Arna Press,
28 апреля 2026
в 17:58
Абай облысындағы Ядролық медицина және онкология орталығында сирек кездесетін, күрделі әрі сәтті өткен операция жасалды, деп хабарлайды Arnapress.kz орталыққа сілтеме жасап. Алғашында еш белгі бермеген дерттің салдары күтпеген жағдайға әкелген. Дәрігерлер 47 жастағы пациенттен диаметрі 31 сантиметр, салмағы 6 келіден асатын ірі ісікті алып тастады.
Arna Press,
28 апреля 2026
в 14:38
Жақында Щучинск қаласында өткен тоғызқұмалақтан ересектер арасында рапид және блиц түрінен жекелей чемпионатта жүлделі орынға ие болған Семейлік Аяна Исаханмен Arnapress.kz тілшісі байланысқа шығып, жақын танысып, тілдесті.Исахан Аяна Жарасқызы — тоғызқұмалақтан Қазақстанның 12 дүркін чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әйелдер арасындаға II дүркін Азия чемпионы, әйелдер арасындағы чемпионаттың күміс жүлдегері, Жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы, Жастар арасында Азия чемпионы.«Мен Абай облысы, Семей қаласының тумасымын.
EKaraganda.kz,
28 апреля 2026
в 13:15
Қарағанды Қаласында аталған мектептің төрт филиалы жұмыс істейді, атап айтқанда «Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББМ» КММ, «Әлихан Бөкейхан атындағы ЖББМ» КММ, № 14 мектеп-гимназиясы КММ, № 24 ЖББМ КММ.Осы филиалдар бойынша жалпы 223 оқушы білім алады, 23 мұғалім сабақ береді, филиал меңгерушісі бар. Оқушыларға музыкалық білім беруде дәстүрлі ән, эстрадалық вокал, домбыра, жыршы-жырау, қобыз, қыл-қобыз, флейта, фортепиано, дәстүрлі ән сыныптары жұмыс жасайды.Биылғы оқу жылының жалпы қорытындысы ретіндегі есептік концерт жоғары деңгейде өтіп, оқушылар жыл бойғы үйренген өнерлерін ортаға салды.
Arna Press,
24 апреля 2026
в 14:08
Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот билік өкіліне қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық істі қайта қарап, үкімнің заңдылығын растады, деп хабарлайды Arnapress.kz. Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сотқа сілтеме жасап. Іс материалдарына сәйкес, 2023 жылғы 1 қыркүйекте Үржар ауданында шекара қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жүк көлігінің жүргізушісіне әкімшілік құқық бұзушылық бойынша ескерту жасаған.Сол түні жүргізуші мен оның танысы алкогольдік масаң күйде қызметкердің үйіне әдейі келіп, оны сыртқа шығарып, соққыға жыққан.
Arna Press,
24 апреля 2026
в 11:58
Семей қаласындағы 697 көпқабатты үйдің 685-іне ыстық су берілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімдінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жұмыстар облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Өткен жылы аймақ басшысы тұрғындарды жаз бойы тұрақты ыстық сумен қамту мәселесін шешу қажеттігін атап өткен болатын.Мамандардың айтуынша, мәселені шешу үшін ауқымды дайындық жүргізілген.
Arna Press,
23 апреля 2026
в 13:08
2017 жылы Семей қаласынан шығып, хабар-ошарсыз кеткен 27 жастағы ер адамның тұлғасы ДНҚ сараптамасының көмегімен анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz cілтеме жасап. Аталған азаматтың сүйегі араға жылдар салып Қызылорда облысынан табылған. Жүргізілген молекулалық-генетикалық зерттеу нәтижесінде оның жеке басы расталып, оның дәл сол із-түзсіз жоғалған семейлік тұрғын екені белгілі болды.ІІМ мәліметінше, ведомствоның криминалистикалық зертханалары ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашуда тиімді нәтиже көрсетіп отыр.
Arna Press,
23 апреля 2026
в 12:08
Қазақстан Қарулы Күштерінде оқу мәдениетін арттыруға бағытталған жаңа талап енгізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. Енді мерзімді әскери қызметшілер қызмет барысында кемінде бес кітап оқуға міндетті. Бұл бастама жеке құрамның рухани дамуын қолдап, 23 сәуір — Кітап күні қарсаңында кітап оқуды насихаттауды көздейді.Аталған мереке халықаралық дәстүрге негізделген.
Arna Press,
21 апреля 2026
в 16:28
Биыл Семей қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің сырт келбетін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жоспарға сәйкес, шамамен 30-ға жуық тұрғын үйдің қасбеті бірыңғай сәулеттік үлгіде жөнделмек, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс әкімі Берік Уәли бүгін қаладағы Кеңгірбай би көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үй аумағына барып, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.Аталған үйдің қасбеті термопанельмен қапталып, балкондары металлсайдингпен әрленген.
SportInfo,
21 апреля 2026
в 12:26
Әр алтын медаль — бөлек спортшыға тиесілі. Бірде-бір қайталау, тоғыз түрлі есім, бір құрамада тоғыз әлем чемпионы. Міне, сербиялық Врнячка-Баня қаласында өткен рапид және блиц бойынша әлем чемпионатында қазақстандық жасөспірімдердің көрсеткен нәтижесі осындай. Бұл — осындай турнирлер тарихындағы еліміздің ең үздік медальдық көрсеткіші.
Arna Press,
20 апреля 2026
в 13:38
Семей қаласында ауа райының тұрақталуына байланысты 21 сәуірден бастап жылу беру тоқтатылады, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігі сілтеме жасап. 2025–2026 жылғы жылыту маусымы қалыпты режимде өтті. Мамандардың айтуынша, жылу жүйелерінде барлық қажетті жұмыстар уақытылы жүргізіліп, жылу көздері штаттық тәртіпте жұмыс істеген.Жылыту маусымын аяқтау Абай облысында бекітілген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:48
Семей қаласының сол жағалауындағы Степной кентінде үшінші жылу электр орталығының (ЖЭО-3) құрылысы басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жобамен танысу мақсатында Абай облысына «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов жұмыс сапарымен келіп, облыс әкімі Берік Уәлимен бірге құрылыс алаңын аралады.Жаңа нысанның құрылысы бойынша 2025 жылдың қазан айында ҚР Энергетика министрлігі мен «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес ұйымы — «Семей Энерго» ЖШС арасында келісімшарт жасалған. Қазіргі таңда жобаның алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, EPC-келісімшарт негізінде жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.Жобаның қуаты 405 МВт электр энергиясын және 1000 Гкал/сағ жылу энергиясын өндіруге есептелген.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:48
Жылы маусымның ерте басталуына байланысты ел аумағында көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлап кету фактілері тіркеліп отыр, деп ескертеді Arnapress.kz Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы баспасөзіне сілтеме жасап. Мамандардың айтуынша, мұндай қайғылы жағдайлардың негізгі себебі – ересектер тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі.Тәжірибе көрсеткендей, балалар көбіне қысқа уақытқа қараусыз қалған сәтте терезе маңына шығып кетіп, қауіпке тап болады.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:48
Павлодардағы әскери бөлімдердің біріндегі атыста жарақаттанған сарбаздың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz Павлодар қалалық №1 ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Жарақат алған сарбаз 2001 жылы туған. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы ауыр, бірақ тұрақты.
Arna Press,
18 апреля 2026
в 17:48
Қазақстанда зейнетақы жүйесі жаңғыртылып, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) арқылы азаматтардың болашақтағы әлеуметтік қорғалуы күшейтілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. Бұл тетік қызметкердің қазіргі жалақысынан ұстамай, жарнаны толықтай жұмыс беруші есебінен аударуды көздейді.Жаңа жүйенің басты мақсаты – әрбір жұмыскердің, әсіресе жас буынның тұрақты әрі сенімді зейнетақы қорын қалыптастыру.
Arna Press,
03 апреля 2026
в 13:58
Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы Бозша ауылы «Ішімдіксіз ауыл» бастамасына қосылып, өңірде алкоголь өнімдерін сатудан толықтай бас тартқан 26-шы елді мекенге айналды, деп хабарлайды Arnapress.kz polisia.kz сілтеме жасап.Бұл бастама ауыл тұрғындарының бірауыздан қолдауына ие болды. Игі ұсынысты алғаш болып ауыл жастары көтеріп, оны ақсақалдар мен қарияларға жеткізген.
Arna Press,
01 апреля 2026
в 17:18
2026 жылғы 1 сәуірде Қазақстан халқының нақты саны туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Arnapress.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.Жыл басындағы жағдай бойынша ел халқы 20 499 822 адамды құраса, 1 наурыздағы көрсеткіш 20 532 240 адамға жеткен. Осылайша халық саны 32 418 адамға артқан. Табиғи өсім — 28 835 адам, ал көші-қон сальдосы — 3583.Қалада 13 085 110 қазақстандық тұрса, ауылдық жерлерде 7 414 712 адам тұрады.Ең көп халық Алматы қаласында — 2 348 103 адам.
Arna Press,
30 марта 2026
в 22:28
Семей қаласындағы Қарағайлы ықшам ауданының тұрғындары тағы да қоқыс мәселесін көтерді, деп хабарлайды Arnapress.kz.Бұған дейін де аталған аудандағы 74-үй ауласында орналасқан қоқыс жәшіктерінің дәл аула ортасына қойылуы тұрғындарға айтарлықтай қолайсыздық туғызып отырғаны жазылған болатын. Тұрғындар қала әкімі Әділет Қожанбаевпен кездесу барысында да осы мәселе көтерілгенін де жазған едік. Әкім қоқыс контейнерлерін әр үйдің артына көшіру ұсынғанымен, бүгінгі күнге дейін нақты шаралар қабылданбаған.Күннің жылынуына байланысты жағдай тіпті ушығып отыр.
Arna Press,
26 марта 2026
в 13:18
Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мекемесі Қарағанды облысындағы Самарқанд су қоймасында, Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасында және Абай облысындағы Қаракөл су қоймасында шағын су электр станцияларын (СЭС) салу бойынша жобалау-сметалық құжат әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап. Қазіргі уақытта үш жоба да мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.
Arna Press,
26 марта 2026
в 13:18
Ақтөбе қаласында оқу орталығының мұғалімі алаяқтық әрекеті үшін сот үкімімен жазаға тартылды, деп хабардайды Arnapress.kz Ақтөбе соттарына сілтеме жасап.Іс материалдарына сәйкес, сотталушы 2024–2025 жылдар аралығында оқу орталығында жұмыс істей отырып, екі азаматқа бейіндік пәндерді тереңдетіп оқытатын мектепке конкурстан тыс түсіруге көмектесемін деп жалған уәде берген.
SportInfo,
20 марта 2026
в 23:16
Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Нұрқанат 66 келіге дейінгі салмақтың финалында әзірбайжандық Туран Байрамовпен кездесті. Тартысты өткен белдесуде отандасымыз соңғы секундтарда ұтымды әдіс жасап, «юко» ұпайына ие болды.
Arna Press,
20 марта 2026
в 15:28
Семей қаласында салынып жатқан жаңа көпір құрылысы барысында анықталған жарықшақтар мен бірқатар құқық бұзушылықтар бойынша ресми түсініктеме берілді, деп хабарлайды Arnapress.kzБұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Абай облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ басшысы Сайлауғалы Байназаров тілшілердің сұрақтарына жауап беру барысында айтты.«Қараша айында біз мониторгинг жүргізген болатынбыз.
SportInfo,
20 марта 2026
в 03:46
Лионель Месси тағы бір тарихи белесті бағындырды. Аргентиналық шабуылшы кәсіби мансабындағы 900-ші голын соғып, әлем футболындағы аңыз ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл жетістік — оның ұзақ жылғы тұрақтылығы мен жоғары деңгейінің айқын көрінісі. Месси клубтық және халықаралық деңгейде үздік ойын көрсетіп келеді: «Барселона» сапында 672 гол, «ПСЖ»-да 32, «Интер Майами» үшін 81 және Аргентина құрамасында 115 рет гол соққан. «Барселона» түлегі ретінде ол клуб тарихындағы ең ұлы ойыншылардың біріне айналды.
Arna Press,
18 марта 2026
в 17:28
Қазақстанда мектеп оқушыларына арналған оқулықтарды жаңарту жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Үкіметке сілтеме жасап. Министрдің айтуынша, 2026 жылы 3, 4, 7, 8 және 9 сыныптарға арналған оқулықтар жаңартылмақ.
Arna Press,
18 марта 2026
в 14:08
Қазақтың бай мұрасы мен ұлттық болмысын бүгінгі күнге жеткізіп жүрген шеберлердің бірі — қолөнер шебері, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі, ЮНЕСКО сапа белгісінің иегері, мәдениет саласының үздігі Бұлбұл Кәпқызы. Оның әрбір туындысы — тарихтың ізі, ұлттың үні, дәстүрдің жалғасы. Arnapress.kz тілшісі Бұлбұл Кәпқызымен сұхбаттасып, ұлттық өнердің құндылығымен таныстыАстаналық шебердің айтуынша, өнерге деген қызығушылығы бала кезден басталған. Әжесінің қасында жүріп, киіз үйге қажетті бұйымдарды жасаудың қыр-сырын меңгерген ол, бау тоқудан бастап, сырмақ пен түскиіз тігуге дейінгі барлық процесті көзбен көріп, қолмен ұстап өскен.«Өнерге бала кезден құштар болдым. Қырлы сырмақтың үстінде өсіп, киіз үйдің барлық керек-жарақтарын әжемнің қасында отырып үйрендім. Әжеме көмектесіп, бау, ши тоқып, өрмек тоқып, сырмақ, түскиіз тіккендерін көріп, бойыма сіңірдім.
Arna Press,
16 марта 2026
в 16:18
Абай облысының әкімі Берік Уәли төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте Семей қаласындағы ірі сауда нысандарын кезең-кезеңімен жаңарту мәселесі қаралды деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасапКәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбек Рахымбековтың айтуынша, «Мереке» және «Смокк» базарлары 2026 жылдың соңына дейін, ал «Ақшың» базары 2028 жылға дейін қайта жаңғыртылмақ.
Vera.kz,
14 марта 2026
в 22:49
Праздничная акция стала ещё одним напоминанием о важности сохранения национальных традиций, взаимного уважения и укрепления единства общества, передает vera.kzВ Шымкенте военнослужащие и служба по работе с членами семей военнослужащих войсковой части 35748 провели праздничное мероприятие, посвящённое первому дню декады Наурызнама — Көрісу күні – Амал мерекесі.Под музыкальное сопровождение военного оркестра, исполнявшего национальные мелодии, женщины-военнослужащие и гражданский персонал части в национальных костюмах с баурсаками и кумысом прошли по штабу части, учебным классам, казармам и медицинской роте бригады.
Arna Press,
12 марта 2026
в 18:58
Президент Қазақстанда коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылымдарды кең көлемде жаңғырту қолға алынғанын хабарлады, дейді Аrnapress.kz Үкіметке сілтеме жасапМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында Қазақстандағы жылу электр стансаларын модернизациялауды бастағанын атап өтті. Қазіргі уақытта 37 жылу электр стансасы жөнделді, ал кейбіріне қосымша жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Arna Press,
11 марта 2026
в 18:38
Алматыдағы «Радио үйі» ғимаратында «Шалқар» радиосының толық жөндеуден өткен жаңа студиясы салтанатты түрде ашылды. Жаңа студияға қазақ радиосының тұңғыш дикторы, Қазақ радиосының ардагері, КСРО-ның құрметті радисі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мина Сейітованың есімі берілді, деп хабарлайды Arnapress.kz turkystan.kz сілтеме жасапСалтанатты шараға радио саласының ардагерлері, қазіргі қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Arna Press,
11 марта 2026
в 17:28
Қазақстанда экономика өсіп жатқанына қарамастан, халықтың нақты табысы төмендеп отыр. Бұл туралы экономист Алмас Чукин мәлімдеген еді. Оның айтуынша, өткен жылы халықтың нақты табысы 6 пайызға азайған, ал елдің жалпы ішкі өнімі 6,5 пайызға өскен. Сарапшы мұндай айырмашылықтың негізгі себебі инфляция екенін атап өтті.
Arna Press,
10 марта 2026
в 18:08
Семей қаласында қоғамдық орында тәртіп бұзған шетелдік азаматтарға Қазақстан аумағына кіруге шектеу қойылды. Бұл туралы Arnapress.kz Абай облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.Әлеуметтік желілерде Абай даңғылы бойындағы бір мекеменің жанында күндізгі уақытта екі шетелдік азаматтың қоғамдық орында табиғи қажеттілігін өтеп жатқан сәті түсірілген видео тараған.