Популярные темы

Сурет: новости — страница 4

Семейдегі әскери бөлімдерде Балаларды қорғау күні аталып өтті

Arna Press, 02 июня 2025 в 11:58

Семейдегі әскери бөлімдерде Балаларды қорғау күні аталып өтті
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Семей қаласындағы Абай гарнизонында орналасқан әскери бөлімдерде кең ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай гарнизонының ұшу алаңында ашық есік күні өтіп, 54853 және 44736 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері балалар мен олардың ата-аналарына ерекше күн сыйлады. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында әскери-патриоттық рухты қалыптастыру және әскери қызметтің маңыздылығын көрсету.Балалар әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысып, әскери киім үлгілері мен авиациялық техника түрлерін тамашалады. Әсіресе, қару-жарақ пен тікұшақтардың көрмесі бүлдіршіндердің ерекше қызығушылығын тудырды.

Үржар ауданына алғаш рет SCAT әуе компаниясының ұшақтары қатынай бастады

Arna Press, 02 июня 2025 в 11:58

Үржар ауданына алғаш рет SCAT әуе компаниясының ұшақтары қатынай бастады
Үржар ауданының әуежайына алғаш рет SCAT әуе компаниясының «CRJ-200» жолаушылар ұшағы қонды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аудан тұрғындары бұған дейін «АН-24» ұшағымен қатынап келген болатын. Енді «Үржар-Алматы» және «Үржар-Астана» бағыттары бойынша тұрақты әуе рейстері аптасына 7 рет, яғни күн сайын орындалатын болады.

Семейде мүгедектігі бар жандарға арналған жаңа әлеуметтік мекеме салынып жатыр

Arna Press, 29 мая 2025 в 14:38

Семейде мүгедектігі бар жандарға арналған жаңа әлеуметтік мекеме салынып жатыр
Семейде мүгедектігі бар жандарға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының құрылысы жүргізілуде, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл – өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Жаңа мекеме 100 адамға арналған және үш қабатты заманауи ғимарат ретінде бой көтермек.Қазіргі таңда қосымша корпустың қабырғалары қалануда. Құрылысты «Капитал Stroy Kz» ЖШС жүргізуде. Ғимараттың жалпы аумағы – 6,6 мың шаршы метр.

Абай облысында алғаш рет халықаралық құрылыс фестивалі өтті

Arna Press, 28 мая 2025 в 21:18

Абай облысында алғаш рет халықаралық құрылыс фестивалі өтті
Семей қаласындағы Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінде «Құрылыс өнері – The art of building» атты халықаралық фестиваль алғаш рет ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Абай облысының білім басқармасы мен «TALAP» КЕАҚ-тың қолдауымен өтті.

Абай облысында жергілікті атқарушы орган балаларды тамақтандыруға арналған қаражатты үнемдеуге тырысқан

Arna Press, 28 мая 2025 в 14:58

Абай облысында жергілікті атқарушы орган балаларды тамақтандыруға арналған қаражатты үнемдеуге тырысқан
Бородулиха ауданында жергілікті атқарушы орган бөлінген қаражатты толық көлемде пайдалану орнына үнемдеуге тырысқан, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бородулиха ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңнаманың сақталуын талдау барысында әлеуметтік осал топтардан шыққан балаларға тегін тамақтандыруды қамтамасыз етуге қатысты бұзушылықтарды анықтады.

Абай облысында 7 мыңнан астам жол ережесі бұзылған

Arna Press, 28 мая 2025 в 12:18

Абай облысында 7 мыңнан астам жол ережесі бұзылған
Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасына арналған брифинг өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ӨКҚ сілтеме жасап.Абай облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әсет Өтеповтің мәліметінше, акция басталғалы бері жол қауіпсіздігі саласында 7608 құқықбұзушылық тіркелген.«Құқықбұзушылықтың 21 пайызы өрескел заңбұзушылықтар.

Абай облысында жаңа зауыттың құрылысы жүріп жатыр

Arna Press, 26 мая 2025 в 13:48

Абай облысында жаңа зауыттың құрылысы жүріп жатыр
Мақаншы ауылында майлы дақылдарды өңдеп, тазартылған күнбағыс майын өндіретін жаңа кәсіпорынның құрылысы жүріп жатыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жобаның жалпы құны – 8 миллиард теңге. Оның 3 миллиарды – инвесторлардың жеке қаражаты. Кәсіпорын толық іске қосылған кезде жылына 1000 тоннаға дейін тазартылған күнбағыс майын өндіреді деп жоспарланып отыр.

Биыл Астанада ерекше гастрофестиваль ұйымдастырылады

Arna Press, 26 мая 2025 в 12:18

Биыл Астанада ерекше гастрофестиваль ұйымдастырылады
Биыл Астанада алғаш рет қазақтың асыл сусыны қымызға арналып, «BaiQymyz – бапталған қымыз ұлттық тағамдар гастрофестивалі» атты ірі көлемдегі мәдени-аграрлық іс-шараның өтуі жоспарлануда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Аталған фестиваль халқымыздың дәстүрлі тағам мәдениетін, соның ішінде қымыз өндіру дәстүрін жаңғырту мен халықаралық деңгейге ілгерілетуге бағытталған.Шараға 50-60 мың адам келуі жоспарлануда. Әр өңірден 50-ге жуық қымыз өндіруші қатысады.

Семейде 100-ден аса сарбаз әскери ант қабылдады

Arna Press, 26 мая 2025 в 12:18

Семейде 100-ден аса сарбаз әскери ант қабылдады
Семей қаласындағы Жеңіс саябағында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызметін бастаған 139 жас сарбаздың әскери ант беру рәсімі салтанатты түрде өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Іс-шараға сарбаздардың ата-аналары мен жақындары, достары және әскери бөлім командирлері қатысты. Әскери тәртіпке сай сарбаздар Мемлекеттік Тудың алдында сап түзеп, Отанға адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді.Бұл – әрбір жауынгердің жүрегінде мәңгі сақталатын тарихи сәт.

ШҚО тұрғыны «емге көмектесу» сылтауымен 7 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылды

Arna Press, 21 мая 2025 в 14:08

ШҚО тұрғыны
Өскемен қаласының полициясына қала тұрғынынан оның алданып қалғаны жөнінде арызы түскен, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жәбірленушінің айтуынша, 2023 жылдың қаңтар айында танысы анасының еміне ақша қажет деген желеумен оны алдап, ірі көлемдегі қаржысын иемденіп кеткен.

Семейде есепте тұрған жасөспірімдер сот отырысына қатысты

Arna Press, 21 мая 2025 в 14:08

Семейде есепте тұрған жасөспірімдер сот отырысына қатысты
Абай облысында кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотта жасөспірімдердің қатысуымен ашық сот отырысы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл шара кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

WorldSkillsAbai–2025 өңірлік чемпионаты өз мәресіне жетті

Arna Press, 21 мая 2025 в 12:18

WorldSkillsAbai–2025 өңірлік чемпионаты өз мәресіне жетті
Абай облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында ұйымдастырылған WorldSkillsAbai – 2025 өңірлік чемпионатының салтанатты жабылу рәсімі өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Чемпионат мақсаты – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру, жастар арасында кәсіби шеберлікті насихаттау және еңбек нарығына қажетті кадрларды даярлау.12 мамырда басталған чемпионатқа Абай облысының 215 студенті қатысты.

Абай облысының әкімі Алтай қаласында қытайлық инвесторлармен кездесті

Arna Press, 20 мая 2025 в 14:18

Абай облысының әкімі Алтай қаласында қытайлық инвесторлармен кездесті
Облыс әкімі Берік Уәли жұмыс сапары аясында Алтай қаласында 20-ға жуық қытай инвесторларымен кездесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесуге өндіріс, ауыл шаруашылығы, жасанды интеллект, темір және әуе жолдары, көпір құрылысы, логистика, туризм, энергетика салаларында жұмыс істейтін компания өкілдері қатысты.

Семейде жаңа аудан салынады

Arna Press, 19 мая 2025 в 17:08

Семейде жаңа аудан салынады
Семейде 1 мың гектардан астам аумақты қамтитын жаңа ықшам ауданы салынады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан жаңа ауданда 75 мың тұрғынға арналған тұрғын үй кешендері, 40-тан астам әкімшілік, коммерциялық және әлеуметтік нысандар, саябақтар бой көтеретін болады.

Семейде облыстық көпсалалы аурухананың іргетасы қаланды

Arna Press, 19 мая 2025 в 14:08

Семейде облыстық көпсалалы аурухананың іргетасы қаланды
Семейдегі Ұшақтар ауданының маңында медициналық нысанның іргетасын қалау рәсімі өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шараға облыс әкімі Берік Уәли және осы саланың ардагерлері, дәрігерлер қатысты. Президенттің тапсырмасына сәйкес бой көтеретін ғимарат Абай облысын дамытудың кешенді жоспарына енген.

Семейде үлескерлерді қолдау орталығы ашылды

Arna Press, 14 мая 2025 в 11:38

Семейде үлескерлерді қолдау орталығы ашылды
Семейде үлескерлерді қолдау орталығы ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Құрамына құқық қорғау органдарының өкілдері кірген жұмыс тобы өңірде заң бұзушылықпен салынып, сонымен бірге азаматтардың қаржыларын тұрғын үй құрылысына заңсыз тартқан құрылыс компаниялары бойынша өз ұсыныстарын айтатын болады.

Семейде үш автокөлік соқтығысты

Arna Press, 14 мая 2025 в 10:38

Семейде үш автокөлік соқтығысты
13 мамырда шамамен сағат 17:30-де Семей қаласында жол-көлік оқиғасы орын алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі жолақ ауыстыру кезінде маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, қатар қозғалып келе жатқан Volvo жүк көлігімен соқтығысқан», — деп хабарлады ПД баспасөз қызметінде.Соқтығыстың салдарынан жүк көлігі оң жақ жолақта келе жатқан Toyota Carina жеңіл көлігіне де зақым келтірген.

Абай облысында жыл басынан бері жол апатынан 11 адам көз жұмды

Arna Press, 13 мая 2025 в 13:58

Абай облысында жыл басынан бері жол апатынан 11 адам көз жұмды
Абай облысында жыл басынан бері жол апатынан 11 адам көз жұмды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.2025 жылдың басынан бері өңірде орын алған жол-көлік оқиғалары салдарынан 11 адам қаза тауып, тағы 411 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.Жалпы жол апаттарының саны азайғанымен, негізгі себеп ретінде жылдамдықты асыру, қауіпті маневрлер жасау және жолдағы жауапсыздық қала беруде.«Қоғамымызда жүргізу мәдениеті әлі де қалыптасу үстінде.

Абай облысында 150-ден астам жол полициясының қызметкері қажет

Arna Press, 12 мая 2025 в 21:38

Абай облысында 150-ден астам жол полициясының қызметкері қажет
Абай облысында қоғамдық және жол қауіпсіздігі мәселесі талқыланды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысының әкімдігінде аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиынға облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері, ал қала және аудан әкімдері бейнережимде қатысты.Кеңесте өңірдегі қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын іске асыру, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері қаралды.

Семей көшелерін жаңа техника тазартады

Arna Press, 12 мая 2025 в 21:38

Семей көшелерін жаңа техника тазартады
Шаһардағы тазалық жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін жаңа арнайы техника сатып алынуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Бүгінде мердігер ұйымдармен бірлесіп 60-қа жуық жаңа арнайы техника сатып алу жоспарланған. Қазіргі таңда 10 жаңа техника жеткізіліп, іске қосылды. Бұл өз кезегінде 100-ге жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.Арнайы техникалар қыста қар күреп, көктем-күз айларында жолдарды жуып-тазалауға, көшелерді сыпыруға, құм себуге арналған.

Семейде жаңа саябақтар салынады

Arna Press, 12 мая 2025 в 20:08

Семейде жаңа саябақтар салынады
Семей қаласының Қарағайлы және Юность ықшам аудандарында саябақтар салынады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Юность» шағын ауданындағы саябақта кіші сәулет нысандарын орнату, футбол, баскетбол, балаларға арналған ойын алаңдарын салу жоспарланған.

Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында балабақша салынады

Arna Press, 10 мая 2025 в 20:58

Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында балабақша салынады
Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында жаңа балабақша бой көтереді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Облыс әкімі Берік Уәли 320 орындық білім нысаны құрылысының басталу рәсіміне қатысты. Құрылыс жұмыстары басталған балабақша келер жылдың төртінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

Arna Press, 08 мая 2025 в 19:38

Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады
Аймақ басшысы Берік Уәли Семей қаласындағы соғыс ардагерлерін Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Облыс әкімі әуелі 104 жастағы соғыс ардагері, «Халық қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдиннің шаңырағына барды.Әбдіғали Қаймолдин 1941 жылы әскер қатарына шақырылып, 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі аралықта Сталинград, 1-Украина, 1-Беларусь, 3-Балтық майдандарына қатысады.

Абай облысының оқушылары апат кезінде қолдануға болатын су сүзгісін ойлап тапты

Arna Press, 08 мая 2025 в 13:38

Абай облысының оқушылары апат кезінде қолдануға болатын су сүзгісін ойлап тапты
Аягөз ауданының оқушылары апат кезінде қолдануға болатын су сүзгісін ойлап тапты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аягөз ауданы Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушылары Ильяс Закиров пен Диас Дастанов қарапайым заттардан тиімді су сүзгісін жасап шығарды.

Абай облысында өрт кезінде ер адам құтқарылды

Arna Press, 08 мая 2025 в 12:58

Абай облысында өрт кезінде ер адам құтқарылды
Семей қаласының Өтепбаева көшесінде жетінші қабаттағы пәтерде өрт шықты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.«Матрастың өртенуі нәтижесінде қою түтін пайда болды. Оқиға орнында газ-түтіннен қорғау қызметі буынының жұмысы дереу барды», — деп хабарлады облыстық ТЖД-де.Өрт сөндірушілер түтін басқан бөлмеден 1967 ж.т. ер адамды алып шықты.

Семейде әскери шеруді тамашалауға 500-ге жуық адам жиналды

Arna Press, 07 мая 2025 в 18:58

Семейде әскери шеруді тамашалауға 500-ге жуық адам жиналды
Семей халқы республикалық парадты тамашалады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад өтті.Семейліктер әскери шеруді тамашалау үшін облыс орталығындағы Арбатқа келді. Ардагерлер, облыстық мәслихат депутаттары, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдері мен жастар, жалпы саны 500-ге жуық адам алаңқайға қойылған LED-экранның алдына жиналды.Айта кетейік, Елордадағы Әскери парадқа Абай облысынан 16 адамнан құралған делегация қатысуда.

Семейде жылыту маусымына дайындық басталып кетті

Arna Press, 06 мая 2025 в 16:58

Семейде жылыту маусымына дайындық басталып кетті
Семейде 2025–2026 жылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Орталық және 103–103А жылу қазандықтарын, сондай-ақ Жамақаев, Ибраев және Шәкәрім көшелеріндегі жылу желілерін қайта жаңғырту барысын көріп, мердігер мекемелердің өкілдерімен пікір алмасты.Әкімдік баспасөзінің хабарлауынша, бүгінде барлық нысанда жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Семейде тарихи драма сахналанды

Arna Press, 06 мая 2025 в 15:58

Семейде тарихи драма сахналанды
Қалалық мәдениет сарайында Болат Қамзиннің режиссерлігімен Шаймардан Қалиақпаровтың «Жұлдызым оңымнан туыпты» тарихи драмасының тұсаукесері өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Көрермендер қатарында қала әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары табылды.Аталған қойылым Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды.

Абай облысында интернет қолжетімділігін арттыру жолдары қаралды

Arna Press, 06 мая 2025 в 15:18

Абай облысында интернет қолжетімділігін арттыру жолдары қаралды
Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте шалғай елді мекендер мен Алакөл жағалауындағы интернет желісімен қамту мәселесі қаралды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Саладағы атқарылған жұмыстар туралы Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абзал Серікұлы баяндады.

Қарулы күштерге алғашқы қадам: Семейлік оқушылар әскери бөлімде қонақта болды

Arna Press, 05 мая 2025 в 16:18

Қарулы күштерге алғашқы қадам: Семейлік оқушылар әскери бөлімде қонақта болды
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 44736 әскери бөлім аумағында Семей қаласындағы №49 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына арналған «Ашық есік» күні өткізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараға 8-9 сынып оқушылары қатысты. Әскери бөлім аумағында ұйымдастырылған шара аясында оқушылар әскери өмірді көріп, әскери киім үлгілерімен және қару жарақ түрлерімен танысты.
Показано 30 новостей из 1 622