Стоковые изображения от Depositphotos
Әлеуметтік желілерде зейнетақы жинағын ең төменгі жеткіліктілік шегіне қарамастан алуға болатыны жайында ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
БЖЗҚ бұл ақпараттың жалған екенін ескертті.
«Заңнамаға сәйкес, жинақталған зейнетақы жинақтарын үй жағдайын жақсарту мен емделуге мерзімінен бұрын тек зейнеткерлер, зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан азаматтар және қазіргі уақытта жұмыс істейтін және зейнетақы шотында ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын қаражаты бар азаматтар ғана пайдалана алады», – делінген хабарламада.
5 мамыр күні Қазақстан Ұлттық банкі халыққа үндеу жолдап, инвестициялық жобалар саласында алаяқтықтың жаңа түрлері шыққанын ескертті.
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
По сообщению сайта Arna Press