Семей қаласындағы Жангелдина–Шугаева көшелерінің қиылысында шұңқыр бір жылдан астам уақыт бойы ашық жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz
Тұрғындардың айтуынша, бұл жағдай көлік жүргізушілеріне айтарлықтай қиындық туғызып отыр.
Публикация от ⚡️Новости ARNAPRESS⚡️ (@arnapress_news)
«Шұңқырдың қасында бағана да қисайып тұр. Көлік жүргізушілеріне қауіпті. Әкімдік назар аударып, жолды жөндеп, қисайған бағананы да ретке келтірсе екен», – дейді тұрғын.
Тұрғындар жауапты мекемелерден аталған мәселеге назар аударып, жол учаскесін тез арада жөндеуді сұрайды.
Фото: тұрғындардан
По сообщению сайта Arna Press