Популярные темы

депо: новости — страница 10

Жұмыс істемейтін әкелердің декреттік демалысы еңбек өтіліне есептеледі

Arna Press, 04 февраля 2026 в 13:48

Жұмыс істемейтін әкелердің декреттік демалысы еңбек өтіліне есептеледі
Қабылданған заң аясында кәмелет жасына толмаған балаларға нақты күтім жасаған уақыт енді жұмыс істемейтін әкелер үшін жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтілі ретінде есепке алынатын болады деп хабарлайды Arnapress.kz мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл өзгерістер Конституциялық соттың нормативтік қаулысын іске асыру мақсатында Әлеуметтік кодекске енгізіледі.Сонымен қатар депутаттардың ұсынысына сәйкес, жұмыс берушінің бастамасымен жалғызбасты ата-аналарға (жынысына қарамастан) қатысты еңбек шартын бұзуға тыйым салу көзделген.

Абай облысы тумасы Ұлттық «Айбозда» Үздік аудармадан 5 миллион алды

Arna Press, 04 февраля 2026 в 11:08

Абай облысы тумасы Ұлттық
Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында 2025 жылғы «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты жайлы өз әсерімен, жеңісімен Әсем Ережеқызы Аrnapress.kz тілшісіне бөлісті.ҚР Премьер-министрінің орынбасары — ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкенов қатысуымен өткен салтанатты кеш есте қаларлық болды. «Биыл «Айбоз» сыйлығына жеті номинация бойынша 180-ге жуық өтінім түскен.

Cемейде «Жайық келіп, Ертіске қосылғанда» атты командалық айтыс өтеді

Arna Press, 03 февраля 2026 в 22:18

Cемейде
12 ақпан күні Абай облысы мен Батыс Қазақстан облысы ақындарының қатысуымен «Жайық келіп, Ертіске қосылғанда» атты командалық айтыс өтеді деп хабарлайды Аrnapress.kz Абай облысы мәдениет басқармасына сілтеме жасап.«Amanat» партиясы мен «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» РҚБ бастамасымен, Абай облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін мәдени іс-шара ата-бабадан мирас болған ұлттық өнерді дәріптеуге, рухани құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған.

Абай облысында бір кешенде қоқыс жәшіктерінің жанында жиналған картонға тұрғындар шағымданды

Arna Press, 03 февраля 2026 в 12:28

Абай облысында бір кешенде қоқыс жәшіктерінің жанында жиналған картонға тұрғындар шағымданды
Қарағайлы тұрғын үй кешенінде қоқыс жәшіктерінің маңында жиналып қалған картон қағаздарға байланысты тұрғындар редакциямызға шағымданды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Тұрғындардың айтуынша, қоқыс тасымалдайтын арнайы көліктер әр дүйсенбі күні келіп, тұрмыстық қалдықтарды алып кетеді. Алайда жәшіктердің жанында жатқан картон қағаздар жиналмай, шашылып қала береді.«Әр келген сайын қоқысты алып кетеді де, қағаз-қоқысты сол күйі қалдырып кетеді.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Arna Press, 03 февраля 2026 в 11:28

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді
Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми қабылдаушысы атанды. Бұл туралы Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kzАОК таратқан ресми ақпаратқа сәйкес, қабылдаушы қала мәртебесіне қатысты келісімге 5 ақпанда, Италияның Милан қаласында қол қойылады деп жоспарланып отыр.Айта кетейік, бұған дейін 2029 жылғы қысқы Азия ойындарын Сауд Арабиясы қабылдайды деп жоспарланған болатын.

Абай облысында гемопоэтикалық бағаналы жасуша донорлары үшін қан сынамалары алынуда

Arna Press, 02 февраля 2026 в 19:28

Абай облысында гемопоэтикалық бағаналы жасуша донорлары үшін қан сынамалары алынуда
Абай облыстық қан орталығында бағаналы жасушаларға қатысты іс-шара өтуде деп, Аrnapress.kz тілшісіне орталықтың кадрлар бөлімінің меңгерушісі Ботакөз Қалибекова хабарлады. «2026 жылдың 2-3 ақпанында, сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін Абай облыстық қан орталығында гемопоэтикалық бағаналы жасушалар донорлары үшін қан сынамалары алынуда (9 мл веналық қан).

«Қорғас» ШЫХО уақытша жабылады

Arna Press, 02 февраля 2026 в 16:08

«Қорғас» ШЫХО уақытша жабылады
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы (ШЫХО) 2026 жылғы 16 ақпаннан 1 наурызға дейін уақытша жабылады деп хабарлайды Arnapress.kz «Қорғас» ШЫХО әкімшілігіне сілтеме жасап.Қытайдағы Жаңа жыл мерекесіне және осы кезеңде «Қорғас» ШЫХО-ның қытай тарапындағы қызметінің уақытша тоқтатылуына байланысты болмақ.Аталған уақытта Қазақстан тарапында туристер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.«Қорғас» ШЫХО 2026 жылғы 2 наурыздан бастап қалыпты режимде жұмысын қайта жалғастырады, – деп хабарлады әкімшілік.Фото: Жасанды интеллект арқылы жасалды

60 жастан асқан жолаушыларға арналған жаңа жеңілдіктер іске қосылды

Arna Press, 02 февраля 2026 в 14:58

60 жастан асқан жолаушыларға арналған жаңа жеңілдіктер іске қосылды
Енді ел ішінде теміржолмен сапарлауға 25% жеңілдік қарастырылған деп хабарлайды Arnapress.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жеңілдікті пайдалану үшін барлық пойыздарда жарамды QURMET дисконттық картасын рәсімдеу жеткілікті. Карта купе, плацкарт және отыратын вагондарға орын шектеусіз билет алуға мүмкіндік береді.

Түркістан–2026: жас дарындар Қазақстан шахматының тарихын жазуда

SportInfo, 02 февраля 2026 в 13:46

Түркістан–2026: жас дарындар Қазақстан шахматының тарихын жазуда
Көне Түркістан нағыз Қазақстан шахматының астанасына айналды. 2026 жылғы 20–30 қаңтар аралығында мұнда, Олимпиада резервін даярлау орталығында, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Елдің барлық 17 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаладан келген мыңға жуық бала мен жасөспірім бағдарламаның үш түрі бойынша — классикалық шахмат, рапид және блиц — жүлделер үшін таласты.

Наурызда Қазақстандықтар қанша күн демалады

Arna Press, 02 февраля 2026 в 13:38

Наурызда Қазақстандықтар қанша күн демалады
Наурыздағы мерекелерге байланысты қазақстандықтарға қосымша демалыс күндері беріледі, деп хабарлайды Arnapress.kz eGov.kz порталына сілтеме жасап.Қазақстанда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні биыл жексенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты демалыс күні 9 наурыз, дүйсенбіге ауыстырылады. Нәтижесінде, аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар 7–9 наурыз аралығында үш күн қатарынан демалады.

Семейде «Халық бухгалтері» акциясы аясында кәсіпкерлерге тегін кеңес берілуде

Arna Press, 02 февраля 2026 в 13:38

Семейде
2026 жылы кәсіпкерлер үшін салық саласында бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді. Негізгі мақсат – арнайы салық режимдерін оңтайландыру жайлы ақпаратпен Arnapress.kz тілшісіне Еркін Сұнғат Еркінұлы Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы бөлісті. «Осыған байланысты биыл үш арнайы салық режимі қолданысқа енді: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған, оңайлатылған декларация негізіндегі және шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған режимдер. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған режимді жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, жалдамалы жұмыскерлері жоқ тұлғалар қолдана алады.

Семейде «Спорт – терроризм мен экстремизмге қарсы» атты шаңғы жарысы өтті

Arna Press, 31 января 2026 в 18:28

Семейде «Спорт – терроризм мен экстремизмге қарсы» атты шаңғы жарысы өтті
Семей қаласында шаңғы жарысынан «Спорт — терроризм мен экстремизмге қарсы» қалалық чемпионат ұйымдастырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz. Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.Спорттық додаға Семей және Курчатов қалаларынан, сондай-ақ Бородулиха ауданынан келген 200-ге жуық спортшы қатысты. Қатысушылардың жасы 8 бен 50 жас аралығын қамтыды.

Абай облысында интернет-алаяқтықтан 110 миллион теңгеден астам шығын келтірілген

Arna Press, 30 января 2026 в 17:38

Абай облысында интернет-алаяқтықтан 110 миллион теңгеден астам шығын келтірілген
Жыл басынан бері Абай облысында интернет-алаяқтыққа қатысты 68 қылмыс фактісі тіркеліп, азаматтарға келтірілген қаржылық шығын көлемі 110 миллион теңгеден асты, деп хабарлайды Arnapress.kz Облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Интернет-алаяқтықпен күрес аясында тек қылмыстарды тергеп қана қоймай, алдын алу шараларына да ерекше көңіл бөлуде. Құқық қорғау органдарының мамандары күнделікті негізде тұрғындармен кездесіп, заманауи алаяқтық схемалары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Бақытжан Абдуллаев ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Arna Press, 30 января 2026 в 15:18

Бақытжан Абдуллаев ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында кадрлық ауыс-түйіс болып, басқарма төрағасының екі орынбасары тағайындалды деп хабарлайды Arnapress.kz Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасапМедицина саласында ұзақ жыл еңбек еткен Бақытжан Абдуллаев ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалған.Ол еңбек жолын Астанадағы №1 қалалық ауруханада санитар және акушер қызметінен бастап, трансфузиолог, хирург-дәрігер, бөлім басшысы, сондай-ақ осы ауруханада бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарған.2023 жылдан жаңа қызметіне дейін Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болған.Сондай-ақ Индира Ерденова Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалған.Ол бірнеше жыл Қаржы министрлігінің жүйесінде жұмыс істеген.

Абай облысында ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақтан біріншілік өтті

Arna Press, 30 января 2026 в 11:58

Абай облысында ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақтан біріншілік өтті
Абай облысында тоғызқұмалақ федерациясы қайта жанданып, өңірде ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақтан біріншілік өтті. Осы жөнінде Arnapress.kz тілшісі тоғызқұмалақтан Абай облысының аға жаттықтырушысы Жарас Исахановпен сұхбаттасып, жетістіктері жайлы сұраған еді. «Қатысушылардың деңгейі жоғары дәрежеде болып, тартысты ойындар көрсетті.

Біріңғай зейнетақы төлемін пайдалану ережелері өзгереді

Arna Press, 29 января 2026 в 15:58

Біріңғай зейнетақы төлемін пайдалану ережелері өзгереді
2026 жылғы 31 қаңтардан бастап зейнетақыдағы артық қаражатты тұрғын үй заемын мерзімінен бұрын өтеу кезінде пайдалану ережелері жаңартылады деп хабарлайды Arnapress.kz Отбасы банкке сілтеме жасап.Енді БЗТ тек негізгі қарызды өтеуге бағытталады. Ал пайыздар мен міндетті төлемдер жеке қаражат есебінен төленеді.Бұған дейін зейнетақы қаражаты арқылы ай сайынғы төлемді толық жабуға мүмкіндік болса, жаңа ереже бойынша алдымен пайыздар төленіп, кейін зейнетақы қаражаты негізгі қарызды азайтуға жұмсалады.

3 жылдан соң Ақсауттағы бәйге жүйрігі әлемдік рекордқа енді

Arna Press, 29 января 2026 в 14:48

3 жылдан соң Ақсауттағы бәйге жүйрігі әлемдік рекордқа енді
Жетісудың «Бақторы» атты жүйрігі 2023 жылы Ақсуатта өткен 140 шақырымдық аламан бәйгеде 6 сағат 12 минутта мәре сызығын кесіп өткен болатын. Ал, биыл бұл нәтиже ресми түрде тіркеліп, жүйрік әлемдік рекорд иегері атанды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіАлтай мен Атырау, Қордай мен Торғайдың арасындағы аузында өлеңі, астында жүйрігі бар жұрт Тарбағатайға аламан бәйгеге ағылды.

ҚР Президенттің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

Arna Press, 29 января 2026 в 11:48

ҚР Президенттің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды деп хабарлайды Arnapress.kz Ақордаға сілтеме жасап.Орнына Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.Айбек Смадияров 1983 жылғы 7 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген.

Семейдің тумасы Лондонда өткен халықаралық дәріске қатысты

Arna Press, 28 января 2026 в 20:48

Семейдің тумасы Лондонда өткен халықаралық дәріске қатысты
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Kazakhstan: The Territory of Academic Knowledge» тақырыбында ағылшын тілінде дәріс өткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Аталған дәріс Ұлыбританияның Лондон қаласында өтті. Іс-шараға шетелде ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан Семей қаласының тумасы, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Шетел тілі» кафедрасының оқытушысы Еркебұлан Мәдениетұлы да қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті. «Дәріс барысында қазіргі академиялық білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер қозғалды.

«7-20-25» бағдарламасына қатысты алаяқтық: Астанада делдал сотталды

Arna Press, 28 января 2026 в 17:08

Астанада Instagram әлеуметтік желісі арқылы азаматтарды алдаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Аrnapress.kz Астана қаласы прокуратурасына сілтеме жасапТергеу мәліметінше, 2021–2025 жылдар аралығында 30 жастағы ер адам өзін ипотекалық делдал ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кірген.

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің қазасына қатысты ресми мәлімдеме жасады

Arna Press, 28 января 2026 в 15:48

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің қазасына қатысты ресми мәлімдеме жасады
Қорғаныс министрлігі жыл басынан бері Қарулы Күштер қатарында орын алған әскери қызметшілердің қазасына байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arnapress.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Министрлік басшылығы қаза болған әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, бұл жағдайлардың аса ауыр екенін атап өтті.

Семейде 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеме ашылды

Arna Press, 27 января 2026 в 18:28

Семейде 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеме ашылды
Семей қаласында 100 орындық жаңа медициналық-әлеуметтік мекеме пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына Абай облысының әкімі Берік Уәли мен облыс прокуроры Ерлан Абаев қатысты деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасапЖаңа ғимарат Мемлекеттік арнаулы қордың қаражаты есебінен «№1 Семей арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» аумағында салынған.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды

Arna Press, 27 января 2026 в 16:58

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды деп хабарлайды Arnapress.kz Aқордаға сілтеме жасапФото: gov.kz

Үкімет басшысы балаларды зиянды контенттен қорғау үшін батыл шешімдер қабылдауды тапсырды

Arna Press, 27 января 2026 в 13:38

Үкімет басшысы балаларды зиянды контенттен қорғау үшін батыл шешімдер қабылдауды тапсырды
Бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-министр балалардың ақпараттық қауіпсіздігі мәселесіне ерекше назар аударды деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Үкіметіне сілтеме жасап.Үкімет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменовадан балаларды зиянды контенттен қорғау бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын сұрады.Министрдің айтуынша, қазіргі таңда қабылданған заңдар аясында балалардың жеке деректері тіркелетін цифрлық платформаларға қойылатын талаптар күшейтілген.

Ербол Мырзабосынов: Әкімдіктер «орнаттық» деген дәретхананың көбі жабық болып шықты

Arna Press, 27 января 2026 в 12:38

Ербол Мырзабосынов: Әкімдіктер «орнаттық» деген дәретхананың көбі жабық болып шықты
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында туристік аймақтардағы санитарлық-гигиеналық жағдайдың сын көтермейтінін мәлімдеді деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Үкіметіне сілтеме жасап.Министрдің айтуынша, өңірлерде атқарылған жұмыстар көбіне формальды түрде ғана көрсетіліп отыр. Әкімдіктер «орнатылды» деп есеп берген дәретханалардың басым бөлігі іс жүзінде жабық немесе пайдалануға жарамсыз болып шыққан.

Нартай Сарсенбаев: «Абай мен Мұхтардың елінде театрға басшылық ету – үлкен жауапкершілік»

Arna Press, 27 января 2026 в 11:29

Нартай Сарсенбаев:
Семейдегі «Абай атындағы театр» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жаңа директоры тағайындалғаны белгілі. Өңірдегі өнер ордасының бүгінгі ахуалы мен алдағы жоспары жайында білу үшін Arnapress.kz тілшісі театр басшысы Нартай Сарсенбаевтың жұмыс орнына барып, тілдесіп қайтты. Нартай Сарсенбаев қазақ кино әлеміне жаңа леп әкелген «Құнанбай», «Ұлы дала таңы», «Ахмет. ұлы ұстаз» сынды фильм, сериалдарда басты рөлді шебер сомдап, өзгеше қырынан танылды.

Денсаулық сақтау министрлігі қауіпті Нипах вирусына байланысты ресми мәлімдеме жасады.

Arna Press, 26 января 2026 в 17:28

Денсаулық сақтау министрлігі қауіпті Нипах вирусына байланысты ресми мәлімдеме жасады.
Қазақстандағы барлық өткізу пунктінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.Министрліктің Telegram-арнасында жарияланған мәліметке сәйкес, Қазақстан аумағында Нипах вирусын жұқтыру немесе оны елге әкелу жағдайлары тіркелмеген. Қазіргі уақытта эпидемиологиялық ахуал тұрақты және толық бақылауда.Ведомствоның мәліметінше, алдын алу мақсатында және Үндістандағы Нипах вирусына байланысты эпидемиологиялық жағдайға орай, мемлекеттік шекарадағы барлық өткізу пунктінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді. Үндістаннан және ауру тіркелген Оңтүстік-Шығыс Азияның өзге елдерінен келген азаматтарға ерекше назар аударылады. Қолайсыз елдердің тізімі тұрақты түрде қайта қаралып, жаңартылып отырады.Сондай-ақ министрлік медициналық ұйымдардың дайындығы қамтамасыз етілгенін хабарлады.

Абай облысының шаңғышысы Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды

Arna Press, 24 января 2026 в 15:48

Абай облысының шаңғышысы Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды
Шаңғышы Әмірғали Мұратбеков алдағы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Екі аптадан кейін Италияның Милан және Кортина д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындары басталады. Бұл дүбірлі додаға Қазақстан атынан 36 спортшы жолдама алды.

8 айда 435 медаль: Абай облысындағы спорт мектебінің нақты нәтижесі

Arna Press, 24 января 2026 в 14:28

8 айда 435 медаль: Абай облысындағы спорт мектебінің нақты нәтижесі
КММ «Су және ойын спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» 2025 жылдың сәуір айында Абай облысының әкімі Берік Уәлидің қаулысымен құрылды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Мектептің негізгі мақсаты — балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулу, олардың дене шынықтыруын дамыту және халықаралық деңгейдегі спортшылар даярлау.«Қазіргі таңда мектепте 7 спорт бөлімі жұмыс істейді: ескек есу слаломы, су добы (водное поло), жүзу, футбол, баскетбол, волейбол және футзал.

КТЖ и Балхашскую ТЭЦ оштрафовали на десятки миллионов тенге

EKaraganda.kz, 23 января 2026 в 19:26

КТЖ и Балхашскую ТЭЦ оштрафовали на десятки миллионов тенге
В соответствии с подпунктом 3 пункта 5 статьи 144 Предпринимательского кодекса РК специалисты департамента провели внеплановую проверку филиала ТОО «КТЖ Грузовые перевозки» — Карагандинского отделения ГП, Балхашского эксплуатационного локомотивного депо ТЧЭ-16. Проверка касалась соблюдения норм Экологического кодекса РК.
Показано 30 новостей из 2 311