Популярные темы

Қылмыс түрі: Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру.

Дата: 31 октября 2024 в 18:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қылмыс түрі: Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру.
Стоковые изображения от Depositphotos Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру – үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. (ҚК, 106-бап) 
1) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
2) адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына немесе кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына қатысты;
3) кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кінәлі адамға материалдық жағынан немесе өзгеше түрде тәуелді адамға қатысты, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепiлге алумен ұштасқан;
4) аса қатыгездікпен;
5) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
6) пайдакүнемдік ниетпен, сол сияқты жалдау бойынша;
7) бұзақылық ниетпен;
8) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпенділік немесе араздық уәжі бойынша;
9) жәбірленушінің ағзаларын немесе тіндерін пайдалану мақсатында;
10) бірнеше рет;
11) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
12) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалған дәл сол іс-әрекет –
мүлкi тәркiленіп немесе онсыз, алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –
мүлкi тәркiленіп немесе онсыз, сегіз жылдан он екі жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Тараз қаласы №2 сотының судьясы  Н. Дауылбаев

По сообщению сайта Магнолия

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями