Популярные темы

Әлеуметтік: новости

Аягөзде орман қойнауында елік кездесті

Arna Press, сегодня в 19:18

Аягөзде орман қойнауында елік кездесті
«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Тау-Дала филиалына қарасты Аягөз орманшылығының мемлекеттік инспекторлары кезекті бақылау жұмыстары барысында жабайы табиғаттың әсем өкілі – елікті кездестірді, деп хабарлайды Arnapress.kz орманшыларға сілтеме жасап.22 қараша күні Аягөз орманшылығының әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше сәт түсірілген бейнежазбалар жарияланды.

Абай облысының әкімі қысқы жол күтімі бойынша нақты тапсырмалар берді

Arna Press, сегодня в 15:18

Абай облысының әкімі қысқы жол күтімі бойынша нақты тапсырмалар берді
Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында қысқы кезеңде автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін күтіп ұстау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайларға дайындық барысы және 2025–2026 жылдары жүргізілген мемлекеттік аудиттердің қорытындылары қаралды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі таңда Абай облысындағы автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 10 044 шақырымды құрайды. Өңірде 210 көпір және 3329 су өткізгіш құбыр бар. Қысқы кезеңде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда дайындық жұмыстары жүргізілген.Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға 91 арнайы техника жұмылдырылады.

Қазақстанда учаскелік дәрігерлер мен психологтердің жалақысы көтерілуі мүмкін

Arna Press, 20 ноября 2026 в 15:48

Қазақстанда учаскелік дәрігерлер мен психологтердің жалақысы көтерілуі мүмкін
Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарындағы бірқатар медицина қызметкерлерінің, психологтер мен әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын көтеру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz «Ашық НҚА» порталына сілтеме жасап.«Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатқа сәйкес, учаскелік қызмет мамандарына еңбек өтіліне байланысты қосымша ақы төлеу қарастырылған.Атап айтқанда, алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында үздіксіз жұмыс істегені үшін:екі жылдан астам еңбек өтілі бар қызметкерлерге лауазымдық жалақысының 20 пайызы; үш жылдан астам еңбек өтілі бар мамандарға 30 пайызы; бес жылдан астам еңбек өтілі бар қызметкерлерге 50 пайызы мөлшерінде қосымша ақы төлеу ұсынылған.Бұл норма учаскелік терапевтерге, педиатрларға, жалпы практика дәрігерлеріне, учаскелік және жалпы практика мейіргерлеріне, фельдшерлерге, акушерлерге, патронаждық және мектеп мейіргерлеріне қатысты.Сонымен қатар халықты медициналық және әлеуметтік тұрғыдан сүйемелдеуге тікелей қатысатын мамандарға да қосымша ақы белгілеу көзделген.

Семейде мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуға басымдық беріледі

Arna Press, 19 ноября 2026 в 18:48

Семейде мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуға басымдық беріледі
Семей қаласында мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, спортпен шұғылдануына жағдай жасау және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Arnapress.kz қалалық әкімдіктің баспасөзіне сілтеме жасап.Қазіргі таңда қаладағы мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт клубында 19 спорт түрі бойынша 253 спортшы жаттығады.

Жұмысынан айырылған азаматтарға төленетін жәрдемақы мөлшері артады

Arna Press, 19 ноября 2026 в 16:08

Жұмысынан айырылған азаматтарға төленетін жәрдемақы мөлшері артады
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібіне бірқатар өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. Жаңа өзгерістердің басты мақсаты – жұмыссыз қалған азаматтарды еңбек нарығына жылдам бейімдеу, лайықты жұмыс табуға көмектесу және жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру.Әлеуметтік төлем алу үшін қандай қадамдардан өту қажет?1.

Құрылтайда 2027-2029 жылдарға арналған бюджет шығыстары қайта қаралды

Arna Press, 18 ноября 2026 в 18:38

Құрылтайда 2027-2029 жылдарға арналған бюджет шығыстары қайта қаралды
Құрылтай «2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңды екінші оқылымда мақұлдап, үшінші оқылымда қабылдады. Құжаттың бірінші оқылымы биыл 14 қазанда өткен болатын, деп хабарлайды Arnapress.kz Құрылтайға сілтеме жасап.Жаңа бюджетте әлеуметтік бағыттылықты сақтау басты назарға алынған.

Семейдегі 44 мектепте заңбұзушылық анықталды

Arna Press, 18 ноября 2026 в 18:38

Семейдегі 44 мектепте заңбұзушылық анықталды
Абай облысының прокуратурасы Семей қаласындағы мектептерде оқушыларды тегін тамақпен қамтамасыз ету кезінде заң талаптарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап. Тексеру барысында 2025–2026 оқу жылында қаладағы 44 мектепте білім алатын, заң бойынша тегін тамақтануға құқығы бар 197 оқушының тиісті әлеуметтік көмекті алмағаны белгілі болды.Семей қаласы прокуратурасының араласуынан кейін барлық 197 баланың құқығы қалпына келтірілді.

Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салынуы мүмкін

Arna Press, 18 ноября 2026 в 13:18

Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салынуы мүмкін
Қазақстан Республикасы Құрылтайының отырысында онлайн-платформалар мен масс-медиа саласын реттеуге бағытталған заң жобалары бірінші оқылымда қаралды, деп хабарлайды Arnaprres.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевтың айтуынша, ұсынылған түзетулер цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, онлайн-платформалардың жауапкершілігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған.Заң жобаларына сәйкес, онлайн-платформаларға Қазақстан аумағында заңды тұлға ретінде өкілдік ашу міндетін енгізу ұсынылады.

TikTok-та балағат сөз айтқан семейлік тұрғын айыппұл төлейді

Arna Press, 17 ноября 2026 в 18:58

TikTok-та балағат сөз айтқан семейлік тұрғын айыппұл төлейді
TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирде балағат сөздер айтқан семейлік тұрғынға 83 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқықбұзушылықты полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықтаған. Тексеру нәтижесінде эфирге қатысқан Семей қаласының 38 жастағы тұрғыны екені белгілі болды.Оқиға 14 қарашада болған.

Қазақстанда риелторлық қызметті реттеу талаптары күшейтіледі

Arna Press, 16 ноября 2026 в 15:18

Қазақстанда риелторлық қызметті реттеу талаптары күшейтіледі
Қазақстанда риелторлық қызметтің сапасын арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғау және жылжымайтын мүлік нарығындағы ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жаңа шаралар әзірленуде, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Сауда және интеграция министрлігі Құрылтай депутаттарымен және кәсіби қауымдастығына сілтеме жасап.

Қазақстанда әлеуметтік көмектен өз еркімен бас тартқандар саны белгілі болды

Arna Press, 12 ноября 2026 в 15:18

Қазақстанда әлеуметтік көмектен өз еркімен бас тартқандар саны белгілі болды
Қазақстанда 2026 жылғы қазанда іске қосылған әлеуметтік төлемдерден ерікті түрде бас тарту сервисін осы уақытқа дейін 729 азамат пайдаланған, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. Аталған сервис өзін және отбасын дербес қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар азаматтарға мемлекеттік қолдаудан өз еркімен бас тартуға мүмкіндік береді.

МӘМС аясында Семейде варикоз ауруына хирургиялық ем жүргізіледі

Arna Press, 11 ноября 2026 в 16:48

МӘМС аясында Семейде варикоз ауруына хирургиялық ем жүргізіледі
«Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінде төменгі аяқ-қолдардың варикозды ауруының асқынуына байланысты пациентке хирургиялық ем жүргізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ӘМСҚ Абай облыстық филиалына сілтеме жасап.«Пациент қабылдау бөліміне сол жақ балтырдағы кеңейген теріасты веналарының бойында ауырсынатын тығыздалу мен қызаруға шағымданып жүгінген.

«Qarmet» еңбек ұжымымен өндіріс саласының өзекті мәселелері талқыланды

EKaraganda.kz, 11 ноября 2026 в 00:05

«Qarmet» еңбек ұжымымен өндіріс саласының өзекті мәселелері талқыланды
Жиынға «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалынан ұсынылған кандидаттар Ербол Исмаилов, Абай Калыков, Наиль Мунасипов, Алтай Елжасов, Данияр Сакенов, Асель Ыдрышканова және Газиза Улыкманова қатысты. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, өнеркәсіп саласын дамыту, өндіріс орындарын жаңғырту, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері сөз болды.Кандидаттар кәсіпорын қызметкерлерінің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, өндіріс саласындағы өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасты.«Өнеркәсіп кәсіпорындарының тұрақты жұмысы өңір экономикасының дамуына тікелей әсер етеді.

Қазақстанда дәріханаларда дәріні рецептсіз сатуға бақылау артады

Arna Press, 09 ноября 2026 в 16:48

Қазақстанда дәріханаларда дәріні рецептсіз сатуға бақылау артады
Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымын бақылауды күшейтуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz минстрлікке сілтеме жасап. Жаңа шаралар халықты сапасыз, жалған және тіркелмеген препараттардан қорғауға бағытталған.Осы мақсатта Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктері бірлескен бұйрық жобасын әзірледі. Құжатта дәрілік заттарды сату кезіндегі заңбұзушылықтарды анықтау және бақылау тәртібін жетілдіру қарастырылған.«Тиісті лицензиясыз дәрі сатуға, тіркелмеген және жалған препараттарды өткізуге, сондай-ақ рецептімен босатылатын дәрілерді заңсыз сатуға ерекше назар аударылады.

Семей – Ресей шекарасы бағытындағы 111 шақырым жол толық жаңартылды

Arna Press, 09 ноября 2026 в 15:48

Семей – Ресей шекарасы бағытындағы 111 шақырым жол толық жаңартылды
Абай облысында республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолының жөндеу жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Нәтижесінде Семейден Ресей шекарасына дейінгі маңызды көлік дәлізінің нормативтік техникалық жағдайы 100 пайызға жеткізілді.Жаңартылған жолдың ашылу салтанатына Абай облысының әкімі Берік Уәли қатысты.

Өнеркәсіп әлеуетін арттыру – экономикалық дамудың негізі

EKaraganda.kz, 09 ноября 2026 в 12:25

Өнеркәсіп әлеуетін арттыру – экономикалық дамудың негізі
Жиынға «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалынан ұсынылған кандидаттар Меруеш Башай, Сергей Ан және Сабыржан Амандықов қатысты. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, өнеркәсіп саласын дамыту, отандық өндірісті қолдау, кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуі және жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту мәселелері сөз болды.Кандидаттар кәсіпорын қызметкерлерінің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, өндіріс саласындағы өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасты.«Өндіріс орындарының дамуы өңір экономикасының нығаюына және жаңа мүмкіндіктердің қалыптасуына ықпал етеді.

Қарағанды облысында «Qarmet» ұжымымен өнеркәсіп саласын дамыту мәселелері талқыланды

EKaraganda.kz, 06 ноября 2026 в 17:56

Қарағанды облысында «Qarmet» ұжымымен өнеркәсіп саласын дамыту мәселелері талқыланды
Жиынға «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалынан ұсынылған кандидаттар Бекзат Алтынбеков, Жұрағат Баман, Елдос Жүнісов, Ербол Исмайлов, Рустам Танишбеков және Арафат Мажитов қатысты. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, өнеркәсіп саласын дамыту, отандық өндірісті қолдау, кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуі, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері сөз болды.Кандидаттар кәсіпорын қызметкерлерінің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, өндіріс саласындағы өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасты.«Өнеркәсіп – өңір экономикасының негізгі тіректерінің бірі.

«Евразиан Фудс» ұжымымен өндіріс саласының өзекті мәселелері талқыланды

EKaraganda.kz, 05 ноября 2026 в 19:25

«Евразиан Фудс» ұжымымен өндіріс саласының өзекті мәселелері талқыланды
Жиынға «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалынан ұсынылған кандидаттар Меруеш Башай, Увайс Джанаев, Виталий Хмелевский және Иван Скородиевский қатысты. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, өңдеу өнеркәсібін дамыту, өндірісті жаңғырту, кәсіпорындардың тиімділігін арттыру және еңбек жағдайын жақсарту мәселелері сөз болды.Кандидаттар кәсіпорын қызметкерлерінің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, саладағы өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасты. — Өндіріс саласының дамуы ел экономикасының тұрақтылығына тікелей әсер етеді.

Өнеркәсіп кәсіпорындарының дамуы мен еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

EKaraganda.kz, 05 ноября 2026 в 19:15

Өнеркәсіп кәсіпорындарының дамуы мен еңбек қауіпсіздігі – басты назарда
Жиынға «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалынан ұсынылған кандидаттар Александр Куприенко, Елжан Серғалиұлы, Саят Бакиров, Аяжан Мақан, Ербол Сармурзин және Рустам Танишпеков қатысты. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, өнеркәсіп саласын дамыту, өндіріс орындарының тұрақты жұмыс істеуі, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері сөз болды.Кандидаттар кәсіпорын қызметкерлерінің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, өндіріс саласындағы өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасты.«Өнеркәсіптің дамуы – өңір экономикасының өсуіне және жаңа жұмыс орындарының ашылуына негіз болады.

Абай облысында тұрмыстық зорлықтың соңы қайғылы аяқталды

Arna Press, 07 сентября 2026 в 18:48

Абай облысында тұрмыстық зорлықтың соңы қайғылы аяқталды
Абай облысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан әйел өз күйеуінің қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Ер адам ішімдікке әуес болып, әйелін себепсіз қызғанып, жүйелі түрде ұрып-соғып отырған. Алайда жәбірленуші болған жағдайды ешкімге айтпаған. Қоғамның сынынан қорқып, отбасындағы мәселелерді «ұят» деп қабылдап, зорлық-зомбылыққа үнсіз төзген.Кезекті жанжал қайғылы аяқталды.

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау басталды!

Arna Press, 07 сентября 2026 в 14:28

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. Сыйлық 15 номинация бойынша табысталады. Оның ішінде: Үздік волонтерлік ұйым. Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы.

Абай ауданында 255 млрд теңгелік жоба жүзеге аспақ

Arna Press, 04 сентября 2026 в 16:18

Абай ауданында 255 млрд теңгелік жоба жүзеге аспақ
Облыс әкімі Берік Уәлидің аудан тұрғындарымен кездесуі Абай ауданынан басталды. Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жүзеге асып жатқан жобалар және алдағы жоспарлар талқыланды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.Ауданда ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм және инфрақұрылым салаларына басымдық берілуде.

Семейдің қоғамдық көлік паркі жаңа автобустармен толықты

Arna Press, 03 сентября 2026 в 14:18

Семейдің қоғамдық көлік паркі жаңа автобустармен толықты
Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы қалалық маршруттарға қызмет көрсету үшін сатып алынған жаңа жолаушылар автобустарымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап.«Таксомоторный парк» ЖШС әлеуметтік маңызы бар №1, 3, 16, 18, 22, 24, 26, 28, 29, 34, 36, 52 және №55 бағыттарға қызмет көрсетеді.

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

Arna Press, 02 сентября 2026 в 12:38

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.Оның аясында қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмысқа кірісті.Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, желтоқсанның соңына дейін шамамен 23 мың ер азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады.

Семейліктерге сауда үйінде тегін құқықтық көмек көрсетіледі

Arna Press, 01 сентября 2026 в 14:58

Семейліктерге сауда үйінде тегін құқықтық көмек көрсетіледі
2026 жылғы 1 қыркүйекте Семей қаласында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықтық мәселелер бойынша кеңес беруге бағытталған «Қолжетімді құқық аумағы» көшпелі консультациялық акциясы өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz «Соц.kz» қоғамдық қорына сілтеме жасап.Іс-шара сағат 17:00-ден 18:30-ға дейін «Avenue» СО-да (Семей қ., М. Әуезов даңғылы, 5) ұйымдастырылады.Акция барысында тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялар беріліп, мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.Акцияға қатысатын серіктестер:* Абай облысының прокуратурасы; * ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті; * Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті; * Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті; * Абай облысының Полиция департаменті; * Абай облысының Әділет департаменті; * Абай облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы; * Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы; * Абай облысының Білім басқармасы; * Семей қаласының Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі; * Семей қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі; * Семей қаласының Құрылыс бөлімі; * Семей қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі; * Семей қаласының Жер қатынастары бөлімі; * Семей қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі; * Семей қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.Фото: ЖИ

Банк депозиттеріне 5% салық енгізіледі деген ақпарат — жалған

Arna Press, 27 августа 2026 в 15:08

Банк депозиттеріне 5% салық енгізіледі деген ақпарат - жалған
ҚР Ұлттық экономика министрлігі әлеуметтік желілерде тарап жатқан банктік депозиттер бойынша сыйақыларға 5% салық енгізіледі деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz Экономика министрлігіне сілтеме жасап.Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 430-бабына сәйкес, жеке тұлғаларға банктердегі салымдары (депозиттері) бойынша төленетін сыйақыларға жеке табыс салығы салынбайды.Сондай-ақ ҚР Үкіметі аталған норманың күшін жоюды немесе депозиттер бойынша алынатын сыйақыларға салық енгізуді қарастырып жатқан жоқ.Осыған байланысты әлеуметтік желілердегі расталмаған ақпаратқа сенбей, тек ресми дереккөздерге сүйенген жөн.Фото: ЖИ

Семейде көпірде жол апаты болды

Arna Press, 24 августа 2026 в 12:38

Семейде көпірде жол апаты болды
Семейдегі аспалы көпірде болған жол апаты видеосы әлеуметтік желіде таралды. Осы жөнінде Абай облысының Полиция департаменті ресми ақпарат берді, деп хабарлайды Arnapress.kzПД хабарлауынша, 23 тамыз күні сағат 23:00 шамасында Семей қаласындағы аспалы көпірде Mitsubishi Pajero және Lada Priora автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.Алдын ала мәлімет бойынша, Mitsubishi Pajero автокөлігінің жүргізушісі көлік құралын басқара алмай, жолдағы қоршауға соғылған.

Қазақстандықтар Кореяға қалай жұмысқа орналаса алады?

Arna Press, 21 августа 2026 в 14:28

Қазақстандықтар Кореяға қалай жұмысқа орналаса алады?
Қазақстан азаматтарына Корея Республикасында заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін Employment Permit System (EPS) жүйесі бойынша іріктеу тәртібі түсіндірілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.Практикалық іріктеу Алматы қаласында EPS орталығы ашылғаннан кейін басталады.

Жалған қажылық ұйымдастырғандар сотталды

Arna Press, 13 августа 2026 в 13:18

Жалған қажылық ұйымдастырғандар сотталды
Астана қаласында азаматтарды қажылыққа апарамыз деп алдап, 60 млн теңге қаражатын иемденген екі адам сотталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.Олар Instagram әлеуметтік желісінде Сауд Арабиясының Мекке және Мәдина қалаларына қажылық сапарын ұйымдастыру туралы жарнама жариялаған.

15 млн азаматтың дерегі тарады ма? Министрлік жауап берді

Arna Press, 13 августа 2026 в 11:08

15 млн азаматтың дерегі тарады ма? Министрлік жауап берді
Әлеуметтік желілер мен кейбір ақпарат көздерінде 15 миллион қазақстандықтың жеке деректері тарады деген ақпарат пайда болды. Алайда министрлік жүргізген тексеру нәтижесінде бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.Ведомствоның мәліметінше, жарияланған деректер массивінің көлемі мен мазмұны бір-біріне сәйкес келмейді.
Показано 30 новостей из 364