Популярные темы

«Мұғалімдерді газетке жаздырған, көше сыпыртқан». Министр 700-ге жуық басшы жазаланғанын айтты 16 февраля 2022, 16:01

Дата: 16 февраля 2022 в 16:13 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

Былтыр мұғалімдердің құқығын бұзған 700-ге жуық басшы жазаланды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Tengrinews.kz-тің Instagram желісіндегі парақшасында өткен тікелей эфир барысында айтты.

Министр бүгінде педагогтерге жасалған жағдай туралы айтты. 

«Әрине, біріншіден, ол — жалақының көбеюі. Бүгінде қысқа уақыт ішінде орташа алғанда жалақы екі есе өсті. Екіншіден, қағазбастылықпен күрес. Біз қажет бұйрықты қабылдадық. Яғни мұғалімде күнделікті толтыратын тек екі құжаты болуы керек. Әрине, ол бұйрықты бұзатын басшылар да бар. Ол басшыларды жауапкершілікке тартып жатырмыз. Былтырдың өзінде 700-ге жуық адам жауапкершілікке тарттық. Бұл ешқашан болмаған мәселе. Бұл министрлік осы мәселемен күресіп жатқанын көрсетеді», — дейді Аймағамбетов тікелей эфир барысында. 

Министрдің сөзінше, одан бөлек, мұғалімдерді бөгде жұмыстарға тартпау мәселесі, газеттерге жаздыру науқаны, көше сыпырту мәселесі бар.

«Ол мәселелер Мемлекет басшысының қолдауымен, жеке өзінің ұстанымының арқасында қазіргі уақытта жойылды деп айтуға болады», — деді министр.   

Еске салайық, 2020 жылы 31 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына қол қойған болатын. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2020 жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды іске асыру кезеңіне көшу басталатынын мәлімдеді. Жалпы заң 21 баптан тұрады және жарты миллионнан аса ұстаздың жұмысына қатысты

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями