Arna Press,
28 апреля 2026
в 14:38
Жақында Щучинск қаласында өткен тоғызқұмалақтан ересектер арасында рапид және блиц түрінен жекелей чемпионатта жүлделі орынға ие болған Семейлік Аяна Исаханмен Arnapress.kz тілшісі байланысқа шығып, жақын танысып, тілдесті.Исахан Аяна Жарасқызы — тоғызқұмалақтан Қазақстанның 12 дүркін чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әйелдер арасындаға II дүркін Азия чемпионы, әйелдер арасындағы чемпионаттың күміс жүлдегері, Жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы, Жастар арасында Азия чемпионы.«Мен Абай облысы, Семей қаласының тумасымын.
Arna Press,
28 апреля 2026
в 11:38
Абай облысында «Бақты – Аягөз» теміржол желісінің құрылысы қарқынды талқыланып, жобаны іске асыру барысы бақылауда, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. Облыс әкімі Берік Уәли «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновпен кездесу өткізіп, маңызды инфрақұрылымдық бастамаларды пысықтады.Жиынға өңірлік басқарма басшылары, Аягөз, Үржар, Мақаншы аудандарының әкімдері және мердігер компания өкілдері қатысып, теміржол құрылысы мен вокзалдарды жаңғырту мәселелері жан-жақты қаралды.«Бақты — Аягөз» теміржол желісі Абай облысының экономикалық дамуына тың серпін береді.
Arna Press,
28 апреля 2026
в 11:38
Семей қаласында жол таңбаларын жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Бұл шаралар жол қауіпсіздігін арттыруға және көлік қозғалысын реттеуді жақсартуға бағытталған. Алдымен негізгі көшелер, жаяу жүргіншілер өткелдері, сондай-ақ мектептер мен әлеуметтік нысандар маңындағы учаскелер қамтылуда.Мамандардың айтуынша, жұмыстар ауа райына байланысты жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатыр.
Arna Press,
28 апреля 2026
в 10:38
Абай облысының Бородулиха ауданында орналасқан Орлов өндірістік кешенінің шахтасында таудың опырылуы орын алды, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, үйінді астында екі жұмысшы қалған. Құтқару жұмыстары барысында олардың бірі оқиға орнында көз жұмғаны анықталды.Екінші жұмысшы табылып, оған қажетті медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлерге тапсырылды.Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.Фото: ЖИ
Arna Press,
27 апреля 2026
в 12:58
На побережье озера Алаколь в области Абай введено в эксплуатацию универсальное спасательное подразделение, передает Arnapress.kz со ссылкой на пресс-службу областного акимата.В торжественной церемонии приняли участие аким области Берик Уали, министр по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан Шынгыс Аринов, представители органов гражданской защиты.Строительство нового спасательного подразделения началось в июле прошлого года.
Arna Press,
24 апреля 2026
в 14:08
Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот билік өкіліне қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық істі қайта қарап, үкімнің заңдылығын растады, деп хабарлайды Arnapress.kz. Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сотқа сілтеме жасап. Іс материалдарына сәйкес, 2023 жылғы 1 қыркүйекте Үржар ауданында шекара қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жүк көлігінің жүргізушісіне әкімшілік құқық бұзушылық бойынша ескерту жасаған.Сол түні жүргізуші мен оның танысы алкогольдік масаң күйде қызметкердің үйіне әдейі келіп, оны сыртқа шығарып, соққыға жыққан.
Arna Press,
24 апреля 2026
в 14:08
24 сәуірде Семей қаласында №20 мекеме ауданында «Көктем-Антитеррор 2026» атты арнайы оқу-жаттығу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жжасап. Іс-шара облыстық терроризмге қарсы жедел штабтың бастамасымен Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп өтуде. Негізгі мақсат — түрлі қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіру және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету дайындығын арттыру.Оқу-жаттығу барысында шынайы жағдайларға барынша жақын сценарийлер пысықталуда.Айта кетейік, шара кезінде қалада уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.
Arna Press,
24 апреля 2026
в 11:58
Семей қаласындағы 697 көпқабатты үйдің 685-іне ыстық су берілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімдінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жұмыстар облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Өткен жылы аймақ басшысы тұрғындарды жаз бойы тұрақты ыстық сумен қамту мәселесін шешу қажеттігін атап өткен болатын.Мамандардың айтуынша, мәселені шешу үшін ауқымды дайындық жүргізілген.
Arna Press,
23 апреля 2026
в 19:48
Таяу Шығыстағы шиеленістің жалғасуына байланысты Air Astana әуекомпаниясы Дубайға тұрақты рейстердің уақытша тоқтатылуын 31 мамырға дейін ұзартты, деп хабарлайды Arnapress.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Осыған байланысты орындалмайтын рейстердің жолаушыларына әуе билеттерінің толық құнын айыппұлсыз қайтару немесе сол қызмет көрсету класында 31 шілдеге дейін ұшатын рейстерге тегін қайта брондау мүмкіндігі ұсынылады.
Arna Press,
23 апреля 2026
в 16:18
Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде сарбаз Қ. Оспановтың қаза болу дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kzТергеу барысында батальон және взвод командирлерінің бірнеше рет жарғыдан тыс қарым-қатынасқа жол бергені анықталған.
Arna Press,
23 апреля 2026
в 13:08
2017 жылы Семей қаласынан шығып, хабар-ошарсыз кеткен 27 жастағы ер адамның тұлғасы ДНҚ сараптамасының көмегімен анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz cілтеме жасап. Аталған азаматтың сүйегі араға жылдар салып Қызылорда облысынан табылған. Жүргізілген молекулалық-генетикалық зерттеу нәтижесінде оның жеке басы расталып, оның дәл сол із-түзсіз жоғалған семейлік тұрғын екені белгілі болды.ІІМ мәліметінше, ведомствоның криминалистикалық зертханалары ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашуда тиімді нәтиже көрсетіп отыр.
Arna Press,
23 апреля 2026
в 13:08
Абай облысында 2026 жылғы көктемгі егіс науқаны басталып, ауыл шаруашылығы саласындағы жоспарлы жұмыстар қарқын алуда, деп хабарлады Arnapress.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дала жұмыстарының сапалы өтуі үшін қажетті тұқым қоры әзірленіп, техника мен жанар-жағармай ресурстары толық қамтамасыз етілген.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаев мәлімдеді.«Биыл облыстағы жалпы егіс көлемі 789,3 мың гектарды құрайды.
Arna Press,
23 апреля 2026
в 13:08
Ақмола облысының прокуратурасы Щучинск қаласындағы «Центр плова Loft» кафесінде болған жарылысқа қатысты қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz облысының прокуратурасына сілтеме жасап. Қайғылы оқиға өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуынан орын алып, бірнеше адамның қаза табуына әкеп соққан.Осы жылдың 20 сәуірінде арнайы прокурорлар автогаз құю станциясының директорын және газ баллондарын жеткізушіні ұстады.
Arna Press,
23 апреля 2026
в 12:08
Қазақстан Қарулы Күштерінде оқу мәдениетін арттыруға бағытталған жаңа талап енгізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. Енді мерзімді әскери қызметшілер қызмет барысында кемінде бес кітап оқуға міндетті. Бұл бастама жеке құрамның рухани дамуын қолдап, 23 сәуір — Кітап күні қарсаңында кітап оқуды насихаттауды көздейді.Аталған мереке халықаралық дәстүрге негізделген.
Arna Press,
23 апреля 2026
в 11:18
Абай облысында 211 млн теңге жымқырылған: «Агробизнес» жобасы бойынша іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап. Абай облысында «Агробизнес» жобасы аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі әшкереленді. Қаржы мониторингі агенттігінің облыстық департаменті прокуратураның үйлестіруімен жүргізген тергеу жұмыстарын аяқтады.Аталған жоба фермерлік шаруашылықтарды қолдауға, мал шаруашылығын дамытуға және агробизнес саласын ілгерілетуге бағытталған.
Arna Press,
23 апреля 2026
в 11:18
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz Ақордаға сілтеме жасап.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі кезеңде баспа ісінде ауқымды өзгерістер болып жатқанын атап өтті.«Соған қарамастан кітап рухани және адами құндылықтардың қайнар көзі ретінде ешқашан мән-маңызын жоғалтпайды. Қазір қоғамның кітап оқу мәдениетіне, соның ішінде классикалық көркем шығармаларды немесе бүгінгі заманның өзекті мәселелеріне арналған жарияланымдарды оқуға біртіндеп қайта бет бұрып жатқаны байқалады.
Arna Press,
22 апреля 2026
в 16:28
Семей қаласында полиция қызметкерлері жол қозғалысын бақылау барысында екі мотоцикл жүргізушісінің өрескел құқық бұзушылығын анықтады, деп хабарлайды Arnapresss.kz полиция департаментіне сілтеме жасап. Оқиға Мұхамедханов көшесінде тіркелген. Тексеру нәтижесінде екі жүргізушінің де көлік құралын басқаруға құқығы, яғни жүргізуші куәлігі болмағаны және мотоциклдердің мемлекеттік тіркеуден өтпегені белгілі болды.Атап айтқанда, SUZUKI мотоциклі 19 жастағы азаматқа, ал SAMURAI мотоциклі 21 жастағы азаматқа тиесілі. Құқық бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қабылданып, көліктер арнайы айып тұрағына жеткізілді.Абай облысы Полиция департаменті жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.
Arna Press,
22 апреля 2026
в 16:28
Облыс аумағында 16 сәуір мен 30 мамыр аралығында «Уылдырық шашу» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz polisia.kz сілтеме жасап. Оның мақсаты – балық ресурстарын заңсыз аулаудың алдын алу және табиғат қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету.Алғашқы бес күнде табиғатты қорғау полициясы 17 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Arna Press,
22 апреля 2026
в 16:28
Абай ауданының Қарауыл гимназиясында «Жас Сақшы» сыныбының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы полиция департаменті баспасөзіне сілтеме жасап. Жаңа бастама өңірде алғаш рет қолға алынып отыр. Қазіргі таңда сынып құрамында 23 оқушы білім алуда.Салтанатты шараға ата-аналар, ардагерлер, педагогтар және полиция қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында Абай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Аблай Нұрымов «Жас Сақшы» сыныбының лентасын қиып, оқушылар алғашқы анттарын қабылдады.Өз сөзінде Аблай Нұрымов бұл жобаның маңызына тоқталып, жас буынды тәртіпке, патриоттық рухқа және жауапкершілікке баулудың маңызды қадам екенін атап өтті.
Arna Press,
22 апреля 2026
в 13:28
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті коллекторлық агенттіктерге қатысты жүргізілген тексеру нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz комитетке сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, бірқатар заңбұзушылықтар мен салықтан жалтару тәуекелдері анықталған.Тексеру барысында 7 коллекторлық агенттік бойынша 11,8 млрд теңге көлемінде табыстың жасыру дерегі тіркелген.
Arna Press,
22 апреля 2026
в 12:08
ІІМ-нің аумақтық бөлімшелері еліміздегі автомектептердің қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Қазіргі таңда Қазақстанда 727 автомектеп жүргізушілерді даярлайды. Тексеру барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, кейбір автодромдарда жол белгілері, жол таңбалары мен жарықтандыру жеткіліксіз.
Arna Press,
22 апреля 2026
в 11:28
«Қазақмыс» компаниясы өндірістік көрсеткіштермен қатар, әлеуметтік және өңірлік бағыттағы жұмысты да жүйелі түрде дамытып келеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстандағы ірі мыс өндірушіге сілтеме жасап. 2026 жылдың бірінші тоқсанында компания Ұлытау, Абай, Қарағанды облыстары және Жамбыл облысының Шу ауданы әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
Arna Press,
21 апреля 2026
в 17:38
Облыс әкімі Берік Уәли қалаға жұмыс сапары барысында сол жағалауда орналасқан «Заря» жағажайына барып, оның қазіргі жай-күйімен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Семей қаласында жаз мезгілінде тұрғындар жиі баратын үш негізгі жағажай бар. Олар — «Заря», «Затон» және «Пристань» жағажайлары.
Arna Press,
21 апреля 2026
в 16:28
Биыл Семей қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің сырт келбетін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жоспарға сәйкес, шамамен 30-ға жуық тұрғын үйдің қасбеті бірыңғай сәулеттік үлгіде жөнделмек, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс әкімі Берік Уәли бүгін қаладағы Кеңгірбай би көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үй аумағына барып, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.Аталған үйдің қасбеті термопанельмен қапталып, балкондары металлсайдингпен әрленген.
Arna Press,
21 апреля 2026
в 16:28
Абай атындағы кітапханада «Кітапхана түні» аясында ауқымды мәдени-танымдық бағдарлама өтті, деп хабарлайды Arnapress.kzКештің ашылуында Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының әншісі Нұрбек Өмірбековтің орындауында «Абай елі» әні шырқалып, алғашқы құттықтау сөз Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Олжас Соғымбайға беріліп, ол мәдени шараның рухани-танымдық құндылығына тоқталды.Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының директоры Мерей Қарт сөз сөйлеп, кітапхананың қоғамдағы орны мен мұндай кештердің жастарды кітап оқуға баулудағы рөліне ерекше назар аударды.Одан кейін Бизнес және сервис колледжінің студенттері сахнада сән көрсетілімін (дефиле) ұсынып, заманауи стиль мен ұлттық нақышты ұштастырған ерекше қойылым көрсетсе, кеш аясында бірқатар құрметті қонақтар да сөз алып, рухани шараның мән-маңызын атап өтті.
Arna Press,
21 апреля 2026
в 14:18
Қазақстанда көлік саласында инклюзивтілікті арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Arnapress.kz үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қолайлы жағдай жасау бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.Министрдің айтуынша, инклюзивті саясат үш негізгі бағытты қамтиды: инфрақұрылым, көлік және қызмет көрсету.
Arna Press,
21 апреля 2026
в 14:18
Семей қаласында түнгі уақытта өткізілген профилактикалық рейд барысында 50-ден астам кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Іс-шараны ювеналдық полиция инспекторлары ұйымдастырды, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап. Рейдтің негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және түнгі уақытта қараусыз жүрудің алдын алу.
Arna Press,
20 апреля 2026
в 13:38
Абай облысының аумағында 16 сәуір мен 30 мамыр аралығында табиғи су ресурстарын қорғау, балық қорын сақтау және экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Нерест» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап. Аталған шара аясында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері рейдтік бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Arna Press,
20 апреля 2026
в 13:38
Семей қаласында ауа райының тұрақталуына байланысты 21 сәуірден бастап жылу беру тоқтатылады, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігі сілтеме жасап. 2025–2026 жылғы жылыту маусымы қалыпты режимде өтті. Мамандардың айтуынша, жылу жүйелерінде барлық қажетті жұмыстар уақытылы жүргізіліп, жылу көздері штаттық тәртіпте жұмыс істеген.Жылыту маусымын аяқтау Абай облысында бекітілген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Arna Press,
20 апреля 2026
в 13:38
Жаңа тармаққа сәйкес, 3 қыркүйек — Қазақы тазы мен төбет күні болып белгіленді, деп хабарлайды Arnapress.kz. zan.gov.kz сілтеме жасап. Үкіметте атап өткендей, бұл күнді енгізу дәстүрлі мұраны сақтау және насихаттауға бағытталған.Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Бұл датаның таңдалуының да өзіндік себебі бар.