Arna Press,
20 января 2025
в 20:58
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдарды тексеру бойынша қосымша ережелерді қабылдауға қатысты түсініктеме берді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Комитетте бұл түзетудің неліктен енгізілгені түсіндірілді. Жеке кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркеудің Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерліктен Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен (ЕТЖ) асатын мөлшерде жылдық табысы бар жеке тұлғалар жатады. Қазір ең төмен жалақы — 85 мың теңге.«Осылайша, егер жеке тұлғаның жеке кәсіпкерліктен бір жыл ішінде жылдық табысы 12 еселенген ЕТЖ-дан кем болса, оның жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар.
Arna Press,
10 января 2025
в 14:18
ІІМ 2024 жылғы 27 желтоқсандағы бұйрығымен мопедтерді тіркеу үшін құжаттар тізбесін айқындайтын Көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларына өзгерістер енгізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мопедті тіркеу үшін иесі (иесінің өкілі) мына құжаттарды ұсынуы керек:Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін пайдалана отырып, көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару үшін қажетті құжаттар тізбесіне де осындай толықтыру енгізілді.Бұйрық 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап күшіне енеді.Еске салайық, механикалық көлік құралын (бастапқы мемлекеттік тіркеуден өтетін көлік құралын қоспағанда) немесе тіркемені тіркеу ставкасы 0,25 АЕК (2025 жылы 983 теңге) құрайды.
Arna Press,
06 января 2025
в 12:28
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген жарлықта.Еске сала кетейік, бұған дейін Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі қызметін атқарды.Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды 1974 жылы 26 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Абай ауылында туған.Білімі:С.Сейфуллина атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтының түлегі (1996).
Arna Press,
05 января 2025
в 12:38
Семейде Ертіс өзеніне жарыс кезінде автокөлік құлап кетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«2025 жылғы 5 қаңтарда сағат 06:00-де Полковничий аралында, Бүркіт ұясы маңында жеңіл автокөлік жардан құлап, Ертіс өзеніне түскені туралы хабарлама түсті. Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік ішінде төрт адам болған», — деп жазылған ресми хабарламада.Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жіберілді. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.Полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын еске салады және барлық азаматтарды мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
Arna Press,
04 января 2025
в 14:38
В музее изобразительных искусств имени семьи Невзоровых прошёл показ нескольких эпизодов спектакля «Время мандаринов» театральной студии «Четвёртая стена», которая работает при Дворце творчества детей и молодёжи, передает Arnapress.kz.Молодые актёры показали три «главы» спектакля, жанр которого обозначен как «пособие по получению новогоднего настроения».
Магнолия,
16 декабря 2024
в 17:28
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдады.
Arna Press,
28 октября 2024
в 11:58
Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға ауа райына байланысты ескерту жасады, -деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазгидромет» болжамдарына сәйкес, ауа райы нашарлайды: қатты жауын-шашын, ауа температурасының төмендеуі, желдің күшеюі, боран, көктайғақ, тұман.ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:«Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар.
Arna Press,
23 октября 2024
в 18:48
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 2024 жылдың 23 қазанында Мәжілістің отырысында Қазақстанда мопедтерді тіркеудің басталуының ықтимал күнін айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Игорь Лепеха тиісті заңға қол қою күтіліп отырғанын еске салды.«Қазір біз оған қол қоямыз, қарашаның аяғына дейін бұл жұмысты аяқтаймыз және шартты түрде 1 желтоқсанда тіркеуді бастаймыз.
Arna Press,
22 октября 2024
в 00:08
Қазақстанда доллардың 18 қазандағы бағамы белгіленді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасапҚазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,09 теңгеге төмендеп, 485,04 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 18 қазандағы ресми бағамы — 487,24 теңге.kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 483,58 теңгеге, сатылымы 486,31 теңгеге тең.
Arna Press,
21 октября 2024
в 12:58
Су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде Арал теңізіне 200 млн текше метр су жіберілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасапҚызылорда облысының шаруалары су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде 200 млн текше метрге жуық су үнемдеді. Бұл су Арал теңізіне жіберілді.
Arna Press,
18 октября 2024
в 20:08
Отбасы банк «Отау» және «Наурыз» бағдарламалары бойынша қосымша іріктеуден өткен салымшылар үшін төлем қабілеттілігін растау мерзімін 31 қазанға дейін ұзартты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасап.Банк өкілдерінің мәлімдеуінше, «Отау» және «Наурыз» бағдарламалары бойынша қосымша іріктеуден өтіп, әрі қарай несиелендіру тізіміне енген салымшылар төлем қабілеттілігін растау үшін 31 қазанға дейін кез келген банк бөлімшесіне, кeңес беру орталықтарына келіп, немесе онлайн түрде өтініш бере алады.«29 қарашаға дейін Baspana Market жылжымайтын мүлік порталынан өзіңізге ұнаған тұрғын үйді таңдап, несие рәсімдеңіз.
Arna Press,
18 октября 2024
в 13:38
Сенатор Андрей Лукин әуекомпаниялардың қоғамдық рейтингін енгізуді ұсынды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасапПремьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында сенатор рейстердің жүйелі түрде кешігуі мен жолаушылар құқығының бұзылуына алаңдаушылық білдірді.«Қазақстанның әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңға сәйкес тасымалдаушылар рейс мәртебесі өзгерген жағдайда жолаушылар алдында жауапты болады.
Arna Press,
17 октября 2024
в 16:38
Аягөз қаласының тұрғындары пәтерлердегі жылытқыштардың салқын екеніне, жылусыз отырғанына шағымданған еді. Бұл жайтқа Энергетика министрлігі мен облыстық әкімдік өкілдері пікір білдірдіп, жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасапАбай облысы әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, 16 қазан сағат 15.00-де Ø159 ысырмасының істен шығуы себебінен жылумен жабдықтау апатты жағдайда ажыратылған.Әкімдіктегілер қазандықтар жұмысы тоқтатылмағанын, жылумен жабдықтауды толық қалпына келтіру сағат 16:00-де аяқталғанын мәлімдеді.
Arna Press,
14 октября 2024
в 19:28
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповаға Жітіқарадағы бес баланың өліміне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Мен іссапарда жүрдім. Дегенмен департамент директоры іссапарға жіберілді, ол басынан аяғына дейін жүрді, жерлеу рәсіміне де қатысты.
Arna Press,
14 октября 2024
в 19:28
Азаматтық авиация комитеті біздің елден ең көп рейс жасалатын 10 бағытты атады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап«Қазіргі уақытта Қазақстаннан аптасына 778 рейс жиілігімен 132 бағыт бойынша 32 елге тұрақты халықаралық рейстер орындалады (қазақстандық және шетелдік әуекомпаниялар орындайды –авт.еск.).
Arna Press,
11 октября 2024
в 17:48
Қазақстанда доллардың 11 қазандағы бағамы белгіленді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 4,37 теңгеге төмендеп, 487,37 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 11 қазандағы ресми бағамы — 490,84 теңге».kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 484,93 теңгеге, ал сату 488,24 теңгеге тең.
Arna Press,
10 октября 2024
в 12:38
Ақмола облысында Сұрған стансасында жүк пойызы рельстен шығып кетті. Таңертең пойыз қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасап.9 қазан сағат 17:40-та Есіл-Құсмұрын учаскесінің Сұрған стансасында электровоз бен жүк пойызының вагондары рельстен шығып кеткен.
Arna Press,
10 октября 2024
в 12:38
2024 жылғы 10 қазанда палатаның жалпы отырысында Сенат депутаты болып тағайындалған Марат Қожаев Қазақстан халқына ант берді, -деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Марат Қожаевты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сенатор етіп тағайындағанын еске салды.«Сізді сенатор болып тағайындалуыңызбен құттықтаймыз және депутаттық қызметіңізге табыс тілейміз.
Arna Press,
09 октября 2024
в 16:18
ТЖМ өкілдері Қарағанды облысының аумағындағы өрт сөндіріліп, өрттің жалпы ауданы анықталып жатқанын мәлім етті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ведомствоның ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.«Қатты екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатты» Өртті сөндіру жұмыстары жерүсті және әуе көлігімен жүргізілді.Бүгін аэровизуалды барлау жүргізілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, жаңа өрт ошақтары байқалмайды», — делінген хабарламада.
Arna Press,
08 октября 2024
в 19:18
Ескерткіштің ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, облыстық мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов, қаза тапқан орманшылардың туыстары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты. Шарада батырлардың құрметіне гүл шоқтарын қою рәсімі де өткізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасапЕскерткіштің авторы — мүсінші Нұрбол Қалиев.
Arna Press,
08 октября 2024
в 18:18
Қазақстанда доллардың 8 қазандағы бағамы белгіленді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,96 теңгеге көтеріліп, 486,44 теңге болды. Айта кетейік,kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 485,57 теңгеге, сатылымы 487,49 теңгеге тең.
Arna Press,
19 сентября 2024
в 11:38
Нартай Сәрсенғалиев Мәжілістің 18 қыркүйектегі пленарлық отырысында ел армиясындағы тәртіпсіздікті болдырмау және алдын алу бойынша нақты шаралар қабылдауды және әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуды сұрады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Балаларды әскерге жіберіп, тек өзіміз зиян шегіп отырмыз.
Arna Press,
15 сентября 2024
в 19:58
Акимат Семея опубликовал программу мероприятий, приуроченных ко Дню города, передает Arnapress.kz.Как сообщает пресс-служба акимата, грандиозное празднование пройдет в этом году под названием «Қала күнімен, Семейім!».В городе состоится большое количество мероприятий для жителей всех возрастов, которые продлятся три дня.Среди них фестиваль «Retro Fest» с ретро-музыкой и веселыми развлечениями, конкурс художников «Образ родного города», а также уличные театральные постановки, которые позволят насладиться живописными уголками Семея.Также будут открыты обновленные общественные пространства в Сквере медиков и на острове «Бейбітшілік» — обновлённом в этом году.В микрорайоне «Заря» состоится торжественное открытие современной школы-лицея № 50 AI Semey, а также филиала Центра «Активное долголетие» на левобережье.Помимо этого, пройдут спортивные соревнования «Семей батыры» и командный турнир по открытым боям в рамках лиги «ARB SEMEY».
Arna Press,
12 сентября 2024
в 15:38
Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік апаттары жыл санап өсуде, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Жыл басынан бері облыста 197 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 2 бала қаза тауып, 251 жасөспірім түрлі жарақат алған. Балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында өңір аумағында 26-шы тамыздан 6-шы қыркүйек аралығында «Абайлаңыз — балалар!» республикалық акциясы өтті.
Arna Press,
11 сентября 2024
в 11:18
Жамбыл облысында емшіні шақырып, құрметпен қарсы алған Тұрар Рысқұлов ауданы Тереңөзек ауылындағы мектепте арнайы тексеріс жүргізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Тексеруді Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері жүргізді.
Arna Press,
10 сентября 2024
в 16:18
Үкіметте депутаттардың уақыт белдеуін қайтару туралы ұсынысы айтылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Үкімет отырысында Дүйсеновадан ескі сағат белдеуі қайтарыла ма деген сұрақ қойылды. Ол уақыт өзгерісінің қазақстандықтардың өміріне әсерін күту және бағалау маңызды деп жауап берді.«Соңғы 10 жылда басқа уақыт белдеуіне ауысу бойынша мамандар мен сарапшылардың үлкен тобы жұмыс істеді.
Arna Press,
29 августа 2024
в 15:48
Семей полигонының жабылуына арналған дәстүрлі «Бейбітшілік акциясы» өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының белсенділері, жергілікті атқарушы орган өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары «Өлімнен де күшті» монументіне гүл шоқтарын қойып, ядролық сынақ құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.Шара аясында халықаралық ядролық қарсы іс-қимыл күніне арналған көрме қойылды.
Arna Press,
21 августа 2024
в 13:38
Қазақстан банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін кепілсіз несие көлемін шектеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар берген тұтыну банкі несиелерінің сомасы келесі талаптарға сәйкес келеді:Еске салайық, бұл ломбардтардың 1 жылға дейінгі мерзімге 8 000 АЕК (29 536 000 теңге) мөлшерінде микрокредиттер беруі және микроқаржы ұйымдарының азаматтар мен заңды тұлғаларға 1 жылға дейінгі мерзімге микрокредиттер беруі.
Arna Press,
20 августа 2024
в 13:08
Олимпиада жүлдегерлеріне Алматыдан пәтер мен автокөліктің кілті табысталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қала басшысы спортшылар мен жаттықтырушыларды Олимпиаданың күміс жүлдегері – гимнаст Нариман Құрбановты, қола жүлдегерлер — дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевты, боксшы Назым Қызайбайды және оқ атудан сайысқа түскен мергендер Александра Ле мен Ислам Сәтбаевты жетістіктерімен құттықтады.«Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен алматылық спортшылардың Қазақстан қоржынына көп медаль салғаны қуантады.
Arna Press,
15 августа 2024
в 12:18
2024 жылдың 14 тамызында Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасының жеңімпаздарымен кездеседі деп жоспарланған болатын. Бірақ шара кейінге шегерілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Уәли кеше, 14 тамызда Тоқаев Париж Олимпиадасының жеңімпаздары мен жаттықтырушылар құрамын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойғанын еске салды.«Өздеріңізге белгілі, кеше президент Қасым-Жомарт Кемелұлы кездеседі деп жоспарланған болатын. Өкінішке орай, спортшылар мен бапкерлердің жартысына Ковид диагнозы қойылды, сондықтан кездесуді кейінге қалдыруға тура келді.