Популярные темы

Керек: новости — страница 15

ТМД елдерінің басшылары бейресми кездесуде не талқылады? 29 декабря 2021, 13:06

Tengrinews, 29 декабря 2021 в 13:13

ТМД елдерінің басшылары бейресми кездесуде не талқылады?
                29 декабря 2021, 13:06
Кеше ТМД елдерінің басшылары Санкт-Петербургте бейресми кездесу өткізді. Онда пандемиядағы жағдай, экономика мен экология мәселелері көтерілді. Tengrinews.kz тілшілері мемлекет басшылары кездесуде не талқылағанын жазды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының дәстүрлі бейресми кездесуіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Ресей президенті Владимир Путин, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

«Араға 21 жыл салып». 2021 жылы балалы болған танымал қазақстандықтар 29 декабря 2021, 10:44

Tengrinews, 29 декабря 2021 в 10:53

Статистикалық мәлімет бойынша, биылғы дерекке сәйкес, Қазақстанда 0-17 жас аралығындағы 6 295 590 бала бар. Он жыл бұрын еліміздегі балалар саны 4,8 миллион болған. Биыл шоу-бизнес және спорт әлемінде балалы болған танымал қазақстандықтар да бар. Tengrinews.kz тілшісі 2021 жылы балалы болған танымал қазақстандықтарға шолу жасады.

Коронавирусқа қарсы таблетка: Қазақстанға қашан келеді және қай елдер қолдана бастады? 28 декабря 2021, 16:44

Tengrinews, 28 декабря 2021 в 16:53

Коронавирусқа қарсы таблетка: Қазақстанға қашан келеді және қай елдер қолдана бастады?
                28 декабря 2021, 16:44
Pfizer компаниясы коронавирусқа қарсы таблетка түріндегі дәрілік зат аралық зерттеу нәтижесі бойынша өлім-жітімнен 89 пайызға қорғайтынын мәлімдеген болатын. Компания мәліметінше, зерттеуге қатысқан науқастар ішінде 28-ші күні ешқандай өлім жағдайы тіркелмеген. Зерттеу барысында 1219 ересек адамның мәліметі қолданылған.

Ақтөбеде азаттықты аңсаған ұлт арыстары ұлықталды 27 декабря 2021, 19:47

Tengrinews, 27 декабря 2021 в 19:53

Ақтөбеде азаттықты аңсаған ұлт арыстары ұлықталды
                27 декабря 2021, 19:47
Ақтөбеде 25 желтоқсанда тарихи тұлғалар бейнеленген «Азаттықтың ақ таңы» мемориалдық кешені ашылды. Осыған орай Ақтөбеде бірқатар іс-шара өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кешен ашылуының қарсаңында Ақтөбе облыстық Ішкі саясат басқармасы мен Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Ұзақбай Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектебінде өлкетанушы Бекарыстан Мырзабайдың жетекшілігімен «Азаттықты аңсаған ұлт арыстары!» атты тарихи танымдық кездесу кеші өтті.

«Мазақ». Сәлем салған күйеу баланың видеосы этнографтардың шамына тиді 27 декабря 2021, 11:06

Tengrinews, 27 декабря 2021 в 11:13

Әлеуметтік желіде күйеу бала қайын жұртына сәлем беріп жатқаны түсірілген видео тарады. Кадрлардан ер адам сонау алыстан босағаға дейін өзін қолтықтап ұстаған «жеңгелерімен» бірге екі қадам сайын иіліп келе жатқанын көруге болады. Желі қолданушылары мұндай дәстүр қайдан шыққанын түсінбей аң-таң. Кейбіреуі керісінше ашуын білдіріп жатыр.

«Қазір омыртқа қытырлатқанның бәрі өзін дәрігер санап жүр». Корей дәрігері мануалды терапияның қаупін айтты 27 декабря 2021, 10:13

Tengrinews, 27 декабря 2021 в 10:23

Кейінгі жылдары мануалды терапия мен нүктелі массажға сұраныс артты. АҚШ-та және Бельгия мен Францияда мануалды терапия жолдарын үйрететін арнайы мектептер де көптеп ашылып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Кореяның ең үлкен көпсалалы медициналық орталығының директоры Ле Чан Гынмен сұхбаттасып, мануалды терапияның пайдасы мен зияны жайында сұрады.

«Намысыма тимейді». Шенеуніктер отставкаға кетуді талап еткендерге қалай жауап береді? 24 декабря 2021, 16:50

Tengrinews, 24 декабря 2021 в 17:03

Кейінгі күндері шаруалар ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің отставкаға кетуін талап еткен еді. Кейін оған министр жауап беріп, шаруалармен түсінік тапқанын айтқан болатын. Биыл жоғары лауазымдағы бірқатар шенеуніктерге отставка туралы сұрақ қойылған. Tengrinews.kz тілшісі шенеуніктердің отставкаға кету туралы талапқа қалай жауап бергенін еске түсірді.

«Илон Маск, Марк Цукерберг, Билл Гейтстер нашар оқыған деген сөз өтірік» 24 декабря 2021, 13:25

Tengrinews, 24 декабря 2021 в 13:43

Кейінгі кездері, қоғамда, әсіресе жастар арасында «қазіргі заманда жақсы оқу міндетті емес, тек өзіңді шығармашылық тұрғыда дамытсаң, еркін болып ашылсаң жеткілікті» деген түсінік бар. Оған Илон Маск, Марк Цукерберг, Билл Гейтс сынды адамдар мысалға келтіріліп те жүр. Алайда қазақстандық математик, Ұлыбританиядағы Imperial College London (Ұлыбритания) университетінде докторлық қорғаған Нұрғиса Есіркегенов мұнымен келіспейді.

«Альпинист Аяз ата». Елордалықтың құттықтауы жұртты тәнті етті 24 декабря 2021, 09:28

Tengrinews, 24 декабря 2021 в 09:33

Нұр-Сұлтанда арқан арқылы көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен ішке еніп, балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтаған Аяз ата желі қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қауіпті трюктерді шебер орындап, көпшіліктің ықыласына бөленген Қайратбек Тұрғанжановтың жасы 34-те, Семей қаласының тумасы.

Олимпиада, антирекорд. 2021 жыл Қазақстан спорты үшін қалай өтті? 23 декабря 2021, 14:52

Tengrinews, 23 декабря 2021 в 15:03

Олимпиада, антирекорд. 2021 жыл Қазақстан спорты үшін қалай өтті?
                23 декабря 2021, 14:52
2021 жылы қазақстандық спортшылар түрлі дүбірлі додаға қатысты. Қуаныш та, өкініш те болды. Tengrinews.kz тілшісі 2021 жылы Қазақстан спортындағы маңызды оқиғаларға тоқталды. «Алтынсыз» Олимпиада Негізі биылғы Токио Олимпиадасының өзі даумен басталды. Себебі қазақстандық телеарналар Олимпиада трансляциясының құқығын дер кезінде сатып ала алмай, жанкүйерлер Елдос Сметов пен Зүлфия Чиншанло медаль алған жарысты көре алмаған еді.

«Анам жылап жіберді». Әпкелі-сіңлілі он қыз әкесіне көлік сыйлап, жұртты тебірентті 23 декабря 2021, 11:19

Tengrinews, 23 декабря 2021 в 11:23

Маңғыстау облысында он қыз әкесіне көлік сыйлады. Желіде тосынсыйдың видеосы тарады. Tengrinews.kz тілшісі он қыздың үлкені Жақсыгүл Шалғынқызымен осы тосынсый туралы сөйлесті. Желіде тараған видео Маңғыстау облысындағы Қызан аулында түсірілген. Посмотреть эту публикацию в Instagram. Публикация от Жақсыгүл Шалғынқызы (@shalgynkyzyzhaksygul).

Бес күннің ішінде enpf-otbasy.kz платформасына БЗТ қолдану туралы 30 мың өтініш түскен

Banker.kz, 23 декабря 2021 в 00:11

Бес күннің ішінде enpf-otbasy.kz платформасына БЗТ қолдану туралы 30 мың өтініш түскен
Жолданған өтініштердің жалпы сомасы 190 млрд теңгеге тең. Олардың дені «Одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақ салымын толықтыру» атты жаңа мақсатқа тиесілі. Бұл батырма 2021 жылдың 16 желтоқсанында тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдану ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін www.enpf-otbasy.kz порталында қолжетімді болды.

«Өл» буынында мағына жоқ». 1-сынып дәптерінің авторлары сынға жауап берді 22 декабря 2021, 15:10

Tengrinews, 22 декабря 2021 в 15:23

1-сынып оқушыларына «өл», «си» сөздерін жазу тапсырылған «Менің алтын жазу үлгім» дәптерінің авторлары филологиялық сараптама қорытындысын жариялады. Бұл туралы көмекші құрал авторларының Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында айтылады. Айта кетейік, мұның алдында «Менің алтын жазу үлгім» дәптеріндегі «өл», «өш», «си» сөзі дау туғызған болатын.

TikTok-та алаяқтықтың жаңа тәсілі пайда болды 21 декабря 2021, 15:54

Tengrinews, 21 декабря 2021 в 16:03

TikTok-та алаяқтықтың жаңа тәсілі пайда болды
                21 декабря 2021, 15:54
TikTok-та елді алдап, ақша жымқырған алаяқтар байқалып жүр. Оларға сеніп, қалтасындағы соңғы тиынын тіккен қазақстандықтар да аз емес. Tengrinews.kz тілшісі алаяқтардың арбауына түскен шымкенттік студентпен тілдесіп, мәселенің мән-жайын сұрастырды. Кейінгі аптада TikTok желісінде бір сарынды тәсілмен алаяқтық қылмыстар пайда болды.

Цой бір жарым жылда қандай мәлімдемелер жасады? 20 декабря 2021, 17:36

Tengrinews, 20 декабря 2021 в 17:43

Цой бір жарым жылда қандай мәлімдемелер жасады?
                20 декабря 2021, 17:36
Бүгін Алексей Цой денсаулық сақтау министрі лауазымынан кетті. Ол бұл қызметті 2020 жылдың маусымынан бері атқарып келген. Tengrinews.kz тілшісі экс-министрдің бір жарым жылдық жұмысына көз жүгіртіп, айтқан мәлімдемелеріне шолу жасады. Алексей Цой министр қызметінде шамамен 900 мың теңге жалақы алып келді.

Қазақстанда вакцинация паспортын сатып алғандар неге жазаланбайды? 20 декабря 2021, 14:16

Tengrinews, 20 декабря 2021 в 14:23

Қазақстанда вакцинация паспортын сатып алғандар неге жазаланбайды?
                20 декабря 2021, 14:16
Қазақстанда вакцинация паспортын сатқандар жазаланады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалған паспорт жасайтындардың жазасын қатаңдатуды тапсырған. БАҚ-та паспорт сатқандар туралы ақпарат көп. Бірақ вакцинация паспортын сатып алғандар жазаланбайды. Tengrinews.kz тілшісі мұның себебін заңгер Думан Көпбаевтан сұрап білді.

Полный текст выступления Главы государства на торжественном собрании по случаю 30-летия Независимости РК

EKaraganda.kz, 20 декабря 2021 в 00:05

Полный текст выступления Главы государства на торжественном собрании по случаю 30-летия Независимости РК
Құрметті отандастар! Ардақты ағайын!Баршаңызды қастерлі Тәуелсіздігіміздің мерейлі белесімен шын жүректен құттықтаймын!Біз осыдан отыз жыл бұрын бабалар арманын ақиқатқа айналдырдық. Жаңа Қазақ мемлекеті құрылғанын дүние жүзіне паш етіп, Тәуелсіздігімізді жарияладық. Бірнеше ғасырдан бері үзіліп қалған дербес мемлекеттілік дәстүрімізді қайта жалғадық.Шын мәнінде, егемендік – елдің бәріне бұйыра бермейтін бақ. Әлемде сан миллион халқы болғанымен, ұлтарақтай жері жоқ қаншама ұлт бар.

Қазақстан дегенде ойыңызға бірінші не келеді? Шетелдіктер жауап берді 16 декабря 2021, 13:00

Tengrinews, 16 декабря 2021 в 13:03

Қазақстан дегенде ойыңызға бірінші не келеді? Шетелдіктер жауап берді
                16 декабря 2021, 13:00
Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып отыр. Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі шетелдік жастармен тілдесіп, олардың Қазақстан туралы не білетінін сұрады. «Қар адамы — қазақстандық» Чехиялық Нико Староста Қазақстан туралы жақсы білетін болып шықты. Тіпті, ол 2014 жылы Алматыға да келген екен.

30 жыл бұрын әлем қандай еді? 16 декабря 2021, 11:00

Tengrinews, 16 декабря 2021 в 11:13

30 жыл бұрын әлем қандай еді?
                16 декабря 2021, 11:00
Осыдан тура 30 жыл бұрын Қазақстан егемендігін алды. Ол кезде әлем қандай болды? Қазақстанда қандай өзгерістер болды? Tengrinews.kz тілшісі 1991 жылы әлем қандай болғанын жазды. 30 жыл бұрын Қазақстанда не болды? 1991 жылы әлі тәуелсіздігін алмаған Қазақ КСР-де президент қызметі пайда болды. Сол кезде одақтық республиканың басшысын Жоғары Кеңес сайлайды деп шешілген.

«5:32» сериалы мен Асқар Жалдиновтың кітабын не байланыстырады? 13 декабря 2021, 16:50

Tengrinews, 13 декабря 2021 в 17:03

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, Қазақстанда жылына 100 000-нан астам қылмыстық іс тіркеледі. Оның ішінде жантүршігерлік оқиғалар да аз емес. Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі криминиалистика жанрында қалам тербеген Асқар Жалдиновпен сұхбаттасып, одан Қазақстан тарихындағы атышулы қылмыстардың құпиясы жазылған «Вне протокола» кітабы туралы сұрады.

«Дәрігерлер оның үш ай ғана уақыты қалды деді» 13 декабря 2021, 14:50

Tengrinews, 13 декабря 2021 в 14:53

Алматылық 23 жастағы Диана Райқұлова қазір ауыр дертпен күресіп жатыр. Жүрегі мен өкпесін ауыстыру қажет. Ал оған қомақты қаражат керек. Tengrinews.kz тілшісі Диананың анасы Мая Төлегеновамен сөйлесіп, қызының жағдайын білді. Диана қарапайым отбасынан шыққан. Анасы дүкенде көмекші болып жұмыс істейді.

Алматыда омикрон штамына байланысты зерттеу нәтижесі қашан шығады? 10 декабря 2021, 17:00

Tengrinews, 10 декабря 2021 в 17:13

Алматыда омикрон штамына байланысты зерттеу нәтижесі қашан шығады?
                10 декабря 2021, 17:00
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы омикрон штамына байланысты зерттеу қалай жүріп жатқанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бекшиннің сөзінше, бүгінде қала бойынша омикрон штамына мониторинг жүргізіп жатыр.

Омикрон штамы спортқа қалай әсер етті? 10 декабря 2021, 16:03

Tengrinews, 10 декабря 2021 в 16:13

Омикрон штамы спортқа қалай әсер етті?
                10 декабря 2021, 16:03
Омикрон штамы тарауымен спортқа да қауіп төніп тұр. Пандемияның бастапқы кезеңіндегідей қазір көптеген жарыс шегеріліп жатыр. Стадионға кіруге шектеулер қойылды, спортшылардан коронавирус анықталды. Tengrinews.kz тілшісі коронавирустың жаңа толқыны спортқа қалай әсер етіп жатқанын жазды. Головкин биыл жекпе-жек өткізе алмайды Омикрон штамы орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жанкүйерлері үшін жағымсыз жаңалық әкелді.

«Асықпаңыздар». Қазақстандықтар Түркиядан пәтер алуға неге үйір? 10 декабря 2021, 15:24

Tengrinews, 10 декабря 2021 в 15:33

Кейінгі жылдары қазақстандықтардың Түркиядан пәтер алуға деген сұранысы артып кеткен. Түркияның статистика институтының мәліметінше, елде баспана сатып алатын шетелдіктердің ішінде қазақстандықтар тоғызыншы орында екен. Былтырдың өзінде 1117 қазақстандық Түркиядан пәтер сатып алған. Бұл былтыр елден баспана алғандардың 2,8 пайызы.

Омикрон, жабық шекара. Әлем Жаңа жылды қалай қарсы алады? 09 декабря 2021, 17:09

Tengrinews, 09 декабря 2021 в 17:13

Омикрон, жабық шекара. Әлем Жаңа жылды қалай қарсы алады?
                09 декабря 2021, 17:09
Жаңа жыл жақындаған тұста коронавирустың омикрон штамы шығып, дүние жүзі сақтық шарасын қайта күшейтіп жатыр. Жағдай күрделенсе, әлем Жаңа жылды қатаң шектеулермен қарсы алуы мүмкін. Tengrinews.kz тілшісі шет елдердегі шектеулер туралы жазды. Ресей Көрші Ресейде эпиджағдай тұрақтамай тұр. Кеше Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустин елдің 11 өңірінде коронавирус жұқтыру дерегі көбейгенін айтты.

«Етті аса ұнатпайды» — Чехияда бірнеше бизнес ашқан қазақ 09 декабря 2021, 14:27

Tengrinews, 09 декабря 2021 в 14:43

Алматылық Данияр Жанасбаев — 24 жасында үш түрлі шағын бизнес иесі. Оған қоса Қазақстанда емес, Чехия Республикасында. Данияр Чехияға 2015 жылы тіл үйрену курстарына барып, кейін ČVUT университетіне машина жасау мамандығына түскен. Осында өмірлік серігін де кезіктіріп, үйленген. Tengrinews.kz тілшісі алматылық жігітпен тілдесіп, қандай бизнес ашқанын сұрады.

Міндетті вакцинация мен шектеу шаралары Конституцияға қарсы ма? 08 декабря 2021, 14:45

Tengrinews, 08 декабря 2021 в 14:53

Міндетті вакцинация мен шектеу шаралары Конституцияға қарсы ма?
                08 декабря 2021, 14:45
Қазақстандағы міндетті вакцинация мен коронавирус инфекциясына қарсы қолданылған санитариялық шаралар мен шектеулер туралы Конституцияда не делінген? Бұл туралы заңгер Бағдат Амандосұлы Tengrinews.kz тілшісімен сұхбаттасып, мән-жайды түсіндірді. Міндетті вакцинация ҚР Конституциясына қарсы келмей ме?

Омикрон штамы тұмауға ұқсас — дәрігер 08 декабря 2021, 11:48

Tengrinews, 08 декабря 2021 в 11:53

Омикрон штамы тұмауға ұқсас - дәрігер
                08 декабря 2021, 11:48
Коронавирустың жаңа нұсқасы, яғни омикрон штамы тұмауға ұқсас келеді. Бұл туралы астананың жоғары санатты инфекционист дәрігері Эльмира Адишева айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дәрігердің сөзінше, омикрон штамы дельта штамына қарағанда өте қауіпті болмауы мүмкін. «Қолда бар мәлімет бойынша, омикрон штамы зиян емес.

Mastercard Қазақстанда Google Pay сервисінің іске қосылуын жариялады

Banker.kz, 07 декабря 2021 в 13:31

Mastercard Қазақстанда Google Pay сервисінің іске қосылуын жариялады
2021 жылғы 7 желтоқсан, Алматы қ. – Бүгін Қазақстанда Google Pay төлем сервисі іске қосылды. Қазақстандық алты банктің — Халық банкінің, Forte Bank, Еуразиялық банктің, Jusan Bank, Сбербанк пен ЦентрКредит банкінің Mastercard карталарын ұстаушылары контактісіз төлем технологиясын қабылдайтын әлемдегі барлық жерде смартфондар мен алып жүретін құрылғылардың көмегімен жылдам, қауіпсіз, қарапайым және ыңғайлы түрде бір рет түрту арқылы сатып алулар үшін тағы бір төлем жасау мүмкіндігіне ие болды.

«ВОЗхитительный құда». Қазақ ақынымен құдаласқан ДДСҰ басшысы туралы Қазнет қалай әзілдеп жатыр? 07 декабря 2021, 12:21

Tengrinews, 07 декабря 2021 в 12:33

Бүгін қазақстандықтар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесустың шапан киіп, қазақша сөйлегенін талқылап жатыр. Ол ақын Жүрсін Ерманның құдасы болып шықты. Бұл жайтқа байланысты Қазнеттегілер түрлі әзіл жазып, мем жариялаған. Tengrinews.kz тілшісі осы жағдайға қатысты мемдерді жинап шықты.
Показано 30 новостей из 635