Магнолия,
29 августа 2024
в 23:18
2024 жылдың 16 маусымынан бастап елімізде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы күшіне енгені бәрімізге мәлім. Заң әйелдер мен балаларға, оның ішінде отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтып, оларды зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған.
Arna Press,
21 августа 2024
в 13:38
Белгілі қазақстандық боксшыға қыз зорлады деген айып тағылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Әлеуметтік желіде 1996 жылы туған қыздың Алматы қаласы Әуезов ауданының полициясына зорлау туралы арыз бергені туралы ақпарат пайда болды. Ол мәлімдемені бірінші жартылай орта салмақтағы IBO нұсқасы бойынша бокстан белгілі қазақстандық боксшы — әлем чемпионы Жанкош Тұраровқа жасаған.«Келіп түскен арызға байланысты Әуезов ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Arna Press,
12 августа 2024
в 12:28
9-10 тамыз аралығында Петропавл қаласында жыл сайынғы Жедел медициналық жәрдем бригадаларының спартакиадасы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Спартакиаданы Денсаулық сақтау министрлігі Шұғыл медицинаның ұлттық үйлестіру орталығымен және Жедел медициналық көмек қауымдастығымен бірлесіп, Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен өткізді.Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен үздік бригада атағына таласқан командаларды жиналды.
Arna Press,
07 августа 2024
в 20:48
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекіту туралы» 2024 жылғы 30 шілдедегі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Атап өтілгендей, экономикалық өсудің сапалық құрамдас бөлігі негізгі капиталға және еңбек өнімділігіне инвестициялардың еселенген ұлғаюы болады, бұл жоғарғы және орта қайта бөлу тауарлары шығарылымының ұлғаюымен қатар жүреді.«Ресурстарды орнықты пайдаланумен және қоршаған ортаны қорғаумен, сондай – ақ Сот төрелігі мен құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі жақсартумен ұштастыра отырып, мемлекеттің бастамалары әрбір азамат үшін тең мүмкіндіктер жасау арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға және инклюзивті қоғам құруға бағытталатын болады», — делінген құжатта.Жоспарды іске асырудың негізгі қағидаттарыҚұрылымдық жаңару және экономиканың тұрақты өсуі — қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға және Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының мақсаттарын орындауға байланысты болатын іргелі міндет.Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары шеңберінде экономикалық қайта құрулардың негізінде жатқан бес бірізді қағидат айқындалды.
Магнолия,
31 июля 2024
в 18:38
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы шараларын қолдану кезінде туындайтын қатынастарды реттеу осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның құқықтық санасына және мінез-құлқына жүйелі түрде мақсатты ықпал ету үшін, оның тарапынан жаңа құқық бұзушылықтар жасалуының алдын алу және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.
Arna Press,
30 июля 2024
в 20:58
Мақаншы ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау мекемесін тексеру барысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша көптеген заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.Тексеру барысында дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмауы, есірткі заттары бар ампулалардың уақтылы жойылмауы және дәрі-дәрмектердің дұрыс тағайындалмауы анықталды.Сонымен қатар, ота жасау кезінде науқастарға мерзімі өтіп кеткен «Кетам» анестезия (наркоз) препараттарын қолдану фактілері орын алған.Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде медициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, 12 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша 1,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.Сурет: ашық дереккөздерден
Arna Press,
26 июля 2024
в 12:18
Абай облысында суда жеті адам құтқарылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Семей қаласының Ертіс өзенінде патрульдеу кезінде жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Ерболат Айтқазы мен Әнуар Тағаев қалалық жағажай аумағында жеті адамды құтқарды. Оның ішінде ағыс алып кете жаздаған 14 пен 16 жас аралығындағы бес жасөспірім.Аз уақыт аралығында 1982 жылы туған ер адам мен қалтқыларға жүзіп өздігінен жағаға қайта алмаған әйел құтқарылып, жағаға жеткізілді.Құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж болмады.Сурет: ҚР ТЖМ
Arna Press,
19 июля 2024
в 16:38
Журналистер Денис Теннің өліміне кінәлілер жазасын қай жерде өтеп жатқанын және неге жаза жеңілдегенін анықтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қайғылы қазасына алты жыл өтті. 2018 жылғы 19 шілдеде спортшының көлігінің айналарын ұрламақ болған қарақшылардың бірі Нұралы Қиясов спортшыны аяғынан пышақ сұқты, салдарынан Денис Тен қаза тапты. Қылмыскерлер қанша уақытқа сотталды?
Arna Press,
18 июля 2024
в 12:38
Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық және онкогематологиялық дертке шалдыққан қазақстандықтарға мәлімдеме жасап, мұндай науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ведомствоның басты міндеті екеніне сендірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, дәрі-дәрмектерді жеткізудегі кез-келген үзілістерді болдырмау үшін ведомство дәрі-дәрмектерді уақтылы беру тетігін анықтады.«Ешбір пациент қажетті емсіз қалмайды.«ҚР Денсаулық сақтау министрлігіОблыстық денсаулық сақтау басқармалары мен онкологиялық орталықтар жағдайға мониторинг жүргізеді.Пациенттерге ыңғайлы болу және қажетті ақпаратты алу үшін 8 (7172) 570 950 нөмірі бар Call-орталық жұмыс істейді, оған қоңырау шалып, онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселелері бойынша өтініштер қалдыруға, оның ішінде емдеуден және көмектен бас тарту жағдайлары туралы хабарлауға болады.Бұған дейін хабарлағанымыздай, 16 шілдеде «Қазақстан халқы» қоғамдық қоры онкологиялық науқастарға дәрі-дәрмек сатып алу мәселесін көтерген болатын. Қор медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында сатып алуға енгізілген онкологиялық препараттардың 6 түрінің қоры ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін жеткілікті болатынын мәлімдеді.Сурет: pixabay
Arna Press,
04 июля 2024
в 19:48
Ақтауда 30 маусымда түнгі 12:00 шамасында жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Облыстық көпсалалы аурухана берген мәлімет бойынша, ұрып-соғу салдарынан дәрігердің миы шайқалған, параорбитальды гематома, сондай-ақ бетінде көптеген көгеру болған.
Arna Press,
18 июня 2024
в 11:58
Павлодар облысының құтқарушылары туристі таудан түсірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Баянауыл ауданында жедел-құтқару жасағының күшімен биіктігі 600 метрге жуық таудан 1999 жылы туған ер адам құтқарылды.Ол күндіз тауға көтеріліп, өздігінен түсе алмаған.Оған медициналық көмек кажет болмады.Сурет: Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Arna Press,
17 июня 2024
в 20:08
Бүгін сағат 13.00 шамасында Семей қаласындағы Ертіс өзенінің жағалау аймағын жаяу патрульдеу кезінде Абай облысы ТЖД 2 қызметкері бар жаяу патруль «Малый Котлован» аумағында қызды құтқарды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ақпарат жинау барысында азаматша Д, шомылу кезінде аяқтары тартылып, суға бата бастаған.
Arna Press,
14 июня 2024
в 16:58
Алматыда көкжөтел жұқтырғандар көбейді. Былтыр 5 жағдай тіркелсе, биыл бес айдың өзінде 62 балаға көкжөтел тиген. Олардың басым бөлігі – 14 жасқа толмағандар,деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бүлдіршіндердің 90 пайызы – ауруға қарсы екпе алмаған. 16 пайызға жуығы – екпе жасына жетпеген бала.
Arna Press,
08 июня 2024
в 19:38
Құтқарушылар Атырау облысындағы тас жолда өртенген автокөлікке көмекке келді. Онда шетелдің үш азамат болған, олар дәрігерлерге тапсырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасапОқыс оқиға Мақат ауданында болған.Атырау-Ақтөбе республикалық маңыздағы тас жолдың 31 шақырымында жеңіл автокөлік өртенді.«Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері Өзбекстанның үш азаматын өрттен құтқарды.
Akorda.kz (KZ),
01 июня 2024
в 12:46
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
28 мая 2024
в 11:18
Қарасай ауданында Үлкен Алматы шыңы аймағында таудан түсіп бара жатып адасып кеткен 20 жастағы жігітті іздестіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары кинологиялық топтың көмегімен дереу іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады.«Жедел іздестіру тобының жүргізген шараларының арқасында ер адам Алма-Арасан шатқалынан табылды, оған медициналық көмек қажет емес болды», — делінген хабарламада.Сурет: ҚР ТЖМ
Arna Press,
27 мая 2024
в 18:18
ҚР Оқу-ағарту министрі «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» туралы заңға өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жаңа заң бойынша, «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері бекітеді.Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті діни білім беру бойынша білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып табылады.Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, жалпы орта білім беру, мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім беру, сондай-ақ мамандықтар топтары бойынша әскери, арнайы оқу орындары, мамандықтар бойынша орта білімнен кейінгі білім беру бойынша білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып табылады.Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі:Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы өтінішті және құжаттарды жолдайды.Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті (сұранысты) қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкеріне орындауға береді.
Arna Press,
15 мая 2024
в 11:28
Денсаулық сақтау министрі 2024 жылғы 2 мамырдағы бұйрықпен міндетті медициналық тексерулер туралы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Атап айтқанда, жаңа редакцияда «көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі баяндалған.Құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті беруші (медициналық ұйымдар) арқылы жүзеге асырылады, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық үкімет порталы арқылы алады.073/Е нысанындағы медициналық анықтаманы беру медициналық ақпараттық жүйеге енгізу және дәрігердің қол қойылған ЭЦҚ арқылы электрондық форматта ғана жүзеге асырылатыны көрсетіледі.Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады:Бас тарту көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қолы қойылған хатпен бас тартудың негізі көрсетіле отырып рәсімделеді.Осыған ұқсас түзетулер «алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне кіреді.Бұйрық 2024 жылғы 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.Сурет: pixabay
Arna Press,
14 мая 2024
в 14:48
Сәуірде қазақстандық тұтынушылық көңіл-күй алдыңғы аймен салыстырғанда біршама нашарлады. Қандай өнімдер мен тауарлар қымбаттап жатыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықтың инфляциялық күтулеріне жүргізген сауалнамасының нәтижелері бойынша 2024 жылғы сәуірде азық-түлік тауарлары бағасының өсуін атап өткен респонденттердің үлесі бір ай бұрынғы 76,8%-дан 77,9%-ға дейін өсті.
Arna Press,
10 мая 2024
в 17:48
9 мамырда сағат 18:20 шамасында 38 жастағы «ГАЗель» көлік құралының жүргізушісі Ибраев-Қайым Мұхамедханов даңғылының қиылысында бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп кетіп, «Toyota Highlander«көлік құралдарымен соқтығысуға жол берді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Arna Press,
10 мая 2024
в 14:48
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасында балаларға онкологиялық және гематологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын әзірледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Құжатта балаларды стационарлық деңгейде онкологиялық және гематологиялық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдарға жатқызуға арналған көрсеткіштер, қатерлі ісіктердің түрлеріне байланысты динамикалық бақылау мерзімдері айқындалған.Сонымен қатар, балаларға онкологиялық және гематологиялық көмек көрсету кезінде сүйек кемігін және гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантациялауды ұйымдастыру тәртібі анықталды.Медициналық ұйымдар балалардың онкологиялық және гематологиялық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты сақтай отырып, пациенттердің профилактикасына, ерте диагностикасына, емделуіне, динамикалық байқалуына бағытталған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді деп көзделеді.Диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамасына кірмейтін препаратпен емдеу қажет болған жағдайда препаратты тағайындау бейінді мамандар консилиумының шешімі бойынша мүмкін болады.Балалардың гематологиялық көмегі ақылы негізде көрсетіледі.Балалардың онкологиялық және гематологиялық көмегін көрсететін медициналық ұйымдар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің негізінде эпидемияға қарсы жұмыс режимін сақтай отырып, медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.Медициналық көмек деңгейлеріБастапқы деңгейде балалардың онкологиялық және гематологиялық көмегін алғашқы медициналық-санитарлық көмек және консультациялық-диагностикалық көмек (КДП) ұйымы жүзеге асырады.Қайталама деңгейде балалар онкологиялық және гематологиялық көмегі көп бейінді облыстық балалар ауруханалары немесе қалалық балалар ауруханалары деңгейінде – балалар онкологиясы және гематология бөлімшесінде, онкологиялық, гематологиялық немесе паллиативтік төсектері бар соматикалық бөлімшелерде және консультациялық-диагностикалық бөлімшелерде жүзеге асырылады.Үшінші деңгейде – орталық жүйке жүйесінің ісіктері кезінде сәулелік терапия мен операциялар жүргізуді талап ететін жағдайларды қоспағанда, республикалық деңгейдегі балалар медициналық ұйымдарының тиісті бөлімшелерінде.Стационарды алмастыратын жағдайларда балаларға медициналық көмекті БМСК, ҰҚШҰ, МДБ ұйымдары, республикалық деңгейдегі балалар медициналық ұйымдары жүзеге асырады.Балалардың онкологиялық және гематологиялық көмегін үшінші деңгейде көрсететін республикалық медициналық ұйымдар бастапқы және қайталама деңгейдегі мамандарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмекті жүзеге асырады.Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган республикалық деңгейдегі балалар медициналық ұйымына балалардың онкологиялық және гематологиялық көмегін жалпы үйлестіруді бекітеді.Балаларға онкологиялық және гематологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары:МСАК-та балалар онкологиялық және гематологиялық көмек көрсетіледі:Стандарт сонымен келесі жайттарға мән береді:Атап айтқанда, амбулаториялық жағдайда консультациялық-диагностикалық көмек көрсету үшін балалар онкологы мен гематолог кабинетінің құрылымы мен штат санын емдеу-диагностикалық жұмыс көлемі мен пациенттер санына қарай медициналық ұйымның басшысы белгілейді, бірақ 10 мың балаға шаққанда 0,05 дәрігерлік штат бірлігінен кем емес.Амбулаториялық жағдайда КДП көрсету үшін 1 дәрігерлік ставкаға орта медициналық персоналдың 1 ставкасы айқындалады.Құжат 23 мамырға дейін ашық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.Сурет: pexels
Arna Press,
08 мая 2024
в 20:08
Семейде көппәрлі үйде жеделсаты құлады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.8 мамыр сағат 12:30 шамасында Семей қ. ПБ Әуезов ПБ кезекші бөліміне «103» диспетчерінен Әуезов даңғылы, 3 бойындағы көпқабатты тұрғын үйдегі екінші кіреберісте лифт шахтасына жеделсаты құлағаны туралы хабарлама түсті.Сағат 11:40 шамасында лифтке 6 адам кіргені анықталды.
Arna Press,
26 апреля 2024
в 13:48
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты 2023 – 2027 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес денсаулық сақтау саласында 6 жоба іске асады деп жоспарланған, — деп хабарлайды Arnapress.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.Жоба аясында Семей қаласында 400 орындық Облыстық көпбейінді аурухана, 200 орындық көпбейінді балалар ауруханасы, Облыстық қан орталығы, қаланың оң және сол жағалауында 300 келушіге арналған емхана салу жоспарланған.
Arna Press,
25 марта 2024
в 13:18
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдедіБайқоңыр ауданында жаңа ғимараттың аумағында 12-қабат деңгейінде мұнара кранының кабинасы өртенді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.«Өрт толығымен сөндірілді. Өрттің ауданы — 1,5 ш. м. Медициналық тексеруден кейін краншы ауруханаға жатқызудан бас тартты», делінген хабарламда. Өртт сөндіруге Астана қаласы ТЖД 8 адам және 2 техника жұмылдырылды.Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі
Akorda.kz (KZ),
18 марта 2024
в 19:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Крыша,
18 марта 2024
в 12:27
Krisha.kz кім және қандай жағдайда төлемнен босатылатынын анықтады.Нотариус қызметін төлеу екіге бөлінеді: — мемлекеттік баж; — құқықтық және техникалық қызметтер (тек жеке мамандар төлейді).— Ұлы Отан соғысының ардагерлері; — жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері; — Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар; — 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеп (қызмет еткен), ҰОС жылдарында тылдағы қайсар еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін КСРО-ның орденімен және медалімен марапатталмаған адамдар; — мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедек немесе мүгедек баланың ата-анасының бірі; — «Батыр ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар.Ішiнара босатылады — қорғаншылық тағайындалған cозылмалы жүйке ауруымен ауыратын жеке тұлғалар — өздерiнiң мүлiкке мұрагерлiгi туралы куәлiктер алған адамдар.— нотариалды куәландыруға жататын құжат жобасын өз бетінше дайындаған жеке және заңды тұлға; — жалпы қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер; — ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар; — I және II топ мүгедектер; — жасы бойынша зейнеткерлер; — есептелген, бірақ төленбеген еңбекақыны және басқа төлемдерді талап ету бойынша өндіріп алушылар.
Arna Press,
11 марта 2024
в 19:48
Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев өз кінәсін мойындаудан бас тартты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Сондай-ақ, Бишімбаев өз ісін ашық процесте БАҚ қатыса алатын алқабилер соты қарағанын қалайтынын айтты.Айта кетейік, 16 қаңтарда айыпталушыға тағы бір қылмыстық бап – «Қинау» (ҚК-ның 110-бабы 2-бөлігі) бойынша айып тағылғаны белгілі болды.
Arna Press,
04 марта 2024
в 13:58
Патрульдік полиция қызметкері аға сержант Ахатов, 34 жастағы күдіктінің заңсыз әрекеттерінің жолын кесу кезінде жарақат алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Осыған қарамастан, полиция қызметкері әріптесімен бірге қылмыскерді ұстаған.«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп — тексеру басталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов.Белгілі болғандай, Абай облысының Полиция Департаменті өмірін қатерге тігіп, қаскөйді ұстаған аға сержантты марапатқа ұсынуды жоспарлап отыр.Естеріңізге сала кетейік, 29 ақпанда түстен кейінгі уақытта, полицейлер 13 жасар қыздан белгісіз ер адам оның артынан қалмай, аңдып жүргені туралы хабарлама алды.Заңсыз әрекеттердің жолын кесу үшін қызметтік көліктен шыққан кезде патрульдік полиция қызметкері Асхат Ахатовқа қылмыскер пышақпен шабуыл жасады.
Arna Press,
27 февраля 2024
в 19:08
Пойыздың тоқтату кранын жұлып алған екі жолаушыға айыппұл салынды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жыл басынан бері Көліктегі ПД қызметкерлері 12935 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін 1048 дерек болған. Сондай-ақ пойызды тоқтату кранын жұлып алудың 10 фактісі тіркелді.Мәселен, 24 ақпанда Ақтөбе облысының Тассай – Шалқар аралығында тоқтату кранын жұлып алуына байланысты Маңғышлақ – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызы кестеден тыс тоқтады.
Arna Press,
22 февраля 2024
в 15:48
Дәрігерлер әйелге ота жасаған кезде ішінде жіпті ұмытып кеткен, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Әйелдің айтуынша, отадан соң үш аптадан кейін ғана оның ауруының себебі дәрігерлер ұмытып кеткен іштегі жіп екені анықталған.Галина Климова ауруханаға қаңтардың аяғында түскен.