Arna Press,
20 декабря 2023
в 16:38
20 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2024 жылы зейнетақысы бойынша қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Келесі жылдан бастап біз ең төменгі шекті тағы 5% көтереміз.
Крыша,
29 ноября 2023
в 10:37
Отбасы банк ұсынған «Табысты» ипотекасы туралы жаңалық біраз дау тудырғаны рас. Жаңа бағдарлама тиімді ме, әлде «Баспана» тарифі ме? Krisha.kz жаңа тариф пен ескісін өзара салыстырып көрді.«Баспана». Ақша жинаудың стандарт схемасы мынадай:Бұл тарифтің артықшылығы — баспана құнының 50 %-ын жинап қойсаңыз, үш жыл күтпей-ақ ипотека рәсімдеуге болады.«Табысты».
Arna Press,
27 ноября 2023
в 12:08
Қазақстанда қанша жалғызбасты ана мен әке тұрып жатқаны белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Жалпы, 2022 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалары бар 476 мың жалғызбасты әкелер немесе аналар отбасы бар, оның ішінде 423 959-ы балалы аналар отбасы, 52 мыңы — балалары бар әкелер отбасы.Мұнда әкелер мен аналардың барлық санаты ескерілгені айтылды: жесір, ажырасқан, ешқашан үйленбеген.Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті мәліметінше, 2022 жылы 129 707 жұп некеге отырса, 51 220 жұп ажырасқан.«Неке (ерлі-зайыпты) және отбасы туралы» кодекстің 17-бабына сәйкес неке кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптының және мүліктік даулардың өзара келісімі бойынша ғана АХАТ органдарында тікелей бұзылуы мүмкін.«Жүргізілген мониторингке сәйкес, тіркеуші органдардың ақпараты бойынша, азаматтар өзара келісім бойынша некені бұзу туралы өтініш берген кезде, өтініш берушілер некені бұзудың негізгі себебін «мінездерінің бір-біріне сай келмеуі» деп көрсетеді», — деп хабарлады ведомство.Сурет: depositphotos.com
Arna Press,
20 ноября 2023
в 13:08
Қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде шамамен 484,3 миллиард теңге төленді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен 431 миллиард теңге жұмсалды.
Arna Press,
14 ноября 2023
в 10:58
Қазақстан 2024 жылы алдын ала болжам бойынша қанша кандас пен қоныс аударушыларды қабылдайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Құжатқа сәйкес 2024 жылға өңірлік қабылдау квотасы белгіленеді:Жоба 2023 жылғы 27 қарашаға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА порталында жарияланды.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ҚР Туризм және спорт министрлігі этникалық қазақтардың «қандас» мәртебесін алуға өтініш беру процесін жеңілдету үшін «eQonaq» ақпараттық жүйесі негізінде құрылған «Kutty meken» бірлескен жобасын іске қосты.Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Arna Press,
13 ноября 2023
в 14:48
2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың саны 172,3 мың адам болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Бұл ретте биыл 166,3 мың азаматқа төлем тағайындалып, жалпы төлем сомасы 37,8 млрд теңге болды», — делінген хабарламада.Қолданыстағы заңнамаға сай, жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және кейінгі 24 айдағы табысына қарай 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлемдер алады.
Arna Press,
10 ноября 2023
в 18:49
ҚР бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеліп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл туралы 10 қараша күні Астана полиция департаменті баспасөз қызметі былай деп хабарлады:«Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелдің өліміне қатысты оқиғаны елордалық Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша тергеп жатыр».ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігінде «Адам өлтіру, яғни басқа адамның заңсыз қасақана өліміне әкеп соғу 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады» делінген.Сурет: ortcom.kz
Arna Press,
07 ноября 2023
в 11:28
Қазақстан желтоқсан айында дәстүрлі түрде Тәуелсіздік күнін атап өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Биыл Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан сенбіге сәйкес келеді, сондықтан қазақстандықтар дүйсенбі күні де демалады.Тәуелсіздік күні:Желтоқсанда барлығы 11 демалыс және 20 жұмыс күні бар.2022 жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойды, соған сәйкес «16 желтоқсан Тәуелсіздік күні» ұлттық мерекесі мемлекеттік мерекелер қатарына енгізіліп, тек бір күн – 16 желтоқсанда тойлана бастады.
Tengrinews,
30 октября 2023
в 12:03
Қызылордалық тігінші Шайхы Өтепованың әр күні тігін машинасының алдында өтеді. Көптеген жыл базарда сауда жасаған ол 3 жыл бұрын кәсіп ауыстырды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Шайхы Өтепова Қазалы ауданының орталығында тұрады. Бүкіл жұмыс үйінің бір бұрышында бітеді. 3 жылдан бері қанша сәбидің бесік жапқышын, қанша қыздың жасауын тіккені есінде жоқ.
Крыша,
27 октября 2023
в 11:27
Үйдің шатырын кім жөндейді? Қаражатты қайдан алады және төменгі қабаттағы тұрғындар ақша жинаудан бас тартса қайтпек керек?Жөндеу жұмысын жүргізу үшін мүлік иелерінің бәрі ақша шығарады. Ол пәтер ме, коммерциялық орынжай ма, бәрібір. Қай қабатта орналасқаны да маңызды емес.«Тұрғын үй қатынастары туралы» заң бойынша кіреберіс, баспалдақ, шатыр, жертөле, инженерлік желілер, бір сөзбен айтқанда, есік сыртындағының бәрі — ортақ мүлік.
Крыша,
26 октября 2023
в 16:47
1 ақпанда Ұлттық қордан балалардың шотына ақша түсе бастайды. 18-ге толған азамат оны алуға құқылы. Баланың ата-анасы шоттағы соманы БЖЗҚ не eGov арқылы тексеріп отырса болады. Бұл жөнінде брифингте қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты.«Ұлттық қор — балаларға» жобасы елдің кішкентай тұрғындарының арнайы жинақ қорына Ұлттық қорға түскен инвестициялық кірістің 50 %-ын аударуды мақсат етеді.
Крыша,
19 октября 2023
в 16:57
Қазір келісімшарт құны қанша тұрады және қай кезде қосымша шығындаласыз?Сатып алу-сату келісімшартының құны үйді немесе жер телімін кім және кімге сатып жатқанына тікелей байланысты.Мысалы, сатушы мен клиент жеке тұлға және туыс болмаса, нотариус арқылы келісімшартқа отыру үшін 12 АЕК немесе 41 400 теңге керек (2023 жылы 1 АЕК 3450 теңге) төлейсіз.Егер мәмілені балалар, жұбайлар, ата-ана, туған бауырлар не әпкелер, немерелер арасында жасалса нотариус қызметі арзанға түседі — 7 АЕК (24 150 теңге).Ал сатушы мен сатып алушы заңды тұлға болған жағдайда — 17 АЕК (58 650 теңге) жұмсайды.Нотариус ең арзан тарифті ипотека рәсімдейтіндерге ұсынады, небәрі 4 АЕК (13 800 теңге).Барлық нотариалдық кеңседе бірыңғай тариф бекітілген.