Arna Press,
28 ноября 2024
в 22:08
Абай облысынан биыл 11 мұғалім сертификат алды. Енді олар конкурссыз қызметке тағайындала алады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Резервистермен кездесуде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім сапасын арттыру және педагог кадрлардың кәсібилігін арттыру мен даярлау жөніндегі басым бағыттарға тоқталды.Іріктеу бес кезең бойынша өтті: кәсіби және басқарушылық құзыреттерді бағалау бойынша тестілеу, оқу, еліміздің жетекші мектептерінде тағылымдамадан өту, қорытынды бағалау және республикалық комиссиядан әңгімелесуден өту. Үміткерлерді іріктеу және олардың біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды Педагогикалық шеберлік орталығы жүргізді.Барлық бес кезеңінің қорытындысы бойынша елімізден 376 үміткер Республикалық кадр резервіне алынды.
Arna Press,
28 ноября 2024
в 14:48
Бүгінгі таңда Семей қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлерде 849 жеделсаты орнатылған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оның ішінде 305 жеделсаты ауыстыруды талап етеді. Бұл көрсеткіш жалпы жеделсатылардың 35,9%-ын құрайды. Семей қаласының жеделсаты шаруашылығындағы негізгі мәселе – нормативтік қызмет мерзімін өтеген жеделсатылардың көптігі.
Arna Press,
28 ноября 2024
в 13:08
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.Қол қойылған құжаттар тізімін Ақорда жариялады.1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2024-2028 жылдарға арналған өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасы;2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2024-2028 жылдарға арналған өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы теміржол көлігін және инфрақұрылымын, автомобиль жолдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттік шекара арқылы автомобиль және теміржол өткізу пункттерін дамыту саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру туралы келісім;4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы «Сырым» (Қазақстан Республикасы) және «Маштаково» (Ресей Федерациясы) өткізу пункттері арасындағы Таловая өзені арқылы өтетін автомобиль көпірін және оған кірер жолдарды реконструкциялау, күрделі жөндеу, ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау тәртібі туралы келісім;5. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Ресей Федерациясының Көлік министрлігі арасындағы теңіз кемелері экипажы мүшелерінің дипломдарын өзара тану туралы келісім;6 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;7. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағын нөмірлеуді пайдалану туралы келісім;8. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;9. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Челябинск мемлекеттік университеті» федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесінің Қостанай филиалының қызметі туралы келісім;Сонымен қатар президенттердің қатысуымен екі ел делегацияларының мүшелері төмендегідей құжаттармен алмасты:10.
Arna Press,
27 ноября 2024
в 16:38
Жыл басынан бері Абай облысында 660 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген, — деп хабарлайды Arnapress.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Құқық қорғау органдарының қабылдаған шараларының нәтижесінде азаматтарға 11 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды, бұл әрекет 60-тан астам факті бойынша жүзеге асырылды.
Arna Press,
27 ноября 2024
в 14:48
Жыл басынан бері полицияға ойын-сауық орындарына қатысты 1818 шағым түсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мәліметтерге сәйкес, «102» арнасына түскен хабарламалар, сондай-ақ полицияға тіркелген өтініштер мен әкімшілік құқық бұзушылықтар негізінде Абай облысындағы ең қауіпті мекемелердің рейтингі жасалды.
Arna Press,
27 ноября 2024
в 14:48
Семей қаласындағы Морозов көшесінде колледждердің бірінде бірінші қабатта өрт шықты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шақыру орнына жеткеннен кейін өрт сөндірушілер кабинетте жиһаз бен төбенің бөлшектері жанғанын анықтады. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін барлық студенттер мен қызметкерлер өз бетінше далаға шықты.«Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт 15 шаршы метр алаңда сөндірілді.
Arna Press,
26 ноября 2024
в 19:28
2024 жылғы 26 қарашадағы үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев қазақстандықтардың жеке деректерін қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.IT саласының дамуы туралы баяндаманың қорытындысы бойынша Премьер-Министр Олжас Бектенов Жаслан Мәдиевтен жеке деректерді қорғау бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын сұрады.«Біз жеке деректерді қорғау бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз.
Arna Press,
26 ноября 2024
в 18:28
Абай облысында контрафактілік алкоголь өнімдерін сатудың фактісі тоқтатылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Семей қаласында ҰҚҚБ қызметкерлері 27 жастағы жергілікті тұрғынның заңсыз әрекетін әшкереледі. Ол жертөле бөлмесінде контрафактілік алкоголь өнімдерін жасап, оны бөлшек саудамен сатуды ұйымдастырған.
Arna Press,
25 ноября 2024
в 18:58
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 25 қарашада мәжілісте төртінші мұнай өңдеу зауытын (МӨЗ) салу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Министрдің айтуынша, 2030 жылдан кейін төртінші МӨЗ салу жоспарланып отыр.«МӨЗ салу жөніндегі түпкілікті шешімге алдын ала факторлар әсер ететіні анық.
Arna Press,
25 ноября 2024
в 15:59
Жалынды жастардың басын қосқан республикалық «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысының финалы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.2024 жылғы ойындарының вице-чемпионы Абай облысының «Қыздарский» командасы атанды. Бұл олардың алғашқы жетістіктері емес. Команда осыған дейін 2023 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімі кубогының иегері, Семей қалалық лигасы және Ертіс Номад лигасының чемпионы атанған еді.«Қыздарский» жайдарманшылар тобы Семей медицина университетінде оқитын студенттерден құралды.
Arna Press,
25 ноября 2024
в 15:59
Қандастарды қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы өңірлер анықталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«2024 жылы 16 535 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 144,9 мың этникалық қазақ оралды.Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 45,9 пайызы Қытайдан, 39,2 пайыз – Өзбекстаннан, 5,8 пайыз – Моңғолиядан, 5,2 пайыз – Түрікменстаннан, 2,8 пайыз – Ресейден және 1,1 пайыз басқа елдерден», — делінген хабарламада.1 қарашадағы жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 57,4 пайыз, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,2 пайыз және зейнеткерлер 9,4 пайыз болды.«Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,8 пайызы жоғары білімді, 24,8 пайызы орта кәсіби білімді, 54,4 пайызы жалпы орта білімді, және 3 пайызында білім жоқ. Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары».Қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы — 3 033 адам.
Arna Press,
25 ноября 2024
в 14:18
Семейлік Дастан Буланов 2024 жылғы «Үздік маман» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Дастан Буланов кәсіби біліктілігі, өз ісіне адалдығы мен жоғары деңгейдегі қызметтік дайындығы үшін марапатталды. Ол конкурста заңнаманы білу, практикалық дағдылар мен физикалық дайындық сынақтарынан өтті.
Arna Press,
25 ноября 2024
в 13:18
Қазақстан Үкіметі 2024 жылғы 20 қарашадағы «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Заңда белгіленген тәртіппен 2025 жылы әскери қызметке жарамды және оны өтемеген запастағы офицерлер 24 ай мерзімге әскери қызметке офицерлік лауазымдарға шақырылсын,» — делінген құжатта.Барлығы 915 адам шақырылады, оның ішінде:Қаулы 2024 жылғы 3 желтоқсанда күшіне енеді.Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Arna Press,
21 ноября 2024
в 12:58
1 қаңтарынан бастап Қазақстанда мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер өседі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мәтінде былай делінген:2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері алынған әлеуметтік төлемдер сомасының 6,5 пайызына ұлғайтылсын.Қаулы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.Қазақстанда 2024 жылдың қарашасында әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түліктің 13-інің бағасы өскенін жазғанбыз.Сурет: Zakon.kz
Arna Press,
19 ноября 2024
в 15:28
Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов 18 анаға «Батыр ана» атағын салтанатты түрде табыстады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Мемлекетіміз атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы отбасылардың жағдайын әрдайым басты назарда ұстайды. Біз алдағы уақытта да көпбалалы отбасыларды қолдау бойынша жұмыстарды жалғастыратын боламыз», — деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов. Қала әкімінің қабылдауында болған батыр аналар да өз кезегінде Мемлекет басшысына, облыс және қала әкіміне қолдаулары үшін алғыстарын білдірді.Айта кетейік, бүгінгі таңда облыс орталығында 5000-ға жуық отбасы көпбалалы ретінде арнайы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілуде.
Arna Press,
19 ноября 2024
в 14:38
Семей қаласында жеке инвестор аймақтағы ең ірі ойын-сауық кешендерінің біріне айналатын заманауи жабық аквапарктің жобасын әзірлеуде, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бірегей құрылымда су аттракциондары, SPA орталығы және барлық маусымдық климаттық жайлылық сақталады.
Arna Press,
19 ноября 2024
в 13:18
Қаладағы дүкендердің бірінде тонау қылмысы болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ер адам күш қолданып, тоңазытқыштан екі бөтелке сыраны алып кеткен. Дүкен қызметкерлері оны тоқтатпақ болғанымен, қаскөй қашып үлгерді.Полицейлер жедел әрекет етіп, «Сергек» жүйесінің көмегімен күдіктінің жеке басын анықтады.
Arna Press,
13 ноября 2024
в 19:38
Ағымдағы жылдың 1-25 қазан аралығында ғылыми танымдық www.ziyatker.org сайтында қашықтықтан өткізілген «Вейпсіз жастық шақ» республикалық эссе байқауының қорытындысы шығарылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіБайқаудың мақсаты-өскелең ұрпақтың вейпингтің денсаулыққа зияндылығы туралы хабардарлығын арттыру.
Arna Press,
12 ноября 2024
в 12:18
Ағымдағы жылдың 8-10 қараша аралығында Абай облысында республикалық «Қауіпсіз жол!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шараның мақсаты жол-көлік оқиғаларының санын азайту, ауыр зардаптары бар оқиғалардың алдын алу және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтап, жолын кесу.
Arna Press,
12 ноября 2024
в 12:18
Энергетика министрі 2024 жылғы 8 қарашадағы «сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Құжатта:Қазақстан Республикасының аумағынан алты ай мерзімге автомобиль және теміржол көлігімен сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды әкетуге тыйым салу енгізілсін.Келесі жағдайларда тыйым қолданылмайды:Сурет: pixabay.com
Arna Press,
11 ноября 2024
в 16:48
Әуежай уақытша жұмыс кестесіне өзгеріс енгізеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мәліметке сүйенсек, Баку қаласында СОР29 Конференциясы ұйымдастырылып жатқандықтан Гейдар Алиев атындағы халықаралық әуежай жолаушыларды жайлы әрі қауіпсіз сапармен қамтамасыз ету үшін жұмыс кестесіне өзгеріс енгізеді.«10-22 қараша аралығындағы сапарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.
Arna Press,
11 ноября 2024
в 15:48
Мемлекет басшысының өкімімен Ішкі істер министрінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.«Мемлекет басшысының өкімімен Санжар Аскенұлы Әділов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды», — делінген ақпаратта.Санжар Аскенұлы Әділов 1977 жылы 26 қыркүйекте Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген.
Arna Press,
11 ноября 2024
в 15:48
Айбек Самат Абай облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы болып тағайындалды — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Самат Айбек Төлегенұлы 1987 жылы 16 қарашада Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген.
Arna Press,
11 ноября 2024
в 15:48
Абай облысының полицейлері аязда жолда қалған Моңғолия жолаушыларына көмекке келді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қатты боран «Алматы – Өскемен» тас жолын жауып, Моңғолиядан Алматыға бағыт алған автобусты Аягөз қаласында аялдауға мәжбүр етті.Автобустың ішінде 23 жолаушы – 19 моңғолиялық және 4 қазақстандық, оның ішінде бір жасөспірім болды.«Қала полицейлері адамдарға «Спорт мектебінде» орналасқан жылыту пунктінде жайлы орын ұсынды, бірақ жолаушылар жолда уақытша үйге айналған автобуста қалуды жөн көрді» — делінген хабарламада.Аязда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында автобус жанында тәртіпті қадағалап, көмек көрсетуге дайын полиция бекеті орнатылды. Қиын метеорологиялық жағдайда құқық қорғау қызметкерлері жағдайға жедел әрекет етіп, адамдарға сенімділік пен қауіпсіздік сезімін ұялатты.Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
Arna Press,
09 ноября 2024
в 18:48
Өрт сөндірушілер Семей қаласының Шугаев көшесінде жеке тұрған үш қабатты монша кешенінің өртін сөндірді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Бүгін түскі сағат бір шамасында, 112 пультіне қаладағы монша жанып жатқаны жайлы ақпарат түсті. ТЖМ ақпараты бойынша, оқиға орнында, өрт қазандықтың үй-жайында екінші қабатқа және жақын тұрған бір қабатты дүкеннің шатырына өрттің таралуымен болғаны анықталды. Құтқарушылар оқиға орнында жоғары дәрежемен жұмыс істеп, сағат 14:15 шамасында өрт оқшауланды. Қызыл жалын шамамен 15 минуттан кейін 132 ш.м. жалпы алаңда толығымен сөндірілді. Өрт сөндірушілер үш иінді баспалдақтың көмегімен 1992 жылы туған әйел адамды құтқарды.
Arna Press,
08 ноября 2024
в 13:18
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2024 жылғы 1 қарашадағы бұйрығымен мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ережеге сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелерін тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен алған «Б» корпусының лауазымына үміткерлерге «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жеке кабинетке осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуден өту мәндерінен төмен нәтижелері бар тестілеуден өткені туралы анықтама жіберіледі.Аталған адамдарды қайта тестілеуге жіберуге тестілеу өткізілген күннен бастап кемінде күнтізбелік үш күн өткен соң жол беріледі.Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидаларына:Іріктеу кезеңдерінен өту кезінде үміткер жеке қатысуын және бөгде адамдардың болмауын қамтамасыз етеді;Сурет: pixabay.com
Arna Press,
08 ноября 2024
в 13:18
«Абай» кенішіндегі «Қарағанды Жарық» ЖШС-нің №9 трансформаторында электр қуаты апатты жағдайда сөнуіне байланысты 155 кенші эвакуацияланды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Өткен түнде шахтаға электр қуатын беру тоқтап қалды. Электр қуатын өшіру туралы сигнал кәсіпорынның орталық диспетчерлік кеңсесіне түскеннен кейін, шахтада эвакуациялау жоспары енгізілген.«Қарағанды Жарық» ЖШС № 9 трансформаторлық энергетикалық компаниясында электрді ажырату нәтижесінде «Абай» шахтасында электр энергиясын беруді тоқтату туралы сигнал түсті.
Arna Press,
06 ноября 2024
в 18:38
6 қарашада Астана мектептерінде сабақ қысқарады. Оған ауа райының қолайсыздығы себеп болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Елордалық білім басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, ауа райының нашарлауына, атап айтқанда, желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін артуына байланысты оқушылар қараңғы түскенге дейін үйлеріне жіберіледі.«6 қарашада ауа райының нашарлауына байланысты екінші ауысымның екінші сабағынан бастап сабақтар 30 минутқа дейін қысқартылады.
Arna Press,
06 ноября 2024
в 17:38
Синоптиктер Қазақстанда 7, 8 және 9 қарашада ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Болжам бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігін ауқымды циклон жауып, соған байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Жуын-шашын жауып, жаңбыр қарға айналады, елдің солтүстік жартысында қар жауып, бұрқасын болады, еліміздің басым бөлігінде көктайғақ, екпінді жел және тұман күтіледі.7 қарашада түнде республиканың солтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі, республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Arna Press,
05 ноября 2024
в 18:48
«Туған жер: белгілі және белгісіз» әлеуметтік жобасы аясында Семей қаласының №40 мектепте облыс тарихынан сыр шертетін ерекше көрме ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіКөрме өз өлкесінің тарихы мен мәдениетін білуге ынталы мектеп оқушыларын, мұғалімдерді және қала тұрғындарын біріктірген айтулы мәдени оқиғаға айналды.Экспозицияда Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері Ертіс маңынан табылған бірегей жәдігерлермен қатар 19 ғасырдағы халық қолөнері мен зергерлік бұйымдарын ұсынды. Әрбір жәдігер өлке өмірінің тарихи беттерін ашып, қазақ топырағында ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан мәдени және этникалық дәстүрлердің сан алуандығын паш етті.Келушілердің ерекше назарын археологиялық олжалар аударды.