Популярные темы

Жаппай тәртіпсіздік кезінде көлігі өртенгендерге қандай көмек көрсетіледі? 20 января 2022, 17:29

Дата: 20 января 2022 в 17:43 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Жаппай тәртіпсіздік кезінде көлігі өртенгендерге қандай көмек көрсетіледі?
                20 января 2022, 17:29
Стоковые изображения от Depositphotos

Елімізде болған тәртіпсіздіктер кезінде несиеге алынған көлігі өртеніп кеткендерге залал қалай өтелетіні белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ҚНРДА Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев несиеге алынған автокөліктер сақтандырылғанын атап өтті. 

«Біз әрбір келісімшартты жеке-жеке қарап шығуымыз керек. Яғни залалды өтеу үшін қандай негіз барын білуіміз керек. Сондықтан агенттік сақтандыру компанияларымен бірлесіп қажет шараны қабылдайды. Залал өтелмеген жағдайда тұрғын сақтандыру компаниясына немесе Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгіне алады. Азаматтардың барлық өтініші қарастырылатын болады», — деді Александр Терентьев ОКҚ брифингінде. 

Еске салайық, Алматының өзінде айып тұрағына өртенген және оқ атылған 140 көлік түскен. 

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями