Arna Press,
08 февраля 2026
в 16:48
Семейдегі Шаңырақ продакшнның фавориттерінің бірі – REG18N тобы жуырда өздерінің жаңа альбомын жарыққа шығарды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіне берген сұхбатында продюсерлік орталықтың директоры Мадияр Шуленов«Шаңырақ продюсерлік орталығы 2025 жылдың 25 тамызынан бастап тәуелсіз түрде өз жұмысын бастады.
Arna Press,
04 февраля 2026
в 13:48
Қабылданған заң аясында кәмелет жасына толмаған балаларға нақты күтім жасаған уақыт енді жұмыс істемейтін әкелер үшін жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтілі ретінде есепке алынатын болады деп хабарлайды Arnapress.kz мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл өзгерістер Конституциялық соттың нормативтік қаулысын іске асыру мақсатында Әлеуметтік кодекске енгізіледі.Сонымен қатар депутаттардың ұсынысына сәйкес, жұмыс берушінің бастамасымен жалғызбасты ата-аналарға (жынысына қарамастан) қатысты еңбек шартын бұзуға тыйым салу көзделген.
Arna Press,
02 февраля 2026
в 13:38
2026 жылы кәсіпкерлер үшін салық саласында бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді. Негізгі мақсат – арнайы салық режимдерін оңтайландыру жайлы ақпаратпен Arnapress.kz тілшісіне Еркін Сұнғат Еркінұлы Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы бөлісті. «Осыған байланысты биыл үш арнайы салық режимі қолданысқа енді: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған, оңайлатылған декларация негізіндегі және шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған режимдер. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған режимді жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, жалдамалы жұмыскерлері жоқ тұлғалар қолдана алады.
Arna Press,
30 января 2026
в 17:38
Жыл басынан бері Абай облысында интернет-алаяқтыққа қатысты 68 қылмыс фактісі тіркеліп, азаматтарға келтірілген қаржылық шығын көлемі 110 миллион теңгеден асты, деп хабарлайды Arnapress.kz Облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Интернет-алаяқтықпен күрес аясында тек қылмыстарды тергеп қана қоймай, алдын алу шараларына да ерекше көңіл бөлуде. Құқық қорғау органдарының мамандары күнделікті негізде тұрғындармен кездесіп, заманауи алаяқтық схемалары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Arna Press,
30 января 2026
в 15:18
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында кадрлық ауыс-түйіс болып, басқарма төрағасының екі орынбасары тағайындалды деп хабарлайды Arnapress.kz Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасапМедицина саласында ұзақ жыл еңбек еткен Бақытжан Абдуллаев ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалған.Ол еңбек жолын Астанадағы №1 қалалық ауруханада санитар және акушер қызметінен бастап, трансфузиолог, хирург-дәрігер, бөлім басшысы, сондай-ақ осы ауруханада бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарған.2023 жылдан жаңа қызметіне дейін Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болған.Сондай-ақ Индира Ерденова Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалған.Ол бірнеше жыл Қаржы министрлігінің жүйесінде жұмыс істеген.
Arna Press,
28 января 2026
в 17:08
Астанада Instagram әлеуметтік желісі арқылы азаматтарды алдаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Аrnapress.kz Астана қаласы прокуратурасына сілтеме жасапТергеу мәліметінше, 2021–2025 жылдар аралығында 30 жастағы ер адам өзін ипотекалық делдал ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кірген.
Arna Press,
27 января 2026
в 18:28
Семей қаласында 100 орындық жаңа медициналық-әлеуметтік мекеме пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына Абай облысының әкімі Берік Уәли мен облыс прокуроры Ерлан Абаев қатысты деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасапЖаңа ғимарат Мемлекеттік арнаулы қордың қаражаты есебінен «№1 Семей арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» аумағында салынған.
Arna Press,
27 января 2026
в 16:58
Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды деп хабарлайды Arnapress.kz Aқордаға сілтеме жасапФото: gov.kz
Arna Press,
27 января 2026
в 13:38
Бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-министр балалардың ақпараттық қауіпсіздігі мәселесіне ерекше назар аударды деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Үкіметіне сілтеме жасап.Үкімет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменовадан балаларды зиянды контенттен қорғау бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын сұрады.Министрдің айтуынша, қазіргі таңда қабылданған заңдар аясында балалардың жеке деректері тіркелетін цифрлық платформаларға қойылатын талаптар күшейтілген.
Arna Press,
23 января 2026
в 16:38
Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев Жаңасемей ауданының әкімі Нұржан Әбдікәрімовпен бірге Жарқын ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді деп хабарлайды Аrnapress.kz Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.Кездесуде негізгі назар ауылдың аумақтық шекарасына аударылды.
Arna Press,
23 января 2026
в 16:00
«Абай Жастары» бағдарламасы арқылы 30 үміткер пәтер алуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Arnapress.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Семей қаласында 2022 жылдан бері 35 жасқа дейінгі жастарға арналған «Абай Жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Аталған бастама өңір жастарын әлеуметтік қолдауға және тұрғын үйге қолжетімділікті арттыруға бағытталған.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Семей қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Маржан Мақсутхан мәлімдеді.Оның айтуынша, бағдарламаның басты артықшылықтарының бірі — жастарға арналған жеңілдетілген қаржылық шарттардың ұсынылуы.
Arna Press,
23 января 2026
в 15:59
Балалардың әлеуметтік желіге қолжетімділігін шектеу мәселесі қарастырылып жатқандығын Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның сөзінше, Мәдениет және ақпарат министрлігі 16 жасқа толмаған азаматтар үшін әлеуметтік желілерде тіркеуге тыйым салуды көздейтін онлайн-платформалар мен БАҚ қызметін реттейтін заң жобаларын әзірледі.«Халықтың медиасауатын арттыруға және тәуелсіз БАҚ-ты қолдауға ерекше назар аударылады.
Arna Press,
24 декабря 2025
в 17:08
Alina Group 2024 жылдың қорытындысы бойынша «Өндіріс – арнайы салық салу режимі» номинациясында «Үздік салық төлеуші» дипломы атты беделді мемлекеттік награданың лауреаты атанды.2025 жылғы 23 желтоқсанда салтанатты жағдайда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитеті атынан Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері Alina Group өкілдеріне «Үздік салық төлеуші» наградасын табыс етті.
Arna Press,
18 декабря 2025
в 21:08
Абай облысында біржолғы зейнетақы төлемін (БЗТ) пайдалану бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Абай облыстық филиалы 2021 жылдан бері өңір тұрғындары тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделу ақысын төлеу мақсатында зейнетақы жинақтарын пайдалануы жайлы филиал басшысына бірнеше сұрақтар жолдаған едік, — деп хабарлайды Arnapress корреспонденті.Сұрақтар мазмұны мынандай болған еді:1.
Arna Press,
13 декабря 2025
в 15:18
Семей қаласының қарқынды дамып жатқан Қарағайлы ықшам ауданындағы Қарағайлы 74 тұрғын үй кешенінде қоныстанған жаңа тұрғындар бірнеше айдан бері шешілмей келе жатқан бірқатар мәселеге шағымдануда. Бұл үйлерде 1000-ға жуық пәтер бар. Сондықтан проблема ауқымы жеке бір үйдің емес, тұтас аудан тұрғындарының алаңдаушылығын тудырып отыр.
Arna Press,
05 декабря 2025
в 20:58
Arnapress.kz редакциясы Семей қаласының оқырмандары арасында конкурс ұйымдастырады.Егер сіз маңызды оқиғаға немесе төтенше жағдайға куә болсаңыз, қаламызға қатысты қызықты жаңалығыңыз бар болса, мәселеге назар аудартқыңыз келсе немесе оның шешу жолын көрсеңіз — бізге жазыңыз және сыйлық ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз!
SportInfo,
16 октября 2025
в 23:26
Қазақстан футбол федерациясы Бірінші лигада өнер көрсететін «Хан Тәңірі» футбол клубының ойыншысы Диас Төлеудің мезгілсіз дүние салғаны туралы хабарлайды: Қазақстан футбол федерациясы марқұмның отбасы мен жақындарына, сондай-ақ командасына қайғыра көңіл айтады. Бұл – қазақстандық футбол қауымдастығы үшін ауыр әрі орны толмас қайғы. ҚФФ бас хатшысы Давид Лория мен кәсіпқой клубтар арасындағы жарыстар дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылхайыр оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Алматы қаласына шұғыл аттанады.
Arna Press,
04 октября 2025
в 16:48
Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін әлеуметтік төлемдер ұлғайтылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұрын тағайындалған еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер 10 пайызға индекстеледі.
Arna Press,
18 сентября 2025
в 19:48
Биыл құрылыс басқармасы 79 жобаны әзірлеуде. Оның 33-і меморандум аясында жүзеге асырылуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Өңірлік коммуникациялар қызметінеде әлеуметтік нысандарды жобалау бойынша Абай облысы құрлыс басқармасының басшысы Шыңғыс Риахановтың қатысуымен брифинг өтті.Бүгінде облыста денсаулық сақтау бағыты бойынша 21 жоба қолға алынған.
Arna Press,
11 сентября 2025
в 18:48
Мемлекет басшысының балалардың қауіпсіздігін нығайту, олардың құқықтарын қорғау және үйлесімді дамуына жағдай жасау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, жаңа оқу жылынан бастап еліміздің мектептерінде стоматологиялық кабинеттер ашыла бастады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сонымен қатар, мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты енгізілді.
Arna Press,
11 сентября 2025
в 14:48
Облыс әкімі Берік Уәли «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовпен кездесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесуде Семей қаласында үшінші жылу электр орталығын салу жобасы талқыланды. Жоба аясында «Таза көмір» технологиясын қолданатын, электр қуаты 360 МВт, жылу қуаты 1000 Гкал болатын жаңа станция салу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда жер телімдері рәсімделіп, техникалық шарттар алынған.
Arna Press,
27 августа 2025
в 11:48
Абай облысында мемлекеттік қолдау шаралары аясында берілетін жалдамалы тұрғын үйді бөлу ережелері түсіндірілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.Спикердің айтуынша, арендалық пәтерлерді тек Қазақстан азаматтары мен қандастар ала алады. Ол үшін бірыңғай электронды базаға «тұрғын үйге мұқтаж» ретінде тіркелу қажет.«Үйді бөлу процесі толық автоматтандырылған. Қолмен бөлу немесе кезектен тыс беру қарастырылмаған.
Arna Press,
25 августа 2025
в 12:58
Бородулиха ауданының Зенковка ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Зенковка ауылында ашылған өрт сөндіру бекеті 2300-ден астам тұрғыны бар жеті елді мекенді өрттен қорғауға мүмкіндік береді.Бородулиха ауданының әкімі Айдар Ибраев ғимаратты тұрғызуға мұрындық болған Поптар отбасына алғыс білдірді.
Arna Press,
20 августа 2025
в 19:08
Жақында елімізде әскери қызметке шақыру жүйесі цифрландырылып, рәсім толықтай автоматтандырылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Оның айтуынша, алдағы уақытта әдеттегі қағаз түріндегі шақыру болмайды. Барлық хабарламалар SMS немесе eGov порталындағы жеке кабинет арқылы жеткізіледі. Егер азамат бұған мән бермесе, мәселе Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс аясында шешілмек.«Әскерге шақырылушыларға шақыру туралы хабарламалар SMS-хабарлама немесе eGov порталындағы жеке кабинет арқылы жеткізіледі.
Arna Press,
20 августа 2025
в 13:28
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт денсаулығын нығайтуға және азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйесін қайта жандандыруға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыру міндетін қойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде денсаулық сақтау саласын сапалы түрде жаңғыртуға бағытталған жүйелі шаралар кешені жүзеге асырылуда.
Arna Press,
20 августа 2025
в 12:18
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кімнің қандай төлемдерге құқығы бар екенін түсіндірді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Ведомство мәліметінше, көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:Наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.Жәрдемақы ай сайын мынадай мөлшерде төленеді:«2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5 пайызға артқанын атап өтеміз», — делінген хабарламада.Сурет жасанды интеллект көмегімен жасалды
Arna Press,
18 августа 2025
в 20:28
Абай облысында «Қарызсыз қоғам 2.0» жобасы іске асырылуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жиынға облыстық басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері онлайн қатысты. Бұл бағдарлама қарызын 90 күннен аса уақыт өтей алмай жүрген азаматтарға көмектесуге арналған.
Arna Press,
15 августа 2025
в 22:08
Семей қаласының әлеуметтік желілерінде ер адамды соққыға жығу сәті тарады, деп хабарлайды Arnapress.kz.Бейнежазбадағы кадрларға қарағанда, оқиға күндіз, қаланың қақ ортасында, тамақтану орындарының бірінің қасында болған. Бірнеше адам ер азаматты қолымен де, аяғымен де ұрып-соққан. Сол сәтте біреуі оны қашып кетпеуі үшін ұстап тұрса, тағы бірінің қолында пышаққа ұқсас зат болған.Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, екі күдікті ұсталды, тағы біреуін іздестіру жұмыстары жүргізілуде.«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Arna Press,
15 августа 2025
в 02:58
Семей қаласында мектеп құрылыстарының барысы тексерілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев көшпелі жиын өткізіп, Шығыс және Водный кенттерінде салынып жатқан мектептердің инженерлік желілерінің құрылыс барысын бақылады.Шығыс кентіндегі 300 орындық мектепке инженерлік желілер тартылуда: электрмен жабдықтау – 5 635 метр, байланыс желілері – 2 864 м, су құбыры – 2 507 м.«Мектептің құрылысы биыл басталған.
Arna Press,
14 июля 2025
в 20:48
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Заң қолданыстағы заңнамалық актілерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету саласын реттейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.Атап айтқанда, міндетті медициналық сақтандыру қағидаттарын кеңейту және мемлекет жарналарының мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен өзгерту, сондай-ақ жарналарды төлеудегі уақытша үзілістер кезінде сақтандырылған тұлғаның мәртебесін қорғауды көздейді.Осылайша, үзіліссіз жарналарды төлеген немесе олар үшін 60 ай бойы аударымдар жүргізген тұлғалар аударымдар немесе жарналар төленбеген жағдайда, аударымдарды немесе жарналарды төлеу тоқтатылған күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығын сақтайды деп көрсетілген.