Популярные темы

жылой: новости — страница 34

Атырау облысында 11 жасар баланы қағып өлтірген жүргізуші 2,5 жылға сотталды

Arna Press, 06 марта 2023 в 00:18

Атырау облысында 11  жасар баланы қағып  өлтірген жүргізуші  2,5 жылға сотталды
2022 жылы 20 қазанында 11 жасар баланы өліміне әкелген жол апатын жасаған жүргізуші 2,5 жылға абақтыға жабылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.Ер адамға ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі «жүргізушінің адам өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзуы» бабы бойынша айып тағылды.Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, сотталушының кінәсі сараптама қорытындысымен, ЖКО орнынан түсірілген бейнежазбамен толық расталады.

Түркістан облысында 3 жасар бала суға батып кеткен

Arna Press, 05 марта 2023 в 21:38

Түркістан облысында 3 жасар бала суға батып кеткен
Түркістан облысында 3 жасар бала өзеннен өлі табылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.4 наурызда сағат 18.00-де Түркістан облысы ТЖД 112 пультіне Бәйдібек ауданы Жоғарғы Боралдай ауылының жергілікті тұрғындары 2020 жылғы баланың денесін (құлаған жерден 1 шақырым жерде) судан алып шыққаны туралы хабарлама түскен.Алдын ала мәлімет бойынша, 4 наурызда күндіз ата-анасының қарауынсыз қалған 2020 жылы туған бала суға түсуге жабдықталмаған жерде суға құлаған. Үйге жақын маңда өзен бар екен.Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖ департаментінің, кезекші тергеу-жедел тобының қызметкерлері барған.Сурет:pixabay.com

Қарағандыда оқушылар мен студенттерге арналған «Бизнес старт» байқауы өтті

EKaraganda.kz, 04 марта 2023 в 15:35

Қарағандыда оқушылар мен студенттерге арналған «Бизнес старт» байқауы өтті
Колледждер мен жоғары оқу орындарының кәсіпкерлері мен оқытушыларынан құралған қазылар алқасы барлығы 29 жобаны байқады. «Бизнес бастау» байқауының ұйымдастырушылары — Қарағанды облысының білім басқармасы мен облыстық «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру ғылыми-тәжірибелік орталығы. Осындай байқаудың көмегімен кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыру үшін әлеуметтік маңызы бар және ғылыми-зерттеу қызметтер саласында дарынды жастар анықталып, оларға қолдау көрсетіледі.Байқаудың облыстық кезеңінің алдында іріктеу кезеңі өтті, олар – көрмедегі жобалардың электронды тұсаукесері мен оларды қорғаудан тұрды, содан кейін әділқазылар жеңімпаздарды анықтады.

Қазақ эстрадасының маэстросы – Нұрлан Байкөзов жеке концертін өткізбек

Новости пресс-служб, 26 ноября 2014 в 09:32

Қазақ эстрадасының маэстросы – Нұрлан Байкөзов  жеке концертін өткізбек
10-желтоқсан күні Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыдағы Республика сарайында кешкі сағат 19.00-де қазақ эстрадасының маэстросы, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республика­лық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі, дирижер, аранжировка шебері Нұрлан Байкөзовтың жеке шығармашылық кеші өтеді. Кешке Жұбаныш Жексенұлы, Мақпал Жүнісова, Бағдат Сәмединова, Маржан Арапбаева, М.Арынбаев, Д.Сейітжанов, Сая Маханбетқызы, Е.Әбішев, «Жетіген», «Мюзикола» топтарымен қатар өзге де өнер жұлдыздары қатысады. Концерттен түскен қаржының бәрі қайрымдылық мақсатта жұмсалмақ.
Показано 4 новости из 994