Arna Press,
23 января 2026
в 16:38
Абай облысының медициналық ұйымдары биыл қыркүйек айына дейін 100 жаңа санитарлық автокөліктермен қамтамасыз етіледі. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жедел медициналық жәрдем станциясына алғашқы 10 автокөліктің кілтін табыстады деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жалпы техникалардың тозу деңгейі 90%-дан асқандықтан, облыстық бюджет пен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы Hyundai, JAC және «Газель» маркалы 100 көлік лизинг арқылы сатып алынды.
Arna Press,
23 января 2026
в 16:01
Жасампаздық, жаңашылдық және жеке жауапкершілік құндылықтарын басты бағдар ететін «Жаңа адамдар» қозғалысы көшбасшыларымен танысып, сұхбаттасу реті түсті дейді Arnapress.kz тілшісі. Инстаграм желісінен Жаңа адамдар парақшасы елең еткізбей қоймайды. Атауы да ерекше. Қозғалыс қоғамдық өмірге шынайы қатысуға деген сұранысқа жауап ретінде пайда болған екен.
Arna Press,
23 января 2026
в 16:00
Семей қаласында Semey Cup атты жыл сайынғы халықаралық футзал турнирі басталады деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Турнир кәсіби командалар арасында өтеді және футзалды дамытуға, халықаралық әріптестікті нығайтуға бағытталған.Алғашқы турнирге үш команда қатысады. Олар — «Семей», Қарағандының «Тұлпар» клубы және Ресейдің Иркутск қаласынан келген «ИрАэро» командасы.Турнирдің негізгі мақсаты — кәсіби командалардың спорттық дайындық деңгейін арттыру, клубтар арасында халықаралық бірлік орнатып, тәжірибе алмасу.«Келесі Semey Cup жазғы маусымаралық кезеңде өтеді деп жоспарлануда.
Arna Press,
23 января 2026
в 15:59
Абай жері, Абай елі атанған өңірде талантты жастардың көп болуы заңдылық. Солардың бірі – ақын, бірнеше мүшәйралардың жеңімпазы Азамат Серікұлы. Осы орайда Arnapress.kz тілшісі жас қаламгермен арнайы сұхбаттасып, шығармашылық жолы мен жетістіктері жайлы тілдесті.Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ойшілік ауылының тумасы Азамат Серікұлы әдеби ортада өзіндік қолтаңбасымен танылып келеді.
Arna Press,
23 января 2026
в 15:59
Үкімет дәстүрлі құндылықтарды қорғауды және мәдениет саласын дамытуға тапсырма берді деп хабарлайды Arnapress.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов дәстүрлі құндылықтарды сақтау, неке мен отбасы институтын нығайту, мәдениетті дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.Президенттің тапсырмасына сәйкес: зиянды мазмұн мен ерсі қылықтарға тосқауыл қою, мемлекеттік рәміздерді дұрыс пайдалану, мәдени нысандар мен Абай шығармаларын ЮНЕСКО тізіміне енгізу мәселелері қаралады.«Абай облыстарында театр құрылыстарын қаржыландырып, Алматыдағы театрлардың реконструкциясын жыл соңына дейін аяқтауы тиіс» деді Премьер-министр.Фото: Жасанды интеллект арқылы
Arna Press,
23 января 2026
в 15:58
Қалалық спорт жарысынан жеңімпаз атанған оқушылар облыстық сынға жолдама алды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен жыл сайын 5–11 сынып оқушылары арасында өтетін Ұлттық мектеп лигасы – жасөспірімдер спортының дамуына серпін беретін ауқымды жоба.
Sports.kz,
01 января 2026
в 02:09
Президент World Boxing Геннадий Головкин поздравил казахстанцев с Новым годом, сообщает Sports.kz.«Жана жыл құтты болсын!» — написал GGG в сториз в Instagram.Напомним, Геннадий Головкин был избран президентом организации World Boxing в ноябре. В то же время 43-летний спортсмен продолжает занимать пост главы Национального олимпийского комитета Казахстана.
Arna Press,
29 декабря 2025
в 16:58
31 декабря семейчан приглашают на праздничную программу «ТӨРЛЕТ, ЖАҢА ЖЫЛ!», которая состоится на Центральной площади, передает Arnapress.kz со ссылкой на пресс-службу городского акимата.Дата: 31.12.2025Время: 21:00Место проведения: Центральная площадь.По программе новогодний концерт начнется в 21:00;22:00 – театрализованное представление;23:50 – трансляция поздравления президента;01:00 – праздничный фейерверк.«Станьте свидетелями новогоднего концерта и праздничного фейерверка!» – приглашают горожан.Фото: Arnapress.kz, пресс-служба акимата
Arna Press,
27 декабря 2025
в 23:38
Жаңа жыл қарсаңында Семей қаласының тұрғындарының мерекеге дайындығын білу мақсатында Arnapress.kz тілшісі сауалнама жүргізді.Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі 2026 жылды қарсы алуға қызу дайындықпен кіріскенін айтса, кейбір тұрғындар әзірге дайындықты бастамағандарын жеткізді.«Көңіл-күй тамаша.
SportInfo,
26 декабря 2025
в 12:06
2026 жылғы 19–25 қаңтар аралығында Стамбул қаласында 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы хоккейден IIA дивизионындағы әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚХФ сілтеме жасап хабарлайды. Жоғары дивизионға шығу жолындағы бәсекеде біздің қыздардың қарсыластары Корея, Латвия, Нидерланд, Жаңа Зеландия және Түркия құрамалары болады.
SportInfo,
25 декабря 2025
в 09:36
2026 жылғы 19–24 қаңтар аралығында Стамбул қаласында 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы хоккейден IIA дивизионындағы әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚХФ сілтеме жасап хабарлайды. Бұл турнирде біздің қыздар бірінші дивизионның «Б» тобына жолдама алу үшін бақ сынайды.
Arna Press,
24 декабря 2025
в 17:08
Alina Group 2024 жылдың қорытындысы бойынша «Өндіріс – арнайы салық салу режимі» номинациясында «Үздік салық төлеуші» дипломы атты беделді мемлекеттік награданың лауреаты атанды.2025 жылғы 23 желтоқсанда салтанатты жағдайда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитеті атынан Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері Alina Group өкілдеріне «Үздік салық төлеуші» наградасын табыс етті.
SportInfo,
24 декабря 2025
в 09:16
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин 2026 жылға қойылған басты мақсаттары жайлы айтып берді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. «Желтоқсан айында Түркістан облысында 21-күндік оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Негізгі жұмыс жалпы дене дайындығына және спортшылардың күшін арттыруға бағытталған.
Arna Press,
22 декабря 2025
в 19:18
Бұған дейін Қарағайлы ықшам ауданындағы Северный базар маңындағы жолдың жағдайы мен көше жарықтандыру мәселесін Arnapress.kz редакциясы көтерген болатын. Осыған байланысты Cемей қаласының әкімдігі ресми пікір білдірді. Қала әкімдігінің мәліметінше, аталған аумақ орташа жөндеу жүргізілетін жолдар тізіміне енгізілмеген, ал көше жарықтандыруын орнату 2026–2027 жылдарға арналған жоспарға қосылған.Аталған ақпаратты нақтылау мақсатында редакция қала әкімінің баспасөз қызметіне хабарласты.
SportInfo,
19 декабря 2025
в 10:46
Петропавлда күрделі жөндеуден кейін теннис орталығы ашылды. Енді нысан халықаралық талаптарға толық сай келеді. Оның ашылу рәсіміне Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев пен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлайды.
SportInfo,
19 декабря 2025
в 10:06
Қазақстандық конькиші Кристина Шумекова юниорлар арасындағы Әлем кубогының алғашқы екі кезеңінде топ жарып, нағыз триумфқа қол жеткізді. Спортшы жалпы есепте алты алтын медаль жеңіп алды. Olympic.kz сайтына берген сұхбатында ол өзі үшін ең бастысы нәтижелердің өсуі екенін атап өтті. «Маусымның басталуы мен үшін сәтті өтті деп есептеймін.
Arna Press,
18 декабря 2025
в 21:08
Абай облысында біржолғы зейнетақы төлемін (БЗТ) пайдалану бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Абай облыстық филиалы 2021 жылдан бері өңір тұрғындары тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделу ақысын төлеу мақсатында зейнетақы жинақтарын пайдалануы жайлы филиал басшысына бірнеше сұрақтар жолдаған едік, — деп хабарлайды Arnapress корреспонденті.Сұрақтар мазмұны мынандай болған еді:1.
Arna Press,
13 декабря 2025
в 15:18
Семей қаласының қарқынды дамып жатқан Қарағайлы ықшам ауданындағы Қарағайлы 74 тұрғын үй кешенінде қоныстанған жаңа тұрғындар бірнеше айдан бері шешілмей келе жатқан бірқатар мәселеге шағымдануда. Бұл үйлерде 1000-ға жуық пәтер бар. Сондықтан проблема ауқымы жеке бір үйдің емес, тұтас аудан тұрғындарының алаңдаушылығын тудырып отыр.
Arna Press,
09 декабря 2025
в 13:18
Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Абай облысына жұмыс сапарымен келіп, тұрғындармен кездесіп, өңірдегі медициналық қызметтің жай-күйіне қатысты баяндама жасады. Сондай-ақ БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Вице-министр келтірген ресми статистика республика көлемінде оң динамика көрсеткенімен, өңірдегі бірқатар өзекті мәселелерге қатысты қойылған сұрақтар жауапсыз қалды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Ең алдымен вице-министр өмір сүру ұзақтығы мен өлім-жітім көрсеткіштерін атап өтті«2024 жылы республика бойынша өмір сүру ұзақтығы 75,44 жас болды, ал Абай облысында – 75,02 жас.
SportInfo,
03 декабря 2025
в 12:06
2025 жылғы 5-12 желтоқсан аралығында Алматыда классикалық шахматтан Қазақстан Балалар кубогының финалы өтеді. Нокаут жүйесі бойынша жарысқа түсетін 9 — 14 жастағы 16 бозбала мен қыз үздік ойыншыларды анықтайды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі KazChess сілтеме жасап хабарлайды. 2025 жылы Қазақстан Балалар Кубогы жарысы 6 кезеңді қамтыды: Әр кезеңнің қорытындысы бойынша әр жас санатындағы – 10 жасқа дейінгі және 14 жасқа дейінгі бозбалалар мен қыздарға 1-ші орыннан бастап (20 балл) 15-ші орынға дейін (1 балл) тиісті ұпайлар берілді.
SportInfo,
02 декабря 2025
в 12:36
Биылғы біріншілік — үш стиль бойынша ұлттық құраманы жасақтау мен іріктеудегі шешуші кезең. Келер жылы Жапонияның Нагоя қаласында өтетін Азия ойындары, сондай-ақ әлем және Азия чемпионаттары күтіп тұр. Чемпионатқа қатысушылар арасында: төрт дүркін әлем чемпионатының жүлдегері Жамиля Бакбергенова, U23 әлем чемпионы Шұғыла Өмірбек, кадеттер арасындағы әлем чемпионы Нилуфар Раимова, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздыкова, U23 әлем чемпионы Сұлтан Әсетұлы, жастар арасындағы әлем чемпионы Исхар Курбаев, әлем чемпионатының қола жүлдегері Асылжан Есенгелді, грек-рим күресінен бес дүркін әлем жүлдегері Алмат Кебиспаев және басқа да белгілі спортшылар бар.
SportInfo,
28 ноября 2025
в 10:36
28 қарашада Абу-Дабиде (БАӘ) дзюдодан халықаралық Grand Slam турнирі басталады. Осы орайда ұлттық құраманың жаттықтырушы-кеңесшісі Роберт Мшвидобазде Olympic.kz сайтына берген сұхбатында дайындықтың жай-жапсары жайлы айтып, өзекті сұрақтарға жауап берді. — Эр-Риядта өткен жарыста белдескен спортшыларға баға берсеңіз.
SportInfo,
26 ноября 2025
в 13:16
«Қайрат» қорғаушысы матч алды баспасөз мәслихатында «Копенгагенге» қарсы өтетін алдағы матч туралы пікір айтып, журналистердің сұрағына жауап берді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі «Қайрат» ФК сілтеме жасап хабарлайды. — Біз осында, Чемпиондар лигасына оралғанымызға қуаныштымыз. Ертең бізді «Копенгагенмен» өтетін маңызды ойын күтіп тұр.
SportInfo,
17 ноября 2025
в 12:46
Бахрейннің Манама қаласында ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. 2000 жылғы Сидней Олимпиадасына қатысқан қазақстандық спортшы Наталья Гончарова әйелдер арасындағы шпагадан 50 жастан асқандар арасында күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстан семсерлесу федерациясы сілтеме жасап хабарлайды.
SportInfo,
31 октября 2025
в 11:26
Таеквондодан (WT) Қазақстан ұлттық құрама командасы Усиде өткен Әлем чемпионатын екі қола жүлдемен аяқтап, соңғы алты жылдағы үздік нәтижені тіркеді. Нодира Ахмедова (-49 кг) мен Айдана Құмартаева (-46 кг) Қазақстанға ұзақ үзілістен кейін Әлем чемпионатының медалін сыйлады. Қазақстандық таеквондошылар Әлем чемпионатынан соңғы рет 2019 жылы медальмен оралған.
SportInfo,
28 октября 2025
в 12:06
Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған 2-ші шахмат Олимпиадасы FIDE-1 командасының жеңісімен аяқталды. Күміс медаль – алғашқы Олимпиаданың жеңімпазы Польша құрамасына, ал қола – Израиль командасына бұйырды. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған 2-ші шахмат Олимпиадасының (2nd Chess Olympiad for People with Disabilities) соңғы, 6-шы туры 25 қазанда өтті.
SportInfo,
25 октября 2025
в 13:10
Атақты боксшы, World Boxing ұйымы Олимпиадалық комиссиясының төрағасы және Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясы — World Boxing ұйымының президенті қызметіне ресми үміткерлер тізіміне енгізілді. Бұл туралы Olympic.kz сілтеме жасай отырып Sportinfo хабарлайды. Ұйымның жаңа президентін сайлау 23 қараша күні Рим қаласында World Boxing конгресі аясында өтеді.
SportInfo,
17 октября 2025
в 14:06
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы футболшы Диас Төлеу ауруханаға клиникалық өлім жағдайында жеткізілгенін хабарлады: «Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне 2006 жылы туған пациент клиникалық өлім жағдайында жеткізілді. Оны оқиға орнында кезекшілік атқарған жеке медициналық жедел жәрдем бригадасы алып келген. Қабылдау кезінде пациенттің тамыр соғысы мен артериялық қысымы болмаған, қарашықтары кеңейген.
SportInfo,
16 октября 2025
в 17:46
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы 4‑15 қазан аралығында Дуррес қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында (FIDE World Youth Chess Championships 2025) керемет жетістікке қол жеткізді. Марк Смирнов пен Эдгар Мамедов әлем чемпиондары атанса, Сауат Нургалиев күміс медальді қанжығасына байлады.
EKaraganda.kz,
15 октября 2025
в 14:05
Медаль учреждается для поощрения граждан РК и иностранных граждан, внесших значительный вклад в развитие и становление казахстанского парламентаризма, а также в ознаменование 30-летия Парламента республики.Также утверждены Правила награждения юбилейной медалью «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл».Представления к награждению юбилейной медалью вносятся президенту РК председателями палат Парламента, правительством, Конституционным судом, Верховным судом, министерствами, иными центральными государственными органами республики, акимами городов Астаны, Алматы, Шымкента и областей, а также общественными объединениями.Юбилейная медаль вручается президентом РК.Юбилейную медаль от имени и по поручению президента РК также могут вручать: — государственный советник РК; — председатели палат Парламента РК; — акимы областей, городов республиканского значения и столицы; — уполномоченные президентом РК должностные лица.Вручение юбилейной медали производится в торжественной обстановке и вручается награжденному лично.