Arna Press,
11 июня 2023
в 14:38
Президент Абай облысындағы өрт аумағын тікұшақпен аралап шықты, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі aqorda_resmi каналына сілтеме жасап.Мемлекет басшысына Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков пен Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өрт сөндіру жұмысының барысы және табиғат апаты салдарымен күрес жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.Қазіргі уақытта 60 мың гектарға жуық орман алқабы өртке оранған. Өрт сөндіруге 300-ге жуық техника, 1500-ге жуық адам және 11 тікұшақ жұмылдырылған.Сурет: aqorda_resmi
Arna Press,
11 июня 2023
в 12:38
Сапар барысында Президент орман алқаптарындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі aqorda_resmi сілтеме жасап. Мемлекет басшысы шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізеді және өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің туыстарымен кездесуі жоспарланған.Сурет: aqorda_resmi
Arna Press,
05 июня 2023
в 11:48
Жаз мезгілінің аптап ыстығы басталысымен, семейліктер суға шомылуға асық. Алғашы демалыс күндері адамдардың суға батып кете жаздаған екі адам құтқарылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.2023 жылғы 3 маусымда сағат 11:20-да 112 пультіне Солнечная долина алқабында ер адам судан құтқарылды деген хабарлама түсті.«Ақпарат жинау барысында 1978 жылғы ер адам отбасымен Ертіс өзенінің жағалауында демалу кезінде батып бара жатқан адамды көріп, содан кейін дереу көмекке асығып, судан шығарған.
Arna Press,
30 мая 2023
в 19:28
Семейлік полицей өрт шыққан пәтерден мүгедектігі бар тұрғынды құтқарды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.15 мамыр күні сағат 18:53-те «101» пультіне Докучаев көшесінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Сол уақытта жеке автокөлікпен жұмыстан үйіне қайтып бара жатқан Абай облысы ПД ӘПБ әкімшілік практика бөлімінің бастығы Ернұр Кұтамбаев көпқабатты үйде қатты түтін шығып жатқанын байқаған.Полиция қызметкері өрт сөндіру бөлімшелері әлі келмегенін түсініп, азаматтарға өз бетінше көмек көрсетуді шешкен.