SportInfo,
17 ноября 2025
в 12:46
Бахрейннің Манама қаласында ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. 2000 жылғы Сидней Олимпиадасына қатысқан қазақстандық спортшы Наталья Гончарова әйелдер арасындағы шпагадан 50 жастан асқандар арасында күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстан семсерлесу федерациясы сілтеме жасап хабарлайды.
SportInfo,
07 ноября 2025
в 06:56
Қазақстандық спортшы, жүзуден ұлттық құраманың өкілі Әділбек Мусин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) Спортшылар комиссиясының құрамына сайланды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Сайлау Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы ойындары қарсаңында, қауымдастыққа мүше елдердің ұлттық олимпиадалық комитеттерінің қатысуымен өтті.
SportInfo,
21 октября 2025
в 09:06
Қазақстан мен Түркия теннис федерациялары теннисті дамыту саласында екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандум жасасты. Құжатқа ҚТФ президенті Болат Өтемұратов пен ТТФ президенті Шафак Мюдеррисгил қол қойды. Келісімде қос тараптың теннисті ұлттық және халықаралық деңгейде бірлесіп ілгерілетуге, сондай-ақ тәжірибе және спортты дамытудың негізгі бағыттарында озық машықпен алмасуға ұмтылысы көрініс тапқан. Қазақстан мен Түркия мынадай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асырумен жұмыстанатын болады: спортшылар мен бапкерлерді әзірлеу (бірлескен жаттығу жиындары, бапкерлермен алмасу және сарапшылардың ұлттық семинарлар мен конференцияларға қатысуы), жастарды қолдау (жас теннисшілерді даярлаудың табысты үлгілерімен алмасу, бірлескен турнирлерді ұйымдастыру), турнирлер өткізу (ATP, WTA және ITF турнирлерін қосқанда, кәсіби және жастар жарыстары), білім беру және қазылық жасау ( бапкерлер үшін оқу бағдарламаларын бірлесіп жасау, халықаралық тәжірибе алу үшін төрешілермен және басқа ресми адамдармен алмасу), инфрақұрылымды дамыту және инклюзивтік бағдарламалар.
SportInfo,
16 октября 2025
в 18:16
2025 жылғы 15-26 қараша аралығында Жапонияның Токио қаласында ХХV Жазғы Сурдлимпиада ойындары өтеді. Дода басталуына тура 30 күн қалды. Қазақстан ұлттық құрамасы сегіз спорт түрі бойынша өнер көрсетеді: жеңіл атлетика, жүзу, дзюдо, грек-рим және еркін күрес, үстел теннисі, бадминтон және таэквондо. Ұлттық командалар төртжылдықтың басты додасына дайындықты аяқтап жатыр. Қараша айында қорытынды оқу-жаттығу жиындары өтуде:.
SportInfo,
16 октября 2025
в 17:46
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы 4‑15 қазан аралығында Дуррес қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында (FIDE World Youth Chess Championships 2025) керемет жетістікке қол жеткізді. Марк Смирнов пен Эдгар Мамедов әлем чемпиондары атанса, Сауат Нургалиев күміс медальді қанжығасына байлады.
SportInfo,
09 октября 2025
в 11:36
Бүгін Әзірбайжанда III ТМД елдері ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Жеті қалада қатар өткен кешенді жарыста Қазақстан құрамасының спортшылары 10 алтын, 24 күміс, 48 қола (барлығы 82) медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 5-орыннан көрінді.
SportInfo,
08 октября 2025
в 17:06
24-30 қазан күндері Қытайдың Уси қаласында WT таеквондодан ересектер арасында Әлем чемпионаты өтеді. Дүниежүзілік біріншілікке әлемнің 179 елінен 991 спортшы тіркелген. Жылдың ең басты додасында Қазақстан намысын 18 таеквондошы қорғайды. Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Есбол Сұлтанов Әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың қалай іріктелгенін айтып, Уси даянгында бақ сынайтын таеквондошылар есімін атады: «Әлем чемпионатына іріктеудің бірінші кезеңі, әрине, ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты болды.
SportInfo,
11 сентября 2025
в 14:06
12-13 қыркүйек аралығында Қытай елінің Гуйян қаласында спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезекті кезеңі өтеді. Бұл байрақты дода әлем біріншілігінің алдындағы соңғы сын болмақ. Толығырақ Olympic.kz материалында. Бірер күннен кейін Гуйян (Қытай) қаласында спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңі басталады.
Arna Press,
05 мая 2025
в 12:58
Бобровка және Шығыс кенттерінде дене шынықтыру — сауықтыру кешендерінің құрылысы басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Семей қаласының Бобровка және Мұрат тұрғын үй алаптары, Водный және Шығыс кенттерінің ортасында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталды.Спорт нысандары құрылысының басталу рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли, «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпаздары Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов және дзюдодан Әлем чемпионатының қола жүлдегері Берікбол Жұманбеков қатысты.
Arna Press,
17 апреля 2025
в 14:58
Абай облысында есірткі қылмыстарының алдын алуға бағытталған жаңа кеңес құрылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Полиция департаментінің бастамасымен ұйымдастырылған алғашқы отырыс осы саладағы жаңа бағыттарды айқындап, қоғамдық күштерді жұмылдыруды мақсат етті.Кеңестің құрамы қоғамда ықпалы бар түрлі саланың өкілдерінен жасақталған.
Vera.kz,
10 апреля 2025
в 16:49
Футбол клубы 2024 жылғы маусымға команда мен ойыншылардың жалақысын төлемеген, деп хабарлайды vera.kz«Тұран» футбол клубы 2024 жылғы маусымға ойыншылар мен бапкерлік штабына ондаған миллион теңге көлемінде еңбекақы қарыздарын төлеуі тиіс. Бұл қарыздар туралы бірқатар ақпарат көздері хабарлайды, соның ішінде Legalbet.kz және Prosports.kz.Бір қызығы, клуб салықтар мен зейнетақы аударымдарын уақытылы төлеп отырған, бірақ футболшылар мен бапкерлер өз ақыларын сол күйі алмаған.
Arna Press,
01 апреля 2025
в 11:48
Orda.kz сайтындағы спорт жаңалықтары еліміздегі және әлемдегі басты апаратты жедел таратуда.Қазақстандағы жетекші ақпараттық порталдардың бірі Orda.kz спорт жаңалықтарын жедел әрі нақты таратып, оқырмандарына спорт әлеміндегі маңызды оқиғалар туралы шынайы ақпарат ұсынуда. Сайттың спорт жаңалықтарына арналған айдары – жанкүйерлер мен спортсүйер қауымы арасында жақсы қабылданды.Айта кетейік, Orda.kz порталындағы спорт жаңалықтары айдары бірқатар ерекшеліктерімен көзге түседі.
Arna Press,
11 февраля 2025
в 12:48
Харбин қаласында өтіп жатқан IX Қысқы Азия ойындарында еркін стильдегі акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы синхронды секіру бойынша тарихи алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстандық спортшылар Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов 2025 жылғы Азия ойындарындағы алтын үшін күресте керемет шеберлік көрсетіп, барлық бәсекелестерін басып озды.Олар өз өнерін 97,92 ұпаймен аяқтап, күміс және қола жүлдегер атанған Қытайдан келген екі жұпты басып озды.Осылайша, қазақстандық фристайл тарихында тұңғыш рет Азия ойындарында біздің құрама алтынға қол жеткізді.2025 жылғы Азия ойындарында Қазақстанға екінші алтынды Хаширбаев пен Иванов әкелді.
EKaraganda.kz,
10 декабря 2024
в 12:25
В пятницу, 6 декабря, в Темиртауском дворце культуры на одной сцене выступили спортсмены, музыканты, танцоры и актёры – так молодёжи города представили разнообразные секции, в которых они могут проводить своё свободное время. Презентация спортивных и творческих кружков стала завершением масштабного марафона мероприятий по борьбе с наркоманией, запущенного прокуратурой города Темиртау, при поддержке акимата, Управления полиции и партии «AMANAT». «Все мы являемся свидетелями того, что наша молодёжь ошибается, вовлекаясь в преступную деятельность по распространению наркотических средств.
EKaraganda.kz,
11 ноября 2024
в 15:55
31 декабря 1944 года в мартеновском цехе Казахского металлургического завода (посёлок Самарканд) была выплавлена первая казахстанская сталь. Это событие знаменовало собой начало истории отечественной чёрной металлургии, что дало огромный импульс индустриализации и росту экономического потенциала Казахстана и развитию города Темиртау.В этом году отмечается 80-летний юбилей первой казахстанской стали.
EKaraganda.kz,
11 ноября 2024
в 13:45
В начале ноября в городе металлургов стартовал антинаркотический марафон, запущенный в рамках республиканского проекта «Нашақорлыққа жол жоқ» по инициативе прокуратуры города Темиртау, при поддержке акимата города, Управления полиции и партии «AMANAT». На протяжении месяца в городе будут проходить различные мероприятия, челленджи, уроки спортивной мотивации, соревнования и многое другое.
Arna Press,
04 октября 2024
в 21:28
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қатысушысы семейлік ұстаз жеңімпаз атанды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Француз ойшылы Жан Жак Руссо «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» — деп айтқан. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеуге шынымен де ұстаз өз уақытын аямайды.
Arna Press,
20 августа 2024
в 13:08
Олимпиада жүлдегерлеріне Алматыдан пәтер мен автокөліктің кілті табысталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қала басшысы спортшылар мен жаттықтырушыларды Олимпиаданың күміс жүлдегері – гимнаст Нариман Құрбановты, қола жүлдегерлер — дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевты, боксшы Назым Қызайбайды және оқ атудан сайысқа түскен мергендер Александра Ле мен Ислам Сәтбаевты жетістіктерімен құттықтады.«Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен алматылық спортшылардың Қазақстан қоржынына көп медаль салғаны қуантады.
Arna Press,
15 августа 2024
в 12:18
2024 жылдың 14 тамызында Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасының жеңімпаздарымен кездеседі деп жоспарланған болатын. Бірақ шара кейінге шегерілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Уәли кеше, 14 тамызда Тоқаев Париж Олимпиадасының жеңімпаздары мен жаттықтырушылар құрамын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойғанын еске салды.«Өздеріңізге белгілі, кеше президент Қасым-Жомарт Кемелұлы кездеседі деп жоспарланған болатын. Өкінішке орай, спортшылар мен бапкерлердің жартысына Ковид диагнозы қойылды, сондықтан кездесуді кейінге қалдыруға тура келді.
Arna Press,
14 августа 2024
в 15:28
Қазақстан жазғы Олимпиада жүлдегерлеріне сыйақы төлеуден үздік бестікке кірді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.CNBC ақпаратынша, жазғы Олимпиададағы жетістіктері үшін спортшыларға ең үлкен сыйақыны Гонконг ұсынды: билік алтын медаль үшін 768 мың доллар төледі. Айта кетейік, Гонконг қоржынында екі «алтын» және «екі қола» бар.Екінші орында алтын үшін 745 мың доллар ұсынған Сингапур билігі тұр.
Arna Press,
12 августа 2024
в 11:18
Франция астанасында өткен ойындарда қазақстандық спортшылар жеті медаль жеңіп алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ел қоржынына жалғыз «алтынды» дзюдошы Елдос Сметов салды, ол 60 келі салмақ дәрежесінде үздік атанды.Қазақстандық атлеттер үш рет тұғырдың екінші сатысына көтерілді.
Arna Press,
07 августа 2024
в 21:48
Париждегі ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының аяқталуына бес күн қалды. Қазіргі көрсеткіштерге сәйкес, бірінші орын үшін АҚШ пен Қытай арасында қызу тартыс жүріп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.Әзірге АҚШ спортшылары көш бастап тұр, олардың қоржынында 86 медаль бар: 24 алтын, 31 күміс және 31 қола.ХОК ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, американдықтардың басты бәсекелестері-Қытай спортшылары-жалпы есептің екінші орынында.
Arna Press,
06 августа 2024
в 11:38
29-30 маусым аралығында Астана қаласында Шинкиокушинкай Каратэден «Astana Cup 2024» халықаралық турнирі өтті. Турнирге қатысқан облысымыздың жас спортшылары үздік нәтиже көрсетіп, бір алтын, екі күміс және бір қола жеңіп алды. Турнирдің алтыны Алинұр Сағатбековке (Семей қаласының №3 мектебі) бұйырды. Іңкәр Секей (Семей қаласының №3 мектебі) және Артем Плотниковқа (Семей қаласының №10 мектебі) күміске қол жеткізсе, қола медальді Айдос Мазанбеков (Семей қаласының №49 мектебі) иеленді.
Arna Press,
21 июля 2024
в 13:48
21 шілдеде Абай облысының Семей қаласында барлық спорт сүйер қауым үшін жүгіруден жарыс өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Марафонға кәсіби спортшылар да, жақында ғана жүгіруді жанына серік еткен жаңдар қатысты. Олар еліміздің түкпір-түкпірінен және Ресей мен Қырғызстан мемлекетерінен келді.Семейдегі старт қала орталығындағы Абай алаңында берілді. Қатысушылар қаланың көрікті жерлерімен жүгіріп өтті.«Қала өте әдемі.
Arna Press,
19 июля 2024
в 19:58
Алдағы ойындарда қазақ күресі, алыптар жарысы, мас-рестлингтен және басқа да дәстүрлі спорт түрлерінен облысымыздың бес спортшысы қатысады деп күтілуде, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Спортшылар қызу дайындықты Қырғызстандағы оқу-жаттығу жиындарында жүргізіп жатыр.
Arna Press,
12 июня 2024
в 10:48
Нысана көздеуден Қазақстан командасы Финляндияның Инкоо қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде жеті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Спортшылар жылжымалы нысана көздеуден үздік нәтиже тіркеді. Олар: Зухра Ирназарова – алтын мен күміс;Фатима Ирназарова – күміс пен қола;Александра Садуақасова – алтын мен қола;Асадбек Нәзірқұлов — алтын.Сурет: olympic.kz
Arna Press,
05 июня 2024
в 12:28
15 маусым күні Оңтүстік Кореяның Мокпо қаласында снаряд лақтырудан Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Аталған сын Олимпиадаға іріктеу болғандықтан, рейтингілік ұпайлар беріледі. Спортшылар ядро лақтыру, диск, балға және найза лақтырудан бақ сынайды. Қазақстан намысын төрт спортшы қорғайды.
Arna Press,
27 мая 2024
в 11:28
Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы Болгарияның Варна қаласында өткен Challenger Cup турнирінде үш медаль иеленді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, тұтқалы ат снарядында Нариман Курбановқа тең келер ешкім болмады. Ол 15.433 ұпаймен жеңімпаз атанды.
Arna Press,
24 мая 2024
в 20:58
Спорттық гимнастикадан Болгарияның Варна қаласында өтіп жатқан Challenge Cup әлем кубогінде қазақстандық спортшылар іріктеуден өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстан ерлер командасының төрт спортшысы бес финалда бақ сынайды. Атап айтар болсақ, Дмитрий Патанин мен Асан Сәлімов еркін жаттығудан финалға өтті. Іріктеуде Патанин 2, Сәлімов 6-нәтиже көрсеткен.
Arna Press,
01 марта 2024
в 14:28
Қазақстандық спортшылар Филиппинде өтіп жатқан XI Азия чемптонатын тарихи жетістікпен аяқтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап. Олар жүзуден 20 алтын медаль жеңді.Нью-Кларк-Сити қаласында 14 және одан жоғары жастағылар арасында өткен жарыс 4 күнге созылып, шешуіші сайыста спортшыларымыз 6 алтын, 1 күміс және 1 қола медальді қанжығасына байладыЖалпы қазір құрама қоржынында 36 медаль бар.Бұл көрсеткішпен Қазақстан Жапониядан кейін жалпыкомандалық есеппен екінші орынға жайғасты.Сурет: pixabay