Популярные темы

Лизаға қамқор отбасы қажет

Дата: 13 июня 2022 в 21:19 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Лизаға қамқор отбасы қажет
Стоковые изображения от Depositphotos

Сүйкімді әрі ойнағанды жақсы көретін Лиза өзіне қамқор отбасын тапқысы келеді, деп хабарлайды vera.kz

Лизаның жасы екі шамасында, ешкімді жатсынбай, бірден ойнап кететіндіктен, балалары бар отбасылар үшін немесе жалғызілікті қарияларға таптырмас серік. Бұл иттің болашақ иелері білуі тиіс ерекшелігі бар. Оны тауып алғанда құлағы шұнтитып кесіліп, қатты ауырып тұрған еді, дегенмен, қазір жазылған.

«Лиза асыл тұқымды ит болмаса да оның құлағы өте қысқа етіп кесіп тастапты. Сондықтан, оны күтіп-ұстаудың ерекшелігі бар. Яғни, жаңбыр жауып тұрғанда далада қалуына болмайды, үйге немесе үйшігіне кіргізу керек, себебі, қысқа құлағынан су кіріп кетсе, іші қабынып кетеді. Оған қоса шынжырлап ұстауға келмейді, себебі, басы кішкентай және мойны жоқтың қасы. Басқа ерекше жағдай жасаудың қажеті шамалы, мінезі жайлы, балаларды жақсы көреді, басқа иттерге қауіп төндірмейд»і, – дейді «Екінші өмір сыйла» қорының волонтері Эмилия Ускенова.

ВИЗИТКА: Лиза

Жасы 2 шамасында

Аула күзеткіш ит

Мінезі – жайлы, ойынға құмар, басқа жануарлармен тез тіл табысады

Иесінің құшақтағанын және ойнатқанын ұнатады

Ерекшелігі – құлағы қысқа кесілген, шынжырлап ұстауға келмейді, серуендетуге, ойнатуға аула қажет.

Осылайша Лиза жеке үйде де, пәтерде де тұра алады, себебі, денесі аса ірі емес. Даусы қатты шығатындықтан, күтпеген қонақтар туралы хабар беруге жақсы. Өзі стерильденген, сондықтан, күшіктейді деп уайымдаудың қажеті жоқ, итте кездесетін ауруларға қарсы егілген.

«Оны басқа иттермен бірге асырауға да болады. Себебі мінезі өте ашық, пәтерде мысықтармен де бірге тұра алады. Беталды секірмейді, заттарды бүлдірмейді. Кішкентай болғандықтан, асырауға өте қолайлы», – дейді Эмилия Ускенова.

Қазір Лиза жануарларға арналған «Екінші өмір сыйла» орнында уақытша жүр және болашақ иелерін асыға күтуде. Өзіне қамқорлық жасаған жандарға Лиза да сенімді серік бола алады.

«Жануарларға – қамқорлық» жобасы АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсетілген Америка халқының көмегімен, Internews-тің USAID қаржылай қолдауы арқылы жүзеге асырылатын Орта азиялық MediaCAMP бағдарламасы аясында жасалды.

Мазмұнына Vera.kz жауап беретін бұл шығарылым USAID немесе АҚШ Үкіметі немесе Internews-тің көзқарасын білдірмейді.

Последние новости Шымкента:

По сообщению сайта Vera.kz

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями