Популярные темы

Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысындағы өрт аумағын тікұшақпен аралап шықты

Дата: 11 июня 2023 в 14:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысындағы өрт аумағын тікұшақпен аралап шықты
Стоковые изображения от Depositphotos

Президент Абай облысындағы өрт аумағын тікұшақпен аралап шықты, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі aqorda_resmi каналына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков пен Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өрт сөндіру жұмысының барысы және табиғат апаты салдарымен күрес жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Қазіргі уақытта 60 мың гектарға жуық орман алқабы өртке оранған. Өрт сөндіруге 300-ге жуық техника, 1500-ге жуық адам және 11 тікұшақ жұмылдырылған.

Сурет: aqorda_resmi

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями