Arna Press,
17 февраля 2026
в 19:18
Абай облысына әкім болып Берік Уәли тағайындалғанына бір жыл толды. Осыған орай Arnapress.kz тілшісі өңір тұрғындары арасында «Аймақта өзгеріс байқалды ма?»деген сауалнама жүргізді. Онда түрлі пікірлер айтылды.Еске сала кетейік, Берік Уәли облысымызға 2025 жылы 17 ақпанда келген еді. Көпшілік қала келбетінің жақсарғанын атап өтті.«Жол жөнделіп жатыр, қала тазарды. Әкім өз жұмысын жақсы жасап жатыр.
Arna Press,
16 февраля 2026
в 13:08
Семей қаласының Қаржаубайұлы көшесінде, реттелетін қиылыстардың бірінде «Toyota Alphard» пен «Kia» автокөліктері қатысқан жол-көлік оқиғасы тіркелді деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап55 жастағы Семей қаласының тұрғыны «Toyota Alphard» автокөлігін басқарған. Ол 39 жастағы жүргізуші тізгіндеген «Kia» автокөлігін соқты.Тексеру барысында 55 жастағы жүргізушінің алкогольдік мас күйде екені анықталды.
EKaraganda.kz,
13 февраля 2026
в 17:16
«Тренер аға» – сериалы бұрынғы боксшы Дарханның өмір жолын баяндайды. Ол сегіз жыл бойы араласпаған әкесінің қазасына байланысты туған қаласына келеді. Ескі бокс залы – әкесінен қалған жалғыз мұра. Бір кездері бұл залда талай жасөспірім тәрбиеленіп, өмірге бағыт-бағдар алған еді. Залды жергілікті кәсіпкер қомақты қаржыға сатып алуды ұсынады.
Arna Press,
13 февраля 2026
в 12:18
Абай облысының Үржар ауданында, Абылайхан көшесінде полиция қызметкерлері BMW маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлік тізгінінде 38 жастағы жергілікті тұрғын болған деп Arnapress.kz Полиция департамерті баспасөзіне сілтеме жасап хабарлайды.Жүргізушімен тілдесу барысында тәртіп сақшылары одан алкогольдің өткір иісін байқаған.
Arna Press,
12 февраля 2026
в 18:18
Семей қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Жедел басқару орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл туралы Arnapress.kz тілшісі сұрағына Жедел басқару орталығының кезекші бөлімінің ұйымдастырушысы және бақылау тобының инспекторы, полиция майоры Кәкіжанов Дидар Сайлауханұлы жауап берді.Оның айтуынша, орталықтың негізгі міндеті — қаладағы жедел жағдайды үздіксіз бақылау, бейнебақылау камералары арқылы ақпарат жинау және полиция күштерінің жұмысын үйлестіру.«Қазіргі таңда қала аумағында 3007 цифрлық бейнекамера орнатылған.
Arna Press,
11 февраля 2026
в 13:28
Катонқарағай ұлттық паркінің аумағында қар барысы үш күшігімен бірге фототұзаққа түсіп қалды деп хабарлайды Arnapress.kz ұлттық паркке сілтеме жасап. Сирек кездесетін жыртқыштың отбасы кадрға түсуі — табиғат қорғау мамандары үшін ерекше оқиға. Мамандардың айтуынша, ілбіс күшіктері шамамен екі жыл бойы анасымен бірге жүреді.
Arna Press,
10 февраля 2026
в 11:48
Абай облысының гимнін жазуға арналған «Ұлылар елі» республикалық ән байқауы басталатыны жарияланды, деп хабарлайды Arnapress.kz Мәдениет басқармасы баспасөзіне сілтеме жасап.Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәли Абай атындағы әмбебап кітапханада жергілікті ақын-жазушылармен өткен кездесуде мәлімдеді.Облыс әкімінің айтуынша, Абай облысы құрылғанына бірнеше жыл толғанына қарамастан, өңірдің рухын көтеріп, халықтың жүрегіне жететін гимн мен патриоттық бағыттағы жаңа әндерге сұраныс бар.«Бүгін сіздермен кездесуде жалпы жұртқа бір жақсы жаңалықты жариялағым келеді.
Arna Press,
10 февраля 2026
в 11:48
Абай облысының тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.Прокуратура мәліметінше, Семей қаласының тұрғыны онлайн-платформалар арқылы террористік сипаттағы материалдарды таратқан. Тергеу деректеріне сәйкес, ол 2024 жылғы шілде мен 2025 жылғы сәуір аралығында TikTok әлеуметтік желісінде анонимді аккаунттар пайдаланып, сондай-ақ азаматтармен жеке хат алмасу барысында терроризмді насихаттайтын контент жариялаған.Таратылған материалдар зорлық-зомбылық идеологиясын насихаттап, террористік қызметті ақтауға бағытталғаны анықталған.«Сот үкімімен айыпталушы Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі – «Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру» бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді», – делінген прокуратура хабарламасында.Сондай-ақ Бас прокуратура Қазақстан Республикасының аумағында «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымының қызметі террористік деп танылып, оған толық тыйым салынғанын еске салды.Фото: жасанды интеллект арқылы
Arna Press,
09 февраля 2026
в 14:38
ҚР Көлік министрлігі Астана мен Талдықорған арасындағы жаңа теміржол қатынасы биылғы жылы, сәуір айында іске қосылатынын хабарлады дейді Arnapress.kz Жаңа бағыт Парламент Мәжілісінің депутаттарының бастамасымен, Көлік министрлігі мен ұлттық тасымалдаушы — «Жолаушылар тасымалы» АҚ бірлескен жұмысы аясында, сондай-ақ азаматтардың өтініштері негізінде ұйымдастырылып отыр.Министрліктің мәліметінше, бұл жоба Жетісу облысының көлік қолжетімділігін арттыруға, жолаушылар сұранысын қанағаттандыруға және елорда мен өңірлер арасында жайлы, қауіпсіз әрі тұрақты теміржол қатынасын қалыптастыруға бағытталған.Бастапқы кезеңде ұлттық тасымалдаушы екі жолаушылар вагонын № 122/121 «Нұрлы жол – Семей» пойызы құрамында күн ара қатынау үшін бөледі.
Arna Press,
09 февраля 2026
в 13:38
Атырау облысында болған оқушылар арасындағы булинг жағдайына қатысты Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова фейзбук парақшасында пікір білдірді деп хабарлайды Arnapress.kzМинистрдің ойынша, мектеп директорының қызметтен босатылуы проблемаға шешім емес.«Балалар арасындағы булинг, төбелес және өзге келеңсіз жағдайлар тек директорға ғана байланысты емес.
Arna Press,
09 февраля 2026
в 12:08
Семей қаласында Бозтаев көшесі жағынан Оқушылар сарайына өтуге байланысты тұрғындар тарапынан қиындықтар туындап отыр. Ата-аналар мен қала тұрғындарының айтуынша, нысанға жаяу жету қолайсыз, бұл әсіресе балалар үшін қауіп төндіреді.Осыған байланысты Arnapress.kz редакциясы Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ресми сұрау жолдаған болатын.Басқарманың мәліметінше, қазіргі уақытта Бозтаев көшесі жағынан Оқушылар сарайына жаяу жүргіншілер көпірін салу бойынша жобалық-сметалық құжаттама сараптамадан өту сатысында.«Жобаға сәйкес, ұзындығы 51,80 метр, ені 3,50 метр болатын металл жаяу жүргіншілер көпірін салу көзделген. Өту бөлігінің биіктігі 2,50 метрді құрайды.
SportInfo,
07 февраля 2026
в 10:26
7 ақпанға қараған түні Италияда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Миландағы әйгілі «Сан-Сиро» стадионы ашылу салтанатының басты алаңына айналды. Сондай-ақ рәсім Кортина-д’Ампеццо, Ливиньо және Предаццо қалаларындағы алаңдарды да қамтыды.
Arna Press,
05 февраля 2026
в 13:08
Семейдегі жаңа көпірдің аралық құрылысына арналған 9 мың тонна металл конструкция сатып алынып, оның 2,6 мың тоннасы нысанда монтаждалған дейді Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Arnapress.kz ресми сұрауында.Семей қаласындағы жаңа көпір былтырғы жылы яғни, 2025 жылдың соңында аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланған еді.
Arna Press,
05 февраля 2026
в 11:28
Қарағайлы тұрғын үй кешеніндегі мектеп маңынан өтетін көшедегі жарық мәселесі алдағы күндері шешімін табуы мүмкін деп Arnapress.kz тілшісі хабарлайды.Бұған дейін сайтымызда Қарағайлы ықшам ауданындағы аталған көшеде жарық бағаналары орнатылғанымен, әлі күнге дейін іске қосылмағанын жазған едік. Осы жарияланымға жауап ретінде Семей әкімдігі түсініктеме берді.Олардың мәліметінше, Қарағайлы ықшам ауданында мектеп маңынан өтетін автомобиль жолының құрылысы 2025 жылы толық аяқталған. Қазіргі уақытта аталған көшедегі жарық бағаналарын қосу үшін мердігер ұйыммен және техникалық қадағалау қызметімен бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатыр.
Arna Press,
03 февраля 2026
в 11:28
Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми қабылдаушысы атанды. Бұл туралы Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kzАОК таратқан ресми ақпаратқа сәйкес, қабылдаушы қала мәртебесіне қатысты келісімге 5 ақпанда, Италияның Милан қаласында қол қойылады деп жоспарланып отыр.Айта кетейік, бұған дейін 2029 жылғы қысқы Азия ойындарын Сауд Арабиясы қабылдайды деп жоспарланған болатын.
Arna Press,
02 февраля 2026
в 16:08
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы (ШЫХО) 2026 жылғы 16 ақпаннан 1 наурызға дейін уақытша жабылады деп хабарлайды Arnapress.kz «Қорғас» ШЫХО әкімшілігіне сілтеме жасап.Қытайдағы Жаңа жыл мерекесіне және осы кезеңде «Қорғас» ШЫХО-ның қытай тарапындағы қызметінің уақытша тоқтатылуына байланысты болмақ.Аталған уақытта Қазақстан тарапында туристер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.«Қорғас» ШЫХО 2026 жылғы 2 наурыздан бастап қалыпты режимде жұмысын қайта жалғастырады, – деп хабарлады әкімшілік.Фото: Жасанды интеллект арқылы жасалды
Arna Press,
02 февраля 2026
в 14:58
Енді ел ішінде теміржолмен сапарлауға 25% жеңілдік қарастырылған деп хабарлайды Arnapress.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жеңілдікті пайдалану үшін барлық пойыздарда жарамды QURMET дисконттық картасын рәсімдеу жеткілікті. Карта купе, плацкарт және отыратын вагондарға орын шектеусіз билет алуға мүмкіндік береді.
SportInfo,
02 февраля 2026
в 13:46
Көне Түркістан нағыз Қазақстан шахматының астанасына айналды. 2026 жылғы 20–30 қаңтар аралығында мұнда, Олимпиада резервін даярлау орталығында, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Елдің барлық 17 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаладан келген мыңға жуық бала мен жасөспірім бағдарламаның үш түрі бойынша — классикалық шахмат, рапид және блиц — жүлделер үшін таласты.
Arna Press,
02 февраля 2026
в 13:38
2026 жылы кәсіпкерлер үшін салық саласында бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді. Негізгі мақсат – арнайы салық режимдерін оңтайландыру жайлы ақпаратпен Arnapress.kz тілшісіне Еркін Сұнғат Еркінұлы Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы бөлісті. «Осыған байланысты биыл үш арнайы салық режимі қолданысқа енді: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған, оңайлатылған декларация негізіндегі және шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған режимдер. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған режимді жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, жалдамалы жұмыскерлері жоқ тұлғалар қолдана алады.
Arna Press,
30 января 2026
в 17:38
Жыл басынан бері Абай облысында интернет-алаяқтыққа қатысты 68 қылмыс фактісі тіркеліп, азаматтарға келтірілген қаржылық шығын көлемі 110 миллион теңгеден асты, деп хабарлайды Arnapress.kz Облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Интернет-алаяқтықпен күрес аясында тек қылмыстарды тергеп қана қоймай, алдын алу шараларына да ерекше көңіл бөлуде. Құқық қорғау органдарының мамандары күнделікті негізде тұрғындармен кездесіп, заманауи алаяқтық схемалары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Arna Press,
30 января 2026
в 15:18
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында кадрлық ауыс-түйіс болып, басқарма төрағасының екі орынбасары тағайындалды деп хабарлайды Arnapress.kz Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасапМедицина саласында ұзақ жыл еңбек еткен Бақытжан Абдуллаев ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалған.Ол еңбек жолын Астанадағы №1 қалалық ауруханада санитар және акушер қызметінен бастап, трансфузиолог, хирург-дәрігер, бөлім басшысы, сондай-ақ осы ауруханада бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарған.2023 жылдан жаңа қызметіне дейін Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болған.Сондай-ақ Индира Ерденова Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалған.Ол бірнеше жыл Қаржы министрлігінің жүйесінде жұмыс істеген.
Arna Press,
29 января 2026
в 14:48
Жетісудың «Бақторы» атты жүйрігі 2023 жылы Ақсуатта өткен 140 шақырымдық аламан бәйгеде 6 сағат 12 минутта мәре сызығын кесіп өткен болатын. Ал, биыл бұл нәтиже ресми түрде тіркеліп, жүйрік әлемдік рекорд иегері атанды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіАлтай мен Атырау, Қордай мен Торғайдың арасындағы аузында өлеңі, астында жүйрігі бар жұрт Тарбағатайға аламан бәйгеге ағылды.
Arna Press,
29 января 2026
в 11:48
Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды деп хабарлайды Arnapress.kz Ақордаға сілтеме жасап.Орнына Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.Айбек Смадияров 1983 жылғы 7 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген.
Arna Press,
28 января 2026
в 17:08
Астанада Instagram әлеуметтік желісі арқылы азаматтарды алдаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Аrnapress.kz Астана қаласы прокуратурасына сілтеме жасапТергеу мәліметінше, 2021–2025 жылдар аралығында 30 жастағы ер адам өзін ипотекалық делдал ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кірген.
EKaraganda.kz,
28 января 2026
в 15:55
В театре существует особенное мгновение – сразу после открытия занавеса, когда в зрительном зале наступает абсолютная тишина. В эти короткие секунды, рассказывают в карагандинском театре музкомедии, зритель впервые соприкасается с миром спектакля, миром, созданным фантазией художника. Именно через декорации и костюмы, без единого слова раскрывается замысел режиссёра, формируется атмосфера и настроение на ближайшие несколько часов.
Arna Press,
28 января 2026
в 15:48
Қорғаныс министрлігі жыл басынан бері Қарулы Күштер қатарында орын алған әскери қызметшілердің қазасына байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arnapress.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Министрлік басшылығы қаза болған әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, бұл жағдайлардың аса ауыр екенін атап өтті.
Arna Press,
27 января 2026
в 18:28
Семей қаласында 100 орындық жаңа медициналық-әлеуметтік мекеме пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына Абай облысының әкімі Берік Уәли мен облыс прокуроры Ерлан Абаев қатысты деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасапЖаңа ғимарат Мемлекеттік арнаулы қордың қаражаты есебінен «№1 Семей арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» аумағында салынған.
Arna Press,
27 января 2026
в 11:29
Семейдегі «Абай атындағы театр» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жаңа директоры тағайындалғаны белгілі. Өңірдегі өнер ордасының бүгінгі ахуалы мен алдағы жоспары жайында білу үшін Arnapress.kz тілшісі театр басшысы Нартай Сарсенбаевтың жұмыс орнына барып, тілдесіп қайтты. Нартай Сарсенбаев қазақ кино әлеміне жаңа леп әкелген «Құнанбай», «Ұлы дала таңы», «Ахмет. ұлы ұстаз» сынды фильм, сериалдарда басты рөлді шебер сомдап, өзгеше қырынан танылды.
Arna Press,
24 января 2026
в 15:48
Шаңғышы Әмірғали Мұратбеков алдағы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Екі аптадан кейін Италияның Милан және Кортина д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындары басталады. Бұл дүбірлі додаға Қазақстан атынан 36 спортшы жолдама алды.
Arna Press,
24 января 2026
в 14:28
КММ «Су және ойын спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» 2025 жылдың сәуір айында Абай облысының әкімі Берік Уәлидің қаулысымен құрылды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Мектептің негізгі мақсаты — балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулу, олардың дене шынықтыруын дамыту және халықаралық деңгейдегі спортшылар даярлау.«Қазіргі таңда мектепте 7 спорт бөлімі жұмыс істейді: ескек есу слаломы, су добы (водное поло), жүзу, футбол, баскетбол, волейбол және футзал.