Популярные темы

ғылыми: новости — страница 2

Семейдегі оқушылар сарайының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын

Arna Press, 19 февраля 2025 в 14:48

Семейдегі оқушылар сарайының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын
Семейде балалар мен жастардың жан-жақты дамуына үлес қосатын көпфункционалды орталық, яғни Оқушылар сарайының құрылыс жұмыстары жалғасуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Салынып жатқан ғимараттың жалпы аумағы – 2,1 га, ал ауданы – 9 800 шаршы метр. Оқушылар сарайы бір мезгілде 500 адамды қабылдай алады.Абай облысы құрылыс басқармасының басшысы Шыңғыс Риахановтың сөзіне қарағанда, негізгі құрылыс жұмыстарының 80 пайыздан астамы аяқталған.

Қазақстанда 2025 жылы ҰБТ-ны өткізу мерзімі өзгереді

Arna Press, 17 февраля 2025 в 17:18

Қазақстанда 2025 жылы ҰБТ-ны өткізу мерзімі өзгереді
Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына түзетулер дайындады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Күнтізбелік жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында келесі көрсетілген адамдар үшін ҰБТ тапсыруға мүмкіндік беріледі:ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға түсу үшін орта білім беру ұйымдарының 11 (12) сыныптарының түлектері қалауы бойынша;өткен жылдардағы орта білім беру, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе жжокбұ-ға ақылы негізде қалауы бойынша қабылдау үшін;шетелде оқыған орта білім беру ұйымдарының түлектері, сондай-ақ республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін шетелде оқу орындарын бітірген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар немесе жжокбұ-ға ақылы негізде қабылдау үшін өз қалауы бойынша;ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жжокбұ-ға қабылданған, ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамаған, бейіндік пәндердің сәйкес емес комбинацияларымен ҰБТ нәтижелері бар, күнтізбелік жылы ақылы негізде жжокбұ-ға одан әрі қабылдау үшін ҰБТ нәтижелері жойылған адамдар;шығармашылық дайындықты талап ететін және ақылы негізде білім беру бағдарламаларының басқа топтарына ауысқысы келетін білім беру бағдарламалары тобы бойынша ЖЖОКБҰ білім алушылары;ақылы негізде «педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы білім беру бағдарламаларының тобына ауысқысы келетін ЖЖОКБҰ білім алушылары.күнтізбелік жылғы 1 наурыз бен 11 сәуір аралығында (бұрын 1-31 наурызда өткізілген):ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға түсу үшін орта білім беру ұйымдарының 11 (12) сыныптарының түлектері қалауы бойынша;өткен жылдардағы орта білім беру, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе жжокбұ-ға ақылы негізде қалауы бойынша қабылдау үшін;шетелде оқыған орта білім беру ұйымдарының түлектері, сондай-ақ республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін шетелде оқу орындарын бітірген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар немесе жжокбұ-ға ақылы негізде қабылдау үшін өз қалауы бойынша;ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жжокбұ-ға қабылданған, ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамаған, бейіндік пәндердің сәйкес емес комбинацияларымен ҰБТ нәтижелері бар, күнтізбелік жылы ақылы негізде жжокбұ-ға одан әрі қабылдау үшін ҰБТ нәтижелері жойылған адамдар;күнтізбелік жылдың 10 мамырынан 10 шілдесіне дейін (бұрын 16 мамырдан 5 шілдеге дейін өткізілген);республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе ақылы негізде ЖЖОКБҰ ға қабылдау үшін немесе республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу үшін ағымдағы жылғы орта білім беру ұйымдарының түлектері қалауы бойынша;өткен жылдардағы орта білім беру, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе жжокбұ-ға ақылы негізде қалауы бойынша қабылдау үшін;республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру түлектерінің қалауы бойынша;шетелде оқыған орта білім беру ұйымдарының түлектері, сондай-ақ республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін шетелде оқу орындарын бітірген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар немесе жжокбұ-ға ақылы негізде қабылдау үшін өз қалауы бойынша;ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жжокбұ-ға қабылданған, ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамаған, бейіндік пәндердің сәйкес емес комбинацияларымен ҰБТ нәтижелері бар, күнтізбелік жылы ақылы негізде жжокбұ-ға одан әрі қабылдау үшін ҰБТ нәтижелері жойылған адамдар;бұл ретте ҰБТ нәтижелері республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін немесе ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін жарамды.күнтізбелік жылғы 10-20 тамыз аралығында:республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе ақылы негізде ЖЖОКБҰ ға қабылдау үшін немесе республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу үшін ағымдағы жылғы орта білім беру ұйымдарының түлектері қалауы бойынша;өткен жылдардағы орта білім беру, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе жжокбұ-ға ақылы негізде қалауы бойынша қабылдау үшін;шетелде оқыған орта білім беру ұйымдарының түлектері, сондай-ақ республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін шетелде оқу орындарын бітірген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар немесе жжокбұ-ға ақылы негізде қабылдау үшін өз қалауы бойынша;ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жжокбұ-ға қабылданған, ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамаған, бейіндік пәндердің сәйкес емес комбинацияларымен ҰБТ нәтижелері бар, күнтізбелік жылы ақылы негізде жжокбұ-ға одан әрі қабылдау үшін ҰБТ нәтижелері жойылған адамдар;шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша ЖЖОКБҰ білім алушылары және ақылы негізде білім беру бағдарламаларының басқа топтарына ауысқысы келетіндер;ақылы негізде «педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы білім беру бағдарламаларының тобына ауысқысы келетін ЖЖОКБҰ білім алушылары.Сурет: ашық дереккөздерден

Тарихымыз тілмен байланысты

Магнолия, 29 января 2025 в 12:48

Тарихымыз тілмен байланысты
Халықтың ең үлкен құндылығы – оның тілі, ол сол тілде жазады, сөйлейді, ойлайды. Тіл – ұлттық мұраны сақтайтын асыл қазына. Ана сүтімен бойға сіңіріп, өмір бойы өзімізбен бірге алып жүретін, өзгелермен араласып, ағайын-туыстарға жақсы хабар айтып немесе жай ғана бір-бірімізге жылы лебізін білдіретін — осы ана тілі.

Балалардың құқықтарын қорғау үшін мемлекет қандай заңнамалық шараларды күшейтуде?

Arna Press, 24 января 2025 в 14:21

Балалардың құқықтарын қорғау үшін мемлекет қандай заңнамалық шараларды күшейтуде?
2024 жылдың қорытындысы бойынша құқықтық базаны нығайту бойынша үш негізгі заң қабылданды және кішкентай азаматтарды қорғау үшін пәрменді тетіктер енгізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша қабылданған ҚР Заңының маңызды бастамасы – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоғамға бейімдеу үшін тәлімгерлер институтын құру болды.

Еліміздің жекеменшік мектептерінде оқушылар тегін тамақтануы үшін 12 миллиардтан астам теңге бөлді

Arna Press, 24 января 2025 в 12:48

Еліміздің жекеменшік мектептерінде оқушылар тегін тамақтануы үшін 12 миллиардтан астам теңге бөлді
Мемлекет жекеменшік мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін 12 миллиардтан астам теңге бөлді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.30 желтоқсанда Президент Білім және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңға қол қойды.Негізгі жаңалықтардың бірі жекеменшік мектептердің 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақтандыру.Жаңа бастама 25 мыңнан астам баланы қамтиды.

Қаңтар айында өтетін ҰБТ басталды

Arna Press, 13 января 2025 в 18:58

Қаңтар айында өтетін ҰБТ басталды
Бүгін қаңтар айында өтетін ҰБТ басталды, ол 10 ақпанға дейін жалғасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.167 мыңға жуық адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді. Олардың 76,7%-ы қазақ тілінде, 23,2%-ы орыс тілінде, 142 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірді.Қаңтар ҰБТ-сын өткізудің бірінші күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астана қаласындағы тестілеу орталықтарының бірінде болды.

Дархан Сатыбалды Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Arna Press, 06 января 2025 в 12:28

Дархан Сатыбалды Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген жарлықта.Еске сала кетейік, бұған дейін Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі қызметін атқарды.Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды 1974 жылы 26 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Абай ауылында туған.Білімі:С.Сейфуллина атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтының түлегі (1996).

«Дарын» жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды

Arna Press, 12 декабря 2024 в 15:18

Астанада мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кәсіби қазылар алқасы лауреаттарды «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Креативті бастамалар», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада» және «Халық шығармашылығы» номинациялары бойынша таңдады.Марапаттау кезінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елде ортақ принциптер мен мақсаттарды ұстанатын прогрессивті әрі дарынды буынның өсіп келе жатқанын атап өтті.«Сіздер – халықтың үміті мен тірегісіздер.

Мемлекеттің өзегі – мемлекеттік тілі.

Магнолия, 28 ноября 2024 в 12:08

Мемлекеттің өзегі – мемлекеттік тілі.
Мемлекеттік тіл мәртебесі конституцияда бекітілген мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздар осы тілде жүргізіледі. Әдетте мемлекет негізін құраушы әрі жердің байырғы иесі болып саналатын халықтың тілі мемлекеттік тіл болып бекітіледі. 1993 жылы қабылданған тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді.

Қазақстанның барлық өңірлерінің балалары мен жасөспірімдері вейпингке қарсы

Arna Press, 13 ноября 2024 в 19:38

Қазақстанның барлық өңірлерінің  балалары мен жасөспірімдері вейпингке қарсы
Ағымдағы жылдың 1-25 қазан аралығында ғылыми танымдық www.ziyatker.org сайтында қашықтықтан өткізілген «Вейпсіз жастық шақ» республикалық эссе байқауының қорытындысы шығарылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіБайқаудың мақсаты-өскелең ұрпақтың вейпингтің денсаулыққа зияндылығы туралы хабардарлығын арттыру.

Әділет министрлігінің қызмет шеңбері кеңейтіледі

Arna Press, 22 октября 2024 в 18:38

Әділет министрлігінің қызмет шеңбері кеңейтіледі
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 17 қазандағы қаулысымен ҚР Әділет министрлігі туралы ережеге өзгерістер енгізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Атап айтқанда, ережеде Министрліктің функцияларына қатысты екі тармақ жаңа редакцияда баяндалған:Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, ҚР егемендігін қамтамасыз етуге, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің тұрақты және үдемелі дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға, үйлестіруге, сондай-ақ заң жобалау жұмысын жүргізуге, ҚР заңнамасын талдауға, жетілдіруге, жүйелеуге, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізуге қатысу заң жобалары бойынша ғылыми құқықтық, ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру, сондай ақ нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама;ҚР қатысушысы болуға ниеттенетін заңдар мен халықаралық шарттардың жобалары, сондай-ақ ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың жобалары бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларына, ғылыми құқықтық, ғылыми лингвистикалық сараптамаларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді ұйымдастыру.Қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік

Магнолия, 01 октября 2024 в 15:28

Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік
Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды құралы ғана емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың ұлттық ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың, сақтаудың құралы. Жас ұрпақты тәрбиелеу, оларға ғылым мен білімді үйрету тіл арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік тілді оқыта отырып, жастардың бойына елдік сана сіңіріліп, мемлекеттік рәміз, ұлттық діл, ұлттық болмыс туралы ақпараттар толық беріледі.

«Болашақ» бағдарламасымен Еуропада оқып жатқан жастарға үндеу жасалды

Arna Press, 17 сентября 2024 в 20:08

«Халықаралық бағдарлама орталығы» АҚ бүгін, 2024 жылдың 17 қыркүйегінде Орталық және Шығыс Еуропадағы қолайсыз ауа райы жағдайларына қатысты үндеу жасап, «Болашақ» шәкіртқасының иегерлеріне жүгінді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ресми хабарламада Орталық және Шығыс Еуропада «Борис» дауылының салдарынан туындаған қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты Халықаралық бағдарламалар орталығы аталған аймақта білім алып жатқан стипендиаттармен тығыз байланыста болып, жағдайды мұқият қадағалап отырғаны айтылады.

Тазы тұқымы бойынша негізгі шешім қабылданды

Arna Press, 04 сентября 2024 в 12:28

Тазы тұқымы бойынша негізгі шешім қабылданды
Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл шешім – қазақы тазы тұқымын халықаралық деңгейде толық тану яғни мойындау алдындағы негізгі әрі соңғы кезең.«Бүгін сіздердің елдеріңіз үшін де, біз үшін де тарихи күн.

ҰБТ-дан жоғары балл алып грантсыз қалғандар министрді сотқа берді

Arna Press, 27 августа 2024 в 13:18

ҰБТ-дан жоғары балл алып грантсыз қалғандар министрді сотқа берді
ҰБТ-дан жоғары балл ала тұра, мемлекеттік гранттан қалыс қалғандар Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбектің өзін сотқа берді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.Тасқыннан зардап шеккендерге ортақ гранттың ішінен бес мыңын бөліп беру, басқалардың мүмкіндігін шектеумен тең болды деп санайды сотқа жүгінгендер.

Ввести наблюдательные советы в научных институтах намерены в Казахстане

EKaraganda.kz, 11 августа 2024 в 14:35

Ввести наблюдательные советы в научных институтах намерены в Казахстане
Ввести наблюдательные советы в следующие республиканские государственные предприятия на праве хозяйственного ведения Комитета науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан, — отмечается в постановлении Правительства РК от 31 июля 2024 года 617.Среди них:1) «Институт археологии имени А.Х.

Орталық Азия,

Arna Press, 09 августа 2024 в 00:18

Орталық Азия,
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне Орталық Азия ренессансы туралы мақала жазды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасапДАМУ МАҚСАТТАРЫНЫҢ ОРТАҚТЫҒЫОрталық Азия аймағы сан ғасырдан бері біртұтас геосаяси және рухани кеңістік ретінде белгілі. Бұл – табиғи ресурсы мен адам капиталы мол, мәдени-тарихи мұрасы бай өңір.

Тоқаев елдің 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекітті

Arna Press, 07 августа 2024 в 20:48

Тоқаев елдің 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекітті
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекіту туралы» 2024 жылғы 30 шілдедегі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Атап өтілгендей, экономикалық өсудің сапалық құрамдас бөлігі негізгі капиталға және еңбек өнімділігіне инвестициялардың еселенген ұлғаюы болады, бұл жоғарғы және орта қайта бөлу тауарлары шығарылымының ұлғаюымен қатар жүреді.«Ресурстарды орнықты пайдаланумен және қоршаған ортаны қорғаумен, сондай – ақ Сот төрелігі мен құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі жақсартумен ұштастыра отырып, мемлекеттің бастамалары әрбір азамат үшін тең мүмкіндіктер жасау арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға және инклюзивті қоғам құруға бағытталатын болады», — делінген құжатта.Жоспарды іске асырудың негізгі қағидаттарыҚұрылымдық жаңару және экономиканың тұрақты өсуі — қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға және Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының мақсаттарын орындауға байланысты болатын іргелі міндет.Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары шеңберінде экономикалық қайта құрулардың негізінде жатқан бес бірізді қағидат айқындалды.

Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы жаңа мәртебеге ие болды

Arna Press, 04 июля 2024 в 17:38

Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы жаңа мәртебеге ие болды
Қамқоршылық кеңестің, академиктердің жалпы жиналысының, ҚР ҰҒА Төралқасы мен басқармасының құзыреттерін, қаржыландыру көздері мен өкілеттіктерін көрсете отырып, жаңа мәртебеге 2024 жылғы 1 шілдеде ҚР Мемлекет басшысы қол қойған «ғылым және технологиялық саясат туралы» Заң аясында ие болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Жаңа мәртебе беру Академияның рөлін арттырады, оған ғылыми ойдың орталығы және сараптамалық қызметті жүзеге асыратын беделді құрылым болуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және технологиялық саясат, платформалық жұмыспен қамту және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Akorda.kz (KZ), 01 июля 2024 в 21:56

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және технологиялық саясат, платформалық жұмыспен қамту және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР

Магнолия, 01 июля 2024 в 18:18

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР
Мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қызметті иеленген және мемлекеттің міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызметкерлер екі түрге бөлінеді: саяси және әкімшілік қызметкерлер.

Абай облысының оқушылары халықаралық инженерлік сайысқа қатысады

Arna Press, 26 июня 2024 в 16:08

Абай облысының оқушылары халықаралық инженерлік сайысқа қатысады
Астана қаласында халықаралық «World Space Olympiad» ракета құрастыру бойынша сайыс өтеді, деп хабаралйды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы Білім басқармансының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Инженерлік сайыстың мақсаты — оқушылардың инженерлік интеллектуалдық потенциалын қалыптастыру, ғылыми-техникалық мамандықтарға баулу.Сайыс екі категория бойынша өткізіледі: CanSat, Inventors.

Бірыңғай уақыт белдеуі: қазақстандықтардың денсаулығы нашарлады ма, ДСМ басшысы жауап берді

Arna Press, 11 июня 2024 в 18:38

Бірыңғай уақыт белдеуі: қазақстандықтардың денсаулығы нашарлады ма, ДСМ басшысы жауап берді
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2024 жылдың 11 маусымында үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанда ескі уақыт белдеуін қайтару туралы петиция туралы айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Журналистер Денсаулық сақтау министрлігі басшысы бұған дейін жаңа уақыт белдеуінің халық денсаулығына оң әсер ететінін мәлімдегенін еске салды.

Абай облысында 5-6 сыныптар арасындағы ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңі басталды

Arna Press, 11 июня 2024 в 12:48

Абай облысында 5-6 сыныптар арасындағы ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңі басталды
Мақсаты — балаларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу, дарынды балаларды анықтау, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ұлттық мектеп лигасы 9 спорт түрінен өтеді: баскетбол, футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, гандбол, шахмат, асық ату-бес асық, жеңіл атлетикалық кросс, үстел теннисіВолейбол жарысы 3 маусым күні басталып, 9 маусымға дейін жалғасады.

Қанша қазақстандық ҰБТ-да шекті балл жинай алмады

Arna Press, 07 июня 2024 в 19:18

Қанша қазақстандық ҰБТ-да шекті балл жинай алмады
2024 жылғы 7 маусымда ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінде Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) аралық нәтижелері туралы айтылды. Белгілі болғандай, талапкерлер «оқу сауаттылығы» пәнін жақсы тапсырады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ведомствоның мәліметінше, негізгі ҰБТ басталғаннан бері 114 мың рет тест тапсырылды.Оның ішінде талапкерлердің74%-ы қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде, 110адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.ҰБТ басталғалы шекті балды 75% талапкер жинады.

Абай облысында «жас геолог» кәсіптік бағдар беру лагерінің жұмысы жалғасуда

Arna Press, 06 июня 2024 в 17:38

Абай облысында «жас  геолог»  кәсіптік бағдар беру лагерінің жұмысы жалғасуда
Абай облысының геологиялық барлау колледжі базасында «Жас геолог» кәсіптік бағдар беру лагері жұмыс істейді. Оның мақсаты — геология ғылымдарына баса назар аудара отырып, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, жастарды геология саласына тарту және танымдық қызығушылықты дамыту, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жобаның ерекшелігі — ғылыми зерттеулер мен туристік маршруттар арқылы жердің құрылымын зерттеу.
Показано 30 новостей из 135