Популярные темы

Түркістан облысында 3 жасар бала суға батып кеткен

Дата: 05 марта 2023 в 21:38


Түркістан облысында 3 жасар бала суға батып кеткен
Стоковые изображения от Depositphotos

Түркістан облысында 3 жасар бала өзеннен өлі табылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі  Tengrinews.kz сайтына  сілтеме жасап.

4 наурызда сағат 18.00-де Түркістан облысы ТЖД 112 пультіне Бәйдібек ауданы Жоғарғы Боралдай ауылының жергілікті тұрғындары 2020 жылғы баланың денесін (құлаған жерден 1 шақырым жерде) судан алып шыққаны туралы хабарлама түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, 4 наурызда күндіз ата-анасының қарауынсыз қалған 2020 жылы туған бала суға түсуге жабдықталмаған жерде суға құлаған. Үйге жақын маңда өзен бар екен.

Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖ департаментінің, кезекші тергеу-жедел тобының қызметкерлері барған.

Сурет:pixabay.com

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями