Популярные темы

Атырау облысында 11 жасар баланы қағып өлтірген жүргізуші 2,5 жылға сотталды

Дата: 06 марта 2023 в 00:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Атырау облысында 11  жасар баланы қағып  өлтірген жүргізуші  2,5 жылға сотталды
Стоковые изображения от Depositphotos

2022 жылы 20 қазанында 11 жасар баланы өліміне әкелген жол апатын жасаған жүргізуші 2,5 жылға абақтыға жабылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасай отырып.

Ер адамға ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі «жүргізушінің адам өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзуы» бабы бойынша айып тағылды.

Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, сотталушының кінәсі сараптама қорытындысымен, ЖКО орнынан түсірілген бейнежазбамен толық расталады. Прокурор 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушінің өкілі заң талаптарына сәйкес үкім шығаруды сұрады.

Сотталушы өз кінәсін  толықтай мойындады.

Сот жазаны тағайындау кезінде  сотталушының бұрын соңды сотталмағандығын, және жасаған қылмысын өз еркімен мойындағанын, қарттықттығын, денсаулық жағдайын және моральдық зиянды өтеуін жеңілдететін жағдайлар деп санады.

Сотталушы 3 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығы шектеліп, екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленуші тараптың пайдасына  5 миллион теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысы өндірілді.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қазан күні сағат 8-де Жылыой ауданының Құлсары қаласында мектепке барар жолда 5 сынып оқушысы «Көктем» дүкенінің жанындағы көшені кесіп өтпек болғанда, оны 73 жастағы Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі қағып кетті. Бала оқиға орынында қайтыс болды.

Сурет:Tengrinews.kz / Турар Казангапов

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями