Arna Press,
12 июля 2023
в 17:38
«Мемлекет басшысы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды», — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.Заң нормаларына сәйкес қайтару тетіктері ірі сыбайлас жемқорлық субъектілеріне және әкімшілік-билік ресурстары (байланыстары, ықпалы) бар адамдармен сыбайлас олигополиялық топтарға қолданылады.Заң жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын (атқарған) субъектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, сондай-ақ аталған тұлғалармен аффилирленген субъектілерге қолданылады.Заң ережелерін қолдану үшін көрсетілген критерийлерге қосымша тұлғаларда Заңда белгіленген шекті сомадан – 13 млн.
Arna Press,
03 июля 2023
в 14:18
«Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңына сәйкес ҚР Энергетика министрлігі жыл сайын 1 шілдеден бастап өндіруші зауыттар үшін сұйытылған мұнай газының көтерме сауда бағасын белгілейді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Белгіленген шекті көтерме сауда бағамен тоннасына 33 600 теңге (ҚҚС есептемегенде) зауытқа байланысты сұйытылған мұнай газын өндірудің өзіндік құны тоннасына 42 000-72 000 теңгені құрайды.«Айта кету керек, 2022 жылы Қазақстанда сұйытылған мұнай газының өндірісі 2021 жылмен салыстырғанда 400 000 тоннаға немесе 10% — ға төмендеді.
EKaraganda.kz,
01 июля 2023
в 12:35
Здесь пройдут соревнования среди команд, представителей районов и городов региона по көкпар, аударыспақ, жамбы ату и теңге ілу. Всего около 700 человек примут участие в фестивале! Публикация от УПРАВЛЕНИЕ ФИЗИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ И СПОРТА (@karsportregion)
EKaraganda.kz,
29 июня 2023
в 20:05
49 темиртаусцев подали заявки на участие из следующих категорий: 1) Здравоохранение – 17 человек;2) Образование — 21 человек;3) СМИ – 1 человек;4) Социальная сфера – 5 человек;5) Техническая сфера (работники АО «АМТ, стропальщик, электрик, слесарь-ремонтник и т.д.) — 5 человек.По итогам заседания комиссии направление на прохождение квалификации получили 26 человек.
Tengrinews,
27 июня 2023
в 17:03
Құрбан айт жақындаған сайын қаладағы қой бағасы қымбаттап кететіні жасырын емес. Исі мұсылманның мерекесі қарсаңында қалтасын қампитып қалуға тырысатындардың да табылатыны ақиқат. Massaget.kz тілшісі мал базарларындағы бағаны бақылап көрді. Қалышев Еламан әр жыл сайын құрбан шалып, Алланың разылығы жолында жүрген азаматтың бірі.
Vera.kz,
26 июня 2023
в 19:49
Түркістан және Кентау қалаларының экс-әкімі ісі бойынша сотта бас жәбірленуші – Alageum Group иесі Сайдулла Қожабаевтан жауап алынып жатыр, деп хабарлайды vera.kzБұл зардап шеккен миллионерден жауап алудың жалғасы, ол онлайн форматта жүргізілді. Сайдулла Қожабаев сотқа 2013 жылғы оқиғалардың мән жайын өз нұсқасында айтып бергеннен кейін, одан жауап алуға сотталушы Аюповтың адвокаттары кірісті. Өндірушінің көрсеткіштерін мына сілтемеден оқуға болады.
Arna Press,
26 июня 2023
в 12:48
ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтардың жекелеген санаттары үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төлемдер 14,5%-ға артады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.Бұдан басқа, 7 және одан да көп баланы өмірге әкеліп, тәрбиелеген аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері 7,4 айлық есептік көрсеткішке дейін көбеймек.Бұған дейін хабарланғандай, 2023 жылғы 29 наурызда VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы мүгедектігі бар адамдарды қолдау шараларын күшейту қажеттігін атап өтті.ҚР Әлеуметтік кодексі шеңберінде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мынадай түрлерінің мөлшерін орта есеппен 14,5%-ға арттыру көзделген:Осылайша, жоғарыда аталған жәрдемақы түрлерін 2022 жылмен салыстырғанда 23%-ға ұлғайту қамтамасыз етіледі (осы жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5%-ға өсуді ескере отырып).
Arna Press,
23 июня 2023
в 16:58
Семейде келін мен ене қаржылық пирамида құрғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «2020 жылы Семей қаласының тумасы аса ірі көлемде ақша тартудан кіріс алу жөніндегі қызметті ұйымдастыруға бағытталған қылмыстық ниет пайда болды.
Arna Press,
22 июня 2023
в 17:48
2023 жылғы 22 маусым күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы Дәурен Ерғарин Facebook парақшасында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы ұсталғанын жазды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қаланың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.«Ол мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау кезінде бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін кәсіпкерден 13 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде», – делінген хабарламада.Департамент басшысының мәлімдеуінше, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.Сурет: Zakon.kz
Arna Press,
20 июня 2023
в 14:38
Облыстың 649 кәсіпкері мемлекеттен қолдау алды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның жалпы сомасы 30 млрд теңгені құрады. Басқармасы басшысы қазір шағын және орта бизнесті дамытуға көп көңіл бөлінетінін атап өтті.— Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті дамытуға көп көңіл бөледі.
Arna Press,
19 июня 2023
в 11:28
Семейде жол ережесін 32 рет бұзған жүргізуші анықталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.Айыппұл сомасы 1 225 750 теңге болады. 15 маусымда жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде табылған. Семей қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны мен әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Субару» маркалы автокөлігін тауып, оның жүргізушісі ҚР ЖҚЕ мен Заңын бірнеше рет бұзғанын анықтаған.Қазіргі уақытта автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.Семей полициясы жүргізушілерге еске салады: тағайындалған айыппұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 893-бабына сәйкес есептелген сәттен бастап 30 тәуліктен кешіктірілмей төленуге тиіс.
Arna Press,
19 июня 2023
в 11:28
ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері шетелден әкелінген автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топтардың жолын кесу және оларды ұстау бойынша жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Мәселен, Ақмола облысында тіркеуге заңсыз қойылған жүк автокөліктері анықталды. Өткен жылдың ақпан айынан ағымдағы жылдың сәуір айына дейін қылмыстық топ алғашқы мемлекеттік тіркеу алымын төлегені туралы жалған құжаттарды пайдалана отырып, 62 жүк автомашинасын қазақстандық есепке қойған.Әрбір жүк автомашинасын алғашқы мемлекеттік тіркегені үшін ресми төлем шамамен 7-8 млн теңге болуы тиіс еді.Алдын ала деректер бойынша мемлекетке келтірілген шығын шамамен 500 млн теңгені құраған.
Arna Press,
15 июня 2023
в 17:28
Бүгін өрт салдарынан қаза тапқан 14 адамның отбасына, сондай-ақ тракторшы Сергей Архиповтың отбасына Семей қаласы Қарағайлы шағын ауданындағы жаңа пәтерлердің кілттері табысталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысының әкімі қайтыс болған Саят Нұржігітов пен Амангелді Дүйсембаевтың отбасыларына 2 және 3 бөлмелі пәтерлердің кілттерін тапсырды. — Өртте зардап шеккендердің отбасыларын қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар біздің тұрақты бақылауымызда.
Tengrinews,
12 июня 2023
в 14:43
Биыл сәуірде банкке берешегін өтей алмай жүрген 2 мыңнан аса адам бары айтылды. Ал маусымда банкроттыққа 54 мың арыз қабылданғаны белгілі болды. Банкроттық бойынша қай өңір көш бастап тұр? Банкрот деп тануға өтінім бергенде қандай құжат дайындап, қайда жүгінуі керек? Massaget.kz тілшісі бұл сұрақтарға қатысты Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сауал жолдады.
Arna Press,
09 июня 2023
в 12:48
Алматыда кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалаған «қылмыстық төрттік» ұсталды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Арнайы іс-шара барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен төрт ер адам ұсталды. Олардың үшеуі бұрын қарақшылық шабуыл, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша істі болғандығы белгілі болды. – Күдіктілер физикалық күш қолданамын деп қорқытып, кәсіпкер 21 жастағы К. есімді азаматтан 2 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған.
Arna Press,
08 июня 2023
в 16:38
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың қандай жалақы алатыны белглі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.YouTube желісінде журналист Асхат Ниязов Абай облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай шыққан материалында Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтан сұхбат алды. Бір жылдың ішінде қалада өткізілген жұмыс туралы сұрап, шаһар басшысының жалақысын да тілге тиек етті.«Менің жалақым барлығындай (әкімдердей — авт.сөз).
Arna Press,
07 июня 2023
в 15:48
Жоғары аудиторлық палатасы мен мемлекеттік аудит органдары тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік бюджет қаражатын пайдаланудағы заңбұзушылықтарды анықтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Аудиторлар дерегіне сәйкес, былтыр қаржылық заңбұзушылықтардың ең көп көлемі әкімдіктердің республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерде, сондай-ақ республикалық бағыныстағы квазимемлекеттік сектор субъектілерінде пайдалану кезіндегі заңбұзушылықтар болған.
Arna Press,
02 июня 2023
в 14:18
Қазақстанда 2023 жылы жас таланттарды мемлекеттік қолдау және авторлардың жаңа буынын қалыптастыру үшін тұңғыш рет Президенттің арнайы әдеби сыйлығы беріледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап. Президенттік әдеби сыйлықтың иегерлері төрт номинация бойынша анықталады: «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті». Әр номинация бойынша жеңімпаздарға 4 миллион теңге, «Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың лауреаты» атағы, диплом мен төсбелгі беріледі.«Байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы жазушылар қатыса алады. Өтінімдер 1 маусым мен 30 маусым аралығында қағаз және электронды түрде қабылданады.
Arna Press,
02 июня 2023
в 12:48
«ANTI-FRAUD» Жедел алдын-алу іс-шарасы барысында Семей қ. Орталық ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері облыс орталығының 24 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен ұсталды.Белгілі болғандай, 22 жастағы студент танымал әлеуметтік желі арқылы курстық жұмыс жасату үшін қаскөйге тапсырыс беріп, 22 000 теңге төлем жасаған, алайда белгіленген күні күдіктімен байланыса алмай, алаяққа тап болғанына көзі жеткен.«Жауап алу барысында күдікті ер адам қолма-қол ақша беріп, кінәсін мойындады.
Arna Press,
01 июня 2023
в 17:58
Бүгін әлеуметтік осал топқа жататын 27 қала тұрғыны баспаналы болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Жақында қоныс тойын тойлайтындар арасында көпбалалы отбасылар, ата ана қамқорлығынан айырылғандар мен жалғызбасты аналар бар.Қарағайлы ықшам ауданында салынған жаңа көпқабатты үйлердің жартысы мемлекеттік баспана.
Tengrinews,
01 июня 2023
в 15:33
В Алматы в День защиты детей состоялась презентация книги «Тиыннан теңге құрайтын бала» (оригинальное название «The Opposite of Spoiled: Raising Kids Who»). Книга написана колумнистом New York Times Роном Либером и служит руководством по финансовой грамотности для детей. Адаптация на казахский язык стала возможна благодаря Jusan и книжному издательству Steppe and World.
Arna Press,
31 мая 2023
в 12:48
31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. 2003 жылдан бастап Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы ретінде 18,4 миллиард теңге төленді. Биыл бұл мақсатқа 1,3 миллиард теңгеден аса қаражат қарастырылған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Еңбек министрлігі мәліметінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес саяси қуғын-сүргін құрбандарына және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен деп танылған азаматтарға 2003 жылдан бастап біржолғы ақшалай өтемақы төленеді.«2003-2022 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 2,9 миллиард теңге сомасында біржолғы ақшалай өтемақы төленді. Өтемақы мөлшері 2 588 теңге мен (3/4 АЕК) 345 000 теңге (100 АЕК) аралығында.
Arna Press,
29 мая 2023
в 13:38
Сенбі, 27 мамырда, ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Инвестициялық штаб отырысын өткізді, онда негізгі капиталға инвестициялар (НКИ) және тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) тарту барысы қаралды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, биылғы қаңтар-сәуір айларында НКИ-дың жалпы көлемі 3,8 трлн теңге болды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ға артық, деп жазды ҚР премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы.