Arna Press,
08 сентября 2025
в 11:48
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Семей қаласындағы Жеңіс саябағында «Күз-2025» әскерге шақыру науқаны ресми түрде басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі департамент баспасөзінің қызметіне сілтеме жасап.Іс-шараға Абай облысы әкімінің орынбасары, облыстық әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Мейірлан Ақылбекұлы Раханов, Абай облысы қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Руслан Омаров, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары полковник Анвар Бахтиярович Рахматуллаев, тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар басқармасының бастығы подполковник Айдын Амангельдыевич Чуримбаев, «Застава тарландары» республикалық ардагерлер бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы, запастағы подполковник Анарбек Еркінұлы Еркешов, «Аналар жүрегі» сарбаз аналар комитетінің Абай облыстық филиалының жетекшісі Айнур Баяхметовна Татерова, сондай-ақ сарбаздардың ата-аналары қатысты.Алғашқы құттықтау сөзді облыс әкімінің орынбасары Мейірлан Ақылбекұлы Раханов айтты.
Arna Press,
20 августа 2025
в 19:08
Жақында елімізде әскери қызметке шақыру жүйесі цифрландырылып, рәсім толықтай автоматтандырылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Оның айтуынша, алдағы уақытта әдеттегі қағаз түріндегі шақыру болмайды. Барлық хабарламалар SMS немесе eGov порталындағы жеке кабинет арқылы жеткізіледі. Егер азамат бұған мән бермесе, мәселе Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс аясында шешілмек.«Әскерге шақырылушыларға шақыру туралы хабарламалар SMS-хабарлама немесе eGov порталындағы жеке кабинет арқылы жеткізіледі.
Arna Press,
20 августа 2025
в 12:18
19 тамыз Абай облысы Үржар ауданының Бестерек ауылында жантүршігерлік жол апаты орын алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Сағат 16:00 шамасында 55 жастағы «Toyota» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, үйдің қақпасы жанында тұрған балалар тобына соқтығысқан.Оқиға салдарынан екі кәмелетке толмаған бала оқиға орнында көз жұмды, біреуі ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды.
Arna Press,
19 августа 2025
в 12:28
Семейде Гарнизондық офицерлер үйінде шекарашылар күніне арналған салтанатты мерекелік концерт өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Мерекелік шараға Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің жеке құрамы, ардагерлер, офицерлер мен әскери қызметшілердің отбасылары қатысты.
Arna Press,
15 июля 2025
в 11:48
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің үздік сержанттары анықталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.9-11 шілде аралығында үздік сержанттарды іріктеу туры өтті. Үш күнге созылған сайысқа «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына тікелей бағынысты Семей, Өскемен, Павлодар, Аягөз, Үшарал қалалары мен Жаңғызтөбе кентіндегі әскери бөлімдерден 100-ге жуық сержант қатысты.«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының сержанты, 1 сыныпты сержант Азамат Ешенов бұл байқаудың әскери қызметкерлердің физикалық дайындығын арттыруда, спорттық шеберліктерін дамытып, әскери тәртіпті нығайтуда алатын орны зор екенін атап өтті.– Сайыс әскери бөлімдердегі сержанттардың дене дайындығын арттыруға бағытталған.
Arna Press,
14 июля 2025
в 21:58
2025 жылғы наурыздың басында Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған ер адамға қатысты іс бойынша сот отырысы кейінге шегерілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.Іс Түрксіб аудандық сотында қаралуы тиіс еді. Сот мәліметінше, отырыстың кейінге шегерілуіне айыпталушы қамауда отырған мекемемен байланыс орнамағаны себеп болған.Ол сот процесіне бейнебайланыс арқылы қатысуы тиіс болған.
Arna Press,
14 июля 2025
в 14:18
Соғыс шежіресінің соңғы куәгерлерінің бірі жарық дүниемен қоштасты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Облыс әкімі «Халық қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдиннің қайтыс болуына байланысты ардагердің отбасына көңіл айтты«2023 жылы Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай Мемлекет басшысының Жарлығымен оған «Халық қаһарманы» атағы беріліп, «Отан» ордені мен Алтын жұлдыз табысталды.
Arna Press,
30 июня 2025
в 15:18
Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Айбын-2025» XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Биылғы жиынға Қазақстанмен қатар Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан келген 800-ге жуық жас қатысты.
Vera.kz,
16 июня 2025
в 00:09
vera.kz хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстандағы толық циклді жалғыз тоқыма фабрикасы миллиардтаған қарызбен және жұмысшыларсыз қалды.Цехтарда иіру және тоқу машиналарының даусы мүлде естілмейді – жым-жырт, ал станоктардың жанында жұмыс жасап жатқан жұмысшылардың орнында – ғимарат ішін мекендеген көгершіндер. Қазіргі таңда Оңтүстіктегі толық циклді жалғыз тоқыма фабрикасы «Azala Textile»-дің көрінісі осындай.БОЛАШАҚ ПЕН АҚИҚАТФабрика 2012 жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылды.
Arna Press,
02 июня 2025
в 11:58
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Семей қаласындағы Абай гарнизонында орналасқан әскери бөлімдерде кең ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай гарнизонының ұшу алаңында ашық есік күні өтіп, 54853 және 44736 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері балалар мен олардың ата-аналарына ерекше күн сыйлады. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында әскери-патриоттық рухты қалыптастыру және әскери қызметтің маңыздылығын көрсету.Балалар әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысып, әскери киім үлгілері мен авиациялық техника түрлерін тамашалады. Әсіресе, қару-жарақ пен тікұшақтардың көрмесі бүлдіршіндердің ерекше қызығушылығын тудырды.
Arna Press,
26 мая 2025
в 12:18
Семей қаласындағы Жеңіс саябағында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызметін бастаған 139 жас сарбаздың әскери ант беру рәсімі салтанатты түрде өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Іс-шараға сарбаздардың ата-аналары мен жақындары, достары және әскери бөлім командирлері қатысты. Әскери тәртіпке сай сарбаздар Мемлекеттік Тудың алдында сап түзеп, Отанға адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді.Бұл – әрбір жауынгердің жүрегінде мәңгі сақталатын тарихи сәт.
Arna Press,
17 мая 2025
в 13:58
1. «Соответствующие службы уведомлены» – акимат Семея ответил на публикацию об оставленных на газоне баннерахАкимат Семея отреагировал на публикацию о лежащих на газоне в парке Победы баннерах и флагштоках после 9 мая.2. Новые парки планируют создать в двух районах СемеяАким области Берик Уали ознакомился с проектом новых объектов.3.
Arna Press,
12 мая 2025
в 21:38
На стене дома № 14 в Семее состоялась торжественная церемония открытия памятной доски, посвященной герою Великой Отечественной войны, воину и общественному деятелю Уали Абишулы Имантаеву, передает Arnapress.kz со ссылкой на пресс-службу акимата Семея.В мероприятии принял участие заместитель акима города Куаныш Адилбаев, который отметил, что подвиг и труд героя − достойный пример для подрастающего поколения.«Жизнь Уали Имантаева − яркий образец патриотизма, гражданского долга и мужества.
Arna Press,
08 мая 2025
в 19:38
Аймақ басшысы Берік Уәли Семей қаласындағы соғыс ардагерлерін Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Облыс әкімі әуелі 104 жастағы соғыс ардагері, «Халық қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдиннің шаңырағына барды.Әбдіғали Қаймолдин 1941 жылы әскер қатарына шақырылып, 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі аралықта Сталинград, 1-Украина, 1-Беларусь, 3-Балтық майдандарына қатысады.
Arna Press,
07 мая 2025
в 18:58
Семей халқы республикалық парадты тамашалады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад өтті.Семейліктер әскери шеруді тамашалау үшін облыс орталығындағы Арбатқа келді. Ардагерлер, облыстық мәслихат депутаттары, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдері мен жастар, жалпы саны 500-ге жуық адам алаңқайға қойылған LED-экранның алдына жиналды.Айта кетейік, Елордадағы Әскери парадқа Абай облысынан 16 адамнан құралған делегация қатысуда.
Arna Press,
05 мая 2025
в 16:18
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 44736 әскери бөлім аумағында Семей қаласындағы №49 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына арналған «Ашық есік» күні өткізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараға 8-9 сынып оқушылары қатысты. Әскери бөлім аумағында ұйымдастырылған шара аясында оқушылар әскери өмірді көріп, әскери киім үлгілерімен және қару жарақ түрлерімен танысты.
Arna Press,
05 мая 2025
в 12:58
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментіне қарасты Мақаншы ауданы бойынша шекара басқармасында «Көктем-2025» шақырылымының жас сарбаздары салтанатты түрде әскери ант қабылдады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл жолы 240 сарбаз Отан алдында адал қызмет етуге серт беріп, шекара күзетіне ресми кірісті.Салтанатты шарада сарбаздар сап түзеп, әскери тәртіппен ант мәтінін оқыды.
Магнолия,
28 апреля 2025
в 20:38
Кез-келген мемлекеттің ұстанған жолын, ұлтының құндылығын айқындайтын басты құжат – Конституция. Конституцияда мемлекеттік биліктің барлық құрылымдарынан бастап, елдің әрбір азаматының, ондағы ұлттар мен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Сондай-ақ, мемлекет өміріндегі бетке алған үдерістер де осы Конституция арқылы реттеледі.
Arna Press,
28 апреля 2025
в 15:28
Семей қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында әскери қызметшілер майдангерлер Әбдіғали Қаймолдин мен Иван Шевцовты құттықтап барды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов пен Абай облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Руслан Омаров ардагерлерге Жеңіске қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.Олардың қатарында жауынгер – артиллерист Халық қаһарманы Әбдіғали Қаймолдин, Польша мен Чехословакияны азат ету ұрыстарына қатысқан Иван Шевцов бар.Әбдіғали Қаймолдин 1921 жылы Семей облысының Абралы ауылында дүниеге келген.
Arna Press,
18 апреля 2025
в 16:08
Семейдің әуежайында БҰҰ миссиясы аясында Голан жоталарында қызмет атқарып, бір жылдан кейін елге оралған тұңғыш бітімгерлік контингентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Әскери қызметкерлерді әуежайдан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов бастаған қарулы күш құрамы мен бітімгерлердің отбасы мүшелері салтанатты түрде қарсы алды.
Arna Press,
08 апреля 2025
в 15:28
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Абай облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері Жеңістің 80 жылдығына арналған «80 игі іс – Жеңіске!» атты жалпыреспубликалық акция аясында Семей қаласындағы қан орталығына барып, ерікті түрде қан тапсырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шара барысында әскери қызметшілер қан тапсыру тәртібімен танысып, дәрігерлерден алдын ала тексеруден өтті.
Arna Press,
07 апреля 2025
в 11:18
Семей қаласының орталық алаңында ТЖД-не арнайы техникалардың кілтін тапсыру рәсімі өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жаңа арнайы техникалардың кілті Қасым Қайсенов атындағы №68303 әскери бөлімінің жеке құрамына тапсырылды.Облыс құрылғалы бері өңірге 28 өрт сөндіру техникасы мен 24 инженерлі техника берілген.
Магнолия,
31 марта 2025
в 20:48
Қызметтік өкілетті теріс (заңсыз) пайдалану — қызметтік қылмыстардың неғұрлым кең тараған түрі. Ол көптеген жағдайларда лауазымды адамның қылмыстық әрекетінің бастамасы, басқа ауыр қылмыстар жасаудың тәсілі де болып табылады. Бұл қылмыстың мәні мынада, лауазымды тұлға өзінің қызметтік өкілетін қызметтік мүддеге қарама-қайшы қылмыстық жолмен пайдалана отырып, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтіреді.
Akorda.kz (KZ),
19 марта 2025
в 19:16
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
13 марта 2025
в 12:48
Өскемен қаласындағы №47 орта мектепте «Жас сақшы» жас кадеттер сыныбының салтанатты ашылуы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ол 7 «В» сыныбынан құралып, қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан полиция капитаны Мұрымбаев Жалелхан Слямханұлының есімімен аталды.Салтанатты іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Манапов Серік Тоқтарханұлы, ІІО ардагерлер кеңесінің өкілдері, қаза тапқан офицердің туыстары, оның жары мен әкесінің жолын жалғастырған және қазіргі уақытта полиция қатарында қызмет ететін ұлы, сондай-ақ оқушылардың ата-аналары мен мектеп ұжымы қатысты.Өз сөзінде полиция полковнигі Серік Тоқтарханұлы жас кадеттерді маңызды мерекемен құттықтап, олардың таңдаған жолының маңыздылығын атап өтті:«Бүгін сіздер Отанға қызмет ету және құқықтық тәртіпті қорғау дәстүрінің бір бөлігіне айналып отырсыздар.
Arna Press,
11 марта 2025
в 13:58
«Шығыс» әскери полигонында зымыран әскерінің оқу-жаттығулары өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Тактикалық оқу-жаттығуларына мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан сарбаздар да қатысты.Осылайша, әскерилер жауынгерлік даярлықтарын штатты қарулардан атуда және атысты басқаруды ұйымдастыруда өздерінің тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.Тактикалық оқу-жаттығуына дайындалу алдын ала жүзеге асырылды.
Arna Press,
06 марта 2025
в 12:38
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу алдында Абай гарнизонының әскери қызметшілері Семей қаласы бойынша Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери оркестрімен бірігіп, қаланың ірі сауда ойын-сауық орталықтарына барды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Әскери оркестрдің әскери қызметшілері адамзаттың әдемі жартысына арналған заманауи туындыларын ойнап, музыкалық аспаптардан шыққан әуендер мерекелік атмосфера мен көңіл-күйді жаудрата түсті.
Arna Press,
26 февраля 2025
в 11:28
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының барлау-шабуылдаушылары Абай гарнизонының полигонында оқу-жаттығуын өткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.«Шығыс» түраралық полигонындағы жиында мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан сарбаздарға қажетті атыс құралдары таныстырылды.
Arna Press,
24 февраля 2025
в 12:28
Абай облысында «Ана тілі күніне» арналған «Quizz» сайысы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Интелектуалды ойынды облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырды.Шараның мақсаты – қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, ұлттық мәдениетті насихаттау.Зияткерлік ойынға 8 команда қатысты.
Arna Press,
20 февраля 2025
в 16:38
Семей қаласындағы М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушыларының кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Конференцияға ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаменті және оған қарасты «Семей» шекара басқармасының әскери қызметшілері қатысты.Жиынға ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары, полковник Анвар Рахматуллаев қатысып, патриоттық іс-шаралардың маңыздылығы туралы баяндама жасады.