Популярные темы

Семейдегі Абай кітапханасында жиырма бес мың оқырман бар

Дата: вчера в 16:28


Семейдегі Абай кітапханасында жиырма бес мың оқырман бар

Абай атындағы кітапханада «Кітапхана түні» аясында ауқымды мәдени-танымдық бағдарлама өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz

Кештің ашылуында Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының әншісі Нұрбек Өмірбековтің орындауында «Абай елі» әні шырқалып, алғашқы құттықтау сөз Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Олжас Соғымбайға беріліп, ол мәдени шараның рухани-танымдық құндылығына тоқталды.

Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының директоры Мерей Қарт сөз сөйлеп, кітапхананың қоғамдағы орны мен мұндай кештердің жастарды кітап оқуға баулудағы рөліне ерекше назар аударды.

Одан кейін Бизнес және сервис колледжінің студенттері сахнада сән көрсетілімін (дефиле) ұсынып, заманауи стиль мен ұлттық нақышты ұштастырған ерекше қойылым көрсетсе, кеш аясында бірқатар құрметті қонақтар да сөз алып, рухани шараның мән-маңызын атап өтті. Олардың қатарында ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Зейнолла Қалымбекұлы Тоқаев, Республикалық «Абай Құнанбаев» қоғамдық қорының президенті, сондай-ақ Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Орал Шәріпбаев бар.

Шара барысында «Артық білім кітапта» атты квиз ойыны ұйымдастырылып, қатысушылар білімдерін сынға салды. Сондай-ақ келушілерге сабын өнімдерін жасау, жарық шамдарымен ашықхат дайындау бойынша шеберлік сағаттары мен шай рәсімі ұсынылды. Өлкетану бағытындағы жиынтықтар көрмесі де көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Іс-шара аясында сәндік-қолданбалы өнер көрмесі, «Абай елі – асыл сөздің мекені», «Адамзаттың Абайы» және «Ғасырлармен үндескен асыл қазына» атты тақырыптық көрмелер көпшілік назарына ұсынылды. Бағдарламада сондай-ақ «ЖИ-мен сөз тіркесін тауып көр» ойыны, ұлттық ойындар және библиотерапевтикалық тренинг өткізілді.

Шара кітапхана кеңістігінде рухани, танымдық және шығармашылық бағыттарды тоғыстырған мазмұнды кеш ретінде есте қалды.

Фото: Arnapress.kz

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями