Популярные темы

Ақтөбе облысында локоматив пен «Бішкек-Самара» бағыты бойынша келе жатқан жолаушылар пойызы соқтығысты

Дата: 05 марта 2023 в 20:48


Ақтөбе облысында локоматив пен
Стоковые изображения от Depositphotos

Ақтөбе облысында локоматив пен «Бішкек-Самара» бағыты бойынша келе жатқан жолаушылар пойызы соқтығысты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, 5 наурызда сағат 10.30-да Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Біршоғыр теміржол станциясында маневрлік локомотивпен бүйірлік соқтығысу салдарынан «Бішкек-Самара» қатынасымен жүретін 317 жолаушылар пойызының тепловозы, 1 вагоны және 2 жолаушылар пойызының үш доңғалақты жұбы рельстен шығып кетті».

ҚТЖ баспасөз қызметі

 

Оқиға орнына Қазавиақұтқару тікұшағы ұшып шығып, құтқару бөлімшелері жіберілді және ҚТЖ қалпына келтіру поезды жөнелтілді.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес пойызда 200-ден астам адам болған (Қырғызстан, РФ және Қазақстан азаматтары, ҚТЖ қызметкерлері). Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, қазіргі уақытта жолаушылар пойыздың басқа вагондарына орналастырылды.

ТЖМ және өңірдің ТЖД қызметкерлерінен тұратын жедел штаб құрылды.

Оқиғаның себебін анықтаумен құзыретті органдар айналысатын болады.

Сурет: Telegram/qr_tjm

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями