Популярные темы

Сурет: новости — страница 18

Семейде педагогтердің кеңейтілген алқа отырысы өтті

Arna Press, 29 августа 2024 в 12:18

Семейде педагогтердің кеңейтілген алқа отырысы өтті
«DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒВ БІЛІМ БЕРУ» атты республикалық педагогикалық саммит аясында Семей қаласының педагог қызметкерлерінің кеңейтілген алқа отырысы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Отырыстың спикерлері оқыту сапасын үздіксіз арттыру тәжірибесімен, «943 мақсатты мектепті дамыту» жобасын жүзеге асырумен және «ҰСТАЗ» платформасының жұмысы туралы тәжірибелерімен бөлісті.

Қазақстанда 26 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Arna Press, 28 августа 2024 в 13:18

Қазақстанда 26 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
Мемлекеттік саясат әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру есебінен экономиканың тұрақты әрі теңгерімді өсімін қамтамасыз етуге бағытталған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бүгінгі таңда Үкімет инвестиция көлемі 15 трлн теңгеден асатын 17 ірі жобаның тізбесін бекітті.Оларды жүзеге асыру бірқатар маңызды экономикалық нәтиже береді деп күтілуде:Аталған жобаларды іске асырудың нәтижесінде 26 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады, экспорт 6 трлн теңгеге артады және 1,5 трлн теңгеден астам сомаға импорт алмастырылады.Сондай-ақ бұл шаралар жоғары технологиялық өндірістерді құруға, жергілікті кадрлардың біліктілігін арттыруға және отандық өндірушілермен оффтейк-келісімшарттар жасасуға ықпал етеді.Сурет: primeminister.kz

ҰБТ-дан жоғары балл алып грантсыз қалғандар министрді сотқа берді

Arna Press, 27 августа 2024 в 13:18

ҰБТ-дан жоғары балл алып грантсыз қалғандар министрді сотқа берді
ҰБТ-дан жоғары балл ала тұра, мемлекеттік гранттан қалыс қалғандар Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбектің өзін сотқа берді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.Тасқыннан зардап шеккендерге ортақ гранттың ішінен бес мыңын бөліп беру, басқалардың мүмкіндігін шектеумен тең болды деп санайды сотқа жүгінгендер.

Қазақстанда 400 мыңнан астам вейп жойылды

Arna Press, 27 августа 2024 в 11:08

Қазақстанда 400 мыңнан астам вейп жойылды
Қазақстанда 400 мыңнан астам вейп жойылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.ҚМА баспасөз қызметінің 2024 жылғы 27 тамыздағы таратқан ақпаратына сәйкес, вейптердің таралуына қарсы күрес аясында қылмыстық істерді тергеу барысында тәркіленген шамамен 400 мың бірлік электронды құрылғылар жойылған.2024 жылдың 20 маусымында вейптарды сатуға, әкелуге және өндіруге тыйым салатын заңнамалық түзетулер күшіне енгеннен бері ҚМА вейптардың, хош иістендіргіштердің және оларға арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымының 25 фактісін тоқтатты.Көрсетілген кезеңде заңсыз айналымнан шамамен 22 мың электронды құрылғы, сондай-ақ 7 мың хош иістендіргіш, картридж және буландырғыштар тәркіленді.Елордада вейптар мен оларға арналған сұйықтықтарды өндіру, сақтау және сатумен айналысқан ірі астыртын цехтың ұйымдастырушысы ұсталды.Қылмыстық топ қолдан жасалған әдіспен глицерин, никотин және жасанды хош иістендіргіштерден тұратын сұйықтықты өндірген.

Қазақстанда жаңа мораторий енгізілді

Arna Press, 26 августа 2024 в 17:28

Қазақстанда жаңа мораторий енгізілді
Қазақстанда жаңа мораторий енгізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Мораторийді енгізу туралы ақпарат нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінің порталында пайда болды.«Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу», — делінген құжатта.Мына жағдайлар мараторийге бағынбайды:Осы қаулы «экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Президент Жарлығын орындау мақсатында оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Үкіметтің баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісіне қаулыға қол қойылғанын растады.

Абай облысында Сабантой аталып өтті

Arna Press, 26 августа 2024 в 11:08

Абай облысында Сабантой аталып өтті
Абай облысында Бейбітшілік аралының бас алаңында дәстүрлі түрде мыңдаған қонақтардың басын қосатын Сабантой мерекесіне арналған іс-шара өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аграрлық сипаттағы жыл сайынғы мереке түрлі ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына біріктіретін алаңға айналды. Қонақтар Семей қаласының қолөнершілерінің сәндік-қолданбалы өнер көрмесін тамашалап, Абай өңірінің өлкетанушылары ұсынған бірегей көне жәдігерлер жинағын тамашалады.Сонымен қатар, татар мұражайлары қызықты экскурсиялар өткізіп, дәстүрлі киіз үйлерде ұлттық тағамдар, соның ішінде бәліштер, чак-чак, эчпочмак және басқа да дәмді тағамдар әзірленді. Қонақтарға Семей қаласының және Татарстан Республикасының танымал өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.

ҰОК-та Жанар Өтешованы кім алмастырады: алдын ала ақпарат пайда болды

Arna Press, 23 августа 2024 в 11:38

ҰОК-та Жанар Өтешованы кім алмастырады: алдын ала ақпарат пайда болды
ҰОК-та Жанар Өтешованы кім алмастырады: алдын ала ақпарат пайда болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Meta Ratings мәліметтері бойынша, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің жаңа бас хатшысы болып спорт функционері Әлімжан Ақаев тағайындалады. ҰОК жарғысына сәйкес, бас хатшы сайланбалы лауазым болып табылғандықтан, олимпиадалық спорт түрлері бойынша барлық ұлттық федерациялардың президенттері дауыс берген кезде Акаевтың кандидатурасын Бас ассамблея бекітуі керек.27 тамызда Ақаев 39 жасқа толады. ҰОК — та ол 2015 жылдан бастап жұмыс істейді және келесі лауазымдарда қызмет атқарды:21 тамызда Головкин бас хатшы Жанар Өтешованы жұмыстан шығару туралы бұйрыққа қол қойып, оны «сенімнің жоғалуына байланысты» Бас Ассамблеядан шығару туралы қаулы шығарды.Сурет: Facebook/olympic_kz

«Күн райы күрт бұзылады». Еліміз бойынша 22 тамызға арналған ауа райы болжамы

Arna Press, 22 августа 2024 в 10:28

Синоптиктер бейсенбі, 2024 жылдың 22 тамызына арналған ауа райы болжамымен бөлісті.«Күн райы күрт бұзылады». Еліміз бойынша 22 тамызға арналған ауа райы болжамы, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республикамыздың батысында, оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.«Солтүстік-батыс циклонының ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады: найзағай ойнап, бұршақ түседі, қатты жел тұрады, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, шығыста, еліміздің орталығында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі.

11 жылға сотталған Арыстанбек Мұхамедиұлының аппеляциялық шағымы қаралып, сот үкімі өзгеріссіз қалды

Arna Press, 21 августа 2024 в 14:28

11 жылға сотталған Арыстанбек Мұхамедиұлының аппеляциялық шағымы қаралып, сот үкімі өзгеріссіз қалды
Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына және онымен бірге сотталған басқа да адамдарға қатысты үкім аппеляциялық тәртіппен қайта қаралды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.2024 жылғы 21 тамызда Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен А.Мұхамедиұлы және басқаларына қатысты қылмыстық іс апелляциялық тәртіпте қаралды.Айта кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2029 жылғы 29 ақпандағы сот үкімімен Мұхамедиұлы А. лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалана отырып, кінәліге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін талан-таражға салу арқылы, аса ірі мөлшерде ұрлауды ұйымдастырғаны, рейдерлік әрекетке бағытталғаны, өкілеттіктерін теріс пайдалануды ұйымдастырғаны үшін (ҚК 28-бабының 3-бөлігі – 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы, 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы, 24-бабының 3-бөлігі – 249-бабының 1-бөлігі, 28-бабының 3-бөлігі – 250-бабының 1-бөлігі) мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 11 жылға бас бостандығынан айыруға;Нұразхан А. кінәліге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін талан-таражға салу жолымен, аса ірі мөлшерде ұрлауға қатысқаны үшін (ҚК 28-бабының 2-бөлігі – 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы) мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 7 жыл 1 айға бас бостандығынан айыруға;Кошенов А. мен Садвокасова А. кінәліге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде, талан-таражға салу жолымен ұрлауға жәрдемдескені үшін (ҚК 28-бабының 5-бөлігі – 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы) коммерциялық және өзге де ұйымдарда 10 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдармен айналысу құқығынан айырыла отырып, 7 жыл 1 айға бас бостандығынан айыруға, сондай-ақ А.Садвокасоваға үкімнің орындалуын 5 жылға кейінге қалдыру қолданылды;Сатубалдин А. мен Кочетов Л. кінәліге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде, талан-таражға салу жолымен ұрлауға қатысқаны үшін (ҚК 28-бабының 2-бөлігі — 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы) мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға;Жуаспаева Г. өкілеттігін асыра пайдаланғаны және көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін (ҚК 250-бабының 1-бөлігі, 385-бабының 3-бөлігі) 2 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

Белгілі қазақстандық боксшы қыз зорлады деген күдікке ілінді

Arna Press, 21 августа 2024 в 13:38

Белгілі қазақстандық боксшы қыз зорлады деген күдікке ілінді
Белгілі қазақстандық боксшыға қыз зорлады деген айып тағылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Әлеуметтік желіде 1996 жылы туған қыздың Алматы қаласы Әуезов ауданының полициясына зорлау туралы арыз бергені туралы ақпарат пайда болды. Ол мәлімдемені бірінші жартылай орта салмақтағы IBO нұсқасы бойынша бокстан белгілі қазақстандық боксшы — әлем чемпионы Жанкош Тұраровқа жасаған.«Келіп түскен арызға байланысты Әуезов ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Қазақстан банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін кепілсіз несие көлемін шектеді

Arna Press, 21 августа 2024 в 13:38

Қазақстан банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін кепілсіз несие көлемін шектеді
Қазақстан банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін кепілсіз несие көлемін шектеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар берген тұтыну банкі несиелерінің сомасы келесі талаптарға сәйкес келеді:Еске салайық, бұл ломбардтардың 1 жылға дейінгі мерзімге 8 000 АЕК (29 536 000 теңге) мөлшерінде микрокредиттер беруі және микроқаржы ұйымдарының азаматтар мен заңды тұлғаларға 1 жылға дейінгі мерзімге микрокредиттер беруі.

Абай облысында ҚХР Тарбағатай аймағының мәдени күні өтті

Arna Press, 21 августа 2024 в 11:28

Абай облысында ҚХР Тарбағатай аймағының мәдени күні өтті
Абай облысында ҚХР Тарбағатай аймағының «Шыңжаң – жақсы жер» атты концерті өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мәдени шара Қазақстан мен Қытай мемлекет басшыларының қол жеткізген достықты нығайту, сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.Шарада сөз алған Тарбағатай аймағының партия комитетінің басшысы Лю Е шекаралас аймақтар арасындағы байланыстың жаңа кезеңге қадам басқанын айтып, бүгінгі мәдени шараны соның бір айғағы екендігін алға тарттыАл Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов 1992 жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынас орнағаннан бері экономика, саясат, мәдениет және білім салаларын қоса алғанда, түрлі ынтымақтастықта айтарлықтай жетістіктерге жеткенін атап өтті.«Абай облысы мен Тарбағатай аймағы арасында да берік байланыс орнағанын жыл басынан бері өткізілген кездесулер мен жасалған екіжақты келісімдер дәлелдейді.

Астанада Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша соңғы талқылаулар басталды

Arna Press, 20 августа 2024 в 11:28

Астанада Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша соңғы талқылаулар басталды
Астанада Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша соңғы талқылаулар басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.2024 жылдың 20 тамызында Астанада талқылауға атом саласының сарапшылары, мемлекеттік органдардың, жұртшылық пен азаматтық сектордың өкілдері қатысады.Талқылау шеңберінде елдің энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету, АЭС құрылысына дайындық, сондай-ақ атом саласы үшін кадрлар даярлау мәселелері қозғалады.

ҚР Еңбек министрлігі мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы төлемдерінің көлемін жариялады

Arna Press, 19 августа 2024 в 17:58

ҚР Еңбек министрлігі мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы төлемдерінің көлемін жариялады
ҚР Еңбек министрлігі мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы төлемдерінің көлемін жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі – МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен 357,3 млрд теңге жұмсалды.

Қазақстанда 10 жыл ішінде 230 тоннадан астам каннабис тобының есірткілері жойылды

Arna Press, 19 августа 2024 в 15:01

Қазақстанда 10 жыл ішінде 230 тоннадан астам каннабис тобының есірткілері жойылды
Ішкі істер министрлігі жаз бен күз мезгілдерінде жыл сайын «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізеді. Ол есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы тұруға бағытталған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.2014 жылдан бастап Қызылорда облысында құрамында «тетрагидроканнабинол» деп аталатын есірткі бар үнді және голландиялық қарасора белсенді түрде өсіріледі.

Таиландқа 30 күнге визасыз: Қазақстан үкіметі келісімді бекітті

Arna Press, 19 августа 2024 в 13:58

Таиландқа 30 күнге визасыз: Қазақстан үкіметі келісімді бекітті
Таиландқа 30 күнге визасыз: Қазақстан үкіметі келісімді бекітті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Келісімге сәйкес, бір тарап мемлекетінің азаматтары, жарамдылық мерзімі кемінде алты ай болуы тиіс жарамды жол жүру құжаттары бар азаматтар Қазақстан Республикасының аумағына кіруге, шығуға, транзитпен өтуге, уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады.

Алматы тұрғынынан 10 мың вейп тәркіленді

Arna Press, 16 августа 2024 в 15:18

Алматы тұрғынынан 10 мың вейп тәркіленді
Алматы тұрғынынан 10 мың вейп тәркіленді. , – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Алматы полициясы электронды темекі түріндегі тыйым салынған өнімдерді сату деректерін анықтау үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді қадағалап отыр.– Өткен айда Алматы «Киберпол» қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында вейп саудасымен айналысқан 5 адамды ұстады.

Қазақстандық Олимпиада жүлдегерлері COVID-19 салдарынан оқшауланды

Arna Press, 16 августа 2024 в 13:58

Қазақстандық Олимпиада жүлдегерлері COVID-19 салдарынан оқшауланды
Қазақстандық 2024 жылғы Олимпиада жүлдегерлері Ковидке байланысты қоғамнан оқшауланды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Туризм және спорт министрлігі түсіндірді: инфекция үш спортшы мен екі жаттықтырушыда анықталды. COVID-19 тестілері оң болды.Ведомство науқас адамдардың барлығы Париждегі Олимпиада жүлдегерлері деп түсіндірді.Олар оқшауланды. Қазір ем қабылдап жатыр.

Елімізде Ауғанстаннан жеткізілетін сусынға тыйым салынуы мүмкін

Arna Press, 16 августа 2024 в 12:58

Елімізде Ауғанстаннан жеткізілетін сусынға тыйым салынуы мүмкін
Қазақстанда Ауғанстанда өндірілетін кейбір анар хош иісті газдалған сусындарға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазіргі уақытта Комитеттің аумақтық бөлімшелері кейіннен зертханалық сараптамамен анар қосылған газдалған сусындардың (Ауғанстан өндірген) түрлі атауындағы сауда объектілерінде бақылау сатып алуды жүргізіп жатыр», — деп хабарлады комитет Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жауапта.Бақылау сатып алу қорытындысы бойынша, сусынның құрамында бояғыштардың рұқсат етілген нормалары асып кеткен жағдайда, өнімді қайтарып алу және сатудан алып тастау түрінде жедел ден қою шаралары қабылданады.Сондай-ақ, комитет биыл өнімнің санитарлық-эпидемиологиялық мониторингі аясында алкогольсіз сергітетін және алкогольсіз энергетикалық сусындардың 100-ден астам сынамасы тексерілгенін хабарлады.

Жаңа 10 мыңдық купюраны жалған купюрадан қалай ажыратуға болады — Ұлттық банк түсіндірмесі

Arna Press, 16 августа 2024 в 11:58

Жаңа 10 мыңдық купюраны жалған купюрадан қалай ажыратуға болады - Ұлттық банк түсіндірмесі
Қазақстан Ұлттық Банкі (ҰБК) 2024 жылғы 15 тамызда жаңа дизайндағы 10 000 теңгенің негізгі элементтерін егжей-тегжейлі сипаттады, бұл банкноттарды жалған банкноттардан өз бетінше ажыратуға көмектеседі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл ретте, 10 000 теңгелік жаңа банкноталар жаппай айналымға 2024 жылдың шамамен қыркүйек айынан бастап түсе бастайды.

Алматыда Медеуге дейінгі жол учаскесі уақытша жабылады

Arna Press, 15 августа 2024 в 15:18

Алматыда Медеуге дейінгі жол учаскесі уақытша жабылады
Алматыда Медеуге дейінгі жол учаскесі уақытша жабылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Оңтүстік елорда әкімдігінің мәліметінше, 15 тамызда сағат 23:00-ден 16 тамыздың 07:00-ге дейін қозғалыс Ақбұлақ бұлағынан 558/1 ғимаратқа дейінгі учаскеде жабылады. Жабық учаскенің ұзындығы 1,2 шақырым.«Барлығы осы көшенің 6 шақырымын жөндеу жоспарланып отыр.

Тоқаевтың олимпиадашылармен кездесуі кейінге шегерілді — спортшыларға COVID-19 диагнозы қойылды

Arna Press, 15 августа 2024 в 12:18

Тоқаевтың олимпиадашылармен кездесуі кейінге шегерілді - спортшыларға COVID-19 диагнозы қойылды
2024 жылдың 14 тамызында Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасының жеңімпаздарымен кездеседі деп жоспарланған болатын. Бірақ шара кейінге шегерілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Уәли кеше, 14 тамызда Тоқаев Париж Олимпиадасының жеңімпаздары мен жаттықтырушылар құрамын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойғанын еске салды.«Өздеріңізге белгілі, кеше президент Қасым-Жомарт Кемелұлы кездеседі деп жоспарланған болатын. Өкінішке орай, спортшылар мен бапкерлердің жартысына Ковид диагнозы қойылды, сондықтан кездесуді кейінге қалдыруға тура келді.

Қазақстан жазғы Олимпиада жүлдегерлеріне сыйақы төлеуден үздік бестікке кірді

Arna Press, 14 августа 2024 в 15:28

Қазақстан жазғы Олимпиада жүлдегерлеріне сыйақы төлеуден үздік бестікке кірді
Қазақстан жазғы Олимпиада жүлдегерлеріне сыйақы төлеуден үздік бестікке кірді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.CNBC ақпаратынша, жазғы Олимпиададағы жетістіктері үшін спортшыларға ең үлкен сыйақыны Гонконг ұсынды: билік алтын медаль үшін 768 мың доллар төледі. Айта кетейік, Гонконг қоржынында екі «алтын» және «екі қола» бар.Екінші орында алтын үшін 745 мың доллар ұсынған Сингапур билігі тұр.

Абай облысында 300 интернет-алаяқтық фактілері тіркелді

Arna Press, 14 августа 2024 в 14:18

Абай облысында  300 интернет-алаяқтық фактілері тіркелді
Жыл басынан бері Абай облысы ПД Криминалдық полиция басқармасында 300 интернет-алаяқтық фактілері тіркелді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарға, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуына қарсы күрес жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында 13-15 тамыз аралығында облыс аумағында «Аnti-fraud«жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.Интернет-алаяқтықтың ең көп таралған түрлері, тәртіп сақшылары атап өткендей, әлеуметтік желілердегі онлайн-мәмілелерге байланысты жасалатын, банк карталарынан ақша ұрлау, азаматтардың жеке деректерін иеленуге арналған фишингтік сілтемелерді пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық болып табылады.Полицейлер барлық азаматтарды қырағы болуға және осындай құқық бұзушылықтарға тап болған жағдайда жедел 102 арнасына хабарлауға шақырады.Сурет: ашық дереккөздерден

Қазақстанда пневмонияға шалдыққандар көбейді: Денсаулық сақтау министрлігі не дейді?

Arna Press, 14 августа 2024 в 14:18

Қазақстанда пневмонияға шалдыққандар көбейді: Денсаулық сақтау министрлігі не дейді?
Қазақстанда пневмонияға шалдыққандардың айтарлықтай өсуі тіркелді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Ведомство мәліметінше, 2024 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда пневмонияның 49 704 жағдайы тіркелген, бұл былтырмен сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,2 пайызға артық.

Қазақстандағы жұмыссыздық бойынша жәрдемақы: қандай мөлшерде және оны қалай алуға болады

Arna Press, 14 августа 2024 в 13:08

Қазақстандағы жұмыссыздық бойынша жәрдемақы: қандай мөлшерде және оны қалай алуға болады
Биыл Қазақстандағы жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны қандай мөлшерде болатыны беогілі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл ретте биыл 148,9 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 46,5 млрд теңге болды.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады.Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді.

Абай облысында мал иесі жауапкершілікке тартылды.

Arna Press, 13 августа 2024 в 18:08

Абай облысында мал иесі жауапкершілікке тартылды.
Абай облысында мал иесі жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Семей – Өскемен автожолында учаскелік инспектор бақылаусыз жайылып жүрген 20 жылқының иесін анықтады. Әлеуметтік желі пайдаланушысы роликті жариялап, 2019 жылы осы учаскеде жануардың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алып, екі адамның қаза тапқанын атап өтті.

Астана тұрғындары TikTok-та құмар ойын ұйымдастырғаны үшін сотталды

Arna Press, 13 августа 2024 в 18:08

Астана тұрғындары TikTok-та құмар ойын ұйымдастырғаны үшін сотталды
Астана тұрғындары TikTok-та құмар ойын ұйымдастырғаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сот үкімі бойынша, 2 қала тұрғыны Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс жерлерде құмар ойындарды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.«Адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы TikTok әлеуметтік желісінде жалпы сомасы 34 миллион теңгеден астам табыс тауып «Зарик» атты құмар ойын өткізді.Ойынның шартына сәйкес, тікелей эфирге қосылған азаматтар 500-ден 4000 теңгеге дейінгі мөлшердегі белгіленген соманы ұйымдастырушының есепшотына есімін және ұтыс алу үшін жеке телефон нөмірін көрсете отырып жолдайды.Бір ойын тек екі қарсыластың арасында өтеді.

Қарағанды облысында ірі компанияға 313,9 миллион теңге айыппұл салынды

Arna Press, 13 августа 2024 в 16:48

Қарағанды облысында ірі компанияға 313,9 миллион теңге айыппұл салынды
«Алтай Полиметаллы» ЖШС сарқынды суларды ашық жерге ағызатыны анықталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Тексеру өткізу үшін аудан прокуроры облыстық Экология департаментіне талап жолдады. Нәтижелер кәсіпорынның Экологиялық кодекс нормаларын бұза отырып, мемлекеттік экологиялық сараптамасыз және қалдықтарды қоршаған ортаға шығаруға рұқсатсыз жұмыс істегенін көрсетті.«Қарқаралы аудандық соты компанияны кінәлі деп танып, оған ҚР ӘҚБтК-нің 332-бабының 1-бөлігі және 328-бабының 1-бөлігі бойынша 313,9 млн теңге айыппұл салды.» Қарағанды ​​облысының прокуратурасыСонымен қатар, сот орындаушысы Серіктестіктің ағынды суларды биологиялық тазарту кешенінің жұмысын бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатты.Прокуратура мен уәкілетті органдардың үйлестірілген жұмысының арқасында заң бұзушылықтар тоқтатылды. Әкімшілік айыппұл өндірілді, компания орын алған бұзушылықтарды жою шараларын қабылдауда.Сурет: Zakon.kz

«Мұны тоқтату керек»: премьер-министр кәсіпкерлерге үндеу жасады

Arna Press, 13 августа 2024 в 14:38

Премьер-министр кәсіпкерлерге үндеу жасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Премьер-министр жұмыстарды және қызметтерді көрсету бойынша конкурста жеңіске жеткен мердігерлер қазақстандық өндірісте ұқсас тауарларының болуына қарамастан, көбінесе импорттық тауарларды сатып алатынын айтты.«Мұны тоқтату керек. Өнеркәсіп министрлігіне мемлекеттік органдар және ұйымдармен бірлесіп отандық шикізат пен материалдарды пайдалану бойынша ірі мердігерлердің міндеттемелеріне мониторинг жүргізудің пәрменді тетігін әзірлеуді тапсырамын», — деді Олжас Бектенов.Үкімет басшысы Қазақстанда отандық тауарлардың бірнеше каталогтары бар екенін атап өтті.
Показано 30 новостей из 1 622