Популярные темы

еска: новости — страница 2

Екібастұзда жасырын алкоголь өндіру цехы анықталды

Arna Press, 13 марта 2026 в 16:18

Екібастұзда жасырын алкоголь өндіру цехы анықталды
Екібастұз қаласында полиция қызметкерлері үй жағдайында заңсыз алкоголь өндірумен айналысқан тұрғынды анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz Павлодар облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап. Бұл дерек «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында белгілі болған.Тексеру кезінде тәртіп сақшылары үй-жайдан белгісіз сұйықтық құйылған 139 пластик бөтелке, сыраға ұқсас шамамен 288 литр сұйықтық, 10 шыны колба және алкоголь өнімдерін қолдан жасап шығаруға арналған арнайы аппаратты тапты.

Семейдегі бір кешенде аялдамаға жету қиындады

Arna Press, 12 марта 2026 в 11:58

Семейдегі бір кешенде аялдамаға жету қиындады
Қарағайлы ықшам ауданынан «Северный» аялдамасына жету тұрғындар үшін қиынға соғып отыр. Қала тұрғыны редакциямызға жолдаған хатында бұл аумақтағы жолдың жағдайы алаңдатарлық екенін айтты.Оның сөзінше, қар еріген кезде жол лайсаң болып, су жиналып кеткен. Ал кейін ауа райы күрт суытып, жер қатып қалғандықтан, жол ойлы-қырлы мұзға айналған.

Щучинсктегі жарылыс: Қаза тапқандар саны 11-ге жетті

Arna Press, 09 марта 2026 в 15:08

Щучинсктегі жарылыс: Қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Ақмола облысының Щучинск қаласында болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады дейді Arnapress.kzМәліметке сәйкес, 8 наурыз күні Щучинск қаласындағы стационардың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқан зардап шеккендердің бірі көз жұмған.

Xiaomi компаниясы Xiaomi 17, Xiaomi 17 Ultra таныстырды: Leica-ның бірегей эстетикасымен жаңа деңгейдегі флагмандық мобильді түсірілім

EKaraganda.kz, 05 марта 2026 в 12:35

Xiaomi компаниясы Xiaomi 17, Xiaomi 17 Ultra таныстырды: Leica-ның бірегей эстетикасымен жаңа деңгейдегі флагмандық мобильді түсірілім
Таныстырылымның басты оқиғасы — Xiaomi мен Leica арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі туралы хабарлама болды. Енді әріптестік бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар форматынан стратегиялық бірлесіп жасау моделіне өтті. Бұл өнімді әзірлеудің барлық кезеңдерінде терең интеграцияны білдіреді.

Семейдегі Bala Park кәсіпкерлері: кәсібіміз тоқтап қалды, тексеру қашан аяқалатыны белгісіз

Arna Press, 05 марта 2026 в 11:08

Семейдегі Bala Park кәсіпкерлері: кәсібіміз тоқтап қалды, тексеру қашан аяқалатыны белгісіз
Bala Park ойын-сауық орталығының бутиктерін жалдап отырған кәсіпкерлер Arnapress.kz редакциясына өз мәселелерін жеткізді.Еске сала кетейік, 3 наурыз күні орталық ғимаратынан өрт шығып, шатыры опырылған болатын. Қазіргі уақытта нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалған.

Щучинскідегі жарылыстан қаза тапқандар саны сегізге жетті

Arna Press, 03 марта 2026 в 17:58

Щучинскідегі жарылыстан қаза тапқандар саны сегізге жетті
Щучинск қаласындағы дәмханалардың бірінде болған жойқын жарылыстан зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды. Ол Бурабай ауданы аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде ем алып жатқан болатын. Осылайша, қайғылы оқиғадан қаза тапқандар саны сегіз адамға жетті деп хабарлайды Arnapress.kz 24kz сілтеме жасапЕске салайық, өткен аптада қаладағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінде газ-ауа қоспасы тұтанып, күшті жарылыс болған еді.

Отбасы банк біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану бойынша өтінімдерді қайта қабылдайды

Arna Press, 27 февраля 2026 в 14:18

Отбасы банк біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану бойынша өтінімдерді қайта қабылдайды
Отбасы банк тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға өтінім қабылдауды қайта бастайды деп хабарлайды Аrnapress.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мәліметке сәйкес, өтінімдер 2 наурыз, дүйсенбіден бастап қабылдана бастайды.Еске сала кетейік, қаңтар айының соңында банк БЗТ қаражатын несие бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеуге пайдалану өтінімдерін уақытша тоқтатқан болатын.

Семейде автобус тасымалдаушыға талап қойылды, орындалмаса келісімшарт жойылады

Arna Press, 27 февраля 2026 в 13:18

Семейде автобус тасымалдаушыға талап қойылды, орындалмаса келісімшарт жойылады
Семей қаласындағы №35 әлеуметтік маңызы бар автобус бағытына қатысты қала әкімдігі пікір білдірді, деп хабарлайды Arnapress.kz.Еске сала кетейік, сайтымызға тұрғындар 35 маршурут суық, жеткенше тоңып барамыз деп жазған болатын. Соған Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жауабында: «Аталған бағыт «Авто Транс» ЖШС жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру келісімшартына сәйкес қызмет көрсетеді.

Семейдегі қоғамдық көліктердің суықтығына тұрғындар шағымдануда

Arna Press, 26 февраля 2026 в 19:08

Семейдегі қоғамдық көліктердің суықтығына тұрғындар шағымдануда
Редакциямызға Семейдегі қоғамдық көліктерде суық болатындығы туралы тұрғындардан жиі шағымдар келіп түсуде, деп хабарлайды Arnapress.kz.Оқырмандардың сөзінше, автобустардағы жылыту жүйесі кейде істемей қалады, ал жолаушылар аязда тоңып, діттеген жерлеріне жетуге мәжбүр болады.«Восточныйдан БСМП-ға дейін 35-пен келдік, қатып қалдық.

Кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне уәделі көліктің кілтін табыстады

Arna Press, 24 февраля 2026 в 14:28

Кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне уәделі көліктің кілтін табыстады
Кәсіпкер Арсен Томский Милан – Кортина қысқы Олимпиадасы чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесі, алғашқы жаттықтырушысы Станислав Шайдоровқа уәде еткен Audi Q8 автокөлігін табыстады деп хабарлайды Аrnapress.kz кәсіпкердің әлеуметтік желісіне сілтеме жасап.Оның айтуынша, Олимпиада чемпионының тарихи жеңісінің артында жылдар бойғы тынымсыз еңбек, темірдей тәртіп пен үлкен құрбандық жатыр.«Мен Audi Q8 көлігін Станислав Шайдоровқа – Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесіне, алғашқы жаттықтырушысына және осы жеңістің бастауында тұрған адамға сыйға тарттым.

Михаил Шайдоров костюмін Олимпиада мұражайына тапсырды

SportInfo, 21 февраля 2026 в 10:16

Михаил Шайдоров костюмін Олимпиада мұражайына тапсырды
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында еркін бағдарламада киген костюмін Олимпиада мұражайына табыстады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Салтанатты рәсім Италияның Милан қаласындағы Конькимен жүгіру спорты үйінде өтті. Іс-шараға Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының президенті Ким Чжэ Ёль, Олимпиада мұражайы директорының орынбасары Ясмин Майхтри, сондай-ақ, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин қатысты. ҚР ҰОК басшысы Шайдоровтың жеңісі Қазақстан мәнерлеп сырғанауының тарихындағы алғашқы олимпиадалық алтын медаль екенін атап өтті.

Абай облысы әкімінің келгеніне бір жыл: тұрғындар байқаған өзгеріс

Arna Press, 17 февраля 2026 в 19:18

Абай облысы әкімінің келгеніне бір жыл: тұрғындар байқаған өзгеріс
Абай облысына әкім болып Берік Уәли тағайындалғанына бір жыл толды. Осыған орай Arnapress.kz тілшісі өңір тұрғындары арасында «Аймақта өзгеріс байқалды ма?»деген сауалнама жүргізді. Онда түрлі пікірлер айтылды.Еске сала кетейік, Берік Уәли облысымызға 2025 жылы 17 ақпанда келген еді. Көпшілік қала келбетінің жақсарғанын атап өтті.«Жол жөнделіп жатыр, қала тазарды. Әкім өз жұмысын жақсы жасап жатыр.

Биылғы Рамазан айы 19 ақпанда басталады — Абай облысының бас имамы мәлімдеді

Arna Press, 16 февраля 2026 в 14:58

Биылғы Рамазан айы 19 ақпанда басталады - Абай облысының бас имамы мәлімдеді
Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында биылғы Рамазан айына қатысты мәлімдеді деп хабарлайды Arnapress.kzИмамның айтуынша, биылғы қасиетті Рамазан айы 19 ақпан күні басталады. Ораза 29 күнге созылады. Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді.

Абай облысында мас күйінде көлік басқарған әйел ұсталды

Arna Press, 13 февраля 2026 в 12:18

Абай облысында мас күйінде көлік басқарған әйел ұсталды
Абай облысының Үржар ауданында, Абылайхан көшесінде полиция қызметкерлері BMW маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлік тізгінінде 38 жастағы жергілікті тұрғын болған деп Arnapress.kz Полиция департамерті баспасөзіне сілтеме жасап хабарлайды.Жүргізушімен тілдесу барысында тәртіп сақшылары одан алкогольдің өткір иісін байқаған.

Семейде өтеді деп жоспарланған «Жайық келіп, Ертіске қосылғанда» айтысы кейінге шегерілді

Arna Press, 11 февраля 2026 в 14:38

Семейде өтеді деп жоспарланған «Жайық келіп, Ертіске қосылғанда» айтысы кейінге шегерілді
Бұған дейін сайтымызда жазған, 12 ақпан күні Абай облысы мен Батыс Қазақстан облысы ақындарының қатысуымен өтеді деп жоспарланған «Жайық келіп, Ертіске қосылғанда» атты командалық айтыс кейінге шегерілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Мәдениет басқармасына сілтеме жасап.Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықаралық Одағының Абай облысы филиалының төрағасы Дәулет Сметов: «Құрметті қонақтар мен ресми өкілдердің жұмыс кестесі өзгеруіне байланысты, сондай-ақ, Халықаралық айтыскер ақындар мен жыршы, термешілер Одағының ұйымдастырушы тарабы шешіміне сәйкес кейінге шегерілді.

Анастасия Городко: Олимпиаданың финалына шығуға әлі де мүмкіндік бар

SportInfo, 10 февраля 2026 в 22:06

Анастасия Городко: Олимпиаданың финалына шығуға әлі де мүмкіндік бар
Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының өкілі Анастасия Городко 2026 жылғы Олимпиада ойындарындағы алғашқы іріктеу кезеңіндегі өнеріне баға берді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Еске сала кетейік, отандасымыз бірінші іріктеуде 12-орынға ие болып, финалға тікелей жолдама ала алмады.

Семейде қолайсыз ауа райында жол көлік оқиғалары тіркелуде

Arna Press, 10 февраля 2026 в 18:08

Семейде қолайсыз ауа райында жол көлік оқиғалары тіркелуде
Семейде ауа райының қолайсыздығына байланысты жол-көлік оқиғаларының тіркелуі туралы нақтылау үшін Arnapress.kz тілшісі Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласып, мән-жайды білді.Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 9 ақпанда 11 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Ал, 10 ақпан күні алты жол-көлік оқиғасы орын алған.«Аталған жол-көлік оқиғалары салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Семейде TikTok арқылы терроризмді насихаттаған азамат сотталды

Arna Press, 10 февраля 2026 в 11:48

Семейде TikTok арқылы терроризмді насихаттаған азамат сотталды
Абай облысының тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.Прокуратура мәліметінше, Семей қаласының тұрғыны онлайн-платформалар арқылы террористік сипаттағы материалдарды таратқан. Тергеу деректеріне сәйкес, ол 2024 жылғы шілде мен 2025 жылғы сәуір аралығында TikTok әлеуметтік желісінде анонимді аккаунттар пайдаланып, сондай-ақ азаматтармен жеке хат алмасу барысында терроризмді насихаттайтын контент жариялаған.Таратылған материалдар зорлық-зомбылық идеологиясын насихаттап, террористік қызметті ақтауға бағытталғаны анықталған.«Сот үкімімен айыпталушы Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі – «Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру» бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді», – делінген прокуратура хабарламасында.Сондай-ақ Бас прокуратура Қазақстан Республикасының аумағында «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымының қызметі террористік деп танылып, оған толық тыйым салынғанын еске салды.Фото: жасанды интеллект арқылы

«Булинг үшін директор ғана жауапты емес» – министр пікір білдірді

Arna Press, 09 февраля 2026 в 13:38

Атырау облысында болған оқушылар арасындағы булинг жағдайына қатысты Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова фейзбук парақшасында пікір білдірді деп хабарлайды Arnapress.kzМинистрдің ойынша, мектеп директорының қызметтен босатылуы проблемаға шешім емес.«Балалар арасындағы булинг, төбелес және өзге келеңсіз жағдайлар тек директорға ғана байланысты емес.

Италияда 2026 жылғы Олимпиада ойындары ресми түрде ашылды

SportInfo, 07 февраля 2026 в 10:26

Италияда 2026 жылғы Олимпиада ойындары ресми түрде ашылды
7 ақпанға қараған түні Италияда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Миландағы әйгілі «Сан-Сиро» стадионы ашылу салтанатының басты алаңына айналды. Сондай-ақ рәсім Кортина-д’Ампеццо, Ливиньо және Предаццо қалаларындағы алаңдарды да қамтыды.

Семейдегі мектеп маңындағы көшеде жарық қосылды

Arna Press, 06 февраля 2026 в 12:48

Семейдегі мектеп маңындағы көшеде жарық қосылды
Қарағайлы тұрғын үй кешеніндегі мектеп маңынан өтетін көшедегі жарық мәселесі шешімін тапты. 5 ақпан кешкі уақытта аталған көшеде жарық шамдары іске қосылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Еске салайық, бұған дейін сайтымызда Қарағайлы ықшам ауданында жарық бағаналары орнатылғанымен, ұзақ уақыт бойы іске қосылмағанын жазған едік.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Arna Press, 03 февраля 2026 в 11:28

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді
Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми қабылдаушысы атанды. Бұл туралы Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kzАОК таратқан ресми ақпаратқа сәйкес, қабылдаушы қала мәртебесіне қатысты келісімге 5 ақпанда, Италияның Милан қаласында қол қойылады деп жоспарланып отыр.Айта кетейік, бұған дейін 2029 жылғы қысқы Азия ойындарын Сауд Арабиясы қабылдайды деп жоспарланған болатын.

Абай облысында ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақтан біріншілік өтті

Arna Press, 30 января 2026 в 11:58

Абай облысында ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақтан біріншілік өтті
Абай облысында тоғызқұмалақ федерациясы қайта жанданып, өңірде ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақтан біріншілік өтті. Осы жөнінде Arnapress.kz тілшісі тоғызқұмалақтан Абай облысының аға жаттықтырушысы Жарас Исахановпен сұхбаттасып, жетістіктері жайлы сұраған еді. «Қатысушылардың деңгейі жоғары дәрежеде болып, тартысты ойындар көрсетті.

Нартай Сарсенбаев: «Абай мен Мұхтардың елінде театрға басшылық ету – үлкен жауапкершілік»

Arna Press, 27 января 2026 в 11:29

Нартай Сарсенбаев:
Семейдегі «Абай атындағы театр» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жаңа директоры тағайындалғаны белгілі. Өңірдегі өнер ордасының бүгінгі ахуалы мен алдағы жоспары жайында білу үшін Arnapress.kz тілшісі театр басшысы Нартай Сарсенбаевтың жұмыс орнына барып, тілдесіп қайтты. Нартай Сарсенбаев қазақ кино әлеміне жаңа леп әкелген «Құнанбай», «Ұлы дала таңы», «Ахмет. ұлы ұстаз» сынды фильм, сериалдарда басты рөлді шебер сомдап, өзгеше қырынан танылды.

«Жаңа адамдар» қозғалысы: белсенді жастар қалай өзгеріс жасап жүр

Arna Press, 23 января 2026 в 16:01

Жасампаздық, жаңашылдық және жеке жауапкершілік құндылықтарын басты бағдар ететін «Жаңа адамдар» қозғалысы көшбасшыларымен танысып, сұхбаттасу реті түсті дейді Arnapress.kz тілшісі. Инстаграм желісінен Жаңа адамдар парақшасы елең еткізбей қоймайды. Атауы да ерекше. Қозғалыс қоғамдық өмірге шынайы қатысуға деген сұранысқа жауап ретінде пайда болған екен.

Ұлттық құрылтайда Президент кісі қолынан қаза тапқан бойжеткен оқиғасына тоқталды

Arna Press, 23 января 2026 в 15:58

Ұлттық құрылтайда Президент кісі қолынан қаза тапқан бойжеткен оқиғасына тоқталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте болған Нұрай Серікбайдың өліміне байланысты қайғылы оқиғаға назар аударды, деп хабарлайды Arnapress.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Президенттің айтуынша, аталған қайғылы жағдайға қатысты құрылтай мүшелерінен бірнеше өтініш түскен. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігіне Шымкент қалалық Полиция департаментінің әрекеттеріне құқықтық баға беруді тапсырды.«Күдіктінің Нұрайды аңдып, маза бермей, қоқан-лоқы көрсеткені анықталып отыр.

Семейде автобус мәселесі: тұрғындар ұзақ уақыт күтуге мәжбүр

Arna Press, 12 января 2026 в 02:58

Семейде автобус мәселесі: тұрғындар ұзақ уақыт күтуге мәжбүр
Семей тұрғыны, Arnapress.kz редакциясына хабарласқан оқырманымыздың айтуынша, кеше, яғни 8 қаңтар күні, «Торговый дом» аялдамасынан кешкі сағат 19:05 те 17 немесе 5 маршруттағы автобусты күтіп, үйіне «Северный» аялдамасына жетуге тырысқан. Алайда екі автобус та аялдамаға тоқтамай, өтіп кеткен.Тұрғын 40 минут шамасында келесі маршруттарды күтудің еш нәтижесі болмаған соң, ақыры таксимен үйіне қайтқан.

Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Малайзияны жеңді

SportInfo, 21 октября 2025 в 20:26

Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Малайзияны жеңді
Қазақстан ерлер құрамасы жағажай волейболынан Бахрейнде өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының топтық кезеңінде екінші жеңісіне қол жеткізді. 21 қазанда ұлттық құрама Малайзия командасына қарсы кездесу өткізді. Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш қарсыластарын 2:0 есебімен жеңді.

Қазақстан ТМД елдері ойындарындағы алдыңғы нәтижесін жақсарта түсті

SportInfo, 09 октября 2025 в 11:36

Қазақстан ТМД елдері ойындарындағы алдыңғы нәтижесін жақсарта түсті
Бүгін Әзірбайжанда III ТМД елдері ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Жеті қалада қатар өткен кешенді жарыста Қазақстан құрамасының спортшылары 10 алтын, 24 күміс, 48 қола (барлығы 82) медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 5-орыннан көрінді.

Абай облысының полицейлері түнгі уақытта жасөспірімдерге бақылауды күшейтті

Arna Press, 18 августа 2025 в 20:28

Абай облысының полицейлері түнгі уақытта жасөспірімдерге бақылауды күшейтті
Абай облысының полицейлері түнгі уақытта жасөспірімдерге бақылауды күшейтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Рейд барысында тәртіп сақшылары ойын-сауық орындарын және жасөспірімдер көп жиналатын жерлерді тексерді. Заңнамаға сәйкес, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ілесуінсіз сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық мекемелерінде, ал 23:00-ден кейін көшеде жүруіне тыйым салынады.«Іс-шара нәтижесінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе тұрғын үйден тыс жерлерде заңды өкілдерінің ілесуінсіз жүрген 8 фактісі анықталды.
Показано 30 новостей из 175