмкін, оны есептеу кезінде бұл өсімді ескеру мүмкін болмады.Эйр Астана авиакомпаниясы мен Агенттік арасында ішкі бағыттар бойынша монополиялық/үстем бағыттардағы бағаны тежеуге бағытталған, атап айтқанда төмендегі міндеттерді көздейтін монополияға қарсы комплаенс жасалды:Сондай-ақ, Агенттік келесі жүйелі шараларға бастамашылық жасайды:Сурет: ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі
Arna Press,
01 декабря 2023
в 18:18
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ұдайы негізде жеңгетайлық фактілерін анықтау және интимдік қызмет көрсету үшін притондарды ұстау бойынша пысықтаулар жүргізеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Жыл басынан бері Абай облысының жедел қызметкерлері осындай қызмет көрсеткен 6 саунаны жауып, 5 әйелді 2 жылға шартты түрде соттады.
Arna Press,
01 декабря 2023
в 16:38
Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шардара және Сарыағаш аудандарының білім бөлімдерінің бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті тұлғалар 2020-2023 жылдар аралығында білім беру саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың шоттарына ақша қаражатын аудару, сондай-ақ мектеп қызметкерлеріне жоғары жалақы есептеу арқылы шамамен 2,6 млрд теңге сома жымқырған».ҚР ҚМА баспасөз қызметіҚазіргі уақытта Түркістан облысының білім беру саласынан 17 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда, олардың 4-і қамауға алынды.Залалды өтеу мақсатында 39 жылжымайтын мүлік, 44 автомашина, зергерлік бұйымдар және қылмыстық істер бойынша айыпталушылардың ақшалай қаражаттары бұғатталды».ҚР ҚМА баспасөз қызметіСонымен қатар тергеу барысында Түркістан облысының Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы әшкереленді, ол Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде аудит барысында анықталған жымқыру фактілерін пайдакүнемдік ниетпен жасырған.Сондай-ақ Жетісу облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында 2,5 жыл ішінде 4,4 млрд теңге жымқырған қалалық білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қылмыстық топқа басшы мен оның қарамағындағылар, сондай-ақ орта мектеп бухгалтері кірді.
Arna Press,
01 декабря 2023
в 14:38
Қазгидромедтің ақпараты бойынша келесі аптада ауа-райы күрт суиды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Алдағы күндері белсенді Атлантикалық циклон жырасымен және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, 03 желтоқсанда солтүстік-батыста және солтүстікте, 03-04 желтоқсанда шығыста, 04 желтоқсанда еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі.Жауын-шашынмен қатар республиканың солтүстік жартысында көктайғақ құбылыстары мен бұрқасын болады деп күтілуде.
Arna Press,
01 декабря 2023
в 13:18
Семейге кіретін аумақта көп ұзамай жаңа белгі болады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Байқаудың негізгі мақсаты — қалаға кірген кезден бастап, Семей қаласының жаңа сәулеттік-көркемдік және эстетикалық мүмкіндіктерін көрсететін үздік тұжырымдамалық жобаны анықтау.
Arna Press,
01 декабря 2023
в 11:58
Қостанай облысының Полиция департаменті күйеуінің қолынан қаза тапқанға дейін полицияға 49 рет хабарласқан әйелдің ісіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Өткен жылы полицейлер Қостанайда зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар пәтерден екі әйелдің денесі табылғанын хабарлады.«Қазір сот үкімі бойынша сотталушы 20 жылға бас бостандығынан айырылды, үкім заңды күшіне енген жоқ.
Arna Press,
01 декабря 2023
в 10:38
Түсіндірме құжатта бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін әлеуметтік қамсыздандырылуын арттыру жөніндегі тәсілдерді іске асыру екені жазылған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауында салалардың дамуына елеулі үлес қосуды және қызметкердің денсаулығына зиян келтіру дәрежесін ескеретін зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін арнаулы әлеуметтік төлемдерді енгізу қажеттігін атап өтті.Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы шеңберінде көзделген заңнамалық түзетулер әзірленді.
Arna Press,
30 ноября 2023
в 18:38
Мәжіліс депутаттары «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылап жатыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Жалпы отырыста депутат Асхат Аймағамбетов заң жобасын таныстырды.«Ұстаздармен болған кездеулерде тағы бір мәселе талқыланды.
Магнолия,
30 ноября 2023
в 17:38
Жекеше айыптаушы — жекеше айыптау ісі бойынша сотқа шағым берген және сотта айыптауды қолдаған адам, сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда сотта айыптауды дербес қолдаушы жариялы және жеке-жариялы айыптау ісі бойынша жәбірленуші. Жекеше айыптаушы оған тиесілі құқықтарды пайдаланады және өзіне жүктелген міндеттерді жеке немесе, егер ол құқықтар мен міндеттердің сипатына сәйкес келсе, өкіл арқылы атқарады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің (бұдан әрі — ҚПК) 32-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстерге жататын жекеше айыптау iстерi бойынша iс жүргiзу, 47 тарауда белгiленген алып қоюларды қоспағанда, осы Кодекстiң жалпы қағидаларымен айқындалады.
Arna Press,
30 ноября 2023
в 16:28
Негізгі заң жобасы мемлекет мүддесін, қоғамның сұранысын және медиа саласының даму үрдістерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Құжатта журналистердің мәртебесін көтеру, құқықтарын нығайту, сондай-ақ олардың міндеттерін кеңейту бойынша жағдай жасау қарастырылған.
Arna Press,
30 ноября 2023
в 14:48
Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal арасындағы мәміленің соңғы кезеңіне жақындады. Бұл туралы Индустрия және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Осы оқиғаның маңыздылығын ескере отырып, мәмілеге қол қою жөніндегі жұмыс толығымен аяқталғаннан кейін брифинг ұйымдастырамыз.
Arna Press,
30 ноября 2023
в 13:08
Түркістан облысының полицейлері 9 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Түркістан облысының полицейлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 9 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 31 жастағы ер адамды ұстады.