Популярные темы

Тараз қаласы: новости — страница 2

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖАЙЫНДА.

Магнолия, 15 мая 2024 в 22:18

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖАЙЫНДА.
Ұлы Отан соғысы тарихымыздағы ең ауыр кезеңдердің бірі болды. Ол туралы әрбір жан біледі, қанды және аяусыз соғыстың қасіретін ұмыту мүмкін емес. Ұлы Отан соғысы – бүкіл әлем тарихындағы ең қорқынышты әскери қақтығыс. Жеңіске жету үшін халқымыз үлкен қиындықтардан өтті. Соғыс 4 жылға созылып, Кеңес Одағында өмір сүрген әрбір төртінші адам көз жұмды.

Бала тууы және оның күтімі бойынша жәрдемақыны қалай алуға болады?

Магнолия, 23 апреля 2024 в 19:18

Бала тууы және оның күтімі бойынша жәрдемақыны қалай алуға болады?
Бала туылған кезде қандай төлемдер беріледі? Қазақстан Республикасындағы барлық әйелдер мемлекеттен бала туғанда жәрдемақы және бала 1,5 жасқа дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік жәрдемақы алады Босанғанға дейін жұмыс істеген әйелдерге жүктілігіне және босануына байланысты әлеуметтік төлемдерге қосымша құқығы бар.

Қарындасының мазасын алғаны үшін, ерекше талаптар белгілене отырып 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Магнолия, 18 апреля 2024 в 15:38

Қарындасының мазасын алғаны үшін, ерекше талаптар белгілене отырып 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотымен ӘҚБтК-нің 461 б. 1 б. (ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу) бойынша азамат Н-қа қатысты әкімшілік іс қаралды. Сотпен анықталғандай, азамат Н. алкогольден масаң күйінде наурыз 2024 жылы Тараз қаласы өз үйінде қарындасы С. мазасын алып, жанжал туғызып, дөрекі сөйлеген, осылайша ол 10 наурыз 2024 жылғы ішкі істер органымен шығарылған қорғау нұсқамасын бұзған.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ

Магнолия, 29 марта 2024 в 13:58

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми түрде қазақ тілімен қатар орыс тілі қолданылады. Ресми тіл – қазақ тілі, ол түркі тобындағы ең үлкен тілдердің бірі. Елімізде мемлекеттік тілдің ресми мәртебесін реформалау және дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Тараз қаласы

Магнолия, 29 февраля 2024 в 19:58

Тараз қаласы
Тараз қаласы №2 соты мемлекеттік орган өкілдері мен сот орындаушыларының қатысуларымен «Сот актілерін орындау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиынды ашқан сот төрагасы Е.Дүйсенбаев сот актілерінің орындалуы құқықтық тәжірибенің ең маңызды бөлігі екенін, заңды күшіне енген сот актілерінің ҚР аумағында қатаң орындалуы міндетті және орындалмаған жағдайда заңмен көзделген жауапкершілік қарастырылғанын мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының судьялары

Магнолия, 29 февраля 2024 в 17:38

Қазақстан Республикасының судьялары
Қазақстан Республикасының судьялары, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын басшылыққа ала отырып; Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының, Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы халықаралық пакті ережелерінің, БҰҰ Бас Ассамблеясының Қарарымен мақұлданған сот органдары тəуелсіздігінің негізгі қағидаларының маңыздылығын сезіне отырып; судьялардың тəуелсіздігі, объективтілігі, теңдігі, адалдығы мен сатылмайтындығы, құзыреттілігі мен ұқыптылығы жəне əдеп нормаларын сақтау туралы судья — лардың жүріс-тұрысының Бангалорлық қағидаттары мен қағидаларын ескере отырып; үстемдікті құқық пен демократияның, ал сот билігінің тəуелсіздігін əділ сот талқылауына деген құқықтың базалық элементі ретінде мəлімдей отырып; азаматтардың, қоғамның адамагершілік, адалдық пен сатылмайтындық мəселелерінде биліктің сот тармағына, сон — дай-ақ сот жүйесінің беделіне деген сенімі қазіргі демокра — тиялық қоғамда аса маңызды рөлге ие екендігін мойындай отырып; осы Судьялық əдеп кодексін (бұдан əрі – Кодекс) қабылдай отырып, жұмыс істеп жүрген судьялар мен отставкадағы судьялар үшін жүріс-тұрыстың мынадай əдеп қағидаларын белгілейді.

Соттар жекеше айыптау

Магнолия, 29 февраля 2024 в 17:38

Соттар жекеше айыптау
Соттар жекеше айыптау қылмыстық істері бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың ар-намысын, қадір-қасиетін және жеке басына қол сұғылмаушылық құқықтарын, олардың басқа да конституциялық құқықтарының сотта қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында заң талаптарын нақты және бұлжытпай орындауы керек. 2. Жекеше айыптауды қозғауға жәбірленушінің: 18 жасқа толған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі -ҚПК) 71, 76-баптарында көрсетілген жәбірленушінің заңды өкілдерінің және өкілдерінің шағымы себеп болады. ҚПК-нің 32-бабының төртінші бөлігіне сәйкес, егер әрекет дәрменсiз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы не басқа да себептер бойынша өзiне тиесiлi құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабiлетсiз тұлғалардың мүдделерiн қозғайтын болса, прокурор жекеше айыптау iсi бойынша жәбiрленушiнiң шағымы болмаған кезде де iс қозғауы мүмкін. Қылмыстық ізге түсуден артықшылықтары мен иммунитеттері бар тұлғаларға қатысты ҚПК-нің 57-тарауында белгіленген іс жүргізу ерекшеліктері жекеше айыптау бойынша іс жүргізу кезінде де қолданылатынын соттар есте сақтауы керек. Қылмыстық ізге түсуден артықшылықтары мен иммунитеттері бар тұлғаларға қатысты жекеше айыптау тек прокурормен заңда белгіленген тәртіпте және негіздерде қозғалады.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ

Магнолия, 31 января 2024 в 12:18

ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ
Қылмыстық процестің мiндеттерi:. 1.Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды бейтараптықпен, тез және толық ашу, тергеп-тексеру, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту, әдiл сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану, адамдарды, қоғамды және мемлекетті қылмыстық құқық бұзушылықтардан қорғау қылмыстық процестің мiндеттерi болып табылады.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ ҚР ЗАҢЫМЕН КӨЗДЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘРТЕБЕСІ.

Магнолия, 31 января 2024 в 12:08

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ ҚР ЗАҢЫМЕН КӨЗДЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘРТЕБЕСІ.
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ ҚР ЗАҢЫМЕН КӨЗДЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘРТЕБЕСІ. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi — қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру — Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы. Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға; Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға; қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi. (4-бап) Орыс тiлiн қолдану.

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің қолданылу аясы

Магнолия, 28 декабря 2023 в 19:28

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің қолданылу аясы
Казакстан Республикасының мемлекеттік тілі казақ тілі. Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай тілдердін бірі. Қазақ тілі қазақ халкының ана тілі. Тіл — халықтың рухани және мәдени байлығының дамуының құралы. Тіл адамдардың карым-катынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы екендігі сөзсіз.

ТӘУЕЛСІЗДІК — ТҰҒЫРЛЫ ҰҒЫМ.

Магнолия, 15 декабря 2023 в 18:08

ТӘУЕЛСІЗДІК — ТҰҒЫРЛЫ ҰҒЫМ.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады.

Жекеше айыптау шағымдарын беру және оларды қарау тәртібі.

Магнолия, 30 ноября 2023 в 17:38

Жекеше айыптау шағымдарын беру және оларды қарау тәртібі.
Жекеше айыптаушы — жекеше айыптау ісі бойынша сотқа шағым берген және сотта айыптауды қолдаған адам, сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда сотта айыптауды дербес қолдаушы жариялы және жеке-жариялы айыптау ісі бойынша жәбірленуші. Жекеше айыптаушы оған тиесілі құқықтарды пайдаланады және өзіне жүктелген міндеттерді жеке немесе, егер ол құқықтар мен міндеттердің сипатына сәйкес келсе, өкіл арқылы атқарады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің (бұдан әрі — ҚПК) 32-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстерге жататын жекеше айыптау iстерi бойынша iс жүргiзу, 47 тарауда белгiленген алып қоюларды қоспағанда, осы Кодекстiң жалпы қағидаларымен айқындалады.

Медиация дегеніміз не?

Магнолия, 30 ноября 2023 в 17:28

Медиация дегеніміз не?
«Медиация» термині латынның «mediare», делдалдық ету деген сөзінен шыққан. Медиация — үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі. Аталған үшінші тарап ретінде медиаторды танимыз, ол даудың немесе сотта қаралатын істің қатысушыларының белгілі бір келісімге келуіне көмектеседі, сонымен бір мезгілде тараптар дауды реттеу мен оны шешудің шарттары жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен бақылап отырады.

Экс-шенеунік Қазақстанға экстрадицияланды

Arna Press, 15 июня 2023 в 13:08

Экс-шенеунік Қазақстанға экстрадицияланды
Грузияның әділет Министрлігі лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және 50 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті деп танылған Тараз қаласы әкімінің бұрыңғы орынбасарын ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды. — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасапКүдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан бой тасалаған, сондықтан оған қатысты халықаралық іздеу жарияланған.Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген тұлға Грузияда анықталып, ұсталды.«Грузиялық әріпестермен арадағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде бүгін Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанған әкелді», — делінген хабарламада.Қәзіргі уақытта, ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.Жоғарыда көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.Сурет: Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан видеодан скриншот
Показано 14 новостей из 44