Популярные темы

Қазақстанның төрт қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады

Дата: 14 июня 2024 в 10:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанның төрт қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазгидромет 14 маусымда Қазақстанның төрт қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болатынын ескертті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«2024 жылғы 14 маусымда Ақтөбе, Қостанай, Петропавл, түнде Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді», — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Сурет: depositphotos.com

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями