Arna Press,
04 мая 2026
в 12:18
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комада жатқан азаматтарға қатысты мүгедектік рәсімдеу тәртібін жеңілдетуді көздейтін жаңа бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Arnapress.kz ведомствоға сілтеме жасап. Ведомство өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету тетіктерін қайта қарап, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу және мемлекеттік төлемдерді тағайындау қағидаларына өзгерістер енгізуді ұсынып отыр.Жаңа түзетулерге сәйкес, енді комада жатқан азаматтардың атынан медициналық-әлеуметтік сараптамаға өтініш беру құқығы олардың жақын туыстарына немесе жұбайына заң жүзінде рәсімделмек.
Arna Press,
30 апреля 2026
в 17:28
Бағаны тұрақтандыру мақсатында мемлекеттік бақылауды қоса алғанда, кешенді шаралар жүзеге асырылуда. 2026 жылдың басынан бастап ӘМАТ тізімі 19-дан 31 атауға дейін кеңейтілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап. Ағымдағы жылдың сәуір айының ортасындағы дерек бойынша, ӘМАТ бойынша шекті сауда үстемесін асырғаны үшін 1 406 әкімшілік айыппұл салынды.
Akorda.kz (KZ),
24 апреля 2026
в 11:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
23 апреля 2026
в 11:18
Абай облысында 211 млн теңге жымқырылған: «Агробизнес» жобасы бойынша іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап. Абай облысында «Агробизнес» жобасы аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі әшкереленді. Қаржы мониторингі агенттігінің облыстық департаменті прокуратураның үйлестіруімен жүргізген тергеу жұмыстарын аяқтады.Аталған жоба фермерлік шаруашылықтарды қолдауға, мал шаруашылығын дамытуға және агробизнес саласын ілгерілетуге бағытталған.
Arna Press,
22 апреля 2026
в 16:28
Семей қаласында полиция қызметкерлері жол қозғалысын бақылау барысында екі мотоцикл жүргізушісінің өрескел құқық бұзушылығын анықтады, деп хабарлайды Arnapresss.kz полиция департаментіне сілтеме жасап. Оқиға Мұхамедханов көшесінде тіркелген. Тексеру нәтижесінде екі жүргізушінің де көлік құралын басқаруға құқығы, яғни жүргізуші куәлігі болмағаны және мотоциклдердің мемлекеттік тіркеуден өтпегені белгілі болды.Атап айтқанда, SUZUKI мотоциклі 19 жастағы азаматқа, ал SAMURAI мотоциклі 21 жастағы азаматқа тиесілі. Құқық бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қабылданып, көліктер арнайы айып тұрағына жеткізілді.Абай облысы Полиция департаменті жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.
Arna Press,
22 апреля 2026
в 13:28
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті коллекторлық агенттіктерге қатысты жүргізілген тексеру нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz комитетке сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, бірқатар заңбұзушылықтар мен салықтан жалтару тәуекелдері анықталған.Тексеру барысында 7 коллекторлық агенттік бойынша 11,8 млрд теңге көлемінде табыстың жасыру дерегі тіркелген.
Arna Press,
22 апреля 2026
в 12:08
ІІМ-нің аумақтық бөлімшелері еліміздегі автомектептердің қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Қазіргі таңда Қазақстанда 727 автомектеп жүргізушілерді даярлайды. Тексеру барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, кейбір автодромдарда жол белгілері, жол таңбалары мен жарықтандыру жеткіліксіз.
Arna Press,
21 апреля 2026
в 16:28
Абай атындағы кітапханада «Кітапхана түні» аясында ауқымды мәдени-танымдық бағдарлама өтті, деп хабарлайды Arnapress.kzКештің ашылуында Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының әншісі Нұрбек Өмірбековтің орындауында «Абай елі» әні шырқалып, алғашқы құттықтау сөз Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Олжас Соғымбайға беріліп, ол мәдени шараның рухани-танымдық құндылығына тоқталды.Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының директоры Мерей Қарт сөз сөйлеп, кітапхананың қоғамдағы орны мен мұндай кештердің жастарды кітап оқуға баулудағы рөліне ерекше назар аударды.Одан кейін Бизнес және сервис колледжінің студенттері сахнада сән көрсетілімін (дефиле) ұсынып, заманауи стиль мен ұлттық нақышты ұштастырған ерекше қойылым көрсетсе, кеш аясында бірқатар құрметті қонақтар да сөз алып, рухани шараның мән-маңызын атап өтті.
Arna Press,
20 апреля 2026
в 13:38
Павлодар қаласының прокурорлары халыққа медициналық көмек көрсетуге арналған «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-тың бюджет қаражаты мен активтерінің жұмсалуына жүргізілген тексеру барысында жалған қызмет көрсету фактілерін анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.Мысалы, невропатолог, кардиолог, хирург, психолог және басқа да тар бейінді мамандардың қабылдаулары қайтыс болған адамдарға, акушер-гинеколог дәрігердің консультациялары ер адамдарға «көрсетілген».
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:49
Қазақстанда мемлекеттік грант алу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсыру мүмкіндігі жойылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz. Оның айтуынша, тестілеуді бірнеше рет тапсыру абитуриенттерді сапалы іріктеу мәселесін толық шеше алмайды.«ҰБТ-ны тұтастай өзгерту қажет.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:48
Қазақстанда зейнетақы жүйесі жаңғыртылып, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) арқылы азаматтардың болашақтағы әлеуметтік қорғалуы күшейтілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. Бұл тетік қызметкердің қазіргі жалақысынан ұстамай, жарнаны толықтай жұмыс беруші есебінен аударуды көздейді.Жаңа жүйенің басты мақсаты – әрбір жұмыскердің, әсіресе жас буынның тұрақты әрі сенімді зейнетақы қорын қалыптастыру.
Arna Press,
01 апреля 2026
в 11:38
Абай облысында заңсыз алкоголь өнімдерін өндірумен айналысқан жасырын цехтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ведомство мәліметінше, ҚМА Абай облысы бойынша департаменті облыс прокуратурасының үйлестіруімен және Семей қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, арнайы операция жүргізген.Тергеу нұсқасына сәйкес, Семей қаласының тұрғыны тиісті лицензиясыз алкоголь өндіруді ұйымдастырған.
Akorda.kz (KZ),
30 марта 2026
в 21:56
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
26 марта 2026
в 13:18
Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мекемесі Қарағанды облысындағы Самарқанд су қоймасында, Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасында және Абай облысындағы Қаракөл су қоймасында шағын су электр станцияларын (СЭС) салу бойынша жобалау-сметалық құжат әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап. Қазіргі уақытта үш жоба да мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.
Arna Press,
20 марта 2026
в 18:48
Абай облысының Курчатов қаласында салынып жатқан ғимараттың қабырғасы құлап, қайғылы жағдай орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша, нысан заңсыз тұрғызылған әрі тиісті құжаттары болмаған, деп хабарлайды Arnapress.kz.Оқиға салдарынан екі адамның қаза табуына байланысты құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Arna Press,
20 марта 2026
в 16:48
Абай ауданында Наурыз мерекесі қарсаңында 18 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап.Қарауыл ауылында ұзақ жылдар бойы бос тұрған үш қабатты тұрғын үй қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді. Пәтерлер мемлекеттік кезекте тұрған азаматтарға табысталды.Жалпы, жаңа тұрғын үйден 5 бір бөлмелі, 11 екі бөлмелі және 1 үш бөлмелі пәтер иелеріне кілттері тапсырылды.Айта кетейік, тұрғын үйді жаңғырту жұмыстары облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асқан.Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөзі
Arna Press,
20 марта 2026
в 15:28
Семей қаласында салынып жатқан жаңа көпір құрылысы барысында анықталған жарықшақтар мен бірқатар құқық бұзушылықтар бойынша ресми түсініктеме берілді, деп хабарлайды Arnapress.kzБұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Абай облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ басшысы Сайлауғалы Байназаров тілшілердің сұрақтарына жауап беру барысында айтты.«Қараша айында біз мониторгинг жүргізген болатынбыз.
Arna Press,
19 марта 2026
в 14:08
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстардың нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz. комитетке сілтеме жасапВедомство мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері Астана қаласында, Ақмола және Павлодар облыстарында автомектеп қызметін ұйымдастыру және жүргізуші куәліктерін рәсімдеу барысында заңсыз сыйақы алу мен қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану деректері тіркелген.Атап айтқанда, Астанада Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының бұрынғы орынбасары азаматтарға жүргізуші куәлігін алуға және емтиханнан өтуге көмектесу үшін жүйелі түрде пара алып отырған.
Arna Press,
17 марта 2026
в 16:18
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған Аrnapress.kz хабарлайды.Жарлықтың мәтіні Ақорда сайтында жарияланды.«2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:1.
Arna Press,
16 марта 2026
в 16:18
Абай облысының әкімі Берік Уәли төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте Семей қаласындағы ірі сауда нысандарын кезең-кезеңімен жаңарту мәселесі қаралды деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасапКәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбек Рахымбековтың айтуынша, «Мереке» және «Смокк» базарлары 2026 жылдың соңына дейін, ал «Ақшың» базары 2028 жылға дейін қайта жаңғыртылмақ.
Arna Press,
11 марта 2026
в 18:38
Алматыдағы «Радио үйі» ғимаратында «Шалқар» радиосының толық жөндеуден өткен жаңа студиясы салтанатты түрде ашылды. Жаңа студияға қазақ радиосының тұңғыш дикторы, Қазақ радиосының ардагері, КСРО-ның құрметті радисі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мина Сейітованың есімі берілді, деп хабарлайды Arnapress.kz turkystan.kz сілтеме жасапСалтанатты шараға радио саласының ардагерлері, қазіргі қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Arna Press,
05 марта 2026
в 17:18
5 наурызда премьер-министр республикалық штаб отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға су тасқыны қаупіне байланысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Arnapress.kz. Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасапҮкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында мұз қабатының қалыңдығы 4 сантиметрге дейін жетіп, топырақтың 2 метрге дейін қатқаны байқалғанын айтты.Премьер-министр экология министрлігіне гидрологиялық мониторинг жүргізіп, ауа райына қатысты ескертулерді дер кезінде жеткізуді тапсырды.
Arna Press,
04 марта 2026
в 17:29
Таяу Шығыс елдерінен тағы 314 адам елге оралды, деп хабарлайды Аrnapress.kz ҚР КМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасапВедомствоның мәліметінше, SCAT әуекомпаниясы Boeing 767 ұшағымен Алматы — Маскат — Алматы бағыты бойынша DV5361 рейсін орындаған. Нәтижесінде 314 адам Қазақстанға жеткізілген, оның ішінде балалар да бар.«Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдар мен әуекомпанияларының үйлестіруімен жалғасып жатыр», — делінген хабарламада.Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Air Astana әуекомпаниясы Медина мен Жиддадан бірнеше рейс орындап, 640 адамды елге жеткізген болатын.Сондай-ақ Flydubai әуекомпаниясы Дубайдан Астана мен Алматыға екі эвакуациялық рейс орындап, нәтижесінде 306 азамат Қазақстанға оралды.Фото: жасанды интеллект арқылы
Arna Press,
04 марта 2026
в 16:18
Семей қаласында Senat Open турнирінің 1/8 финалы аясында атқарушы күштер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында шахматтан тартысты сайыс өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz.Аталған жоба 2026 жылдың 7 ақпаны мен 1 сәуірі аралығында ҚР Парламенті санатының бастамасымен және Қазақстан шахмат федерациясы қолдауымен ұйымдастырылып жатқан республикалық турнир.
Akorda.kz (KZ),
03 марта 2026
в 17:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
03 марта 2026
в 17:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
02 марта 2026
в 17:28
Семей қаласының полициясы мемлекеттен тұрғын үй алуға көмектесеміз деп уәде етіп, 5 миллион теңге ірі көлемде иемденген алаяқтық дерегін тексеріп жатыр деп хабарлайды Аrnapress.kz полиция департамантіне баспасөзіне сілтеме жасап36 жастағы қала тұрғыны 2025 жылғы тамыз айында 56 жастағы әйел мен оның 59 жастағы жұбайының банктік шотына ақша аударған.
Arna Press,
27 февраля 2026
в 19:18
Қазақстанда 12 наурыздан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 31-бабына енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Ведомствоның түсіндіруінше, аталған өзгерістер қаңтар айында қабылданған Цифрлық кодекс аясында енгізілген.
Arna Press,
26 февраля 2026
в 18:08
Бейбітшілік аралында («Өлімнен де күшті» монументінің жанында) «Абайға құрмет» акциясы аясында Солтүстік Қазақстан облысы өңірімізге тарту еткен Рәміздер алаңының капсуласын салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz.Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли қатысып, аталған жобаның маңызына тоқталды.
Arna Press,
24 февраля 2026
в 12:18
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі алдын ала ескертусіз балалар нысандарын тексеру тәжірибесін қайтарады және вакциналардың қозғалысын бақылаудың цифрлық жүйесін енгізеді, деп хабарлайды Аrnapress.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.Дерекке сүйенсек, соңғы жылдары тексерулердің саны 2012 жылғы 158 мыңнан 2025 жылы 440-қа дейін қысқарды, бұл қауіптерді болжау жүйесін әлсіретіп, инфекциялық аурулардың өршуіне әкелді.Жағдайды түзету үшін балалар болатын нысандарға алдын ала ескертусіз тексерулерді қоса алғанда, ерекше мемлекеттік бақылауды қайтаратын заң күшіне енді.